Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ауыр халде төсек тартып жатқан науқастардың ауыз қуысын тазалау.





 

Қажетті заттар:0,5% гидрокарбанат натрий немесе 0,5% перманганат калий, ауыз кергіш, тіл ұстағыш, астауша, пинцет, дәкелі салфетка, дәкелі немесе мақталы тампон, шпатель.

Іс - әрекеттер:

1. Науқасқа процедура мақсатын, орындалуын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
2. Мензуркаға антисептик ерітіндіні құйып алыңыз.
3. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
4. Пациентке ыңғайлы жағдай жасаңыз.
5. Пациентке аузын кеңірек ашып, тілін шығаруды сұраңыз.
6. Егер науқастың халі келмейтін болса, ауызкергіштің көмегімен аузын ашып, тілін тіл ұстағышпен ұстаңыз.
7. Дайындаған ерітіндіге салфетканы сулаңыз.
8. Ұртын шпательмен ашып, ерітіндіге батырылған салфеткамен ауыз қуысының кілегей қабығын, қызыл иекті, барлық тісін және тілін сүртіңіз.
9. Ерні немесе ауыз бұрышы тілінсе (езуі), май жағыңыз.
10. Аузын таза салфеткамен сүртіңіз.
11. Құрал-саймандарды және дәке шариктерін дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз.
12. Қолғапты шешіп дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз, қолды жуып құрғатыңыз.

 

Ескерту!

Егер науқастың протез тісі болса, оны түнде шешіп, жуып, таза стаканда сақтау қажеттігін түсіндіріңіз. Аузынан иіс шығатын болса, ауыз қуысын 2% гидрокарбанат натрий немесе әлсіз перманганат калий ерітіндісімен шаю керек.

Ауыз қуысының кілегей қабатын дәрімен емдеу дегеніміз аппликация немесе дәрімен жуу. Аппликация ауыздың кілегей қабығына қандай да бір дезинфекциялайтын ерітіндіге малынған зарарсызданған дәке салфеткаларын 3-5 минут салып ұстау. Бұл процедура күніне бірнеше рет қайталанады. Аппликацияны ауырғанын жеңілдететін дәрілермен де жасауға болады.

Дәрімен жуу

 

Эсмарх кружкасының, Жанэ шприцінің, резеңке грушаның көмегімен жасалады. Науқасты ыңғайлы отырғызып, кеудесіне клеенка байлап, қолына астауша беріп қояды. Мейірбике науқастың сол және оң ұртын шпательмен алма-кезек тартып, резеңке грушаның немесе Эсмарх кружкасының ұштығын тығып, ауыз қуысын дәрімен жуады. Сұйық ағымының қысымымен тамақтың қалдығы, ірің өзінен-өзі жуылады.

 

Құлақты күту

 

Мақсаты: құлақтың көп жиналғанынан естудің төмендеуінің алдын алу.

Қажетті заттар:астауша, пинцет, мақта тампондары, дәкеден жасалған турунда, тамызғыш, Жане шприці, 3% сутегінің асқын тотығының ерітіндісі, фурациллин ерітіндісі және зарарсыздандыру ерітіндісі.

Іс- әрекеттер:
1. Құлақтың ішін дәкеден жасалған таяқшамен, оны айналдыра отырып тазалаңыз.
2. Құлақтың сырғалығынан жоғары тартып, тамызғышпен бірнеше тамшы 3% сутегінің асқын тотығын тамызыңыз.
3. Мақтадан жасалған таяқшамен құлықты шығарыңыз.
4. Құлақта құлық көп болса, құлақтың ішін жуыңыз.
5. Жанэ шприцына 150-200 мл жылы фурациллин ерітіндісін сорып алыңыз.
6. Науқасты отырғызып немесе жатқызып, құлақ қалқанының астына қысып ұстайтындай етіп, астаушаны қолына ұстатыңыз.
7. Сол қолмен құлақ қалқанын жоғары және артқа тартып, оң қолмен шприцті құлақтың сыртқы тесігіне тақап, ерітіндінің ағынын, оның жоғарғы, артқы қабырғасына бағыттап жіберіңіз.
8. Ем шараны істеп болғаннан кейін құлақты салфеткамен сүртіңіз.
9. Мақта тампонымен аз уақыт жауып қойыңыз, сосын алып тастаңыз.

Құлаққа дәрі тамызу

Қажетті заттар: дәрі, залалсыздандырылған мақта, салфетка

Іс - әрекеттер:

1. Дәріні 36ºС жылытыңыз.

2. Ал егер науқастың құлағына дәрі тамызу керек болса, басын сау жағына қисайтыңыз.

3. Сол қолмен құлақтың сырғалығынан тартып, оң қолмен 2-3 тамшы жылы ерітіндіні тамызыңыз. Науқас сол қалпында 10-15 минут жату керек.

4. 10-15 минут өткеннен кейін, ол басын ауырған құлағы жағына қарай қисайтып тамызған дәріні қайтадан сыртқа шығарады.

5. Содан кейін құлаққа бірнеше минут шағын домалақтанған мақта салып қояды.

 

Көзге дәрі тамызу

Қажетті заттар: дәрігердің тағайындаған ерітінді дәрісі, залалсыздандырылған мақта тампоны, тамызғыш.

Іс- әрекеттер:

1. Дәрігердің тағайындаған дәрісінің атын, тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.

2. Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

3. Залалсыздандырылған тамызғышқа тағайындаған ерітіндіні сорып алыңыз.

4. Науқастың басын артқа қарай шалқайтып және жоғары қарауын сұраңыз.

5. Сол қолдың екінші саусағымен төменгі қабақты төмен тартып, тамызғышты кірпікке тигізбей (1,5 см жақын ұстамаңыз) дәнекер қабақтың төменгі күмбезіне әуелі бір тамшы, аз уақыттан кейін екінші тамшыны тамызыңыз.

6. Қабақты босатыңыз, айналасын жайлап мақта тампонымен сүртіңіз.

7. Екінші көзге дәріні осылайша тамызыңыз.

 

Көзді жуу

Қажетті заттар: дәрігердің тағайындаған ерітінді дәрісі, залалсыздандырылған мақта тампоны, ундинка (көзді жууға арналған стакан).

Іс - әрекеттер:

1. Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз.

2. Арнайы стаканға дәрігердің тағайындаған дәрісін құйып, пациенттің алдына қойыңыз.

3. Науқасты еңкейтіп, қабағын үстел үстіндегі стаканға батырып, оң қолмен стаканды көзіне басып, су ақпайтындай етіп, көтеріп алады.

4. Кірпіктерін ерітіндінің үстіне 1-2 рет жыпылықтатып алады.

5. Стаканды көзінен алмай, үстел үстіне қояды.

6. Жаңа ерітінді құйып, науқасқа бірнеше рет қайталауын сұраңыз.

Мына тәртіппен де көзді жууға болады:

1. Пациентті ыңғайлы отырғызыңыз.

2. Залалсыздандырылған тампонды алып, оны тағайындаған ерітіндіге малып, аздап сығыңыз.

3. Сол көзді оң қолмен сыртқы бұрышынан кеңсірікке қарай бағыттап жуыңыз.

4. Сол қолмен басқа мақта тампонын алып, оң көзді жоғарыдағыдай тәртіппен жуыңыз.

5. Қажет болса, бірнеше рет қайталаңыз.

 

Көзге май жағу

Қажетті заттар: көзге жағатын май, шыны қалақша.

Іс- әрекеттер:

1. Шыны қалақшаның бүтіндігін тексеріңіз, майдың атын, мерзімін оқыңыз.

2. Пациентті алдыңызға қарама-қарсы отырғызыңыз, басын артқа қарай шалқайтып, жоғары қарауын сұраңыз.

3. Залалсыздандырылған шыны қалақшамен майды алып, оны көлденең ұстап, кеңсірікке қарай бағыттап жағыңыз.

4. Төменгі қабақты төмен қарай тартып, қалақшадағы майды көз алмасына салыңыз.

5. Қабақты босатып жіберіп, қабақтарын жайлап, қабыстырыңызда, ақырындап қалақшаны шығарып алыңыз.

 

Мұрын қуысын күту

Мақсаты: Мұрын демалысының бұзылуының алдын алу.

Қажетті заттар: мұрынға тамызатын дәрі, мақтадан жасалған турунда, тамызғыш, вазелин майы, салфетка.

Іс - әрекеттер:

1. Пациентті ыңғайлы етіп отырғызыңыз.

2. Турунданы вазелин майына батырып алыңыз.

3. Пациенттің басын артқа қарай шалқайтыңыз

4. Сол қолдың төрт саусағын маңдайға қойып, бірінші саусақпен мұрынның ұшын жоғары қарай тартып, оң жақтағы мұрын қуысына 2-3 см тереңдікте турунданы айналдыра отырып, мұрын қуысын тазалаңыз. Ал сол жағына басқа турунданы салып, тазалаңыз.

5 Таза тамызғышқа қажетті мөлшердегі дәріні сорып алып, басын шалқайтып, әрбір мұрын қуысына 2-3 тамшыдан дәріні тамызыңыз.

6. Мұрынға аз уақытқа мақта тампонын салыңыз.

 


 







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 17450. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия