Студопедия — Сібір хандығы 1 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сібір хандығы 1 страница






Ыпшақтардың этно-саяси тарихы(9-11ғ).Қыпшақ мемелекетінің құрылуы. Қыпшақ сөзінің пайда болуы. Қ.тардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы. Қ. Хандығы күшейе бастаған кезінде оңтүстік жағындағы шекарасын кеңейтіп, Сырдың орта және төменгі бөлігін, Арал мен Каспий өңірі далаларын өздеріне қаратқан. Қ.шонжарлары Сыр бойындағы қалалардың билеушілеріне айналған. Қ.тар Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек пен Сарысу өңірінде көшіп-қонып жүрген. Олар Маңғыстау мен Үстіртте қыстап, жаз айларында Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық өзендерінің тарихи қалыптасқан көшу бағыттары болған. 11ғ.дан бастап Қазақстанның Жетісудан басқа жерллерінің барлығына Қыпшақтар ие болды. Хандықтың әлеуметтік-экономилық жағының нығаюы жерін кеңейтуді талап етті. Әсіресе қыпшақтарға Қазақстанның Оңт.дегі қалаларға, Орта Азияның базарына, Орыс елінің оңт. Далаларына шығу қажет болды. 10ғ.дың аяғы, 11ғ.дың басында Оғыз қағандығының жағдайының нашарлай бастады. Бұл жағдайды Қ.хандығы дер кезінде пайдаланып, Оғыздарға Солт. Және Солт.Шығ.нан басып кіреді. Сөйтіп қыпшақтар өздерінің шекарасын Сырдың орталық ағысынан Арал теңізіне дейін кеңейтеді. Қыпшақтар Хорезм елімен де қатынасты жақсартуға әрекет жасайды., алайда Хорезм шахы қыпшақтардың күшеюінен және олардың өз шекараларына жақындауынан қауіптене бастаған болатын. Ондай әрекеттерге кезінде Хорезм шахының мұрагері Атсыз да барған болатын. Кейбір жазба деректерге қарағанда Атсыз қыпшақтардың қол астындағы Оғыздардың жеріне бірнеше рет шабуыл да жасаған. 13ғ басында Сыр бойындағы қалалар үшін Хорезм шахы Мұхаммед пен қыпшақ хандығының арасында бірнеше шайқастар болды. Бұл шайқастарда қыпшақтар өз ішіндегі алауыздықтың кесірінен жеңіліп, солт.ке қарай шегінді. Билік үшін бәсеке тек монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін ғана біржола тынады. Қыпшақ хандығы құлағанымен оның халқы жойылып кеткен жоқ. Олар өздерінің тарихи дамуын жалғастырумен болды. Ақыр сонында қыпшақтар қазақ халқының басты этникалық құрамының біріне айналды.. Қыпшақ хандығы.VІІ – VІІІ ғ.ғ құрыла бастады. Қыпшақ хандығы – шамамен 11 – 13-ғасырларда қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген мемлекеттік бірлестік.VІІІ-ХІ ғ.ғ. аралығында қыпшақтар қимақтардың құрамында болған еді. ХІ ғ. ортасында қыпшақтардың бір бөлігі – Еділ өзенінін батысқа қарай жылжыды. Қыпшақтарды орыстар – половецтер, сорочиндер деп, Еуропа саяхатшылары – кумандар деп атады. Еуропа саяхатшылары қыпшақтардың айран мен майдан қалай құрт алатындарын жазды. Осылайша, этникалық құрамы 2 бөлікке бөлінді: 1) Батыс бірлестік (оң қанат), астанасы – Сарайшық қаласы, бұл бірлестікке – 11 тайпа енді. 2) Шығыс бірлестік (сол қанат), астанасы – Сығанақ қаласы, бұл қанатқа – 16 тайпа кірген. Жалпы, Орталық Азиямен Шығыс Еуропадағы барлық түркі тілдес халықтар арасында саны жағынан ең көп тайпа – қыпшақтар болған. Сонымен Батыс және шығыс қыпшақ бірлестігінің шекарасы – Еділ өзені болды. ХІІ ғ. қыпшақтар- Русь, Византия, Венгрия халықтарымен жан-жақты байланыс жасай бастады. ХІІ ғ. тілдік дінді ұстанған қыпшақ тайпалары – Жент пен Фараб арасында орналасты. Қыпшақтардың Сеңгір қаласы – Талас өзені жағасында салынды Қыпшақ бірлестігіне енген ХІІ ғ. Арал маңын жайлаған тайпалар – қаңлы, қарлұқ. Х ғ. Сыр бойындағы қыпшақтармен оғыздар арасында өзара байланыс басталды Ал енді Қыпшақ хандығына байланысты Хорехмшахтар саясатының басты мақсаты – мұсылмандандыру болды. Өйткені, қыпшақтар ХІІ ғ. аяғына дейін – пұтқа табынушылар болып қала берген еді. 1216 ж. Мухаммед Хорезм Шах Қадырханға жорығы кезінде Торғай даласында меркіттерді қуып келе жатқан Жошы әскерлерімен соқтығысып қалды. Бұл моңғолдардың қазақ даласында алғаш рет бой көрсетуі болатын. 1219 ж. моңғол шапқыншылығынан соң, қыпшақ мемлекеті құлады. Орталық, шығыс Қазақстандағы Дешті – Қыпшақ кейіннен – Сарыарқа деп аталды. Қыпшақтар туралы тарихи деректер. Мәселен, далада шөлдеп келе жатқан – В.Рубрукке қыпшақтар алдынан шығып, айран ұсынған. ХІІІ ғ. еврей саяхатшысы – Петахья өз жазбаларында қыпшақтардың тары мен күріш өсіретіні туралы жазған. Әл – Омари қыпшақтардың көшу жолдары туралы жазды. ХІІІ-ХІV ғ.ғ. қыпшақтардың – «Қобыланды батыр» эпосында қыпшақ халқының қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысы баяндалған. Қоғамдық- саяси өмір Қыпшақ тайпаларының ең беделдісі – бөрілер деп аталды. Қыпшақ хандары тек осы ел бөрілі тайпасынан шыққан. Қыпшақ хандығында құлдықтың болғандығын М.Қашқаридың құлды қыпшақ тілінде «яланкуг» деп атағандығынан көре аламыз Қыпшақтарда байлықтың негізгі өлшемі – жылқы боп есептелді. Жылқы кімде көп болса, сол бай боп есептелінді. Үндістанда қарапайым қыпшақ жылқысы – 100 динарға бағаланса, жақсы жылқысы – 500 динарға сатылған..

9 Оғыздар мемлекеті:этно саяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті. Оғыз тайпаларының өзегі Жетісуда қалыптасқан.9ғасырдың соңы мен 10ғасырдың басы Оғыз мемлекеті құрылды.Аумағы Сырдарияның орта және төменгі.Астанасы Янгикент,билеушісі жабғу.Орынбасары Күл еркін.Әскербасы сюбашы.Басқарушының ұрпақтары иналдар.Оларды атабектер тәрбиелеген.М.Қашғаридың дерегі тбойынша,оғыз одағында 24тайпа болған.Ал Әл Марвизидің жазуы бойынша оғыз одағы 12тайпадан тұрған.Оғыздардың сыртқы саясаттағы мақсаттары:Қара теңіз,Дон өзені бойындағы жайылымдардың иемдену,Еуропаны Азиямен байланыстыратын сауда жолына шығуы.Сонымен қатар,оғыздар 965жылы Кикв Русьінің князі Святославпен одақтасып,Хазарларды талқандады.Ал 985жылы княз Владимирмен бірігіп Еділ бұлғарларын талқандады.10ғасырдың 2ші жартысында салықтың ауыртпалығынан халық көтерілістері жиіледі,мұны селжұқтар пайдаланды.1043жылы Шахмәлік осы Селжұқтардың қолынан қаза тапты,ол соңғы билеуші болған. Мемлекеттің әлсіреу себептері:селжұқтармен соғысы,ішкі талас тартыстар,қыпшақ тайпаларының шабуылдары.11ғасыр басында оғыз одағы ыдырап,қыпшақ мемлекетінің құрамына кірді.Шаруашылығы мал шаруашылығымен айналысты.Жартылай көшпелі және жартылый отырықшы.Олардың тұрақты қысқы және жазғы жайылымдары болды. Жазғы жайылымы Каспий теңізінің далалы аймағы.Қысқы жайылымдары Арал теңізі жағалауы,Сырдың төменгі және жоғарығы ағысы.Ибн Хаукал дерегі бойынша Түркістан аумағында елтері беретін қойлар көп өсірілген. Қыпшақ мемлекеті (ХІ ғ. басы – 1219 ж.) Оғыз мемлекеті (9-11 ғасырлардың басы). 9-10 ғасырлар Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайралардың саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — бузук және үшүк (учук).Оғыз мемлекеті.8 ғасыр ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғасыр бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.9 ғасыр соңы мен 11 ғасыр басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы дерек тер 9-10 ғасырлардың басы араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғасыр) еңбегінде айтылады.Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.10-11 ғасырлар Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті

 

 

10. Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Карлүқтар Алтайдан Балқаш келінің шығыс жағалауына дейінгі аймақты жайлаған көшпелі тайпалар. VII ғасырдың ортасында Қарлүқ бірлестігіне тайпа: болат, шігіл және ташлық енді. Қарлүқ тайпаларының көсемдері елтебер деген атақты иеленді.

756 жылы қарлүқтар шығыстағы үйғыр қағандығынан жеңіліп, Жетісуға келіп, онда өздерінің қағанатын қүрады. Карлүқ тайпалары УІІІ-Х ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап Сырдарияның орта бойына дейінгі аймақта қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын, Іле, Шу, Талас өзендерінің еңірлерін, Тянь-Шаньнің баурайларын мекендейді. Қарлүқ тайпаларының бірі IX ғасырдың бас кезінде Отырар қаласының маңына барып қоныстанған. IX ғасырдың аяғында арабтар қарлүқ жеріне тағы шабуыл жасап Испиджабты және Таразды алады. Қарлүқ қағанының астанасы енді Тараздан Қашғарға көшеді.

Бірақ қарлүқтардың ішінде бірлік орнамайды. Оны Қашғардың түрік билеушілері пайдаланып, 940 ж. Баласагүнды басып алып, Қарлүқ мемлекетін құлатады.

X ғасырдың ортасында Шығыс Түрікстан, Жетісу өңірінде Карахан мемлекеті пайда болады. Карахан еулетінің негізін қалаушы Сатүқ Бограхан (915-955 жж.) 942 ж. Баласағүн билеушісін қүлатып, ислам дінін және Арслан Карахан дережесін қабылдайды. Осыдан бастап оның еулеті Қарахандықтар деп атала бастады.

X XIғ. аяғында қарахандықтар Орта Азиядағы саманилер иелігі мен Бүхарды жаулап алады. Солтүстіктегі қарахандықтар мен қыпшақ хандығының шекарасы Тараз қаласы маңынан өтті. Солтүстік шығыста қарахандықтар иелігі Балқаш пен Алакөлге дейін жетті, ал шығысында олар үйғырлармен шекаралас болды. 1004-1005 жж. ұзақ қиян-кескі соғыстардан кейін Меуереннахр жерін де өзіне қосып алады. Қарахан мемлекеті көптеген жер үлестерінен түрды. Ол жерлер жоғарғы қағанға қарағанымен, олардың арасында үнемі қақтығыстар болып түрды.

XI ХIғ. 30 жылдарында осы қақтығыстардың нәтижесінде мемлекет екіге бөлінді. Жетісу мен Шығыс Түрікстан Шығыс Қарахан қағанатына қарап, оның астанасы еуелі Баласағүн, кейін Қашғар қаласы болды. Меуреннахр жерлері Батыс Қарахан қағанатына қарап, оның астанасы еуелі Үзкент, кейін Самарканд қаласы болды. Жоғарғы билеуші Арслан Қарахан дережесімен Шығыс Қарахан қағанатын, ал екінші қаған Богра Қарахан дережесімен Батыс Қарахан қағанатын басқарды. Қағанат көптеген еншіліктерге бөлінді. Ілек және тегін дережесіндегі еншілік иелерінің қүқықтары үлкен болды. Олар көрші мемлекеттермен келіссездер жүргізе алатын, өз атымен теңгелер шығаратын. Билік мүрагерлік жолмен емес, ағасынан інісіне - "сатылық жүйе" арқылы жүзеге асырылды.

. Наймандар. Қазақстан жеріндегі ертедегі тайпалардың бірі. VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында найман тайпалар одағы (түрікше "сегіз тайпа одағы") пайда болып, Ханғайдан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатты. Х-ХІІ ғасырларда найман одағы мемлекет дережесіне дейін кетеріледі. Найман одағы хандар басқарған бірнеше үлыстардан түрды. XII ғасырдың аяғы XIII ғасырдың басында наймандар Монғолиядан бірнеше қатарынан жеңіліп, бір бөлігі Алтайдан Жетісуға қоныс аударды. Екінші бөлігі Шығыс Қазақстанда қалып қойды. Күшлік ханның басқаруымен Жетісуға келген наймандар 1213 ж. қара қытайлардың мемлекетін қүлатып билікті жаулап алады.

Керей мемлекеті. X ғасырдың басында Алтайда қүрылған керейлердің этникалық одағы түркі тілдес және монғол тілдес тайпалардан қуралған. Керей мемлекетінің солтустік астанасы Орхон өзеніндегі Қатын балық қаласында, ал оңтустіктегі астанасы Хуанхэ өзенінің солтустік жағалауында орналасты. 1007 ж. керейлер мен наймандар нестроиандық бағыттағы христиан дінін қабылдайды. XII ғасырдың екінші жартысында Керей мемлекеті солтустіктегі Селенга өзенінің жоғарғы ағысынан оңтустіктегі Хуанхэ өзеніне дейінгі, батыста Хангай тауларынан шығысындағы Халқын көлге дейінгі жерді иеленді. Керейлер мен наймандардың әлеуметтік-саяси даму деңгейі бірдей болды. Мемлекет үлыстардан түрды. Әрбір үлыстың өзінің территориясы, өзінің ханы, кешпелі өмір салтына лайық зандар жиынтығы болды. Іс қағаздарын жургізу дестурі енгізілді. Олар көшпелі мал шаруашылығымен, аң балық аулаумен айналысты.

ҚАРАҚЫТАЙ

11. Қазақстанның ұланбайтақ жерінде ежелгі замандардан отырықшылдық орын алып, қалалық медениет қалыптасты. Археологиялық зерттеулерге сай УІ-ХІІ ғасырлар аралығында есіресе Қазақстанның оңтүстік өнірі қалалық медениет орталығына айналады. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Тараз, Отырар, Испиджаб, Ясы, Сығнақ; Талас, Аса өзендерінің бойында Теменгі Барысхан, Хамукент, Жікіл, Адахкент, Ден, Нуджикент, Күлан, Мерке, Аспара, Баласағүн, Барсхан және т.б. қалалар бой кетерді. Қазақстан жеріндегі халықтардың экономикалық өмірінде сауда ерекше роль атқарды. Қазақстан қалалары "Ұлы Жібек жолы" арқылы Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен сауда қатынастарын дамытты. Қалаларда сеулет енері дамыды. Олардың ең ежелгісі Бабаша хатун және Айша бибі, Қарахан кесенелері болып табылады.

Архелогиялық зерттеулерде ерте орта ғасырға қарағанда орта ғасырдың дамыған кезінде отырықшылықмәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген.

Егер бұрын Оңтүстік қазақстанда 30 қаланың орны белгілі болса, ал кейнгі кезде зерттеулер бойынша, олардың саны 37 қалаға жеткен. Жазба деректерде алғашқы кезенде 6 қала ғана аталса, соңғы кезде 33-ке жетті.

Қалалар санының өсуі Шығыстың экономикалық, мәдени байланыстар жүйесіне қатысуға байланысты қалалар маңызының артқандығын көрсетеді. Екіншіден, қала манында жартылай көшпелі мал өсірушілердің отырықшылана бастауы қала санының өсуіне әсер тигізген.

Оңтүстік Қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жерлері – Арыс өзенінің Сырдариядағы қосылатын тұсындағы сағалары. Арыстың орта ағысында орталығы Осбаникент қаласы болған Кенже аймағы құрылса, ал өөзеннің сырдарияға құяр жерінде орталығы Отырар қаласы болған Фараб аймағы орын тепкен. Ал Шауғар аймағында

Қарнақ, Шур, Шағылжан қалалары болған. Сырдың орта ағысында – Сүткент, төменгі ағысында Сығанақ, Жанкент, Асынас Жент, Баршынкент қалалары өмір сүрген.

Қалаллық отырықшылық мәдениеттің тағы бір қанат жайған жері – Жетісу аймағы. Әсірісе оңтүстүк-батыс Жетісудың орталығы Таразда да қала мәдениеті өркендеген. Бұл аймақта 36 қала жұрты табылды. Солтүстік-шығыс Жетісудан (орталығы – Лабан, Алматы, Талхир қалалары) 70 қала жұрты ашылған.

Қалалар тек саны жағынан ғана емес, көлемі, экономикалық жағынан да өсіп отырған. Оны негізінен үш топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топқа көлемі 30 гектардан асатын қала жұрттары жатады. Ондай қалалар Испиджаб, Отырар, Сауран, тағы басқалар. Екінші топқа 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалалар жатады. Мұндай қалалар Бурух, Хурлуг, тағы басқалар. Ал үшінші топқа көлемі 10 гектарға жетпейтін қалалар - Алмалық, Лавар, Қапал, Ақтам, Арасан, тағы басқалар жатқызылған.

Мұнадай қалалар 1 және 2- топқа қарағанда өте көп кездеседі. Қалалар көлеміндерінің үлкен-кіші болуының өзі, олардың тұрғындарының санына ғана емес, ішкі құрұлыс жүйелеріне, қоғамдық сауда, діни орындардың орналасуына да байланысты.

12.. Жеріміздегі түркі дәуірінің алты ғасырға жуық (VI–XII ғғ.) мерзім ішінде өмір сүрген түрік, батыс түрік, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ және қараған хандықтарының әрқайсысының өздеріне тән дамыған материалдық мәдениеттері болды. Алайда, олардың мәдениеттерін жеке – жеке талдап көрсету мүмкін болмай отыр. Төбе –төбе болып жатқан қыстақ кенттермен қала жұрттарының орындарына жүргізілген археологиялық жұмыстар, түркі тілдес тайпалардыңVI–XII ғғ. өзінде тұрақты мекен – жай салып отырықшыланған өмірлерін байқатады. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстік және шығыс аудандарында отырықшылық басым болған.

Түркі дәуіріндегі обалардың адамдарды киімдерімен жерленгендер белгілі. Мәселен, Солтүстік, Шығыс Қазақстан жеріндегі зираттардан былғары қамзолдар табылған. Зираттардан жүннен токылған көйлектер, теріден жасалған тон, ішіктердің қалдығы кездеседі. Түркілер тамаша етікшілер болған. Табылған аяқ киімдердің ішінде өкшесі биік емес, қайқы бас етіктер және кебіс қалдықтары кездескен. Сол сияқты теріден белдіктер, тамаша безендірілген кеселер де болды. Әсіресе, кеселер алтын, күміс және қымбат бағалы тастармен безендірілген.

Материалдық мәдениеттің көрінісінің бірі сәулет өнері. Тараз маңындағы Бабаджа – хатун кесенесі (Х–XII ғғ.) орта ғасырдағы сәулет өнерінің ең ертедегі ескерткіші болып табылады. Осыған жақын орналасқан Айша бибі кесенесі (Х– XII ғғ.) және Тараздың өз ішіндегі Қарахан кесенесі де көне заман ескерткіштері.

Сырдария, Талас, Шу, Іле, Испиджаб, Отырар, Тараз, Сығанақ, Баласағұн, Суяб, Мерке, т.б қалалар және егіншілік оазисі мен көшпенділер даласы арасындағы Ұлы Жібек жолында Батыс пен Шығыс арасында қолөнер, сауда және байланыс орталықтары болды.

Сонымен VI–XII ғғ. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қыпшақ –оғыз, қарлұқ–ұйғыр тілдерінде сөйлеп, осы тілдерде тарихи-әдеби шығармалар шығарып, өмір сүрген.

Х–XII ғғ. материалдық мәдениетін өркендету ісіне елеулі өзгерістер енгені байқалады. Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісуды халифаттың, Саманилер, Қарахандар мемлекеттерінің саяси экономикалық және мәдени қарым–қатынастары аясына тарту әрекеті біз зерттеп отырған халықтарды Орта Азиямен жақындастырады. Қала мәдениетін өркендетуде енді жаңа дін–ислам маңызды роль атқара бастайды

13. Түркі дәуірінде (VI –XII ғғ). Қазақстанда өмір сүрген ру – тайпалардың түркі тілінде сөйлегендегі түркология ғылымында толығымен дәлелденген. Алайда, тіл ғылымның зерттеулеріне қарағанда, негізгі түркі тілдес қарлұқтардың, қимақ – қыпшақтардың, оғыздардың, ұйғырлардың, қырғыздардың т. б. ру – тайпалардың өздеріне тән диалектілерінің бар екендігі анықталған.

Археологиялық зерттеулерде түркі тілдес ру – тайпалар өмір сүрген жерлердегі ескерткіштерден үлкен – кіші екі жүзден астам көне түркі тіліндегі жазба деректер табылған. Оның ішінде Орхан, Енисей өзендерінің бойындағы Күлтегін, Тоныкөк «алтын тас кітабы» жазулары белгілі болса, қазақ жеріндегі Талас өзені бойындағы Тереңсайдан табылған және т.б. жазулар белгілі.

Түркі тіліндегі жазулар тіл ғылымында руна жазу деп аталған. Ол скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашқан сол халықтың атақты тіл білімнің ғалымы Дания университетінің профессоры В.Томсон. Одан кейін Орхан жазуларын орыс тілінде аударған тюрколог ғалым В.Радлов болды. Сөйтіп, ХІХ ғ. аяғында руна жазуының құпия сырының ашылуы ертедегі түркі тілдес халықтардың да өздеріне тән жазуларының болғандығын көрсетеді.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1486. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Стресс-лимитирующие факторы Поскольку в каждом реализующем факторе общего адаптацион­ного синдрома при бесконтрольном его развитии заложена потенци­альная опасность появления патогенных преобразований...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия