Аяқтың, шаштың күтімі. Жыныс мүшелерін жуу
Шашты күту Егер науқас ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалса, оның шашын төсек үстінде жуады. Легенді керуеттің бас жағына қойып, желкесіне дейін шалқайтып, астына көтеріп қояды. Ал науқас еркек болса, шашы қысқа етіп алынып, 7-10 күнде бір рет су сабынмен жуылуы тиіс. Ұзын шашты әйелдердің шашын жуып болғаннан кейін, оны сүлгімен құрғатып сүртеді. Сосын майда тісті тарақпен екіге бөліп тарайды.Науқастың өздерінің жеке тарағы болуы керек. Егер шашта қайызғақ болса,онда тарақты сірке қышқылы ерітіндісіне батырып алып, тарау керек.
Аяқты жуу Өте ауыр халдегі науқастар жеке гигиенасын сақтауды қамтамасыз ете алмайды. Мейірбикелердің негізгі міндеттері ешбір ескертусіз ауыр халдегі науқастарға көмектесу. Аяқты күнде жатар алдында тазалап, жуып тұру керек. Ал ауыр халдегі науқастардың аяғын аптасына 2-3 рет жатқан төсегінде жуады. Кереуеттің үстіндегі матрасты түріп, легенді қойып, аяғын жуып, құрғатады. Науқастың тырнақтарын алу Жабдықталуы: жылы су, сабын, сүлгі, қайшы. Іс-әрекеттер: 1. Қолғапты кию 2. Науқастың қол ұшын сұйық сабын қосылған жылы суы бар ыдысқа 2-3 минутқа салу 3. Судан V-саусақты шығарып, құрғатып, тырнақ 1-2мм қалдырып абайлап қысқартылады 4. Кезекпен саусақтарды судан алып, сүлгімен сүрту және абайлап тырнағын алу. 5. Басқа ыдысқа жылы су және сабын қосып науқастың аяқ басын 3-5 минутқа салу. 6. Аяқ басын судан алып құрғату,сүлгі үстіне қою. 7. Ұқыптылықпен тырнақтарды қысқарту 8. Қолғапты шешу, қолды жуу.
|