СИЛЛАБУС. Жұмыстардың барлық түрін көрсетілген мерзімде жасап тапсыру керек
Жұмыстардың барлық түрін көрсетілген мерзімде жасап тапсыру керек. Кезекті тапсырманы орындамаған, немесе 50% - дан кем балл алған студенттер бұл тапсырманы қосымша кесте бойынша қайта жасап, тапсыруына болады. Орынды себептермен зертханалық сабақтарға қатыспаған студенттер оқытушының рұқсатынан кейін лаборанттың қатысуымен қосымша уақытта зертханалық жұмыстарды орындауға болады. Тапсырмалардың барлық түрін өткізбеген студенттер емтиханға жіберілмейді Бағалау кезінде студенттердің сабақтағы белсенділігі мен сабаққа қатысуы ескеріледі. Толерантты болыңыз, яғни өзгенің пікірін сыйлаңыз. Қарсылығыңызды әдепті күйде білдіріңіз. Плагиат және басқа да әділсіздіктерге тыйым салынады. СӨЖ, аралық бақылау және қорытынды емтихан тапсыру кезінде көшіру мен сыбырлауға, өзге біреу шығарған есептерді көшіруге, басқа студент үшін емтихан тапсыруға тыйым салынады. Курстың кез келген мәліметін бұрмалау, Интранетке рұқсатсыз кіру және шпаргалка қолдану үшін студент «F» қорытынды бағасын алады. Өзіндік жұмысын (СӨЖ) орындау барысында, оның тапсыруы мен қорғауына қатысты, сонымен өткен тақырыптар бойынша қосымша мәлімет алу үшін және курс бойынша басқа да мәселелерді шешу үшін оқытушыны оның келесі офис-сағаттарында таба аласыз:
«Есеп және аудит» кафедрасының мәжідлісінде қарастырылды 2014ж. «14» 06 № 38 хаттамасы
«Есеп және аудит» кафедраның меңгерүшісі, э.ғ.д., доцент: Байдильдина А.М.
Лектор - э.ғ.д., доцент: Асқарова Ж.А. Л-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Экономика және бизнес жоғары мектебі Есеп және аудит кафедрасы
Мамандық «5В051100 – Маркетинг 2 курс, 5В050600 – Экономика» 2 курс, СИЛЛАБУС Модуль № 9 «Негізгі міндетті» «Sta 2306 Статистика» семестр (осенний), 3 кредит, пәннің түрі (міндетті)
Дәріскер: э.ғ.к., доцент Аскарова Ж.А. Телефондары: жұмыс (3-327-3773337 (1403), үй 2753300, ұялы +77022143988) e-mail: adilya_11@mail.ru пр.Аль-Фараби,71, УК 3Б, 229 каб. Оқытушы (практикалық, семинар, зертханалық сабақтар): Ноянов М.Е., магистр э.н., преподаватель, д.т. 2273808, моб.т. +8701 8151818, e-mail: iatvoitotsamyi@mail.ru пр.Аль-Фараби,71, УК 3Б, 229 каб. Пәннің мақсаттары мен міндеттері: «Статистика» пәнінің негізгі мақсаты - студенттерді ғылыми ұйымдастырылған жүйеде статистикалық әдістерді қолдану арқылы орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің сандық өзгерістерін, сапалық жағымен байланыстыра отырып зерттеу жұмыстарын жүргізу. Міндеттері: - әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің даму дәрежесін, құрылымын және өсіңкілігін зерттеу кезінде түрлі статисткалық әдістерін қолдана білу; - жиналған мәліметтерге талдау және болашаққа болжай жасай білу; - статистика туралы классиктердің, ғалымдардың еңбектерін оқып- үйрену және оны іс жүзінде тәжірибеде қолдана білу; - мәліметтерді есептеу кезінде есептелген статистикалық көрсеткіштерге қысқаша қорытынды жасай білу; - ұлттық шоттар жүйесін, салааралық балансты құру, өндіріс тиімділігін талдау; халықтың өмір сүру деңгейін және оған әсерін тигізетін себептерді талдай білу; - халықаралық стандартқа сәйкес статистикалық деректердің әдістемелік салыстырмалылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру. Құзыреттері (оқытудың нәтижелері):Пәнді оқу нәтижесінде студенттер келесілерді білулері керек: - Қазақстан Республикасындағы статистиканың ұйымдастырылуын; - мәліметтерді жинау және өңдеу әдістерін; - статистикалық өзара байланыстарды талдау әдістерін; - статистикалық бақылау жүргізуді, бақылау бағдарламасын жасауды және әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстарға статистикалық зерттеулер жүргізуде басқа да әдістер мен тәсілдерді қолдануды, қорытынды жасауды; - абсолюттік, қатысты және орташа шамаларды қолдану, есептеу жолдарын үйрену және мәліметтерді график арқылы бейнелеуді үйрену; - динамикалық қатарды талдауды және индекстік әдісті қолдануды үйрену; -қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын зерттеуді үйрену және оған талдау жасау; - халықтың санын, құрылымын және еңбек ресурстарының көрсеткіштерін оқып білу; - экономикалық процестің негізгі нәтижесін динамикасын талдай білу; - өндірілген өнімді тұтыну мен қор жинауды және оған талдау жасауды үйрену; - ұлттық шоттар жүйесін құруды оқып-үйрену; - табыстардың бөліну процестерін зерттей білу және т.б. Пререквизиттері: экономикалық теория; математика; философия. Постреквизиттері: қаржылық талдау; басқарушылық талдау.
|