Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Науқастарды бөлімшеге тасымалдау 1 страница




Науқасты бөлімшеде Науқастарды бөлімшеге тасымалдау. Науқасты қараған дәрігердің ұйғарымы бойынша науқас бөлімшеге бақылаушы мейірбике күтіп алады, онымен және оның сырқатнамасымен танысады, оған палатаны, санитарлық және басқа бөлмелерді көрсетеді, бөлімше тәртібі туралы айтады. Содан кейін мейірбике түскен науқас туралы дәрігерге баяндайды және сырқатнаманы береді. Науқастың жағдайына байланысты дәрігер оны бірден немесе аралау кезінде қарайды, қосымша тағайындаулар жасайды.

Өздігінен жүре алмайтын науқастарды бөлімшеге зембілмен тасымалдайды. Әлсіреген науқастарды, мүгедектерді, кейбір егде және кәрі адамдарды кебінесе арнайы кресло-каталкамен (абайлап, қатты селкілдетпей); ауыр науқастарды каталкамен немесе зембілмен тасымалдайды. Науқас жатқызылған зембілді екі немесе төрт адам көтеруге болады, олар қысқа адыммен қатарласпай жүрулері қажет. Сатымен көтерілгенде науқасты басын алдыға, төмен түскенде аяқтарын алдыға қаратып кетереді, екі жағдайда да зембілдің аяқ жағы сәл жоғары ұсталынады. Зембілді көтеруді жеңілдету үшін кейде арнайы санитарлық лямкалар қолданылады. Науқасты қолмен тасымалдауды және оны ауыстырып жатқызуды бір, екі немесе төрт адам жүргізуі мүмкін. Егер науқасты бір адам тасымалдаса, онда ол бір қолымен науқастың кеудесін жауырын деңгейшінде ұстайды, ал екінші қолын сандарының астына жібереді, бұл кезде науқас көтерушінің мойнынан құшақтайды.

Науқасты зембілмен төсекке ауыстырып жатқызу ептілікті және байыптылықты қажет етеді. Бұны 2-3 медицина қызметкері жүргізеді. Ауыстыру ыңғайлы болу үшін зембілді төсекке тура бұрыштап, қарама-қарсы, жалғастырып, тигізе кояды. Зембілді тесекке тигізіп қойып ауыстыру науқастан белгілі бір күш түсіруді қажет етеді, сондықтан бұл әдіс көбінесе қолданылмайды. Егер де техникалық себептермен зембілдің мұндай орналасуы мүмкін болмаса, онда зембілді төсекке қарама-карсы қояды, қызметкерлер бұл кезде зембіл мен төсектің арасында бірінен сон бірі немесе тіпті болмаған жағдайда оған жанаса тұрады. Науқасты төсекке жатқызар алдында төсектің дайындығын, барлық күтімге қажетті заттардың бар екендігін тексереді. Науқасқа қосымша ауырсыну сезімін тудырмай тасымалдау және ауыстырып жатқызу белгілі бір ептілікті және тәжірибелікті талап етеді

Сырқатты бөлімшеге бірнеше жолдармен тасымалдауға болады. Тасымалдау түрін дәрігер шешеді. Жалпы жағдайы қанағаттанаралық сырқатты палатаға медициналық қызметкерлер шығарып салады. Кейбір жағдайларда сырқатты бөлімшеге дейін кресло – каталкада сырғытып апарған жөн. Ауыр науқастарды бөлімшеге арнайы қаталкалар мен зембілдермен тасымалдайды. Әрбір каталка таза жаймамен жабылып, көрпемен төселуі тиіс. Жайманы әрбір сырқаттан кейін ауыстыру керек. Көрпені желдетіп алады, ал жұқпалы аурулардан кейін зарарсыздайды. Лифті жоқ жерде ауыр науқасты 2 немесе 4 адам зембілмен көтеріп шығарады. Зембілдің артқы жағын сәл көтеріп, сырқаттың басын алдына қаратып алып жүреді. Түсерде сырқат жатқан зембілдің аяқ жағын көтеріп алдымен шығарады. Көптеген ауруханалар арнайы тасымалдау құралымен қамтамасыз етілген, сырқатты қабылдау бөлімшесінен қашық тұрған корпусқа арнайы құралдармен жеткізеді. Қазіргі кезде тежеуіші бар кресло – каталкалар қолданылып жүр.

Қозғалуға болмайтын ауыр науқастарды, зембілден төсекке абайлап, ережелерді сақтай отырып, жылжытып жатқызады: зембілдің аяқ жақ шетін кереуеттің бас жағына қою қажет. Егер палата тар болса, зембілді кереуетке паралель етіп қояды да, медициналық қызметкерлер зембілмен кереует арасында ауруға бетін беріп тұрады. Ыңғайсыз артық қимылдар жасамау үшін зембілді кереуетке қалай дұрыс келтіру керегін алдын ала ойластырған жөн.

 

Зембілмен тасымалдау

Медицина қызметкерлері зембілмен тасымалдағанда мына ережелерді сақтауы керек.

1) Науқасты көтеріп салғанда бір қалыппен және бір кезде көлденең ұстап жатқызып салады.

2) Тасушылар зембілді шайқалтпай, тербелітпей, бұрылыстарда ақырын бұрылып, аяқтарын бірдей алып жүрулері керек.

3) Баспалдақпен көтерілгенде аяқ жағын көтеріп және тегістікте зембілдің бас жағымен алға жүреді, ал баспалдақпен төмен түскенде аяқ жағымен алға және аяқ жағын көтеріп жүреді.

4) Арт жағында келе жатқан медицина қызметкері науқастың жағдайын бақылайды.

5) Егер тасушылардың біреуі шаршаса, ол жөнінде міндетті түрде айтуы керек.

6) Зембілге науқасты салғанда немесе төсекке ауыстырғанда үш адамның болғаны дұрыс.

 

Каталкамен тасымалдау

Ауыр науқастарды каталкамен тасымалдау – ең ыңғайлы және сенімді болып есептеледі. Науқастың астына жайма жайып, үстін көрпемен жабады.

1) Каталканың бас жағын науқастың аяқ жағына тік бұрышпен қояды.

2) Үш медицина қызметкері бір жақтан келіп, қолдарын біреуі науқастың басы мен жауырының астына, екіншісі белі мен санының жоғарғы жағына, үшіншісі санның орта бөлігі мен балтырдың астына салады.

3) Үшеуі бір уақытта науқасты көтеріп, каталкаға қарай 900 бұрылады.

4) Науқасты каталкаға жатқызып, үстін жабады.

5) Палатаға келген соң каталканың бас жағын кереуеттің аяқ жағына жақындатып қойып, науқасты көтеріп, әзірленген кереуетке жатқызады, үстін жабады.

6) Каталканы зарарсыздандырады.

7) Медицина қызметкерлері қолдарын жуып, құрғатады.

 

Кресло - каталкамен тасымалдау

1) Кресло-каталкадағы аяқ қоятын тіреуішті еденге тигенше еңкейтеді.

2) Науқастан аяқ тіреуішке аяғын салуын сұрап, содан кейін оны қолтықтап кресло-каталкаға отырғызады.

3) Кресло – каталканың артындағы рамкасын реттеп, науқасты жартылай отырғызатын немесе жатқызатын қалыпқа келтіреді.

4) Науқасты алып жүргенде шынтақ қойғыштың шетінен оның қолдарының шығып кетпеуін қадағалайды.

5) Науқастың кереуетке отырып жатуына көмектеседі.

6) Кресло-каталканы зарарсыздандырады.

7) Медицина қызметкері қолын жуып, құрғатады.

 

Науқас ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалуына байланысты оның жататын орнының ыңғайлы әрі таза болуының маңызы зор. Емдеу мекемелерінде науқастарға арналған қарапайым және функционалды кереуеттер қолданылады. Қарапайым кереуетте жартылай отыру қалпын, пациенттің басын бірнеше жастықтар қою арқылы көтеріп жасауға болады. Функционалды кереуеттер үш қозғалмалы бөлімнен тұрады. Кереуеттің тұтқаларының көмегі арқылы олардың бас және аяқ жағын көтеріп немесе төмен түсіруге болады. Жартылай отырғызу үшін бас жағын көтереді. Функционалды кереуеттің мақсаты – науқасқа ыңғайлы, функционалдық жағдай жасау. Ең бастысы кез - келген уақытта пациентке төсек-орынды ыңғайлы, жайлы етіп беруге болатындығы. Науқас көп уақытын төсекте өткізеді, сондықтан төсек орны ыңғайлы, таза, матрастарының қаттылығы орташа, жатқан орнын ластамау үшін клеенка төселуі керек. Матрас ақжаймамен жабылуы тиіс.

 

Функционалды төсек түрі.

Науқастың төсегін әзірлеу:

Әзірлеңіз:

- кереуетті, матрасты, матрастың тысын;

- жайманы, жастықты, жастықтың тысын;

- көрпе, зарарсыздандыру ерітіндісі, шүберек, орамал, клеенка

Іс -әрекеттер:

- Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

- Зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекті алып, кереуетті 2 рет /арасына 15минут үзіліс салып/ сүртіңіз.

- Матрастың тысын кигізіңіз.

- Оны кереуеттің торының үстіне салып, ұзына бойы клеенка төсеңіз.

- Оның үстіне жайма жайып, оны матрастың астына салып, бекітіп тегістеңіз.

- Жастықпен көрпеге тысын кигізіңіз

 

Ауруханалық мекемелер науқастарды стационар жағдайында емдеуге арналған. Аурухана мекемелеріне шұғыл медициналық көмекті, сондай-ақ жүйелі бақылауды (науқастың клиникалық жағдайын бағалау, ренгендік, электрокардиографиялық, эндоскопиялық тексерулерді, қан мен зәр анализдерін және т.б. кайталау) немесе амбулаторлық жағдайда жургізілуі қиындау немесе мүмкін емес емдеу түрлерін (операциялар, көк тамырға, бұлшық етке, тері астына және т.б. жиі егулер, кан мен кан алмастырушыларды құю, физиотерапия және т.с.с.) қажет ететін науқастар жатқызылады.

Белгілі бір аурумен (мысалы, туберкулезбен) сырқаттанатын науқастарды емдеуге арналған бірсалалы (мамандандырылған) және кұрамына әртүрлі (мысалы, терапевтік, хирургиялық, неврологиялық, эндокринологиялық және г.б.) бөлімшелер кіретін көпсалалы ауруханалар болады.

Аурухананың құрамына қабылдау, емдеу-диагностикалық, емдеу бөлімшелері, дәріхана және т.б. кіреді. Мейірбикенің қызметтік міндеттері ең алдымен белімшенің түріне және оның бөлімшедегі жұмысының ерекшелігіне байланысты (кабылдау белімінің, гастроэнтерологиялық бөлімшенің мейірбикесі және т.б.). Қазіргі аурухана - бұл қажетті емдеу-диагностикалық аспаптармен және құралдармен жабдықталған медициналық мекеме. Қабылдау бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлігі және емдеу бөлімшелері аурухананың негізгі кұрамдас бөліктері болып табылады.

Емдеу бөлімшелеріне диагностикалық және емдеу бөлмелері, операциялық, емшаралық, таңу бөлмелері және мамандандырылған бөлімшелер, науқастар жататын бөлмелер кіреді. Сонымен қатар емдеу бөлімшелерінің құрамына жүретін аурулардың демалуына арналған жерлер, асхана және қосымша бөлмелер (санитарлық, булау бөлмелері, дәретхана, төсек-жабдықтық бөлме) жатады.

Аурухананың әрбір белімшесінде емдеу және диагностикалық іс-шараларды (көк тамырға құюды, кан мен оны алмастырушыларды кұюды, жұлын пунциясын жасауға арналған құралдарды даярлауды, биохимиялық анализдерге кан алуды) орындайтын іс-шаралық мейірбике болады.

Палатадағы ауа жылуы 18-20°С болуы қажет. Тұрақты жылуды және ауа тазалығын қамтамасыз ету үшін палатаны үнемі желдетіп отырған жөн. Қыста күніне 2-3 реттен кем емес, ал жазда тор болған жағдайда терезелер тәулік бойы ашық тұруы керек. Желдету кезінде мейірбике науқастарды жақсылап кымтауы қажет. Палаталарда тек өте кажетті жиһаз ғана тұрғаны жөн төсектер, төсек жанындағы тумбалар, орындықтар (төсек санына байланысты) және мүмкіндігінше ортақ үстел. Есіктің жанына халаттарға арналған ілгіш және қалдықтарға арналған бөшке қойылады. Палатаның ішкі қабырғасына ауа жылуын көрсететін термометр орнатылады. Әрбір төсектің жанында мейірбикені немесе кіші медициналық қызметкерлерді шақыру үшін тетік және радиокабылдағыш құлақшалары болады. Жиһаз палатаны жуып, тазалауға ыңғайлы болатындай етіп қойылады.Төсектер терезелері бар сыртқы қабырға бойымен көлденең қойылады. Науқастарды қарау, оларды аудару, іс-шараларды орындау женіл болуы ушін төсектер арасы 1 метрдей болуы қажет. Сондай-ақ, үш қозғалмалы бөліктен тұратын функционалдық тесектер болады. Төсектің жанындағы үстелде науқастың жеке заттары жатады. Бұл үстелдегі нәрселерді мейірбике анда-санда тексеріп, ал кіші мейірбике күнделікті сүртіп отырғаны жөн. Ауыр науқастар үшін төсектерінің жанында қозғалмалы үстелдер болады.

 

Медицина институтының педиатрия факультетінің студенттері практикасын база болып саналатын орталық балалар ауруханаларында өткізеді. Балалар хирургиясы кафедра базасы ретінде әртүрлі хирургиялық кеселдермен емделетін көп профильді балалар ауруханасын таңдап алады. Бұған кіретін хирургиялық бөлімшелер төмендегідей: қабылдау бөлімі, емдейтін-диагноз қоятын бөлім, әр саладағы кеселдер жататын хирургиялық бөлімшелер, қайта жандандыру (реанимация бөлімі) және қарқынды ем жүргізетін (интенсивті) операция жасайтын бөлім. Клиникадағы хирургиялық бөлімшелердің әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері және онда жұмыс істейтін қызметкерлердің әрқайсысының міндеттері болады.

 

Хирургиялық клиникада үш қабылдау бөлімі болады: біріншісі – шұғыл көмек көрсетуді қажет ететін әртүрлі жарақаттары мен сынықтары бар ауруларды қабылдайтын бөлім; екіншісі – жедел көмек көрсетуді қажет ететін, жалпы хирургиялық кеселдері бар ауруларды қабылдайтын бөлім; үшіншісі – жоспарлы түрде тексеріп, диагноз қойып, емдеуді қажет ететін хирургиялық кеселдері бар ауруларды қабылдайтын бөлім.

 

Қабылдау бөлімдерінде сырқат балаларды дәрігерлер қарап, жағдайларының ауыр-жеңілдігіне баға бере отырып, алдын ала диагнозын қояды, жедел көмек көрсетеді, қажетті лабораториялық тексерулерден өткізеді. Басқа маман иелерінің (педиатрдың, отоларингологтың, невропатологтың, реаниматологтың) консультациясы қажет болса оларға көрсетіп диагнозын нақтылайды, сөйтіп ауруды қайсы бөлімшеге жатқызу керектігін шешеді. Дереу операция жасауды қажет ететін болса анестезиологты шақырып көрсетіп, алдын ала дайындап, операцияға алады, содан соң кеселдің түріне, аурытпалығына қарай мамандандырылған бөлімшелерге, қайта жандандыру бөлімшесіне жібереді. Егер баланың бойындағы кеселі онша ауыр болмаса, тиісті көмек көрсетілген соң, емханадағы дәрігер бақылаумен үйіне жібереді. Ауруларды санитарлық өңдеуден өткізген соң, санитарлардың алып жүруімен, жүре алса жаяу, жағдайы тым ауыр болса қол арбамен немесе кресломен тиісті бөлімшелерге жөнелтеді.

Емдеу – диагностикалық бөлімшелерге жататындар клиникалық, бактериологиялық, биохимиялық - лабораториялық рентген бөлімі, патолого-анатомиялық бөлім әртүрлі диагноз қоятын кабинеттер, жаңа әдістермен тексеріп және емдейтін лабораториялыр (эндоскопия, ультра жыбысты сканнорлар; радиоизотоптарымен тексеретін, ангиография, лазеротерпия, гипербаротерапия жасайтын жерлер). Емдеу – диагностикалық бөдлімшелер аурухананың барлық бөлімдерінде емделіп жатқан ауру балаларға қызмет етеді.

Диагностикалық бөлімшелердің атқаратын негізгі міндеті – соны зеттеулердің деңгейінде әрі тез, әрі дұрыс қосымша тексерулерден өткізіп, емдеуші дәрігерлердің дәл диагноз қоюына көмектесу болып табылады. Бұл бөлімшелердің қызметін ұйымдастыратын, басқаратын, әрбір берген тұжырымдарының дәлдігіне жауап беретін өз бөлім меңгерушілері болады. Олардың қол астында аппараттар мен құрал-жабдықтарды жақсы білетін, тиісті зеттеулерді толық меңгерген, арнайы дайындықтан өткен мамандар істейді. Диагностикалық зерттеулер жүргізген кездегі қауіпсіздігі үшін маман дәрігер жауап береді.

Сырқатты тексеруге мейіркеш алып барады. Тексеруге емдеуші дәрігер де қатысып, нәтижесін басқа да маман иелерімен бірге талқылағандары дұрыс. Тәжірибесі мол дәрігерлердің берген ақыл-кеңесі дианозды дәл қоюға, жасалатын операцияның әдісін дұрыс таңдап алуға өте қатты көмектеседі.

Балалар хирургия бөлімшелері сырқат жасы мен жағдайына байланысты, кеселдің түрі мен бөлімдегі күтім ерекшеліктеріне байланысты жабдықталады. Бұл хирургиялық бөлімдерге: урология (зәр жүретін жолдарының хирургиялық кеселдері, бар ауралар), абдоминальды хирургия) гастроэнтеорологиялық яғни асқазан-ішек жолдары мен құрсақ қуысы ағзаларының кеселдері бар аурулар), торакальды хирургия (кеуде ағзаларының кеселдері бар аурулар), проктология (көтен ішегі ауыратындар), жаңа туған нәрестелердің хирургиясы, пластикалық хирургия, онкология (ісіктері бар аурулар), жарақаттар, ортопедия (сүйеніп қозғалатын аяқ-қол жүйелерінің іштен туған кемістіктері бар аурулар), реанимация (қайта жандандыру) және қарқынды емдейтін (интенсивті) бөлімшелер жатады.

Мамандандырылған хирургиялық бөлімшелерде сәбилерді сол салалардың маманы (уролог, торкальды хирург, проктолог т.б.) палата дәрігері қарап емдейді. Бөлімшелерде балаларға алдын ала қойылатын диагноздарын нақтылай түсу үшін, оларды жан-жақты тексереді, әртүрлі манипуляциялардан өткізеді, емдейді, операцияға дайындайды. Операциядан кейін қажет болса нәрестелердің жалпы жағдайлары жақсырып, беті бері қарағанша, белгілі бір мерзімге реанимацияға жатқызады, жағдайлары жақсарған соң мамандандырылған бөлімшелерге ауыстырып, әбден сауығып кеткенше сол жерде емдейді.

 

Әрбір мамандандырылған бөлімдердегі атқарылатын жұмыстың өз ерекшеліктері болады.

 

Қазіргі хирургиялық бөлімдер 40-60 төсекке есептелген, палаталар дәліздің бір жағына, ал мейіркеш бақылау балалар ауруханасын салғанда мейіркештің қызмет орны палатамен, таңатын және ем жасайтын бөлмелермен бір блокта қатар орналастырған дұрыс. Әр бөлімде буфет, асхана, балалар ойнайтын, сабақ оқитын класс, шешінетін бөлме, балалар және қызметкерлер үшін жеке – жеке, әжетхана, жуынып-шайынатын бөлме (ванна), түбектер мен зәр жинауға арналған шөлмектер тұратын бөлмелері мен кір жаятын жері болуы қажет. Бөлім меңгерушісі, аға мейіркеш, дәрігерлер отырып жұмыс істейтін жеке – дара бөлмелер болуы тиіс. Мейіркеш пен санитарлардың киім-кешектерін, аяқ киімдерін салып қоятын жеке-жеке шкафтары болады. Артық-ауыс төсек – орындарды, көрпе-жастықтарды, үстелдерді жинап қоятын қосымша бөлмелердің де болғанын ойластыраған жөн.

 

Балалар хирургиясы бөлімінің едені тегіс, іші жарық болғаны абзал. Балалардың ойнайтын, не сабақ оқитын бөлмелерінде оларды өздері салған суреттерінен көрме жасап іліп қоятын бұрыш болса тіпті жақсы. Бұның балаларды тәрбиелеуге, науқас бөбектердің көңілін көтеруге, емдеуге көмегін тигізетінінде дау жоқ. Дәліз, асханаға, ойнайтын бөлмеге, құмыраға үйде, өсірілетін гүлдер қойып, қабырғаға оларға арналған ертегілерден салынған көріністері бар суреттерді іле қойса болады. Бұның бәрі сырқат балалардың ауруханаға тез үйреніп кетуіне қорықпауына көмектеседі. Бірақ не болса да шегіне қарап жасалған жақсы. Себебі ауруханада тазалықтың ұқыптылықтың, жинақтылықтың болғаны дұрыс.

Мейіркештің жұмыс орны - палаталарда болып жатқан оқиғаларды оңай бақылап отыратын жерге орналасады. Мейіркештің жұмыс орны екі секретармен бір шкафпен, жазу үстелімен және тумбочкамен жабдықталады. Секретер мен шкафтың есіктері құлыптану керек. Себебі олардыің ішінде бір тәулікке қажетті артық дәрілер, әсер ету қасиеттеріне қарай әр сөрелерге топтап орналастыралады. Секретердің немесе шкафтың ішінен есігі жабылатын қосымша екі жәшік жасалады: біреуінде улы дәрілерді (наркотикалық дәрілерді, атропинді т.б.) сақтайды да есігіне “А” (қара түспен) деген белгі жазылады, екіншісінде - өте қатты әсер ететін дәрілерді (адреналинді, кофеинді т.б.) сақтайды да есігіне “Б” (қызыл түспен) деген белгі жазылады. Жекеленген сөрелерде тамақты көру үшін зарарсызданған шпательдер және қызу өлшейтін термометрлер, резеңке қыздырғыштар, мұз қатыратын резеңке ыдыстар сырттан пайдаланатын дәрілер, тостағандар, артық шпирицтер мен ине салынған зарарсызданғыш және жабдықтар салынған бикс және сырқат күтіміне арналған басқа жа жабдықтар қойылады.

Жазу үстелінің тартпаларында жазуға қажетті заттар, температураларын көрсететін таза парақтар, аурудың тарихына қосымша желімделетін беттер т.б. нәрселер сақтадлады. Аурудың тарихын дәрігер толтырып жазған соң мейіркеш аурухананың ішіндегі басқа бөлімшелермен байланыстыратын телефон орналасқан жазу үстелдерінің үстіне әкеліп жинап қояды.

Хирургия бөлімшесінде 2 – 3 жерден мейіркеш жұмыс орындары ұйымдастырылады да, әрқайсысына жылжымалы графиктермен жұмыс істейтін 4-5 мейіркеш бекітіледі. Палатада істейтін мейіркештің жұмыс күні сағат 8-де басталады. Жұмыс киімін ауыстырып киген соң, кезекшілік еткен мейіркештен жұмыс орнын қабылдап алады.

Кезекшілікті қабылдау мен өткізу ең жуапты сәт, сондықтан да мейіркеш бұл істі тікелей палатада, сырқат көзінше атқарады. Осы кезде жеке бас, төсек – орны тазалығына, баланың үлкен және кіші дәретке отырғанына көңіл аударғандары жөн. Әр палатаның мейіркеші палаталар тазалығын, ертеңгісін сыртқаттан лабораториялық тексреуге қажетті (зәр, қан, нәжіс, қақырық) материалдардың дұрыс алынғандығын бақылап, науқасты операцияға дайындау барысын, таңертеңгі дәрі-дәрмектерін беріп, қызуын тексеріп ауру тарихына белгілейді.

Сыртқат балалар үшін дәрігер белгілеуін уақытылы жасаудан асқан маңызды ешнәрсе жоқ. Мейіркеш дәрігерлердің оң қолы болып есептеледі. Сырқат балалардың сауығып шығуында мейіркештің атқаратын ролі зор. Емдеуші дәрігер қаншама күшті дәрі-дәрімектерді белгілесе де, кезекші мейіркештер не ұмытып кетіп, не тағы бір себептермен ол дәрілер науқастқа берілмей қалса, онда сырқат дертінен ешқаншанда айықпайды. Сондықтан кезекші мейіркештің жұмысын сол бөлімшенің аға мейіркеші күнделікті қадағалап, тексеріп, бақылап отырған жөн. Дәл осындай бақылауды емдеуші дәрігер же жүргізгені дұрыс. Сену де керек, сене отырып тесеру де керек. Себебі дәрігерлердің де, мейіркештің негізгі мақсаты – науқас баланы сауықтырып шығару болып табылады.

Палатаны қабылдап алғаннан кейін, кезекші мейіркешке дәрігердің қаншалықты жұмсалғанын, аурудың тарихи мен жасалатын емдерді белгілейтін дәптерді тесереді. Жұмыс аяқталған соң мейіркешке өзінің жұмыс орнын тәртіпке келтіріп өткізеді.

Ертеңгілік, бес минуттік жиналыс кезінде, бөлім меңгерушісі, немесе оның орынбасары немесе аға мейіркеш түнгі кезекшілік кезінде қанша адам түсіп, қанша адам шыққанын аты—жөні мен диагнозы) дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі жайлы мәліметтерді қысқаша баяндап береді. Сондай – ақ белгіленген емдердің жасауын; кеселдері күрделі сырқаттар, олардың дерті, қызуын, енгізген дәрілерге аллергиялық реакция беруі, көңіл күйлері, жүріс-тұрысындағы өзгерістер туралы ерекше айтқан дұрыс.

Палата мейіркеші жұмысы – жұмыс орнын өзін ауыстыратын мейіркешке өткізіп берген соң аяқталады.

Сырқат жататын палата – бөлімшедегі ең маңызды орын. Қалыпты жағдайда бір сырқатқа 6,5 – 7,5 шаршы метр жер қажет, терезенің көлемі еденнің көлеміне 1 : 6-ға қатынасындай болады. Орта есеппен әр бөлімде 10 палатадан, оның әрқайсысында 2- 4 сырқат жатады. Жұқпалы (инфекция) кеселі болуы мүмкін деген күдікті науқастың диагнозын анықтағанға дейін, болмаса арнайы күтімді қажет ететіндерді басқа балалардан оқшаулап жатқызатын арнайы салынған екі есікті палаталар болады.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 3340. Нарушение авторских прав


Рекомендуемые страницы:


Studopedia.info - Студопедия - 2014-2020 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия