Науқастарды бөлімшеге тасымалдау 3 страница
Қайта жандандыру және қарқынды емдеу бөлімшесіндегі іс-қағаздарын дұрыс толтыруға әсіресе сырқаттың жеке басына арналған бақылау парағын мұқият жазуға өте қатты көңіл бөледі. Мейірбике дәрігердің белгілеп берген емдерін мұқият орындап шыққан соң емнің жасалған уақытын дәл көрсетіп бақылау парағына да жазып қояды. Сырқаттың тамыр соғысы, тыныс алуы, дене қызуы, қан қысымы, бөлінген несебі, үлкен дәреті тәрізді физиологиялық көрсеткіштерін әр сағат сайын бақылау парағына белгілеп отырған дұрыс. Егер сырқат құсығында (қан, запыран, нәжіс араласып) өзгерістер болса немесе терісі қызарып, көгеріп, бозарып, ағарып, кенеттен ес-түсінен тану және сандырақтау сияқты ауытқулар мен асқынулар нышандары біліне бастаса, сол сәтті дәл көрсетіп жазу керек. Әр күнге жаңа бақылау парағын арнап, ескісін сырқаттың ауру тарихына желімдеп қояды.
НАУҚАСТЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ
Термометрия
Адамның дене қызуы кез келген жағдайда салыстырмалы тұрақты болып келеді. Оны бірқалыпты ұстау күрделі жылу реттеу үрдістерімен қамтамасыз етіледі - құрамына перифериялық (тері, қан тамырлары) және орталық (гипоталамус) терморецепторлар, бас миында орналасқан жылу реттегіш арнайы орталықтар және жылу белу әрі беру деңгейін реттейтін эфференгті жолдар кіреді. Дені сау адамның қолтық астындағы қызуы 36,4 - 36,8°С аралығында тербеледі. Ең жоғарғы летальды қызу (яғни адам өміріне сай келмейтін температура, бұл кезде адам өледі) 43°С-қа тең, мұндай қызуда организмде зат алмасуының қайтарылмайтын өзгерістері басталады, клеткаларда ауыр кұрылымдық заымданулар болады. Летальды ең төменгі кызу - 15 - 23°С. Әртүрлі жағдайларға байланысты дене қызуынын физиологиялық тербелуі мүмкін. Мысалы, тік ішекте, кынапта, шап қыртысында, ауыз қуысында өлшенген қалыпты қызу қолтық астындағы қызуға қарағанда 0,4°С жоғары. Балаларда зат алмасу неғұрлым қарқынды етеді, ал жылу реттеу механизмдері жетілмеген, сондықтан оларда үлкендерге қарағанда дене қызуы неғұрлым жоғары. Әйелдерде дене қызуы етеккірдің фазаларымен анықталады: овуляция (жетілген фолликулдын жарылып, жұмыртқа клеткасының шығуы) кезінде ол 0,6 - 0,8°С - ка көтеріледі. Барлық адамдарда дерлік дене қызуының тәуліктік тербелуін анықтауға болады, бұл әдетте 0,1 - 0,6°С құрайды. Ең жоғарғы дене қызуы әдетте түстен кейін (17 - 21 сағаттарының аралығында), ал ең төмен қызу –таңсәріде (сағат 3-пен 6 аралығында). Жазда адамның дене қызуы кыстағыға қарағанда 0,1 - 0,5°С жоғары. Дене қызуының көтерілуі тамақ ішкеннен кейін, қарқынды жұмыс, эмоциональдық күштену (мысалы, студенттерде актерлерде, спротшыларда) кезінде байқалады. Адамның дене қызуын өлшеу термометрия деп аталады, ол медициналық сынап термометрімен жүргізіледі. Термометр капиллярі бар шыны түтікшеден тұрады, онда сынап толтырылған резервуар бар. Бұл түтік шкалаға бекітілген, оған 34-тен 42°С дейін бөлімдер жасалынған. Қызған кезде капиллярмен жоғары көтерілген сынап суыса да төмен түспейді. Сынап түсуі үшін термометрді бірнеше рет сілку керек. Медициналық термометрдің шкаласы дене температурасын 34-тсн 42°' дейін өлшеуге арналған, бір белігі 0,1 °С. Дене қызуын көбінесе қолтық астында (алдау күдіктелінсе-екі жақпыш да), ал шап қыртысында (балаларда), ауыз куысында (термометр резервуарын тілдің астына қояды), тік ішекте (вазелинмен майланған термометрдің резервуарын сол қырында жатқан науқастың тік ішегіне 2-3 см тереңдікке кіргізеді) сиректеу өлшейді. Дене қызуын өлшегенде мейірбикенің болуы міндетті. Дене қызуы қолтық астында калыпты жағдайда 36 - 37°С, және ол шырышты қабаттардағы қызуға қарағанда 0,5 - 0,8°С төмен екендігін есте сақтаған жөн. Қызуды өлшеу былай жүргізіледі: құрғақ 35°С-ден төмен көрсеткішпен термометрді адын ала кұрғатып сүртілген қолтық астына терімен толық жанасатындай етіп орнатады (науқастың иығын кеуде клеткасына қысу), 7 - 10 минуттан кейін термометрдің көрсеткішін анықтап, оны температуралық бетке жазады. Содан кейін термометрді сілкіп, 4/5 белігіне дейін немесе толығымен хлораминнің 1% зарарсыздандыру ерітіндісіне (немесе басқа дез. Ерітіндіге) 15 минутқа салып қояды, содан соң ағынды сумен шайып, құрғақ күйінде түбінде мақтасы бар ыдысқа сақтайды. Қазіргі кезде қызуды өлшеудің басқа да жолдары бар екендігін айтқан жөн. Мысалы, электронды термометрлер, электротермометрлер, тез анықтау үшін - экспресс әдіс, маңдай терісіне қызу көтерілгенде бояуын өзгертетін термолабильді затпен қапталған қағаз киындысы. Дене қызуының тәуліктік тербелулерін сызып керсету үшін температуралық беттер толтырады.Температуралық парақтарды әр науқасқа толтырып, күніне екі рет термометрия нәтижелерін жазып отырады. Абсцисс осі бойымен ауру күндері, ординат осінде температуралық тор орналасады, оның бөліктері 0,2°С-қа тең. Бетке күнделікті екі реттік термометрия нәтижелерін нүктемен белгілейді, оларды біріктіреді де температуралық қисық сызық сызылады
Науқастың белсенділік тәртібі, төсектегі қалпы. Дене биомеханикасы. Науқастың төсектегі қалпын өзгерту, төсектегі қалпы Науқастың төсектегі қалпы. Науқастың белсенді, белсенді емес, мәжбүрлік қалпын ажыратады. Белсенді қалыпта науқас төсектегі өз қалпын емін-еркін өзгерте алады және жүре алады. Белсенсіз қалыпта науқас өздігінен қозғала алмайды. Мысалы зілді мертігулерде, жаралануда, сал болып қалғанда және т.б. Мәжбүрлік қалып дегеніміз науқастар ауырсынуын жеңілдету мақсатында қабылдайтын қалып. Мысалы, ортопноэ - қан айналымының жетіспеушілігі бар науқастардың аяқтарын төмен түсіріп, отыруы, бұл кезде қан аяк көк тамырларында жиналады да өкпедегі кан іркілуі азаяды, ентігу біраз әлсірейді. Науқастың қалпы әрдайым оған тағайындалған қозғалу тәртібімен сәйкес келе бермейді. Науқастың белсенділік тәртіптері: 1. Қатаң төсектік (аурудың жедел сатысында біраз уакытқа тағайындалады, 1-3 күн), науқас шалқасынан жатады, тек майда буындарын қозғалтуға рұқсат етіледі, күтімді толығымен мейірбике жүргізеді. 2. Төсектік (аурудың жеделдеу сатысында тағайындалады), науқас жатады, төсекте бұрылуға, ірі буындарын қозғалтуға болады, жартылай өзін өзі күтім жүргізуге рұқсат етілуі мумкін. 3. Палаталық, науқас уакытының көбін төсекте өткізеді, палатада жүруге болады, палатадан тыс шығуына болмайды, жекелей немесе топты ЕШК жаттығулары аздаған салмақ түсірумен палатада жүргізіледі, толығымен өзін- өзі күтеді. 4. Жалпы, уақытынын көбін жүрумен өткізеді, барлық емге баруына болады, топты ЕШК жаттығулары аз және орташа салмақ тусірумен арнайы залда жүргізіледі, толығымен өзін - өзі күтеді, далаға шығуға болмайды. 5. Аялағыш-жаттықтырғыш, күндізгі уақытта төсекте жатуына болмайды (тыныштық сағаттарынан басқа уақытта), ЕШК жаттығулары тек топты тәсілмен орташа және үлкен салмақ түсірумен жүргізіледі, еңбекпен емдеуді тағайындауға болады, далада серуендеуге немесе жаттығуға болады, спорт ойындарының элементтері тағайындалады.
Шипажайлық емге жаттықтырғыш тәртіп колданылады. Науқас мекеменін барлық шараларына қатысады, ЕШК жаттығулары үлкен салмақ түсірумен жүргізіледі. Науқастардың медициналық, тұрмыстық, әлеуметтік, кәсіптік реабилитациясы мақсатында қалпына келтіру шараларының неғұрлым толық бағдарламасы тағайындалады.
Науқастың белсенділік тәртібі
Науқастың белсенділік тәртібі науқастың ауыр-жеңілдігіне байланысты бөлінеді:
2. Егер дәрігер науқас адамға сырқатының ауырлығына байланысты көп қозғалуға рұқсат етпесе, тек қажет болған жағдайда ғана қозғалуға, дәретханаға, ем қабылдауға, асханада тамақтануға, туыстарымен кездесуге рұқсат етілсе мұндай тәртіпті жартылай төсекте жату тәртібі деп атайды. 3. Егер науқас адамның тек өз төсегінде ғана қозғалуына рұқсат етіліп, басқа артық қозғалыс жасауына рұқсат етілмесе мұндай тәртіпті төсекте жату тәртібі деп атайды. 4. Егер науқас адамның өз төсегінде жатып қозғалуына рұқсат етілмесе (етпетінен, бір қырынан, отыруына) мұндай тәртіпті қатаң төсекте жату тәртібі деп атайды. Төсек тартып жатқан науқастардың төсекте жату қалпының 3 түрі бар. Науқастың төсектегі қозғалыс қалпы:
Белсенді немесе еркін қалып – жеңіл ағымды аурулармен ауырған науқастарда кездеседі. Ол кезде науқас өздігінен қимылдап өз денесінің қалпын еркін қозғалта алады, өзін-өзі күте алады. Енжарлық қалып – науқас қимылсыз, жағдайы ауыр, өз-өзіне күтім жасай алмайды. Мәжбүрлік қалып – ауру адамның жағдайын жеңілдететін қалып. Науқас өзін мазалайтын ауырсыну сезімдерін азайту үшін немесе мүлдем тоқтату үшін қолданады. Клиникада мәжбүр қалыптың бірнеше түрі кездеседі:
Ортопное- өкпе демікпесінде науқас амалсыз төсегінде отырады. Осы уақытта ентігуі азаяды. Амалсыз бір бүйірінде жату қалпы – жүрек ауруларында, науқас амалсыз оң бүйіріне жатады, сол бүйіріне жатқанда, жүрегі қысылады. Амалсыз шынтақ пен тізеге отыру қалпы – бұл экссудативті плеврит ауруына тән. Амалсыз ішінен жату қалпы – асқазан жара ауруларына тән. Арқасымен жату қалпы – шалқасынан жату миокард инфарктісінде қолданылады. Науқастың төсектегі дене қалыптары:
1. Фаулер қалыпта жату – науқас жастықсыз кереуеттің ортасына арқасымен немесе шалқасынан жатады. Функционалды кереуеттің бас жағын 45-60˚С жоғары көтеру керек немесе үш жастықты бір-біріне қою керек. Жоғарғы Фаулер жағдайы – 90˚С, ал төменгі Фаулер жағдайы -30˚С-қа көтеру керек. Фаулер қалыпта жатуды - өкпе, жүрек демікпесінде, гипертониялық кризде, тері ойылуда қолдануға болады (сурет).
Науқасты Фаулер қалпында жатқызу Мақсаты: төсекте науқасты жартылай отыру қалпымен қамтамасыз ету.
Науқасты жоғары арқасымен жатқызу
Мақсаты: Науқастың арқасымен мәжбүрлі жату қалпы.
Науқасты ішімен жатқызу
Науқасты бір қырынан жатқызу 1) Бір қолыңыздың алақанын жоғары қаратып науқастың белінің астына қойыңыз. 2) Екінші қолыңызды науқастың жамбасының астынан сан аймағына жіберіп, алақаныңызды жамбас-сан буынында бекітіңіз. 3) Науқасты өзіңізге қарай жылжытып, бір қырына қарай айналдырыңыз. 4) Науқас төсектің ортасында орналасуы керек. 5) Жоғарғы аяқты тізесінде бүгіп, науқасты бекітіңіз. 6) Науқастың бас жағына жастық қойыңыз. 7) Бүгілген аяқ астына жастық қойыңыз, аяғы сан деңгейінде орналасуы керек. 8) Астындағы қолды шамалы бүгіңіз, жастық қасына орналастырыңыз. 9) Үстінде орналасқан қолды шынтақта бүгіп, жастықтың үстіне орналастырыңыз. 10) Төменгі аяқ басына тіреуіш қойыңыз. 11) Науқасқа ыңғайлы екендігіне көз жеткізіңіз. 12) Науқасты өзімізге қаратып айналдырып бір қырынан жатқызу 13) Науқасты сол қырына айналдыру кезінде оның оң қолын көкірегіне, ал оң аяғын сол аяғының үстіне қойыңыз. 14) Науқасты санынан (тізесіне жақындау) және иығынан ұстаңыз. 15) Өзіңізге қарай науқасты айналдырыңыз. 16) Жоғарғы аяғын тізесінде бүгіп, науқасты бекітіңіз.
Науқасты Симс қалпында жатқызу
Дене биомеханикасы Мейірбике науқасты көтеру, тасу, қолдап жүру, ауыстыру сияқты шаралар барысында сырқат жарақат алуы мүмкін. Сондықтан науқастардың бір жерін ауыртып алмау мақсатында және сондай жағдайды болдырмау үшін керекті дағдыларды білу керек. Науқастарды отырған немесе жатқан жерінен тұрғызып, болмаса көтеріп, орнын ауыстыруға тура келеді. Медицина қызметкері өз күштерін дұрыс бағаламай, дененің биомеханикалық заңдылықтарын ескермей, денесіне ауыр салмақ түсіріп, омыртқаларын және де басқа қозғалыс аппараттарын зақымдап алуы мүмкін. Мейірбике өзіне де науқастарға да зиян келтірмеу үшін келесі ережелерді есте сақтау керек: - егер ол сізден жеңіл болмаса немесе қозғалтуға басқа ешкім көмек бере алмаса өзі қозғала алмайтын, көмек бере алмайтын науқасты көтермеу керек; - науқастарды көтергенде немесе күтімге байланысты басқа жұмыстарды орындағанда мүмкіндігінше дененің арқасын, омыртқа жотасын түзу ұстау керек; - алға созылған қолдармен науқасты көтеруге немесе қозғалтуға болмайды; - егер науқас қозғала алмаса, механикалық құрылғылар көмегін пайдалануға болады.Ауыр салмақты түрлі заттарды көтергенде, науқастарға көмектескенде дененің биомеханикалық ережелерін қолдану керек.
Науқастарды тасымалдау мен орнынан ауыстыру 1. Салмақты көтерместен бұрын аяқтың табандарының арасын 30 см алшақтықта ұстап, біреуін екіншісінен сәл алға жылжыту керек. Бұл қалыпта медицина қызметкері құлап қалмайтындай өзіне тепе - теңдікті, орнықты тіректі қамтамасыз етеді. 2. Науқасты немесе ауыр затты көтерместен бұрын, оның қасында тұрғанына, оған қол жеткізу үшін алға иілудің қажетсіз екеніне көз жеткізеді. 3. Науқас денесін немесе затты көтергенде өз денесіне тығыз жақындатып ұстау керек. 4. Көтергенде дененің жоғарғы жағын тік ұстап, тек қана аяқты тізеден бүгу қажет. 5. Науқасты бір қалыппен, жәймен көтереді. 6. Денені бұру үшін алдымен салмақты көтереді, табанға тіреліп, денені бүкпей, жәймен бұрылады.
Науқасты қозғалтқанда, оның көмек бере алатындығын тексеру мақсатында оған келесі сұрақтарды қоюға болады: 1. Науқас бір аяқта тұрып, өзін ұстай ала ма? (Кресло-каталкаға отырғызу кезінде бұл сұрақты қоюға болады, өйткені науқас біршама уақыт тік тұруға мәжбүр болады). 2. Тепе –теңдікті сақтай аласыз ба? 3. Көру және есту қабілетіңіз жақсы ма? 4. Мені жақсы түсінесіз бе? 5. Қозғалуға қорықпайсыз ба? Дене биомеханикасының негізгі принциптері: 1. Ауыр көтерген кезде аяқтың арасы ашық, әрі дене тірегі мықты болуы керек. 2. Көтеру кезінде салған күшін көбейту үшін аяқтардың ара қашықты кеңейту керек. 3. Ауыр салмақты көтерер алдында бел мен іштің бұлшық етін тырыстыру керек. 4. Көмек көрсету кезінде науқастың денесі мен бетін өзімізге бұрып тұру керек. 5. Заттарды тізеден бүгілген аяқтың бұлшықетінің көмегімен көтеру керек. 6. Өзінің денесінен ауыр заттарды көтергенде және қозғалтқанда қосымша ретінде күшті қолдану керек. 7. Ауыр затты итеру арқылы қозғалтқанда, жұмсаған күштің тең жартысы жойылады. Сол себептен ол затты тартып қозғалтқан дұрыс.
|