Бақылау
Есептер мен жаттығулар: №1. 18°С-та концентрациясы 0,1моль/л өзінің тұзды ерітіндісіне салынған мыс электродының потенциалын есептеңдер, е°Сu = +0,34В. №2. Егер 1М ZnSO4 ерітіндісін 10 есе сұйылтып арлыстырса, мырыш электродының потенциалы қаншаға өзгереді? е°Zn = - 0,76В. №3. Стандартты жағдайдағы мырыш-қорғасын гальваникалық элементінің схемасын жазып, ЭҚК есептеңдер. е°Сu = +0,34В, е°Рb =-0,13В №4. 25°С дистильденген суға салынған сутектік электродтың потенциалын есептеңдер. (Жауабы: 0,41В) №5. Егер мыс ионының концентрациясы 0,1моль/л-ге тең болса, цинк ионының конентрациясы 0,001 моль/л, мыс-мырыш элементінің ЭҚК анықтаңдар. Мыстың қалыпты потенциалы 340мВ, цинктің қалыпта потенциалы 760мВ-ге тең.
Тестілік тапсырмалар: 1.Кез келген электродтың нормальдi (стандартты) потенциалы ерiтiндiде металл ионының активтiлiгi 1моль/л-ге тең электродтан және … тұратын элементтiң Э.Қ.К. –не тең. 1.қаныққан каломелдi электродтан 2. ерiтiндiдегi а (Н+) =1 тең нормальдi сутектi электродтан 3.қаныққан хлоркүмiстi электродтан 4.ерiтiндiдегi а (Меn+) =1 тең кез келген металлдық электродтан 5.хингидронды электродтан
2.Өз тұзының ерітіндісіне батырылған металдық пластинаның заряды қандай болатынын көрсетіңіз: 1. тек теріс 2. тек оң 3. тек нөлге тең 4. оң, теріс және нөлге тең 5. өз тұзының ерітіндісіне батырылған металдық пластинаның заряды байқалмайды
3. Ерiтiндiдегi сутегi ионының концентрациясына потенциалы тәуелсiз электрод: 1.хингидронды 2.сутектi 3.шыны 4.каломелдi 5.дұрыс жауабы жоқ
4. Ортаның рН-ына келесi электродтың потенциалы тәуелдi: 1. каломелдi 2. мырышты 3. хлоркүмiстi 4. мысты 5. шыны
5. Потенциометриялық титрлеу әдiсiнде қышқыл мен сiлтiнiң концентрацияларын анықтау үшiн келесi параметрдi өлшеудi жүргiзедi. 1.ерiтiндiнiң электрөткiзгiштiгiн 2.ерiтiндiнiң кедергiсiн 3. ерiтiндiнiң эквиваленттi электрөткiзгiштiгiн 4.анықтаушы және салыстырмалы электродтардан құралған гальваникалық элементтiң электр қозғаушы күшiн 5. ерiтiндiнiң меншiктi электрөткiзгiштiгiн
6.Таза суға металды батырған кезде металда байқалатын заряд: 1.теріс 2.оң 3.нолге тең 4.металдың активтілігіне тәуелді: оң, теріс немесе нөлге тең 5.металды суға батырған кезде металда заряд байқалмайды
7.Құрамы немесе концентрациясы әртүрлi ерiтiндiлердiң аралығында шекарадағы потенциалдың секiрiсi: 1. стандартты потенциал 2. сутектi потенциал 3. диффузиялық потенциал 4. мембраналық потенциал 5. гальваникалық элементтiң электр қозғаушы күшi
8.Потенциометриялық титрлеу әдiсi нейтралдау, тұндыру, тотығу-тотықсыздану және комплекс түзу реакциялары бойынша келесi жағдайға негiзделген: 1. эквиваленттiк нүктеге жақын потенциалды ақырындап өлшеуге 2. эквиваленттiк нүктеге жақын потенциалды бiрден өлшеуге 3. отенциал түзушi ионның активтiлiгiне потенциалдың тура тәуелдiлiгiне 4. потенциал түзушi ионның активтiлiгiне потенциалдың толық тәуелсiздiгiне 5. дұрыс жауабы жоқ
9.Теңдеудегi электродты потенциалдың мәнiн есептеу үшiн ативтiлiктiң орнына концентрацияның мәнiн қандай жағдайда қолдануға болатынын көрсетiңiз 1.кез келген жағдайда 2.күштi концентрлi ерiтiндiлерде 3.сұйылтылған ерiтiндiлерде 4.активтiлiктiң орнына концентрацияны ешқашан қолдануға болмайды 5.стандартты жағдайда
10. Егер тұздың концентрациясы артса, онда өз тұзына батырылған металдық электродтың потенциалы қалай өзгеретінін көрсетіңіз: 1.өзгермейді 2.азаяды 3.артады 4.басында азаяды, одан кейін артады 5.мәні нөлге тең деп алынады және ары қарай өзгермейді
11.Электролит ерітіндісіне, мысалы өз тұзының ерітіндісіне батырылған металл өзін ток өткізетін жүйе ретінде көрсетеді және электрохимияда келесі түрде аталады: 1.индикатор 2.электрод 3.электролиттік ұяшық 4.адсорбент 5.катарометр
12. Өз тұзының ерітіндісіне батырған кезде ерітіндіге катиондарын беруге және теріс зарядталуға қабілетті: 1.активтілікке тәуелсіз барлық металдар 2.тек кернеулік қатарында сутегінен кейін тұрған металдар 3.тек химиялық активті металдар 4.сутегі және пассивті металдар 5.металдар тек оң зарядталуға қабілетті
13. Бұл 1. гальваникалық элементтің электр қозғаушы күшін анықтау үшін керек теңдеу 2. Вант-Гофф заңының математикалық өрнегі 3. электродтің тотығу-тотықсыздану потенциалын анықтау үшін керек Нернсттің теңдеуі 4. тотықтырғыш және тотықсыздандырғыштың эквивалентті массасын есептеу үшін формула 5. тотығу-тотықсыздану теңдеуіндегі элементтің тотығу дәрежесін есептеу үшін керек теңдеу
14. Теңдеудегi электродты потенциалдың мәнiн есептеу үшiн ативтiлiктiң орнына концентрацияның мәнiн қандай жағдайда қолдануға болатынын көрсетiңiз 1.кез келген жағдайда 2.күштi концентрлi ерiтiндiлерде 3.сұйылтылған ерiтiндiлерде 4.активтiлiктiң орнына концентрацияны ешқашан қолдануға болмайды 5.стандартты жағдайда
15. Заттар ерітінділерінің электр тоғын өткізу қабілетінің атауы: 1. электродтық потенциал 2. электродтардың поляризациялануы 3. диффузиялық потенциал 4. кедергілік 5. электрөткізгіштік
16. Жасушаның ішкі бөлігінің морфологиялық және химиялық біртекті емес болуы байланысты: 1. мембраналық және фазааралық потенциал 2. хингидронды электрод потенциалы 3. каломельді электродтың потенциалы 4. сутектік электродтың потенциалы 5. сутектік электродтың стандартты потенциалы
17.Диффузиялық потенциал пайда болады: 1. металл-ерiтiндi шекарасында 2. екi металдың шекарасында 3. бiрiнен-бiрi шынымен бөлiнiп тұрған екi ерiтiндiнiң шекарасында 4. екi газдың шекарасында 5. концентрациялары әртүрлi жанасып тұрған екi ерiтiндiнiң шекарасында
18. Мембраналық потенциал пайда болады: 1. металл-ерiтiндi шекарасында 2. екi металдың шекарасында 3. жартылай өткiзгiшпен бөлiнiп турған екi ерiтiндiнiң шекарасында 4. концентрациялары әртүрлi жанасып тұрған екi ерiтiндiнiң шекарасында 5. газ-суықтық шекарасында
19. Мыстың электродтық потенциалы 0,34в, кадмийдiкi -0,40в. Осы металдардан құралған гальваникалық тiзбектiң электрқозғауыш күшi тең: 1. -0,06 В 2. -0,76 В 3. 1,18 В 4. 0,74 В 5. 0,85 В
20.Өзiнiң тұзының ерiтiндiсiне салынған металл электродының потенциалы тұздың концентрациясын арттырғанда: 1. өзгермейдi 2. кемидi 3. артады 4. алдымен кемидi одан кейiн артады 5. алдымен артады кейiн кемиді TBL жүргізуге уақытты бөлу:
|