Студопедия — Тамақтан уланулардың жіктелуі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тамақтан уланулардың жіктелуі






Уланулар тобы   Уланулардың топшасы   Уланудың себептік факторы
  Микробтық   Микробсыз     Этиологиясы (себебі)белгісіз Токсикоинфекциялар     Токсикоздар Бактериотоксикоздар     Микотоксикоздар     Микстер (аралас этиологиялы)   Тегі бойынша улы келетін өнімдермен уланулар Өсімдік текті   Жануар текті     Белгілі жағдайларда улы келетін өнімдермен уланулар Өсімдік текті     Жануар текті     Химиялық заттардың қоспаларымен уланулар Юксов-сартланд ауруы (алиментарлық пароксизмальды-токсикалық миоглобинурия) гафф ауруы)   Е. coli текті бактериялар (энтеропатогенді серотиптері) Proteus (Proteus vulgaris et mirabilis) текті бактериялар Энтерококктар (Str. fеcalis var. linquefaciens et Zymogenes) Спора құраушы аэробтар (Bac. cereus) Спора құраушы анаэробтар (Cl. perfringens) Патогенді галлофилдер (Vibrio parahaemoliticus) Аз зерттелген микроорганизмдер (Citrobacter, Hafnia, Klebsiella Edwarsiella, Yersinia, Pseudomonas, Aeromonas т.б.)     Энтеротоксигенді стафилококктар (Staphilococcus aureus, Cl. botulinum)   Aspergillus, Penicillium текті саңырауқұлақтар Fusarium текті саңырауқұлақтар Claviceps purpurea текті саңырауқұлақтар     Bac. Proteus текті саңырауқұлақтар және энтеротоксигенді стафилококктар, Bac. cereus   Улы саңырауқұлақтар (шыбынжұт, боз арамқұлақ, қабанқұлақ т.б.); кулинарлық дұрыс өңделмеген, жеуге шартты түрде жарамды саңырауқұлақтар (қозықарын, тыржыңқұлақ саңырауқұлақтары, сарғыш саңырауқұлақ, қатпаршақ, қозықарындар т.б.). Жабайы өсуші және екпе өсімдіктер (сасық мендуана, утамыр, теңбіл убалдырған, мендуана, уқорғасын, боза т.б.) Дәнді екпе өсімдіктерінің улы тұқымды арамшөптері (триходесма, сүйелжазар, өсекмия т.б.)   Балықтардың кейбір түрлерінің уылдырықтары және ұрық бездері (шарма балық, хромуль, қаяз т.б.). Жануарлардың ішкі секреция бездерінің кейбірлері (ұйқы және бүйрек үсті бездері т.б.)     Құрамында амигдалин болатын шабдалдың, өріктің, шиенің, бадамның және т.б. дәнекті өнімдердің ащы ядролары Буктің, тунганың жаңғақтары (тұқымдары)және т.б Құрамында фазин болатын шикі түйебұршақтар Құрамында соланин болатын көктеп кеткен (жасыл) картоп   Балықтардың кейбір түрлерінің бауыры, уылдырығы және ұрық бездері (лақа балық, шортан, скумбрия т.б.) Мидиялар Бал (аралардың бал шырындарын улы өсімдіктерден жинауында)   Пестицидтер. Тағамдық үстемелер (рұқсат берілмеген үстемелерді және үлкен мөлшерде қолдануда) Тамаққа жабдықтардан, ыдыстардан, орау материалдарынан қоспалардың миграциялануы: ауыр металдардың тұздары (қорғасын, мыс, мырыш т.б.), мышьяк, синтетикалық полимерлік материалдардың химиялық заттары  

 

МИКРОБСЫЗ АСТАН ҰШЫНУ

 

Микробсыз астан ұшынудың мынадай түрлері болады: Табиғи улы заттар:

А) улы өсімдіктермен (саңырауқұлақтар, мендуана, аю бадам, аконит, сасық мендуана, софора, триходесма, гелиотроп)

Б)жәндіктер мен жануарлардың бездері, өті сияқтымүшелері (кейбір теңіз балықтары мен жәндіктері т.б.)

Белгілі жағдайда улы азықтармен улану:

А) өсімдіктер: жемістердің амигдалин бар (өрік, шие, бадам) сүйектері, жаңғақтар (бүк, түнги, рицинии, т.б.) ашық жерде тұрып өскен картофельдің соланині, фазині бар бұршақ тәріздес (фасоль, ірі бұршақ, т.б.)

Б) жануарлардың кейбір мүшелері мен олардан алынатын азықтар (налим, шортан, скумбрия сияқты балықтардың уылдырық шашар уақытындағы бауыры, уылдырығы, улы өсімдіктердің гүлдерінен жинаған араның балы, т.б.)

Химиялық қоспалармен улану нитраттар, пестицидтер, мышьяк, қорғасын, мыс, мырыш, т.б ыдыстарын еріп, асқа түсетін қосындылар.

 

ЭТИОЛОГИЯСЫ АНЫҚТАЛМАҒАН

 

Азық-түлікке байланысты ет пен қанның қызыл түйіршіктерінің уыздары зәрмен шығатын ұстамалы ауру (алиментарная пароксизмалды-токсикалық миоглобинурия – гаффская, юксовская, сартландская болезнь). Бұл ауру кей жылдары әр жердегі көлдердің балығынан ұшынғаннан болған науқас.

Микробтық астан ұшыну, басқа тамақтан науқастанулардан әлдеқайда (90 пайыз) көп кездеседі. Күйзелгендердің ішінен қайтыс болғандар 0,3-0,6 пайыздан аспайды.

Микробсыз астан ұшыну аз кездескенмен (10 пайызға дейін), көбінде күйзелгендердің қайтыс болуымен аяқталады. Бұл уланудың себептері: саңырауқұлақтар, әр түрлі өсімдіктер, ауыл шаруашылығының улы химикаттары

 

ТОКСИКОИНФЕКЦИЯЛАР

 

Токсикоинфекиялар – арнайы тірі қоздырғыштармен және олардың өлгенде не көбейгенде шығаратын токсиндарымен ластанған азық-түлікпен тамақтанғанда пайда болатын аурулар.

Токсикоинфекциялардың пайда болуы жыл мезгілдеріне байланысты. Бұлар, азық-түлікті жыл мезгілдерінде жасанды суықсыз сақтағанда не тасығанда олардың тез бүлініп, бактериялардың көбейіп өсуіне мүмкіндік болғандықтан Қазақстан Республикасында жаз айларында көп кездеседі.

Микробтық ішек таяқшаларының тобының әсерінен аурулар жаппай топтық және жанұялық болып лап етіп таралады. Қазір ішек таяқшаларының астық токсикоинфекция тудыратын бірнеше (026, 028, 011 және басқалар) серотиптері бар екені анықталды. Науқастық ішек таяқшаларының серотиптерінің қорымы ауру балалар мен ересектер (колиэнтериттер, колибактериялық септициямен т.б. ауырғандар) және ауру малдар, әсіресе, олардың колибациллезбен ауырған төлдері. Толық қайнатылып піспеген не қайтадан дұрыс қайнатылмаған тамақтарды пайдаланса, осы аурулардың пайда болуы мүмкін. Осы микроорганизмдердің тұқымдары тамақ бөлімдерінің қызметкерлерінің қолдары арқылы, не жуылмаған кір ыдыстар, су, жабдықтар, жәндіктер арқылы санитарлық, өндірістік және өзіндік гигиена кәсіпорындар мен тұрмыстық қағидаларды орындамаса таралады. Осы аурудың пайда болуының негізгі шартты жағдайы азық-түліктердің өте көп жаппай айтылған микробтармен ластануы.

Токсикоинфекциялардың Ешерихия коли түрінің ерекшелігі өте қысқы (4-8 сағ.) нышансыз дәуірі, жылдам басталған жедел гастроэнтериттің айқындалуы іштің өтууімен, іш ауруының кейде түйіліп шаншуының басымдылығы. Осы құбылыстар тез өтіп, 2-3 күннен кейін сауығу басталады.

Токсикоинфекциялардың Pr.vulgaris, Pr.mirabilis бактерияларымен пайда болатын түрінің ерекшелігі өте созылғыштығы. Егер де тамақ объектілерінің жағдайы санитарлық ережелерге сай келмесе, азық-түліктердің ластануынан аурудың қайталануы да мүмкін. Бұл аурулар көбінде жылдың жылы мезгілінде болады. Бұл протеялық токсикоинфекцияның негізгі себебі, дайын тамақтармен кейбір азық-түліктердің (ет, балық, т.б.) осы микроорганизмдермен жаппай тұқымдануында.

Осы аурудың клиникалық бүлінуі ұзақ нышансыз дәуірмен (20сағатқа дейін) және өте ауыр басталуымен сипатталады. Негізгі нышандары: бірнеше рет құсу, іштің өтуі, қатты кесілгендей түйіліп іштің ауруы. Ауыр жағдайларда «өлім» қауіпі да тууы мүмкін. Жайда сауығу 2-5 тәуліктен кейін басталады.

Энтерококктар не нәжістік стрептококктар (Str.fecalis, Str.faecinum) сыртқы ортада ұзақ сақталады, әсіресе азық-түлікте. Энтерококктар сілікпеде, винегретте, салатта көп табылады. Энтерококктарға байланысты астан ұшыну, айрықша нышандармен өзгешеленбейді, көбінде жедел гастроэнтерит сияқты басталады. Нышансыз дәуірі 5-18 сағат, науқастанудың ұзақтылығы 2-3 тәулік.

Сыртқы ортада көп таралған Cl.perfringens шіріген заттардың ішінде өскендіктен оның кейбір штаммы науқастық болып, химиялық құрамы күрделі және қауіпті токсиндерді (өлік уы, гелютоксин, некрототоксин, т.б.) шығарады. Сыртқы ортадағы Cl.perfringens-тің қорымына ауру және бацилтасығыш малдар жатады. Сондықтан, осы токсикоинфекцияның пайда. Ауыр металдардың тұздарымен (мыс, мырыш, қорғасын) улану, осы залануға байланысты.

Балалар арасында осы токсикоинфекцияның таралуына қайнатылмай ішілген сүт себеп болады. Сүзбе мен балықты жегендердің арасында осы науқастың болғаны да белгілі.

Клиникалық нышандары толық зерттелмеген және сипаттамалары шамалы. Нышансыз дәуірі көпке (5-22 сағат) созылады. Ауру бірнеше рет іш өтуден, лоқсудан, іштің қысылып ауырсынуынан басталады. Дене қызуы көбінде көтерілмейді, сауығу 1-3 тәуліктен кейін басталады.

B.Cereus көп уақытқа дейін залалсыз шіріген заттардың ішінде өсетін бактерия деп есептеген. Алпысыншы жылдардан бастап бұл бактерияның токсикоинфекциялық ауруды тудыратыны анықталды. B.Cereus сыртқы ортада көп таралған, сондықтан азық-түліктер тез және көп көлемде онымен тұқымдананды,әсіресе, шұжық және аспаздық азықтар сүт және сүттен жасалған тағамдар тез тұқымданады. Бұл микробтардың таңдалуы тағамдары жоқ. Сондықтан, барлық азық-түліктерде дәмін өзгертпей тұқымданады. Бұл науқастың клиникалық нышаны жедел токсикоздың сипаттамасындай: іштің ауыруы, лоқсу, іштің тәулігіне 10-20 рет өтуі. Құсу мен дене қызуының көтерілуі сирек болады. Нышансыз дәуірі 4-16 сағат, сауығу 1-2 тәулікке созылады.

Профилактикалық шаралар токсикоинфекциялардың пайда болу себептеріне байланысты:

1. Азық-түліктерді микробтардың шығуынан, өзіндік гигиена мен санитарлық ережелерді тамақ пен тамақтану кәсіпорындарынынң қызметкерлерінің толық орындалуына байланыты.

2. Жасанды азықты азық-түлікті дайындау, сақтау, өңдеу технологиясының барлық кезеңдеріне пайдалану.

3. Тамақты аспаздық тәсілдің барлық ережелерін орындап, ұқыпты қайнатып түсіру.

4. Тез бүлінетін азық-түліктерді және дайын тағамдарды пайдалану уақыттарын қатал сақтау.

 

ТОКСИКОЗДАР

 

Токсикоздар-арнайы қоздырғыштардыың (микробтан) тіршілік әрекеттерімен даму нәтижесінде азық-түлікте жиналған, бірақ тірі қоздырғыштың өзі жоқ, не өте сирек кездеседі, токсині бар асты пайдаланғанда болатын жедел және созылмалы аурулар.

Кейінгі жылдары азық-түлікті үйде бұзылмайтын етіп (консервілеу) сақтау етек жайғандықтан ботулизммен ұшыну өте көп кездеседі. Бұл өте зілді, көбінде (20 пайыз) адамның қайтыс болуымен аяқталатын науқас.

Ботулизмнің қоздырғышы – клостридиум тек анаэроб (оттексіз). Анаэробиоз (оттегісіз өмір) азық-түлікті консервілегенде ғана тез бүлінетін азық-түліктердің аэроб оттегін пайдаланы, анаэробтарға жағдай туғызғанда пайда болады.

Ботулизмнің нышандары: дімкәстік, әлсіздік, бастың ауруы, кейде құсудан басталады.

Кейінгі аурудың клиникалық суреті үштік жікпен сипатталады.

Бірінші-көздің көрінуінің бұзылуы – шала көру, қос көріну (диплопия), тұман және тор көз алдында болуы, кейде қараңғылық, аккомодацияның бұзылуы, қабықтың түсуі және көздің еріксіз жыпылықтауы (нистагм).

Екінішісі – жұтынудың, сөйлеудің бұзылуы – қою тамақты жұта алмау, дауыстың қарлығуы (афония) – тілдің, жұтқыншақтың, тамақтың, жұмсақ таңдайдың жансыздануы (паралич).

Үшінші – мойын мен аяқ-қолдың бұлшық еттерінің қарқынды (прогресстік) әлсізденуі – бастың бір жаққа қисаюы, қисаңдап жүру (атаксия).

Дене қызуы бір қалыпты, не тоңазытады, кейде зәрдің де шығуы қиындайды. Іштің кебуі мен қаталуы (запор) да байқалады. Науқастың есі қайтыс болғнша сақталады.

Ерте диагноз қойып және арнайы емдеу ботулизмге қарсы сарысу құю – аурудың сәтті аяқталуының ең маңызды кепілі. Осылай тағамдарды жегендерге де осы сарысуды профилактика үшін құю керек.

Ботулизмді тудыратын азық-түлікті әртүрлі. АҚШ-та 77 проценттік жағдайда ұшыну консервіленген көкөніс пен жемістерден. Германияда 92 процент – үйде дайындалға шұжық пен сан етінен. Біздің Республикамызда ботулизм үйде дайндалған көкөніс пен жемістердің консервілерінен, ет пен балықтан.

Осы азық-түліктерді дұрыс дайындамаса, не пісіріп не косервілемесе 90 процент жағдайда ботулизм пайда болады. Өндіріс орнында дайындалған консервілерден 4 процент жағдайда бұл ауру пайда болады.

Ботулизмді алдын-алу санитарлы-технологиялық және санитарлы ағарту шараларынан құрылады. Бұл азық-түлікті тұқымданудан және ботулизм таяқшасының көбеюіне жол бермеуге бағытталған.

 

СТАФИЛАКОККТЫҚ ТОКСИКОЗДАР

 

Стафилакоккты токсикоздардың науқасын стафилакокктардың энтеротоксин өндіруге дағдыланған түрлері тудырады. Аста ұшындыратын стафилакокктардың төрт (А, Б, С және Д) түрлері бар.

Нышансыз дәуірі – 1-6 сағат. Науқастанғандарда лоқсу, тез қайталанатын құсу байқалады.

Кейбір науқастардың іші өтіп, дене қызуы 38 С дейін көтеріліп, тамыр соғуы жиіленеді, балтыр еттері құрысады, кілегей жабылғылары (ерні) өзгереді. Сауығу келесі тәулікте басталады.

Тамақтың азық-түліктерге жұғудың негізгі қоры – желіні қабынған (мастит) сүт беретін мал мен ана. Сау адамның 50 проценті науқастық, не науқассыз стафилакокктардың сақтаушысы (тамақ пен мұрынның кілегей қабығында, іріңдеп ауырған қолдарында, т.б.).

Стафилакокктық токсикоздар көбінде мынадай азық-түліктерді пайдалануға байланысты: сүт және ст өнімдері (ірімшік жасауға дайындалған іріген сүт, ірімшік), ет және еттен жасалған тағамдар (ет салаты, шұжық), винегрет, торттар, кондитерлік тағамдар, балық консервілері, т.б.

Алдың-алу шараларына күнделікті азық-түлікпен айналысып жүрген жұмыскерлердің арасынан стафилакокктарды тудыратын науқастарды (қолдарында іріңдеген жарасы бар адамдар,т.б.) анықтап, оларды жазылғанша жұмысқа жібермеу.

Азық-түлікті сақтағанда, не тасығанда стафилакокктардың көбеймейтін жағдайын қарастыру, яғни оларды салқында ұстау профилактикаға жатады.

 

МИКОТОКСИКОЗДАР

 

Микотоксикоздар ылғалдылық көп болған жағдайда дамитын, микроскоппен ғана көрінетін саңырауқұлақтармен бүлінетін дәнді астықты тағамға жаратқанда пайда болады.

Физариотоксикоз «мас» нанды жегенде пайда болады. Клиникалық көрінісі жедел токсикоздардың нышандарымен сипатталады: бас ауруы, айналуы, анық қозу (орынсыз күлу, өлең айту, т.б.), кейін кенеттен күштің құруы. Осы науқастың негізгі себебі:Fusarium саңырауқұлақтық түрі дәнді астыққа жұғып, ылғалдылық жағдайда дамуы.

Уланған азықтың ақ қан түйіршіктерініңазаюы (алиментарно-токсическая алейнемия) да физариотоксикоздарға жатады. Бұл науқасқа адамдар қардың астында қыстап шыққан дәнді дақылдарды тамақ үшін пайдаланғанда шалдығады.бұл өте сирек кездеседі және оның «аштық жаздың ауруы» деп те атайды. Клиникалық көрінісі қанжасайтын органдардың бөлінуінен дамыған ақ қан түйіршіктерінің азаюы (алейкия).

Эрготизм – қыстауыштан улану. Қыстауыштан бөлінген арпаны не бидайды жегенде пайда болатын науқас. Екі түрі бар: қарысулық (конвульсивтік) және өлі етенушілік (гангрендік).

Құрысулық түрінің саусақтардың түйілуі мен жансыздануынан басталып, ұйқышылдық, дененің қарысуы, кейде асқазанмен ішектік бүлінуі мен құсу сияқты клиникалық көріністері болады.

Гангрендік түрі қолмен аяқты трофикалық бұзылуынан еттерінің құрғақ өлуі (сухая гангрена).

Профилактикасы: азықты құрғақ және таза сақтау, оның көгеруіне жол бермеу. әрбір күдіктенген астық бақылау талдауынан өтуге тиісті. Қар астында қалып, қыстаған астықты ең алдымен зертханалық зерттеуден өткізу керек.

 

МИКРОБТЫҚ АСТАН ҰШЫНУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ НҰСҚАЛАРЫ

 

Қоздырғышты қорымын айыру (изоляция)

 

Азық-түлікті жаппай тұқымдардыратын ең қауіпті қорымы малдар (ірі қара мал, қой, ешкі) мен шошқа.

Малды сояр алдындағы баптау, оның денсаулығын бақылау, бацил жұқтырушыларды емдеу сияқты алдын алу шараларын іске асыру жауапкершілігі ветеринарлы-санитарлық қызметіне жүктеледі. Малды сою, оның әртүрлі тағамдар жасау кезеңдерінің бәрі қатал дәрігерлік бақылауда болуға тиісті.

Ауру малды сою арнайы орындалады. Ауру жануарлардың етін, сүтін, жұмыртқасын және дайындауға арналған ерекше санитарлық ережелер бар.

Адамға байланысты шаралар.

Жұмысқа орналаспақшы, жұмыс істеп жүрген кәсіпорындар адамдарды міндетті түрде белгіленген уақытта профилақтикалық бақылаудан өткізуге тиісті.

Іш сүзегімен, қылаумен, жедел және созылалы дезентериямен (қанды іріңді іш өту), жұқпалы сары аурумен (гепатит) ауырғандарды не бацил жұқтырушыларды толық емделіп біткенше тамақ кәсіпорындарында жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Осы рұқсат мына науқастарға да жоқ: сифилис, гонорея, алапес, ұшық, қотыр, таз, туберкулез, ірің аурулары, т.б.

Азық-түліктерді астан ұшынудың қоздырғышымен тұқымдануын тоқтату жолдары

 

Тамақ дайындау кәсіпорындармен объектілеріне, азық-түлікті сақтауына, баптауына, тамақты дайындауына және оны пайдалануды ұйымдастыруына қатал санитарлы-гигиеналық және санитарлы эпидемиялық бақылау орындау.

 

Микроорганизмдердің дамуын және олардың токсин шығаруын болдырмау

 

Азық – түлікті дайындаудың, баптаудың, сақтаудың, тасудың санитарлық ережелерін бұлжытпай орындау, яғни тоңазытқыштарды пайдалану, т.б.

 







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 2527. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия