Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Инклюзивті білім берудің идеологиясы





Қазіргі қоғам толыққанды деп есептелмейді, егер қандай да бір адамдар тобына қатысты дискриминациялау бар болса. Мысалы, А.Д.Уорд бойынша, «кез-келген, әділеттілікке және адам құқықтарын сақтауда халықаралық ережелерге ұмтылатын мемлекет, барлық балаларға қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай, білім беруде заңдарды басшылыққа алуы керек. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қатысты, мұндай мемлекет оларға жас ерекшеліктеріне сай білім алу мүмкіндігін іске асыру міндетті. Инклюзивті білім беру тұрақты даму, қоғамдағы қалыптылық, күрделеніп келетін қоғамда адамның әлеуметтенуінің негізі болуы тиіс. Адамдардың әлеуметтену мен бейімделу мүмкіндіктері өмірлік жағдайлар мен жеке тұлғалық қасиеттерге тәуелді емес, олар білім беру жүйесімен тығыз байланысты. Білім беру сөзінің мағынасын кеңінен қарастыратын болсақ – ол адамның пайда болуы, оның өмірінің ерекшеліктері, өмірлік тәжірибені жинақтауы, ал мұның барлығы нақты әлеуметтік–экономикалық жағдайларда индивидуалды–жекетұлғалық капиталдың өсуіне қажет болады. Инклюзивті білім берудің тереңдігі, жылдамдығы және материалдық тұрғыдан аса үлкен салымдарды қажет етпейтіндігі, оның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени мәселелерді нәтижелі шешуге әсер ететін аймақтардың бірі болуын анықтайды. Әлемде өзінің экономикалық және мәдени прогресімен инклюзивті білім беруге міндетті емес бір де бір мемлекет жоқ. Инклюзивті білім беру әр балаға оның мектепте оқу көрсеткіштеріне сәйкес немесе сәйкес еместігіне қарамастан, білім алуға құқық береді. Балалар ұжымда өзара байланысқа түсіп, қарым-қатынас ережелерін меңгереді, педагогпен бірге шығармашылық тұрғыдан білім алу мәселелерін шешуге үйренеді. Сенімділікпен айтуға болатыны, инклюзивті білім беру барлық балалардың жекетұлғалық мүмкіндіктерін кеңейтеді, адамгершілік, толеранттылық, көмекке келу қасиеттерін қалыптастыруға, дамытуға жағдай жасайды.

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивті білім берудің жағымды көрсеткіштері анық:

- инклюзивті ортадағы мүмкіндігі шектеулі балалар, арнайы мектепте оқитындармен салыстырғанда, өздерінің қалыпты деңгейдегі құрбыларымен әлеуметтік өзара байланысқа түсуде жоғары деңгейді көрсетеді.

- Инклюзивті ортада мүмкіндігі шектеулі балалар күрделі бағдарламалар бойынша оқиды, нәтижесі – дағдылар мен академиялық жетістіктердің жақсаруы. Әрине, арнайы мектепке қарағанда жалпыға білім беру бағдарламалары жоғары әрі күрделі білім деңгейін талап етеді. Яғни, мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивті мектепте академиялық міндеттерді шешуге көбірек уақыт жұмсайды, және де, салыстырмалы деңгейде жоғары академиялық нәтижелерді көрсетеді.

- Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қабылдау, инклюзивті сыныптарда кіші топтарға бөліп оқытуға байланысты, нәтижелі қалыптасады. Балалар кіші топтарда педагогтың тапсырмасын орындау барысында кейбіреулерінің даму ерекшеліктері бар екендігін ұмытады. Біртіндеп, қалыпты деңгейдегі балалар өздерінің мүмкіндігі шектеулі балалармен ұқсастықтары көп екендігін түсінеді.

- Инклюзивті сыныптарда қалыпты деңгейдегі балалар мүмкіндігі шектеулі балалармен дос болады.

- Инклюзивті білім беру дамуында ерекшеліктері бар балалардың жалпы білімдерінің қалыптасуына әсер етеді.

- Инклюзивті сыныпта оқыған балалар үлкейгенде де даму ерекшеліктері бар адамдармен араласады.

- Инклюзивті мектеп түлектерінің айлықтары орта есеппен, арнайы мектепте оқығандармен салыстырғанда, үш есе көп, ал оларды материалдық қолдау қоғамға 2 есе арзан түседі.

- Қалыпты деңгейдегі балалар (тіпті дарынды, қабілеттері жоғары балалар) білім берудегі инклюзивті бағытта бірқатар жаңаша қарастырылған жұмыс түрлеріне қатысады: жақсартылған білім беру сапасы мен педагогикалық іс-әрекетте қолданылатын түрлі технологиялар мен әдіс-тәсілдердің пайдалануы.

- Мүмкіндігі шектеулі кейбір балаларды оқытуда жаңа білім беру технологиялары қажет: мысалы, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда мәліметтік технологиялар өте қажет. Мұндай технологияларды оқыту процесінде қолдану басқа балаларға да пайдалы.

- Инклюзивті білім беру жағдайында материалдық ресурстар мен материалдық қамтудың арттырылуы қалыпты деңгейдегі де және дарынды да балаларға да пайдалы. «Арнайы бағдарламаларға» бөлінген қаржылар тек мүмкіндігі шектеулі балаларды ғана емес, олардың қалыпты деңгейдегі құрдастарына да қолдануға жұмсалуы мүмкін.

- Қаржылай көмекті түрлі бағыттарда пайдалануға болады: мысалы, сыныптан тыс белсенділікті ұйымдастыруда, сыныпты қосымша оқыту техникалық құралдармен жабдықтауда, ал мұның барлығын тек мүмкіндігі шектеулі балалар ғана емес, барлық балалар пайдалана алады.

- Инклюзивті оқытудың тағы бір жағымды жағы – сыныппен қосымша педагогикалық мамандардың жұмыс жүргізуі.

- Жиі қосымша қаржыландыру мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауға, арнайы педагог (дефектолог), логопед-мұғалімдер, психолог және басқа да мамандардың жұмыс жүргізуіне бөлінеді.

- Қалыпты деңгейлі немесе дарынды оқушылардың мүмкіндігі шектеулі балалардың оқыту процесіне қосылуында өзіндік бағалауы жоғарылап, академиялық дағдыларды меңгеру сапасы артады.

- Бұл балалардың «Мен - концепциясы», өзіндік ұстанымдары, әлеуметтік білімдері мен іс-әрекеттері анық болып қалыптасады. Маңыздысы, оқу процесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсететін қалыпты деңгейлі балалардың академиялық көрсеткіштері, олардың инклюзивті процеске қатыспайтын құрдастарымен салытырғанда, әлдеқайда жоғары болады.

- Инклюзивті сыныпта оқу барысында қалыпты деңгейлі немесе дарынды балалардың Брайль тілін немесе ым-ишара тілін меңгеруге мүмкіндіктері бар.

- Инклюзивті сыныпта оқитын қалыпты деңгейлі немесе дарынды балалар өздерінің мүмкіндігі шектеулі құрдастарын сыйлауға, олардың психофизикалық дамуындағы бұзылыстардың түпкі мәнін түсінуге үйренеді.

Инклюзивті білім беруге қарсы дәлелдер де бар: мұндай жағдайда мүмкіндігі шектеулі балалардың білімділік деңгейі төмендейді, немесе инклюзивті мекеменің оқу процесіндегі бірқатар әлеуметтік, тұлғааралық қиындықтар шешімін таба аламайды деген ой-пікірлер. Бұл дәлелдер орынсыз. Инклюзивті білім беруң негізінде кез-келген балалар дискриминациясын болдырмау және барлық адамдардың құқықтарының теңдігін қамту, сонымен бірге ерекше қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау идеологиясы жатыр.

Шетелде инклюзивті білім беру идеологиясының негізінде қалыптандыру концепциясы жатыр (Нирье), яғни, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірі мен тұрмысы олар тұратын қоғамның жағдайына, ерекшеліктеріне ұқсас болуы керек. Балаларға қатысты бұл келесі жағдайлармен анықталады:

- мүмкіндігі шектеулі балалардың барлығына тән қажеттіліктері бар, олардың ең маңыздысы – оның дамуын жылдамдататын махабатты қажет етуі.

- Баланың өмір сүруі қалыпты адамдардың өміріне максималды жақын болуы керек.

- Барлық балалар оқи алады, яғни, даму бұзылысы қандай ауыр болса да, оларға білім алуға мүмкіндік берілуі тиіс.

- Білім беру саласының инклюзивті ұйымдарында оқу барысында балалар адамның құқықтары жайлы білімдер алады (әрине бұл жұмыс арнайы жүргізілмейді), ал бұл жағдай дискриминацияны болдырмауға жағдай жасайды. Бірігіп оқуда бала өзінің басқалармен қабылданғанын сезініп, оның қабілеттері мен қажеттіліктерінің ескеріліп, бағалануына жете алады.

- Интеграциялану процесінің нәтижелілігі мүмкіндігі шектеулі балалар мен қоғамның жұмсайтын күштеріне байланысты.

Өзара байланыста толеранттылық келесідей қабілеттерде көрініс табады:

- қоршаған адамдардың индивидуалдылығын, өзін-өзі таныту мен өмір сүру тәсілдерінің түрлілігін қабылдау;

- жеке тұлғаны сынаусыз қабылдай алу, басқаның көзқарасын, сенімдерін, ұстанымдарын сыйлай білу;

- қарым-қатынаста басқаның кемшіліктері мен қателіктерін кешіріп, тіл табыса алу;

- адамдардың уайымдары мен жағымды және жағымсыз күйлерінің түрлілігін түсіне алу;

- күрделі өмірлік жағдайларда басқа адамға көмек әрі қолдау көрсете білу.

Түсіну мен өмір сүру тәсілдерінің түрлілігін қабылдау, физикалық, психологиялық, әлеуметтік және басқа да ерекшеліктерді сыйлау, келісімге келуге ұмтылу негізінде құрылған толерантты өзара байланыс мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғауға, олардың қоғамға интеграциялануын іске асыруға жағдай жасайды.

Инклюзивті білім берудің теориялық негізі деп әлеуметтік үйрету психологиялық теорияларын санауға болады (А.Бандура, Р.Сирс, К.Халл В.Скиннер, У.Бронфенбреннер, және т.б.). Отандық ғалымдар батыстық интеграциялау модельдерін сипаттайтын әлеуметтік үйрету теорияларына қарсы іс-әрекеттік бағытқа негізделеді. Бұл бағыттың мағынасы - мүмкіндігі шектеулі балаларды нақты мақсатқа жетуге бағытталған біріккен іс-әрекеттерді орындау барысында құрдастарының ортасына (ойын немес оқу, қарым-қатынас немесе танымдық іс-әрекеттер) қосумен анықталады. Ойын немесе оқу кеңістігінде түрлі психофизикалық деңгейлі балалардың іс-әрекетінің мақсаттары мен себептері әртүрлі болуы мүмкін. Жас ерекшелігіне сай негізгі іс-әрекет түріне бағытталу, жоғары психикалық қызметтері қалыптасуындағы сезімталдық кезеңдерін ескеру, балаларға тән іс-әрекет түрлерінің уақытылы қалыптасуы мен жасерекшелік психикалық жаңа құрылымдар арасындағы байланыстарды түсіну - арнайы дайындалған маманға мүмкіндігі шектеулі балаларды мақсатты оқыту мен тәрбиелеуді іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен, егер батыс теоретиктері бір қызметтің қалыптасып, басқасының дамуы іске асырылмауы жағдайындағы «іс-әрекеттің жетілуі» жайлы айтса, отандық мектептің өкілдері қалыптастырушы мүмкіндігі шамамен шексіз баланың жеке тұлғасының дамуына байланысты жүйелі, іс-әрекеттік бағытқа сүйенеді.

Инклюзивті білім беру жағдайындағы адам мен қоғамның (өзінің немесе басқаның) тіпті жағымсыз тәжірибесі де талданып, қабылданған жағдайда өмірлік іс-әрекет процестерін тұрақтандыратын шектеу бола алады. Бұл мәселе бойынша түрлі мемлекеттердің психологиялық-педагогикалық және нормативтік-құқықтық әдебиеттерінде әртүрлі терминдер қолданылады. «Интеграция» мен «Инклюзивті білім беру» терминдерін жиі алмастырып қолданады, өйткені мұғалімдердің көпшілігі оларды синонимдер деп түсінеді. Кейбір мұғалімдер интеграциялау бағдарламаларын инклюзивті деп қарастырады, ал басқалары инклюзивті бағыттағы жұмыстарын интеграциялау деп анықтайды. Бірақ, бұл терминдер арасындағы айырмашылық өте маңызды. Ең басты айырмашылық - интеграцияның «сыртқы» көздерінің болуында. Интеграциялау бағдарламаларының басты мақсаты - түрлі мүмкіндіктері бар балаларды қалыптасып қалған мектеп өмірі мен мектеп құрылымына енгізу. Яғни, интеграциялау бағдарламаларының мақсаты - дамыған оқу моделіне қосылуда «қалыптандыру» немесе көмек беру. Барлық балалардың жалпыға білім беру жүйесінің бөлігі деп қарастырылуы инклюзивті білім берудің интеграцияланудан айырмашылығы. Сонымен, мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы бейімдеудің қажеті жоқ, өйткені олар бастапқы кезеңнен мектеп жүйесінің бөлігі болып табылады. Инклюзивті білім берудің мақсаттарының бірі - келешекте барлық мектептердің мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауға дайын болуы. Ал бұл жағдай мектептің құрылымы мен жұмысына ғана өзгерістер енгізбейді, сонымен бірге өз жұмыстарын нақты топқа жататын балаларды оқыту деп қарастыратын жалпы және арнайы білім беретін мекемелер мұғалімдерінің көзқарастарын да әсер етеді. Көптеген мектептер өз іс-әрекеттерінің басты бағыты ретінде бала мен оның қажеттіліктерін санайды, ал мұғалімдер балалардың қажеттіліктеріне сай болуы керек. Инклюзивті білім беруде адамдардың бойындағы түрлілік пен ерекшеліктер «қалыптылық» деп түсіндіріледі.

«Инклюзивті білім беру» терминін анықтауда маңызды халықаралық құжаттарда ұсынылған анықтамалар талданған: БҰҰ мүгедектердің тең мүмкіндіктеріне байланысты Стандартты ережелер, баланың құқытары туралы Конвенция, мүгедектерге қатысты іс-әрекеттердің әлемдік бағдарламасы және де отандық құжаттар. Инклюзивті білім беруді бірдей қабылдау үшін Саламанка декларациясында және білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытуға байланысты іс-әрекеттер бағдарламасында берілген анықтамаға сүйенген дұрыс.

Инклюзивті оқыту – балалардың мекен-жайы бойынша оқу құқығы мен білім алуға негіз қалаушы құқықтарын қамту принципіне сүйенетін жалпыға білім беретін мекеме жағдайындағы білім беру қызметтерінің жүйесі. Сапалы білім беруге қол жеткізу мақсатымен жалпыға білім беру ұйымдары оқу бағдарламалары мен жоспарларын, оқыту түрлері мен әдістерін бейімдеп, қалыптасқан ресурстарды пайдаланып, қоғаммен байланыста мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруде жеке білім беру қажеттіліктері мен түрлі оқыту тәсілдерін қолдану керек.

ЮНЕСКО инклюзивті білім беруді мектепке барудан бас тарту немесе мектепке қабылданбауды қысқарту арқылы білім алу, мәдениет пен ұжым өміріне қатысуды арттыру арқылы барлық білім алушылардың түрлі қажеттіліктеріне назар аудару, көмек беру процесі деп анықтайды. «Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды ерте жастан оқыту мәселелері жөнінде Халықаралық кеңестер» атты құжатта интеграция - балаларды білім беру кеңістігіне үздіксіз енгізуге бағытталған шаралар, деп анықталады. Инклюзивті білім беру – барлық балалардың барлық бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік беретін саясат пен процесс. Бағыттардағы айырмашылықтар арқылы келесі дәлелді мойындауымыз тиіс: адамдардың индивидуалды қажеттіліктерін ескеріп, оларға, бейімделуі үшін, біз қоғамды өзгертеміз, бірақ керісінше емес.

Интеграциялық білім беру - мүмкіндігі шектеулі баланы құрдастарының ұжымында оқыту: инклюзивті – inclusive – қосылған, біріктірілген, inclusion – қосу, біріктіру; инклюзивті білім беру – барлық балаларды жалпыға білім беру процесіне толық қосуға, балалардың жасына, жынысына, діні мен этникалық ұстанымдарына, даму тежелуіне қарамастан, отбасының белсенді қатысуы мен баланың жеке қажеттіліктерін әлеуметтік және түзету–педагогикалық қолдау көрсетуге бағытталған мемлекеттік саясат.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру кеңістігіне жай ғана физикалық қосу инклюзивті білім беру болып табылмайды. ҚР-ң инклюзивті білім беру концепциясы білім беру мекемесінің түрі мен мүмкіндіктеріне байланысты интеграциялаудың әр түрлі модельдері мен түрлерін қолдануды қарастырады. Бұл жағдай түрлі топтардағы балаларды біріктіріп оқытудың жағымды жақтарын іске асыруға жол ашады. Инклюзивті бағыттың интегративтіден айырмашылығы - инклюзивті білім беруде жалпыға білім беру мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына қарым-қатынас өзгереді. Білім беру идеологиясы оқу процесі мен білім берудің тәрбиелік мәнін күшейтіп, ізгілендіру бағытында өзгереді.

Интеграциялық оқытудың бірнеше түрлері мен қалыптары бар.

Толық интеграция – қандай да бұзылыс түрі бар балыны қалыпты деңгейде дамып келе жатқан балалармен бірге мектепке дейінгі топтарда, сыныптарда оқыту. Толық интеграция психофизикалық және тілдік дамуы жасерекшелік деңгейіне сәйкес немесе жақын, және де балалардың қалыпты құрбыларымен бірге оқуға психологиялық тұрғыдан дайын жағдайында іске асырылуы мүмкін.

Тұрақты, бірақ толық емес интеграция – мүмкіндігі шектеулі мектеп жасына дейінгі балалар мен оқушыларға да пайдалы бола алады. Ол, психофизикалық дамуы жасерекшелік деңгейі қалыптыдан сәл төмен, жүйелі және түзету көмегін қажет ететін, бірақ бірқатар пәндер аймағында қалыпты дамыған құрбыларымен бірге оқи алатын, олармен сыныптан тыс уақыттың көп мөлшерін өткізетін балалар үшін нәтижелі болады.

«Жартылай» интеграция – қалыпты дамудағы құрбыларымен қажетті іскерліктер мен дағдылардың аз ғана мөлшерін меңгере алатын, сыныптан тыс уақыттың аз ғана мөлшерін балалармен өткізе алатын балалармен нәтижелі жүргізіледі.

Тұрақты, толық емес интеграцияның маңыздылығы мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты деңгейдегі құрбыларымен қарым-қатынасын кеңейтумен анықталады. Жартылай интеграция қалыпты және арнайы топтары бар аралас типті мектепке дейінгі мекемелерде, сонымен қатар даму ауытқушылықтары бар балаларға ашылған арнайы сыныптары бар жалпыға білім беру мектептерінде жүргізіле алады.

Уақытша интеграцияда арнайы топтың немесе сыныптың тәрбиеленушілері жеткен жетістік деңгейлеріне қарамастан қалыпты деңгейде дамитын құрбыларымен айына 2 реттен кем емес тәрбиелік мәнді іс-шараларды бірге өткізуге кездеседі.

Уақытша интеграцияның мағыналылығы мүмкіндігі шектеулі балаларға қалыпты деңгейлі құрбыларымен қарым-қатынасқа түсудің алғашқы тәжірибесін меңгеруге жағдай жасаумен анықталады.

Эпизодтық интеграция моделі - мүмкіндігі шектеулі балалармен қалыпты деңгейлі балаларды біріктіріп оқыту мен тәрбиелеу жұмысын жүйелі жүргізуге жағдайы жасалмаған арнайы мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарына арналған. Эпизодтық интеграцияның мағынасы болып анық күрделі даму бұзылыстары бар балалардың құрдастарымен аз ғана мөлшерде болса да өзара байланысқа түсуін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі балалар оқытылатын арнайы (түзету) мекеме жағдайында қалыптасатын әлеуметтік қарым-қатынастағы объективті шектеулерден асу табылады. Сонымен бірге, бұл жағдайды инклюзивті білім беру деп атауға болмайды.

Сонымен, интеграция модельдерін қарастыру арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялық оқытудың түрлері анықталады:

1) аралас түрлі интеграциялық оқыту – даму бұзылысы бар оқушы қалыпты деңгейлі құрбыларымен бір сыныпта оқиды, және де дефектолог–мұғалімнің, логопедтің, психологтың жүйелендірілген көмегін алады.

2) Жартылай – даму бұзылыстары бар оқушылар қалыпты деңгейлі құрбыларымен қатар білім беру бағдарламасын меңгере алмайды; бұл жағдайда олар жарты күнді арнайы сыныпта, басқа жыртысын қалыпты сыныпта өткізеді.

3) Уақытша – арнайы сыныптарда оқитын балалар қалыпты сыныптардағы оқушылармен айына 2 реттен кем емес бірге серуендеуде, мерекелерде, жарыстарда, тәрбиелік мәнді іс-шаралар өткізуде кездеседі.

4) Толық түрдегі интеграциялық оқыту – даму бұзылыстары бар 1-2 бала балабақшаның қалыпты топтарына немесе сыныптарға қосылады (тілдік бұзылыстары бар балалар, нашар көретіндер немесе кохлеарлы имплантанттары бар балалар); бұл балалар психофизикалық, тілдік даму деңгейлері бойынша жасерекшелік көрсеткіштеріне сай және де қалыпты деңгейлі құрдастарымен бірге оқуға психологиялық тұрғыдан дайын; түзету көмегімен олар оқытылатын орындарында қамтылады.

 

Инклюзивті білім беру түрі Сипаттамасы Біріктіру ережелері Қосылу мөлшері
Тұрақты, толық интеграция Психофизикалық және тілдік дамуы жасерекшелік көрсеткіштеріне сай немесе жақын, қалыпты құрдастарымен бірге оқуға психологиялық тұрғыдан дайын мүмкіндігі шектеулі балалар үшін. Жалпыға білім беру сыныптарына 1-3 мүмкіндігі шектеулі балалар қосылады. Қалыпты деңгейлі балалармен күні бойы бірге
Тұрақты, толық емес интеграция Құрдастарымен қатар қажетті іскерліктер мен дағдылардың, оқу және сыныптан тыс сағаттарының аз ғана мөлшерін меңгере алатын мүмкіндігі шектеулі балалар үшін нәтижелі. 1/3 - мүмкіндігі шектеулі балалар. Түзету сағаттары, сыныптан тыс іс-шаралар
Уақытша, жартылай интеграция Мүмкіндігі шектеулі балалар қалыпты балалармен біріккен іс-шаралар өткізуге бірігеді. - Айны 2 реттен кем емес
Эпизодтық интеграция Бұл интеграцияның мақсаты - аз ғана мөлшерде болса да мүмкіндігі шектеулі балаларды құрдастарымен әлеуметтік өзара байланысқа түсу жұмыстарын (мерекелер, байқаулар, серуендер және т.б.) білім беру мен ұйымдарын аралық шеңберде ұйымдастыру Мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты деңгейдегі балалармен біріктіріп оқытуға мекеменің мүмкіндігі жоқ болғанда. Шақыру бойынша
Қашықтан оқыту Жеке бағдарлама бойынша мүгедек балаларға үйде отырып білім алуға жағдай жасау. Инклюзивті болып уақытша жартылай немесе эпизодтық интеграциямен байланыстырылғанда саналады. Бекітілген ережелерге сәйкес.

 

Интеграция процесінің нәтижелілігіне сырттай және іштей жағдайлар әсер етеді. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың нәтижелі интеграциялануын қамтитын сырттай жағдайларға жатқызылады:

- бұзылыстарды ерте анықтау (өмірінің бірінші жылдарында және өмірінің бірінші айларынан бастап түзету жұмыстарын жүргізу);

- ата-аналардың баланы денсаулығы қалыпты балалармен оқытуға ұмтылысы және біріккен оқу процесінде балаға көмек көрсетуге дайындығы;

- интеграция процесіне қосылған балаға нәтижелі, мамандырылған түзету көмегін көрсету мен қамту.

Интеграция процесінің нәтижелілігіне әсер ететін ішкі жағдайлар:

- баланың психофизикалық даму деңгейі (оның дамуы қалыптыға жақын болуы біріктіріп оқытудың нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді);

- баланың қалыпты деңгейде дамып келе жатқан балалар үшін жалпыға білім беру стандартында көрсетілген уақытта білімдерді меңгере алуы;

- дамуында ауытқушылығы бар баланың интеграциялық оқуға және т.б. психологиялық тұрғыдан дайын болуы.

Тәжірибеге инклюзивті білім беруді енгізуде, білім беру мекемесінің

түрі мен мүмкіндіктеріне байланысты, интеграцияның әртүрлі модельдері мен түрлерін қолдануға болады. Бұл жағдайда психофизикалық дамуларында әртүрлі бұзылыстары бар балаларды біріктіріп оқытудың жағымды жақтарын толық іске асыруға болады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру аймағындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі міндеттері:

- жалпы орта және жоғары типті білім беру ұйымдарында «интеграциялық

орта» ұйымдастыру арқылы мүмкіндігі шектеулі балалар үшін үздіксіз инклюзивті білім беру жүйесін құру; мүмкіндігі шектеулі балалардың нәтижелі интеграциялануы үшін жағымды жағдай жасау (штаттық кестені қайта қарау, топта білім алушылардың санын азайту, интеграциялық оқу процесін материалды-техникалық жабдықтау (арнайы дидактикалық құрал-жабдықтармен де), оқу мекемелерінің ғимараттарында архитектуралық өзгерістер жүргізу);

- әлеуметтік білім беру интеграциялық технологияларын іске асыратын

білім беру мекемесінің статусын анықтау және заңды түрде бекіту;

- жалпы білім алуды мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қолжетімді етіп

ұйымдастыруда ғалымдар мен практиктердің, мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың, коммерциялық құрылымдар мен бұқаралық ақпараттар құралдарының тығыз өзара байланыста болуын қамту; әлеуметтік – мәдени және білім беру интеграциясының практиктеріне жағымды әлеуметтік қатынасты қалыптастыру; интеграциялық білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін педагогтардың квалификациясын жоғарылатуға бағытталған білім беру бағдарламаларын іске асыру.

Қазақстан Республикасының инклюзивті білім беруді әрі қарай енгізу процесі кешенді болуы тиіс және де бұл процеске мемлекеттік құрылымдар, ата-аналар ұжымы, отбасы, білім беру мекемелері, мемлекеттік емес ұйымдар белсенді қатысуы қажет. Инклюзивті типті білім беру бағдарламаларын нәтижелі іске асыру үшін мемлекеттік саясат келесі мақсаттарға бағытталуы керек:

- жалпы білім алуға, мәліметтік, рекреациондық және жалпы

қоршаған ортаның өмірлік ресурстарына қол жеткізуде мүгедектердің конституциялық құқытарын іске асыру;

- мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік-экономикалық өзіндік

іс-әрекет жасауын жоғарылату;

- барлық деңгейлерде мүгедектерге инклюзивті білім беру процесінде әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін дамыту; индивидуалды (кеңес беру қызметтерін дамыту, мүгедектерге инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда жедел әлеуметтік көмек көрсету); кәсіби көмек беру жүйесі (әлеуметтік, медициналық, білім беру ұйымдары мәдениет мекемелері, юристтік қызмет көрсетуді реттеу); мәліметтік кеңістікті кеңейту (мүгедектер мен олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік көзқарастың жағымсыз әсерін азайту мақсатымен БАҚ арқылы инклюзивті білім беру тәжірибесі жайлы қоғамға мәлімет беру, азаматтық белсенділік пен құқықтар теңдігін дамыту); заң шығару және әлеуметтік саясат (заң шығару белсенділігі, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды білім алуда интеграциялау бағдарламаларының іске асырылуына, инклюзивті білім беру аймағында әлеуметтік саясат шараларының орындалуына мониторинг жүргізу).

Қазақстан Республикасында нормативті-құқықтық құжаттарда және қоғамда «инклюзивті білім беру» термині мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру мектептерінде оқыту процесін сипаттауда қолданылады. Яғни, инклюзивті білім беруде әр баланың индивидуалды ерекшеліктерін ескеру (қабілеттер, даму ерекшеліктері, темперамент типі, жынысы, отбасының мәдениеті және т.б.) арқылы іске асырылатын, индивидуалды бағытқа негізделген жекетұлғалық бағытталған оқыту әдістері қолданылады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру аймағындағы мемлекеттік саясаттың принциптері:

1. Мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың отбасына көрсетілетін мемлекеттік көмек пен қолдауды, жаңа әлеуметтік қызмет көрсету орындарының құрылуын, жұмыс жасайтындарын қолдауды қамту мен тұрақтандыру принципі.

  1. Адам құқықтарын іске асыру принципі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік интеграциялауға бағытталған мемлекеттік саясат әр адамның құндылығын мойындайды.

3. Отбасының әлеуметтік жауапкершілігі принципі. Мемлекеттік саясат әр отбасының рухани және физикалық дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуде жауапкершілігі мен тәуелсіздігіне негізделеді. Мүгедек адамды дамытуда, оның өмірлік жолын таңдауда отбасы қабылдайтын шешімдердің автономдығы мен өзіндік деңгейде іске асырылу принципі де мемлекеттік саясаттың негізін құрайды.

4. Ғылымилық принципі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік интеграциялаудың теориялық–әдіснамалық негіздерін, әлеуметтік білім беру интеграциясының бағдарламалық–әдістемелік инструментарийін құру, интеграцияның нәтижелерін талдау және мониторинг жүргізу, қабылданатын шешімдердің және қолданылатын технологиялардың нәтижелілігін интеграциялық білім беру мәселесінің маңызын ғылыми талдау мен ғылыми тәуелсіз сараптау жүргізу негізінде бағалау.

5. Мәліметтің қолжетімділігі принципі. Мүгедектерге жалпы орта, арнайы орта, жоғары және қосымша білім беру, әлеуметтік тәжірибелердің мәліметтерін ғылыми-әдістемелік құралдармен сыни тұрғыдан талдау, аталған бағытта қоғамның шығармашыл белсенді өкілдерін біріккен іс-әрекет орындауға шақыру арқылы мүгедектерді қоғамға қосу іс-шараларының іске асырылу нәтижелері жайлы мәліметтердің қызығушылық танытатындардың барлығына қолжетімді болуы.

6. Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру процесін ұйымдастыру мен іске асыру технологияларын пайдаланудағы жүйелік бағыттылық принципі. Мұнда отбасы мен әлеуметтік (бірінші деңгей), мектепке дейінгі мекемемен (екінші деңгей), мектеп типті және қосымша білім беру мекемелерімен (үшінші деңгей), арнайы орта және жоғары оқу орындарымен, қосымша кәсіби білім беру мекемелерімен (төртінші деңгей), кешенді медициналық-әлеуметтік, психологиялық–педагогикалық және құқықтық қолдау қызметтерімен (бесінші деңгей) жұмыс жүргізу тәжірибелерін іске асыру қарастырылады.

7. Қалыпты тұлғааралық қарым-қатынастарға мүмкіндігі шектеулі балаларды қосу нұсқаларын анықтау мақсатымен инклюзивті білім беру түрлері мен барлық формаларын кешенді іске асыру принципі.

8. Білім беру мекемелерінің көпсалалылық принципі. Бұл принцип бойынша білім беру мекемелерінде педагогикалық, әлеуметтік–психологиялық, құқықтық және медициналық қызмет көрсету орталықтары құрылуы тиіс.

Инклюзивті білім беруді жоспарлауда оның жалпы концепциясымен бірге нақты іс-әрекеттер жоспарын құрастыру қажет:

- инклюзивті білім беруде құндылықтар, сенімдер, ұстанымдар мен жетістіктер индикаторларына негізделу керек;

- инклюзивті білім беру нәтижелі болмайды, егер ол тек «өлі құрылым» болса.

Инклюзивті білім берудің барлық деңгейлерінде бірқатар іс-шаралар іске асырылуы тиіс:

- кедергісіз орта жасау үшін білім беру мекемесінің техникалық қамтылуы (пандустар, көтергіштер, арнайы жабдықталған әжетханалар, емдік дене шынықтыру бөлмелері, психомоторлық түзету кабинеттері, дефектологтар мен психологтар жүргізетін логопедиялық және түзету сабақтарына арналған бөлмелер, медициналық кабинет, спорт залы және т.б.);

- жалпыға білім беру мекемесінде мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделуіне арналған жағымды медициналық–психологиялық– педагогикалық орта құру;

- инклюзивті білім беру жүйесіне жоғары оқу орындарында мамандарды кәсіби дайындау;

- мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға бейімделген білім беру бағдарламаларын жасау;

- ата-аналармен бірге құрастырылған, мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға арналған жеке сабақтардың жоспарлары;

- білім беру процесінің нормативті-құқықтық құжаттармен реттелген қаржылай және юристтік қамтылуы.

Сонымен, инклюзивті білім беру мәселесі күрделі талқылауды қажет етеді, бірақ бастысы - ол шын мәнісінде әлеуметтік мәселе, өйткені оны шешу барысында көптеген адамдардың қызығушылықтары назарға алынуы тиіс. Инклюзивті білім берусіз инклюзивті қоғам болуы мүмкін емес; білім алу аймағында мүмкіндіктердің тең болмауы, ата-ананың әлеуметтік– экономикалық статусы, қабілеттері, психофизикалық–экономикалық, тілдік, мәдениеттік, этностық, діни және т.б. ерекшеліктері негізінде балаларды сараптау, қоғамда тұрақсыздыққа кезігу мен қорлық көрсетуге, әлеуметтік қақтығыстардың көбейіп, күшеюіне соқтырады. Инклюзивті білім беруді енгізу мәселесін сауатты шешусіз, конституциялық құқықтарды таптау тәжірибелерін, әлеуметтік дискриминациялау жағдайларын жоюсыз, Қазақстан Республикасы дамыған мемлекет бола алмайды.

 

 







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 20895. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...


Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия