Қажет заттар:
- таза төсек жиынтығы;
- лас төсеніштер үшін клеенка қап.
Іс - әрекеттер:
- Таза жайманы ұзына бойы жартысына дейін орап дайындап алыңыз.
- Науқастың басын көтеріп, жастықты алыңыз.
- Науқасты абайлап, төсектің шетіне жылжытып, бір бүйіріне аударыңыз.
- Кірлеген жайманы науқасқа қарай ұзынынан ораңыз.
- Орнына таза ақ жайманы төсеңіз.
- Абайлап науқасты жатқызып, келесі бүйіріне аударыңыз, енді ол таза ақ жайманың үстінде болуы тиіс.
- Босаған жақтан жайманы алып тастаңыз, таза ақ жайманы матрастың астына қайырыңыз.
- Науқасты арқасына жатқызып, жастықтың тысын ауыстырып, басына жастаңыз.
- Көрпесінің тысын ауыстырып, науқастың үстіне жабыңыз.
Науқастардың киімдерін ауыстыру
Ауыр науқастар үшін, мысалы миокардтың инфарктысына арналған арнайы көйлектер тез киіліп шешіледі.
- Мейірбике науқастың киімін шешіндіру үшін науқастың жамбасының астына қолын тығып, көйлектің етегін ақырындап, бас жағына қарай көтереді. Содан кейін науқастың екі қолын жоғары көтеріп, көйлектен әуелі басын, сосын қолын шығарады.
- Егер науқастың қолы жарақаттанған болса, киімін алдымен сау қолынан, содан кейін жарақаттанған қолынан шешеді.
Киіндіруді орындау тәртібі керісінше жүреді.
- Екі жеңін кигізіңіз, егер қолда жарақат болса, алдымен жарақат қолын, содан кейін сау қолын кигізіңіз.
- Көйлекті басынан кигізіп, етегін төмен қарай жазып, түсіріңіз.