Студопедия — Жалпы сипаттама
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жалпы сипаттама






 

Жалпы сипаттама

Трансмиссивті механизммен берілетін жұқпалардың қоздырғыштары вирустар, риккетсиялар, спирохеталар, олар табиғи ошақтық және табиғи антропургиялық аурулар түрінде таралады, көбісі қауіпті және аса қауіпті жұқпалы аурулар қатарына кіреді (мысалы: оба, туляремия, геморрагиялық қызбалар).

Жабайы, ауылшаруашылық және үй жануарлары қоздырғыштардың жұқпа көзі және сақтаушысы болады, адамдардың сырқаттанушылығы кәсібімен тығыз байланысты, эпидемиялық процестің белсенділігі мен маусымдылық көтерілуі тасымалдаушы жәндіктердің тіршілік ету мерзімдерімен байланысты. Қоздырғыштарды кенелер, бит, бүрге, масалар тасымалдайды.

Трансмиссивті жұқпалардың қатарында біздің елімізде кездеспейтін, басқа жерлерден әкелінетін жұқпалы аурулар да бар, олар: сары қызба, Эбол, Ласса, Марбург қызбалары.

Қан инфекциялары қоздырғышына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді:

1. Вирусты геморрагиялық қызбалар – Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы, сары қызба, Эбол, Ласса, Марбург қызбалары;

2. Вирусты энцефалиттер – кене энцефалиті, жапон энцефалиті;

3. Риккетсиоздар – бөртпе сүзегі, Ку қызбасы, цуцугамуши қызбасы;

4. Боррелиоздар (спирохетоздар) – қайталамалы бит сүзегі, Орта Азия қайталамалы кене сүзегі;

5. Бактериоздар – оба, туляремия

Инфекция көзіне байланысты бөлінеді:

1. Антропонозды жұқпалар – бөртпе сүзегі, безгек, Эбол қызбасы;

2. Зоонозды жұқпалар – оба, туляремия, кенелік энцефалит.

Кейбір жұқпалардың қоздырғыштары трансмиссивті механизммен берілмейді, бірақ қанмен берілетін болғандықтан қан жұқпалары тобына жатқызылады.

 

Оба

Оба –әр түрлі берілу механизмдермен берілетін, пневмония белгілерімен сипатталатын, қызбамен, ауыр түрдегі интоксикациямен, сепсис, лимфа жүйесі мен ішкі мүшелердің зақымдалуымен өтетін зооантропонозды, табиғи-ошақтық, аса қауіпті, карантиндік,конвенциялық трансмиссивті жұқпалы ауру.

Оба ертеден белгілі ауру, «чума» атауы арабтың «тумба» - бұршақ деген сөзінен алынған. Өйткені аурудың негізгі белгісі - ісінген лимфа бездері бұршаққа ұқсайды.

Обаның 3 пандемиясы тіркелген:

· І пандемия «Юстиниан обасы» атымен әйгілі болған, Шығыс және Европа елдерінде ҮІ ғасырда таралған, 100 млн. адам қайтыс болған.

· ІІ пандемия «қара өлім» деп аталған, 1348 жылы Азиядан Европа елдеріне таралған, 50 млн адам қайтыс болған, Еуропаның ¼ халқы қырылған. Осы пандемия кезінде алғашқы рет карантиндік (quarantena – 40 күн) шаралар қолданған.

· ІІІ пандемия 1894 жылы Кантоне мен Гонконгтан басталып бүкіл әлемге таралған, 10 жыл ішінде 87 млн. адам қайтыс болған.

Оба ауруының этиологиясы,эпидемиологиясы XIX ғасырдың соңында – XX ғасырдың басында, обаның 3-ші пандемиясы кезінде толық зерттелген.

Қоздырғышын 1894 жылы француз ғалымы А.Иерсенашқан, кеміргіштерден бүрге арқылы таралатынын дәлелдеген.

1912 жылы орыс ғалымдары Д.К. Заболотный,И.А. Деминский табиғи ошақ түсінігін енгізген, кеміргіштердің ауру таратушы екендігін дәлелдеген.

Этиологиясы. Оба ауруының қоздырғышы – Yersiniapestis – 1,5-07ммк қысқа,жылжымайтын грамтеріс таяқша. Экзо- және эндотоксин бөліп шығарады. Температура 220С градуста 4 ай, 1000С градуста 1 минут сақталады. Тағам,су мен заттардың бетінде – 3 ай,іріңде – 40күн; қанда,қақырықта –1ай сақталады.Жоғары температура,дезинфекциялық заттар: 3-5 % лизол ерітіндісі,3 % және 10 % ізбес сүті,1-5 % хлорамин ерітіндісі,5 % карбол қышқылы әсерінен тез өледі.

Инфекция көзі. Оба ауруының негізгі жұқпа көзі – кеміргіштер,өкпелік түрінде – науқас адам,үй жануарларынан – түйе,мысық.Табиғи ошақтарда обаның негізгі таратушылары: сарышұнақ,сұртышқан,құмтышқан, тарбаған және қоянтәрізділер.

Синантропты, антропургиялық ошақтарда:сұр және қара атшалмандар.(1-сурет)

1-сурет. Обаның табиғи ошақта таралуы 1-сурет Антропургиялық ошақта таралуы

Клиникасы. Денеге енген қоздырғыштар лимфа жүйесі арқылы таралып,лимфа түйінінде көбейеді,геморрагиялық қабыну тудырады– бұршақ (бубон) пайда болады. Қоздырғыштар алғашқы бубондардан жаңа лимфа бездеріне таралып- екіншілік (бубон) түйіндері пайда болады.Қорғаныс қабілеті нашар болса қанмен түрлі мүшелерде таралып екіншілік іріңді ошақтар пайда болады - септикоциемия.Өкпеге таралса – екіншілік өкпе ошағынанқоздырғыштар ауа-тамшы жолымен тез таралады. Егер қоздырғыштар тыныс алу жүйесі арқылы түссе – алғашқы өкпелік оба ошағы пайда болып, тез арада септикалықтүріне айналады.

Оба ауруының клиникалық түрлері:

1. Бубон(бұршақ)

2. Тері-бубон

3. Өкпелік

4. Септикалық

Инкубациялық кезеңі – бірнеше сағаттан - 6 тәулікке дейін.

Түйін түрінің белгілері: қатты ісінген лимфа бездері бірігіп, өте ауыртпалы болады, ауруды басу үшін науқас аяқтарын бүгіп, қолын көтеріп тұрады. Түйін 8-12 күннен кейін жарылады, жасыл-сары түсті қою ірің шығады. Жоғары температура -39-400С, қалтырау, бас ауру, әлсіздік, галлюцинация. Ауыр түрінде қан құсу, нәжісте, зәрде, қақырықта қан пайда болады. Септикалық түрі бірдеспен басталады, ауыр интоксикация, менингоэнцефалит, жүрек-қантамыр жүйесінің зақымдалуы 1-3 күнде өлімге соқтырады. 1989 жылы Атырау облысында 15 жастағы қыз септикалық түрдегі обадан 18 сағатта қайтыс болған.

Берілу механизмдері:

1.Трансмиссивті механизм бүргелердің шағуы арқылы.

Қан сорған бүргенің асқазанында қоздырғыштар тез көбееді, жиналып²оба блогы²-тығыншық пайда болады. Аш бүрге қайта-қайтабасқа кеміргіштерді шаққан кезде,қанға толғанасқазаннан қоздырғыштарды лоқсу арқылы шаққан жерінетүсіреді, ауру таратады. Бүргенің 1 мл қанында 100 млн жуық оба таяқшалары табылған.

Оба ауруы кеміргіштерде өте ауыр,жедел түрде өтеді.Өлген кеміргіштен басқа кеміргішке ауысып,бүргелер табиғи ошақта ауру таратып отырады. Кеміргіштер арасында оба ауруы эпизоотия түрінде таралып, жаппай қырылып қалады. Бірақ, аман қалған кеміргіштің денесінде сақталған қоздырғыштар иесімен бірге қыстап шығып, келесі жылы көбейіп, қайта жұқпалы болады. Сөйтіп, табиғатта адамның әсерінсіз, оба ауруының ошағы пайда болып, ауру бірде өршіп, бірде бәсеңдеп тұрады.

2. Жанасу механизмі – ауру кеміргіштің,түйенің терісін сылу,етін, жүнін өңдеу кезінде жұғады.

3.Аспирациялымеханизм – ауа-тамшы жолымен обаның өкпелік түрі жұғады, эпидемия түрінде таралып кету қауіпі өте жоғары.

Берілу жолы – тағам жолы арқылы, бүргенің шағуы,тұрмыстық-қатынас жолы, жарақат арқылы, ауа-тамшы жолы, ауа-шаң жолы дұрыс термиялық өңделмеген түйе, қояндардың етінен жұғады. Аурудан кейін тұрақты иммунитет сақталады.

Лабораторлы диагностика. Экспресс-диагностика:бактериоскопия, серологиялық әдістер, ПЦР(полимеразды тізбектік реакциясы), РНГА(гемагглютинацияның тура емес реакциясы), ИФА(иммунды-ферментті реакциясы), РТНГА(гемагглютинацияның тура емес тоқтау реакциясы) жүргізіледі.

Диагнозды зертханалық түрде дәлелдеу үшін түйіннен, ісіктен пункция алынады, қан, құсық, зәр, нәжіс, бөлме ауасы және қоршаған ортадан жұғынды алып бактериологиялық әдіспен зерттеледі. Міндеті түрде серологиялық және биологиялық әдіс жасалады.

Обаның эпидемиологиялық ерекшеліктері. Обаның табиғи ошақтары шөлді,шөлейтті,далалы аймақтардакездеседі.Табиғи ошақтар Қазақстанда,Орта Азияда, Африка, Америкада кездеседі. Жер шарының 6-7% жері обаның табиғи ошақтары, сондықтан «әр уақытта обаның өршу қауіпі сақталады» - деп тұжырымдайды ДДҰ мамандары. Қазақстанның 40% жері обаның табиғи ошағына жатады, Оңтүстік Қазақстан облысында обаның табиғи ошақтары Қызылқұм,Байырқұм аймағында бар.

Алдын –алу шаралары 3 топқа бөлінеді:

1.Оба ауруын шет елдерден кіргізбеуге бағытталған шаралар.

2.Табиғи ошақтарда атқарылатын шаралар.

3.Ауру анықталған жағдайда жасалатын шаралар.

Оба ауруын шет елдерден кіргізбеу жұмыстарын шекарадағы, әуе,теміржолдарындағы санитарлық-карантиндік посттар атқарады.

Мақсаты:ауруды және күдіктілерді ерте анықтау,оқшаулау,заттар мен көліктерді дезинфекциялау.

ДСМ 27.09.2010 жылғы бұйрығымен оба бойыншаэнзоотиялық ошақтарда

санитарлық-эпидемиологиялық шараларды жүргізу 2011-2015 жылдарға жоспарланған.

Обаға қарсы алдын алу шараларын обаға қарсы станциялар және СЭҚБ аса қауіпті жұқпалар бөлімдері ұйымдастырады.

Обаға қарсы станциялар Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал, Тараз, Шалқар, Арал, Қызылорда, Шымкент және Астанада жұмыс атқарады.Астана қаласында карантинды және зоонозды инфекциялар институтының филиалы жұмыс жасайды. Табиғи ошақтарда мезгілдік отрядтар көктемде және күзде обаға қарсы жұмыстарды жүргізеді.

Обаға қарсы станцияның міндеттері:

- Табиғи ошақтарда эпидемиологиялық,энзоотологиялық бақылаужүргізу,ошақтың шекарасын белгілеу;

- Обаның кеміргіштер арасында таралуын қадағалау,кеміргіштердің санын, түрін

бақылау;

- Ошақта дератизация, дезинсекция жасау;

- Алдын ала егулерді ұйымдастыру;

Алдын алутүрде обаға қарсы вакцина егілуі қажет:

1.Табиғи ошақ тұрғындарына

2.Табиғи ошаққа жаңадан келгендерге (геологтар, кеншілер)

3.Тірі дақылымен жұмыс істейтіндерге.

Обаға қарсы тірі,құрғақ вакцина тері астына,ішіне,үстіне егіледі,қайта егу жыл сайын.

 

Ошақта атқарылатын эпидемияға қарсы шаралар:

Адамдардың обамен науқастануы немесе оған күдікті жағдайлар туралы шұғыл хабарлама арнайы үлгідегі схема бойынша беріледі. Емдеу мекемесі—аудандық СЭҚБ және обаға қарсы күрес мекемесі (1 сағат)—Облыстық СЭҚД жэне Денсаулық сақтау басқармасы (2сағат)—Республикалық СЭС жэне МСЭҚК (3сағат).Эпидемиялық процесстің 3 звеносына бағытталған шаралар:

• Оба ошағында ауру мен күдіктілерді ерте анықтау, арнайы палатаға немесе бокстарға міндетті түрде оқшауландыру.

• Ошақта үйме-үй аралау арқылы аурулар мен күдіктілерді ерте анықтау үшін күніне 3 рет дене қызуын өлшеу.

•Тұрғындардың денсаулық жағдайын бақылау.Түйе бастарының жағдайын бақылау.

•Вакцинация.

• Обаға қарсы мед.персонал мен ветеринарларды дайындау.

• Обаға күдікті симптомдары анықталған адамдарды провизорлық мақсатта ауруханаға жатқызу.

• Аурумен, аурудың заттарымен, мәйітпен қатынаста болғандарды 12 күн медициналык бақылауға алу. Шұғыл алдын алу ретінде 5 күн антибиотиктер беру.

• Күнделікті жэне қорытынды дезинфекция, дезинсекция, дератизация жасау.

• Медицина қызметкерлері ошақта жеке бас гигиенасын сақтап, 1 типтегі обаға қарсы киімді киюі қажет.

Обаға қарсы киімніңқұрамынакіреді:комбинезон немесе пижама, шұлық, резеңке етік, орамал немесе қалпақ, хирургиялық халат, мақта-маталы бетперде, көзілдірік, резеңкелі қолғап, сүлгі.

Комбинезон және пижаманы қызметкердің бойына, размеріне қарай тығыз матадан тігеді, жеңі мен балағы таңғыштен байланатын болуы қажет. Хирургиялық халат ұзындау, бел байлағышы алдынан байлауға жеткілікті, ал жағасының байлағышы артынан байлауға жеткілікті болуы қажет.

Орамалдың көлемі 90 х 125 см, капюшон адамның бетін, маңдайын қастың үстіне дейіы және иек астын толық жабатын, тығыз матадан жасалған болуы шарт.

Респиратор немесе мақта -матадан жасалған бетперденің үзындығы 125см, ені 50 см, бетперденің ішіне қалындығы 1,5-2 см мақта салынуы қажет.

Көзілдіріктің шеттері денеге жабысып тұратын болуы керек, бір рет қолдану үшін целлофан пакетін пайдалануға да болады.

Инфекциялы аурудың түріне, қауіптілігіне байланысты обаға қарсы киімнің 4түрін қолданады:

Обаға қарсы киімді кию тәртібі:

1. Комбинезон немесе пижама

2. Шұлық

3. Етік

4. Орамал

5. Хирургиялық халат

6. Респиратор немесе бетперде

7. Көзілдірік

8. Резеңкелі қолғап

9. Сүлгі

Обаға қарсы киімді шешу тәртібі:

Обаға қарсы киім керісінше шешіледі. Алдымен биалаймен қолды дезинфекциялық ерітіндіге батырып 1-2 минут жуып залалсыздандыру қажет, кейіннен киімнің әр бір бөлшегін шешкен сайын қолды дезинфекциялық ерітіндіге батырып түру қажет.

1. Сүлгіні алып дезинфекциялық ерітіндіге батыру.

2. Етікті дезинфекциялық ерітіндіге батырылған мақта тампонымен жоғарыдан төменге қарай сүрту (әрбір етік бөлек тампонмен сүртіледі), дезинфекциялық ерітіндіге салып қою.

3. Көзілдірікті екі қолмен ұстап алға - жоғары - кейін артқа тартып шешеді.

4. Респиратор немесе бетперденің сыртқы жағын бетке тигізбей шешу қажет.

5. Халаттың алдыңғы байлауышын шешу, кейін биалайды түріп, білектің байлауышын шешу, халатты сыртын ішке қаратып шешу.

6. Орамалдың барлық үштарын желкеге жинап, бір қолмен орап шешу.

7. Қолғаптың бүтіндігін дезинфекциялық ерітіндіге салып тексеру, шешу. Обаға қарсы киімді шешкеннен кейін қолды жылы сумен сабындап жуады, кейін душ қабылдайды.

(2-сурет)

Сурет

Эпидемиологиялық мысал №1

11 қарашада 14 сағат 30 мин бір портқа радиохабарландыру келіп түскен. Хабарландыруда сағат 2100 –де портқа келетін «Nord» кемесінде обаға күдікті науқас анықталғандығы көрсетілген. Бұл кеме 8 қараша күні Азия мемлекеттерінің бірінен шыққан. Індетке қарсы шараларды жоспарлау.

 

Қырым – Конго геморрагиялық қызбасы

Қырым– Конгогеморрагиялық қызбасы (көкала) - трансмиссивті механизммен берілетін, аса қауіпті, жоғары контагиозды, табиғи-ошақтық, зоонозды арбовирусты жұқпалы ауру.

Жедел түрде басталады, 2 толқынды қызба, жалпы интоксикация, геморрагия синдромы, петехиалды бөртпе, қанталау, қан кетумен сипаталады.

Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары Қырым геморрагиялық қызбасының эндемиялық аумақтары болып табылады, қоздырғыштың таралуына табиғи ортасы қолайлы. Соңғы 10 жыл ішінде Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтарының белсенділігі байқалуда, 1987-1996 жылдар аралығында 250 ауру тіркелген, 1989 және 1995 жылдары Жамбыл облысында аурудың 2 өршуі тіркелген. 1986-2000 жылдары 400 ауру табылған. Мойынқұм табиғи ошағында 182 ауру тіркелген.

2006 жылы ОҚО 5 ауру тіркелсе, 2010 жылы 17 ауру анықталған, 3 өлген. Кенелер 14 ауданда табылған, зерттелген 46 000 кенелердің 200 вирустар табылған. Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары кұмді, шөлді, шөлейтті аймақтарда кездеседі.

Қоздырғышы – РНКлы арбовирустар, көлемі 90 н.м жуық (5 сурет). Температура 20-70 градуста 3 ай сақталады. Температура 37 градуста 1 тәулік, 56 градуста 15 минутта өледі.

 

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 6489. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия