Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Емдеу бөлімшелерінің асхана, буфеттеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп




1. Аурухананың тамақ бөлімшелерінде қолданыстағы санитарлық ережесінде қаралған тағамның құрамы, дайындауы және сақтау талабы қатаң бақылануы керек.

 

2. Тамақ бөлімшелерінің көрінетін жерінде Санитарлық ереже ілулі тұру керек. Бұл ереже аурухана басшылығы мен аурухананың тамақ бөлімшесінде жұмыс жасайтын әр қызметкерге мәлімет ретінде жеткізіледі.

3. Тамақ блоктарының, буфет және тарату жұмыскерлерінің медициналық бақылау мен тексеруі медициналық байқаудың қолданыстағы міндетті нұсқауына сай жүргізіледі.

4. Тамақ блоктарының қызметшілері санитарлық минимум сынағынан өткеннен кейін ғана жұмысқа жіберіледі.

5. Тамақ блоктары бөлмелерінде аурухана бөлімшелерінің асхана ыдыстарын жууға қатаң тиым салынады. Асхана ыдыстарын жуу бөлімшенің буфеттерінде өткізіледі.

6. Аурухана бөлімшелерінің буфет пен тамақ блоктарының жабдықтары аурухана жабдықтарының қолданыстағы табеліне сәйкес болу керек.

7. Тамақ тағамдары мен нанды орталықтандырылған түрде жеткізу мүмкіндігі болмағанда, оны тасу үшін арнайы (жабық) көлік бөлінеді, яғни кем дегенде жылына 1 рет санэпидемиялық орындарында құжаттау жүргізіледі. Бұл көлікпен жамылғы, жабдық, науқастарды, т.б тасуға тыйым салынады.

8. Жартылай дайын тамақтар тасу.

9. Аурухананың буфеттік бөлімшелеріне дайын тамақтарды көлікпен әкелу кезінде термос, қол арба, мармитті қол арба немесе тығыз жабылғы ыдыс қолданылады. Оларды жуу және сақтау тамақ блогы жанынан арнайы бөлінген бөлмеде жүзеге асырылады.

10. Аурухана жанындағы буфетті бөлмелер:
- буфетті ыстық сумен қамтамасыз ететін жүйені барлығына қарамастан
ыстық және суық су үздіксіз қызмет көрсету үшін электр қайнатқышпен
жабдықталу керек;
- қосылған қос секциялық жуатын ванна, ыдыстарды кептіру мен шаюға
арналған тор;
- тамақтарды жылытуға арналған электроплитка және мармитті қондырғы;
- асхана ыдыстары мен құралдарын сақтайтын және тағамдарды (нан, тұз,
қант) сақтайтын шкафтар;
- тамақтарды таратуға арналған гигиеналық жабуы бар үстел;
- бір науқасқа арналған ыдыстар жиынтығы: бір шұңғыл, ұсақ және тәтті тағам тәрелкелері, шанышқы, асханалық және шай қасық, кружка;
- ыдыстарды қайнататын және езетін бак;
- дезинфекциялык және жуатын құралдар;
- "Буфет үшін" белгісі бар жинайтын мүліктер (шелек, шүберек, щетка, т.б) қамтамасыздандырылу керек.

 

11. Дайын тамақты дайындап болғаннан кейін, оны бөлімшелерге жеткізіп таратуды қосқанда 2 сағат бөлінеді. Тамақ тарату кезінде және көлікпен әкелгенде ластанбауы керек.

12. Ерекше технологиялық талаптарға емдеу тағамдарын дайындауда диеталық тағам патогенді микроорганизмдерді дамытуға қолайлы болып есептеледі.

13. Науқастарға таратқаннан калған тамақты буфетке қалдыруға қатаң тиым салынады. Сонымен қатар тамақ қалдығын жаңа тағамдармен араластыруға болмайды.

14. Науқастарға тамақты кезекші мейірбике немесе буфетші таратады.

15. Тамақты "тамақты тарату үшін" деген халатпен тарату керек.

16. Палаталарды немесе басқа да бөлмелерді жинайтын техникалық қызметкер тамақ таратуға жіберілмейді.

Бөлмедегі ауыр науқастардан басқа науқастар арнайы бөлінген асхана бөлмелерінде тамақтанады. Науқастардың жеке тағам өнімдері (үйден келген тағам) шкафта (құрғақ тағам) тумбада және арнайы мұздатқыш шкафта (тез бұзылатын тағам) сақталады.

17. Науқастарға берілген тағам өлшемі мен ассортименті дәрігердің рұқсатымен қабылданады.

18. Әркез тамақты таратқаннан кейін буфет пен асханалар дезинфекциялық ерітінді пайдалана отырып, мұқият тазаланады.

19. Ыдыстардың майсыз болуы қарастырылады. Ыдыстардын, кірлеуін қарастыра отырып, мына ретпен жуылады: шайқасық пен кружка, тәрелкелер, содан соң асханалық құралдар. Буфет бөлмелерінің көрінетін жерінде ыдыстарды зарарсыздырудың және жуудың нұсқауы ілулі тұру қажет. Асхана ыдыстарын жуу;

- қалдықтарға арналған ыдысқа тамақ калдықтарын щетка немесе күрекшемен салады;
- 45 минут деохлор 0,015 % ерітіндісімен зарарсыздандырылады;
- жуу құралдары қосылған 40°С қыздырылған сумен жуу;
- 1 -секциялы ваннаға қарағанда 2 есе аз жуу құралдары қосылған 40°С
қыздырылған сумен жуу;
- ағып тұрған ыстық суда (40°С) ыдыстарды шаю;
- кептіру.

 

Асхана жабдықтарын ыстық суға буландырады.

20. Ыдыс пен үстелдерді жууға арналған шүберектерді тазалап болғаннан кейін, 0,1 % деохлор ерітіндісіне 60 минутқа малып қояды, сосын кептіреді және арнайы белгіленген орында сақтайды.

21. Тазалағыш мүліктерді еден жуып болғаннан кейін, сол тазалауға қолданылатын шелекке 0,1 % деохлор ерітіндісін құйып қояды, одан әрі ағып тұрған суға шайып, кептіреді, мүліктің қажеттілігіне орай, қолданылуына бақылау жасалынып отырады.

22. Тамақ бөлмесі мен буфеттегі қызметшілер жеке бас гигиенасын ережеге сай сақтауға міндетті. Тамақ бөлімшесінің қызметкері дәретханаға барар алдында халатын шешу керек. Дәретханадан кейін қолын 2 минуттай О,1 % "Дезоксона- 1%" ерітіндісінде өңдейді.

23. Аурухана бөлімшелеріндегі тамақ бөлімдері мен буфеттегі жабдықтарға және тамақтың ұйымдастырылуына аурухананың бас дәрігері жауап береді.

24. Тамақты дайындау және тарату кезіндегі санитарлық талапты бақылауға бөлімшенің буфетшілері мен аспаздар жауап береді. Диеталық дәрігер тамақ бөлімшесінің қызметкерлерінің санитарлық талабына бақылау жасайды.

 

АСЕПТИКА ЖӘНЕ АНТИСЕПТИКА ТУРАЛЫ ҰҒЫМ

Ауада, қоршаған ортада, адамның терісі мен шырынды қабығында өмір сүретін өте көп әртүрлі микробтар болады. Бұл микробтар адам организміне өздігінен ене алмайды, тек адамның терісі мен шырынды қабығының қорғану қабілеті (барьерлі функциясы) бұзылған немесе әлсіреген кезде (терісі жырылып кетсе, жарақаттанып қалса, күйсе) және медициналық ем-дом жасау тәртібінен ауытқыған кезде (ине шаншу кезінде, вена тамырына ине шаншу сәтінде) организмге енуі мүмкін. Хирургиялық манипуляциялардың зардабынан мысалы: терідегі тілік, дәрі құйған жер, операция жасаған орын арқылы денеге еніп, бүкіл организмге тарауы ықтимал. Микроорганизмдердің денеге енуінің зардабынан әртүрлі қабунылар пайда болады. Микроб тілікке түссе жарасы іріңдеп кетеді. микробтардың тері астындағы тіндерге түсуі кесірінен дүмпіп қабыну (флегмона) мен соқталанып қабыну (абсцесс) кездеседі. Егер микроб пен ірің қанға түссе, онда жалпы организмде хирургиялық инфекцияның етек алып өрбуіне жағдай туады. Мұны хирургиялық сепсис немесе септикопиемия дейді. Инфекцияның бүкіл денеге таралуына жалпы организмнің қорғану қабілетінең кенеттен төмендеуін, оның мұздауы, арықтауы, созылмалы кеселге ұшырауы кесірін тигізеді. Жараның іріңдеуін болдырмау үшін, оған түскен микроорганизмдердің денеге тарауына қарсы күресу .шін «Асептикаң және «Антисептиң деп аталатын шаралар жүзеге асыру қажет.

Асептика дегеніміз – микробтардыңжараға түсуінен сақтандыратын қарсы шаралар. Медицина қызметкерлерінің құрал-саймандары, таңатын және тігетін материалдарындағы микробтар мен олардың жұмыртқаларын (спораларын) зарарсыздандыру (стерилизациялау) арқылы асептикаға қол жеткізуге болады. Зарарсыздандыру үшін ежелден-ақ қайнатуды, күйдіруді, қыздыруды, құрғақ бумен булауды, ылғалды бумен жоғары қысымда ұстауды пайдаланып келгені белгілі. Осы заманғы зарарсыздандыру әдістеріне ультрафиолетті сәулелер (бактерицидті шамдар), гамма-сәулелері, ультрадыбыстар жатады.

Зарарсыздандыруды қажет ететіндер: таңатын жабдықтар, әртүрлі (төсеніштер, жаялықтар, халаттар), құрал-саймандар, шприцтер, сырқат күтіміне арналған жабдықтар, сол сияқты хирург пен мейірбикештің қолдары.

Жараларды таңуға қажетті шүберектер мен жабдықтарды авитоклавтың ішінде жоғары бу қысымымен зарарсыздандырады. Сондықтан бұл әдісті автоклавтау деп атайды.

Таңуға қажетті шүберектер мен жабдықтарды металдан жасалған қобдишалардың (бикстердің) ішінде сақтайды. Бикстердің кенерелерінде бу кіретін тесіктері болады, жабдықтар зарарсызданып біткен соң, жылжымалы ішкі кенересін жылжыту арқылы жауып қояды. Егер бикс кенерелерінде тесіктер ашық қалса, онда оның ішіндегі жабдықтары зарарсызданбаған болып есептеледі. Таңатын жабдықтарды қатты тоқымадан жасалған дорбалардың ішіне салып та зарарсыздандыруға болады. Автоклавтаудан өткен жабдықтарды зарарсызданғанын арнайы жасалатын сынаулар көмегімен бақылайды. Бике ішіне жабдықтармен қосып балқу нүктесі 120ӘС болтын күкірт ұнтағын антипирин, амидопирин немесе басқа бір заттарды қосып салады. Жоғары температурада (120-134ӘС) салынған заттар балқиды. Егер заттар балқымай қалса, онда бикстің ішіндегі жабдықтар зарарсыздану температурасына жетпеген. Кейде Микулич әдісін пайдалануға болады: фильтрлі қағазға қарындашпен “зарарсызданған” деп жазып, үстіне крахмал клейстер жағады да, йодтың суға ерітілген ерітіндісіне малып алады, сол кезде қағаз біркелкі көк түске боялып жазу көрінбей кетеді. Осы қағазды жабдықтармен бірге бикстерге салады. 110ӘС-дан жоғары температураның әсер етуімен крахмал декстринге айналады да, көк түске боялған қағаздың өңі қайтадан ағарады, сөйтіп “зарарсызданған” деген жазу қайта көрінеді.

 

Күмәнді болмас үшін зарарсызданған шүберек жабдықтар міндетті түрде құрғақ болуы керек.

ЕМХАНАДА САҚТАЛЫНАТЫН АСЕПТИКА ЖӘНЕ АНТИСЕПТИКА ЕРЕЖЕЛЕРІ

Аурухана ішілік инфекция деп ауруханада ем қабылдап жүрген немесе емханаға емдік көмекті қажет етіп келген науқастардың және емдік мекемеде жұмыс жасайтын қызметкерлердің денсаулығын зақымдайтын әр түрлі жұқпалы ауруларды атайды. Тыныс алу жолдарының және зәр шығару жүйесінің инфекциясы ең көп таралған инфекция.

Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында аурухана ішілік жұқпалы ауруларға инфекциялық бақылауды жүргізу кезіндегі жұмыс жағдайы мен медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ережесі мен нормалары 15 тамыз 2006 жылғы №349 бұйрықта көрсетілген.

Аурухана ішілік инфекцияның дамуы үшін қандай да бір эпидпроцестің үш бағыты болуы қажет: қоздырғыш, қоздырғыштың тарауы және адам ағзасының инфекцияны қабылдау қабілеті. Қоздырғыштар қатарына бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, паразиттер жатады. Тарау жолдары:

- ауа-тамшысы, шаңды-ауа;

- қарым-қатынас арқылы;

- тағамдық;

- ортифициальды (жасанды).

Инфекцияға ауру салдарынан немесе операциядан кейінгі әлсіреген науқастар бейім. Аурухана ішілік инфекцияның алдын алу шараларының негізгі жолдарына – инфекция қоздырғыштарының көзін жою (науқастар мен медицина қызметкерлерін зерттеуден өткізу, антибиотиктерді дұрыс тағайындау, антисептикалық заттарды алмастыру), тарау жолдарын тоқтату (асептиканы қатаң сақтау, залалсыздану мен дезинфекцияға тиімді бақылау өткізу), адам ағзасының ауруға қарсы тұру қабілетін (иммунитет) жоғарлату үшін егу жұмыстарын жүргізу (тұмау, БЦЖ, дифтерия, сіреспе, гепатит т.б.) жатады.

Операциядан кейінгі іріңді асқынулардың алдын алу шаралары №8.01.011.2001, 06.03.2001 жылғы санитарлық ереже мен қағида арқылы жүргізіледі.

 


Поможем в написании учебной работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой





Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 5920. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2022 год . (0.027 сек.) русская версия | украинская версия
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7