Студопедия — Бұйрық рай (мағынасы, жасалуы, жіктелуі).
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бұйрық рай (мағынасы, жасалуы, жіктелуі).






Болымды етістік іс-әрекеттің орындалғанын, жүзеге асқанын білдіреді: оқы,жазды. Болымсыз етістік іс-әрекеттің орындалмағанын, іске аспауын көрсетеді. Болымсыз етістік екі түрлі жолмен жасалады:1) Синтетикалық тәсіл: негізгі жәнетуынды түбір етістікке: -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы:жақындама, жүгірме. 2) Аналитикалық тәсіл: -ған, -ген, -қан, -кен, формалы есімшеге жоқ, емессөзінің тіркесуі арқылы: айтқан жоқ, барған емес.

3. Есімше қимыл, әрекет түрінде қолданылып, заттың сапасы, қасиеті, белгісі ретінде ұғынылады. Мысалы, оқыған адам. Е. негізгі қызметі – заттың түрлі белгісі ретінде қолданылу. Е. өзіндік ерекшелігі – ол сөйлемдегі негізгі қимылды білдірмей, жеке затқа қатысты жанама қимылды білдіреді. Жұрнақтары: -ған,-ген- қан,-кен,-атын,-етін,-йтын,-йтін,-ар,-ер,-р,мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек. М:Терең судың ағысы білінбес.

4. Еліктеуіш сөздер -сөз табы ретінде кейінірек танылған с.т. Е.с. дербес с.т.деп дәлелдеген – Ысқақов. Е.с.-белгілі дыбыстық құрамнан тұратын, буын,дыбыс саны да белгілі сөздер. Еліктеу сөздер -табиғаттағы, өмірдегі заттардың соқтығуынан, түрлі хайуан,аң-құстардың дауыстарына еліктеуден пайда болған адамдардың сөйлеу аппаратарынан шыққан дыбыстарды білдіретін сөздер.Топтастыру: 1.Табиғат құбылыстарының және өмірдегі заттардың қозғалуынан; 2.Адаммен байланысты дыбысқа еліктеу;3. Алуан түрлі хайуан,аң-құстардың дауыстарына, дыбыстарына;4.Жансыз заттардың бір-бірімен соқтығысуынан пайда болған.

5. Осы шақ; – сөйлеуші хабарлап тұрған мезгілге жасалуы сай келетін етістік.М.:Ол қалада тұрады. Екі түрі бар: 1.Нақ осы шақ – қимылдың сөйлеуші хабарлап жатқанда болып,жасалып жатқанын білдіреді. Жасалуы: -п отыр,-п тұр,-п жүр, -п жатыр. ;2.Ауыспалы осы шақ – сөйлеуші хабарлаған кездегі қимылды да, үнемі істелетін қимылды да, адамзатқа,ғаламзатқа тән табиғи қимыл-әрекетті де білдіре береді. Жасалуы: түбір етістікке –а,-е-й жұрнағы жалғанып, одан соң жіктік жалғауы жалғану арқылы. М. Күн жылынып келеді.

6. Сын есім – заттың түрлі сындық қасиеттерін, сындық сипатын сипаттайды.Мағыналық топтары: 1. Түсін білдіретін: ақ, қызыл;2. Дәмін білдіретін: қышқыл;3.Иіске қатысты: иісті;4.Көлемдік белгісі:үлкен,кіші;5.Мезгілдк белгісі:қысқы; 6.Адамның келбеті:әдемі,түрсіз;7.Адамның мінез-құлқы:әдепті;8.З. физикалық белгісі: қатты;9.З. сыртқы тұлғасы: үшкір,сопақ; 10.З. салмақ белгісі:жеңіл; 11.Адамның ақыл-ой белгісі:ақылды.12.Мекен белгісі:үйдегі;13.Теңеу сыны: баладай, таудай;14.Көңіл-күй сыны: көңілді;15.Қалып сыны:ашық;16.Адамның сыртқы бейнесі:арық.

7. Өткен шақ;– сөйлеу кезінен бұрын болған қимыл.Түрлері: 1.Жедел -қимылдың тез арада жасалып өткенін сенімді түрде білдіреді. Түбірге -ды,-ді,-ты,-ті жұрнағы тікелей жалғанып, одан кейін ж.ж.қысқа түрі жалғану арқылы; 2.Бұрынғы -өте ертеде, сөйлеуші хабарлағаннан бірсыпыра бұрын болып өткен қимылды білдіреді.Жасалуы: -ып,-іп-п,-ған,-ген,-қан,-кен,-ген екен. ;3.Ауыспалы - -атын,-етін,-йтын,-йтін жұрнағының түбір етістікке жалғануы арқылы жасалып, сөйлеуші хабарлағанға дейін болған,болып тұрған қимыл; 4.Қатыстық; -қимылды кейін еске түсіру мәнін білдіреді. –п еді,-ған еді,-атын еді,-іп отыр еді,-п тұр еді,-ер еді,-мақ еді,-ушы еді,-уде еді.жоқ еді. М.:Соңғы өлеңнің тұсында әжесі де түсінген еді.Ол мұны біліп жүр еді.

8. Жалғау —сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. 1. Көптік – з.е. сандылық категориясының көптік мағынасын білдіретін жалғау.2. Тәуелдік – меншіктілік,тәуелдік мағынаны білдіреді. Т.ж.жақтыө мағыналы қосымша болғандықтан, ол 3 жақта анайы, сыпайы,жекеше,көпше түрде қолданылады. 3. Септік -з.е. және есім сөздердің сөйлемдегі басқа сөздермен өзара қарым-қатынасын білдіретін гр-қ мағыналы жалғау.4. Жіктік – қимыл-әрекеттің,істің жақтық мағына арқылы кімге қатысты екенін білдіретін қосымша.

9. Грамматикалық форма – сөздің сөйлемде категориялардың көрсеткіштерімен қолданылып, гр-қ мағынада қолданылған түрі. Грамматикалық форма — аффикстер, дыбыстық алмасулар, екпін, қайталау, көмекші сөздер, сөздердін орын тәртібі, интонация арқылы көрінеді. Синтетикалық және аналитикалық болып екіге бөлінеді. Синтетикалық сөзтұлға – гра-қ категорияның қосымшалары арқылы түрленген сөздер. Аналитикалық – г.м. көмекшілері, яғни ана-қ форманттары арқылы түрленген сөздер. Грам-қ категория – бір тектес жүйелі г.м.тұратын және оларды білдіретін арнайы г.көрсеткіштері бар тілдік құбылыс.

10. Сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысу құбылысы – транспозиция деп аталады. Сөздін басқа категорияға өтуіне не қызмет етуіне байланысты: субстантивтену (зат есімге айналу), адъективтену (сын есімге айналу), вервалдану (етістікке айналу), адвербиалдану (үстеуге айналу), прономиналдану (есімдікке айналу) жүзеге асады.

11. Жалғаулар сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып есептеледі. Жалғауларда мағыналық дербестік те, тұлғалық дербестік те болмайды. Өйткені жалғаулар, біріншіден, жеке-дара қолданылмайды, екіншіден, жеке-дара тұрғанда ешқандай мағынасы да болмайды. Ал мағыналы сөздерге қосылғанда, олардың атқаратын қызметтері де зор және ол сөздерге тиісті грамматикалық мағыналар да жамайды. Қазіргі қазақ тілінде жалғаулардың 4 түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулар. Осы төрт жалғаудың өзіне тән грамматикалық мағыналары, сол мағыналарына орай, арнаулы гр-қ формалары және сол гр-қ мағыналары мен формаларына сай, олардың өзді-өздеріне тән ерекше қызметтері бар.Түбір сөзге алдымен көптік жалғауы, одан кейін тәуелдік, септік жалғаулары жалғанады. Мысалы: адам+дар, адам+дар+дың, адам+дар+ым+ды.

12. Етіс – қимыл-әрекеттің субъектіге, қимылдың нысанына қатысын білдіріп, салт, сабақты етістік жасайтын етістіктің түрі. Өздік пен ырықсыз етістер – салт етістік жасайтын етістер. Ө.е.- субъектіге қатысты қимылды білдіреді. Ө.е. қимылды жасайтын да, қимылға түсетін бір зат, яғни субъекті екенін білдіреді.М.: Олжабек көп ойланды. Жұрнақтары: -ын,-ін,-н. Ы.е. – қимыл-әрекеттің субъектісі аталмай, қимыл өздігінен жасалғандай мәнді білдіріп,сабақты етістіктен салт етістік жасайтын етістің түрі. Ы.е. табыс септікте айтылатын объекті сөзді субъекті тұлғасына көшіріп, субъектіні сөйлемнен мүлдем шығарады. -ын,-ін,-н,-ыл,-іл,-л.

13. Зат есім -заттардың атын,олардың жинақтық атын, жанды және жансыз заттар атын, қасиетін, жалпы сандық ұғымды, тағы басқа дерексіз заттық ұғымдарды білдіреді. Құрамы жағынан: негізгі және туынды. Лексикалық мағынасына қарай: 1. Адамзат, ғаламзат; 2. Жалпы және жалқы; 3.Деректі, дерексіз; 4. Дара, жинақтық, 5. Түрлі реңк мәнді. Г.к. Сандылық, тәуелдік, септік

14. Сөздің морфологиялық құрылымы – морфологияның маңызды мәселелерінің бірі, өйткені қазақ тілінде сөздер сөйлемде әр түрлі құрамда қолданылады, кейде сөздердің өте күрделі құрамда қолданылуы да кездесе береді. Сөйлемдегі сөз бірнеше мағыналы бөлшектерден тұрады. Ол мағыналық бөлшектер морфемалар деп аталады. Морфема – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналы бөлшегі. Негізгі және көмекші морфемалар болып бөлінеді. Н. м. – әрі қарай бөлшектеуге келмейтін лексикалық мағынасы бар морфема. К.м. – өздігінен жеке қолданылмайтын, сөйлемде сөздің құрамында ғана қолданылып, оған түрлі гр-қ мағына үстейтін морфемалар. Қосымшалар, көмекші сөздер болып бөлінеді. Қосымшаның өзі: 1. Г.м.қосымша(жалғаулар,гр.жұрнақтар). 2.Сөзжасамдық қосымша (сөзжасамдық жұрнақтар).

15. Зат есімнің септелу категориясы септік жалғаулары арқылы жүзеге асады.Атау кім?не? Ілік кімнің?ненің? Барыс Кімге?неге? Табыс Кімді?Нені? Жатыс Кімде?неде? Шығыс Кімнен?неден? Көмектес Кіммен?немен?

16. Адамзат атауларына: адамға қатысты жалпы атаулар, туыс атаулары, мамандық иелерінің атаулары, қызмет, лауазым атаулары, кісі аттары жатады. Ғаламзат атауларына: адамды қоршаған барлық жансыз заттардың аты, жан-жануарлардың аты, өсімдік атаулары, құрал атаулары, мекен-жай атаулары, жер-су аттары жатады.

17. Етістіктер мағынасына қарай сабақты етістік және салт етістік болып екіге бөлінеді. Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. Сабақты етістіктер кімді? нені? деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. Мысалы: Сөзді сен баста. Мағынасы жағынан тура объектіні — табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. Салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін, бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды. Мысалы: қаладан қайт.

18. Одағай – адамның сезімін, көңіл-күйін,бұйрығын,шақыру мәнін білдіретін сөз табы. Ерекшелігі: 1.Сөйлем құрамына кірмейді,сөйлемнен оқшау тұрады.2. Сөйлем мүшесі қызметін атқармайды.3. Түрленбейтін сөз табы, гр-қ категориясы жоқ.4.Сөйлем мүшелерімен байланысқа түспейді.5.Сөйлемнен тыс тұрып, тұтас сөйлемге реңк қосады.6. Сөйлемдегі ойды білдіруге қатыспайды. Мағыналық құрамына қарай: Көңіл күй одағайы:

1. Жағымды көңіл күйді білдіретін одағайлар. Мысалы: алақай, охо, жолдас болатын болдым;

2. Жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар. Мысалы: әттең ай, қап, Уай, қайдасындар? Түге бар болғырлар.

3. Әрі жағымды, әрі жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар. Мысалы: а) пай- пай, қандай жарасады, ә!ә)ренжу, наразылық мағынасында: пай- пай, осы бір емізіп тартаның ай! Императивті ишара одағайлары:

1. адамға бағышталып айтылатын одағайлар бұған адамның адресіне бұйыру, жекіру, тиым салу мақсатымен қолданылады. Мысалы: Тек, танымай сөйле! Былғама Нұрғанымды.

2. Мал, үй хаиуанаттарына бағышталып айтылатын одағайлар. Мысалы: әукім әукім, ақ бұзау ертерек өс! Құтты бол, сиыр бол да, сүтті бол!

 

Тұрмыс салт одағайлары бұған адамдармен амандасу, қоштасу т.б. сыйластық белгісі ретінде қолданылады. Мысалы: Құп деді де, қоштасып жүріп кетті агороном.

19. Қосымша морфемалар өз алдында жеке тұрып ешбір мағына бере алмайтын, тек түбір морфемаларға қосылып оған әр түрлі қосымша мағына үстейтін морфемалар. Мағыналары мен қызметтеріне қарай сөзден сөз тудыратын қосымшалар жұрнақтар деп, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшалар жалғаулар деп аталады.Мағынасы мен қызметіне қарай жұрнақтар сөз тудыратын және форма тудыратын болып екіге бөлінеді. Қосымшалар кейде сөз тудыратын морфемалар, сөз түрлендіретін морфемалар және сөз жалғастыратын морфемалар болып бөлініп соған лайық сөз тудырушы, сөз түрлендіруші, сөз жалғастырушы морфемалар болып бөлінеді. Н.Оралбай қосымшалардың қатарына нөлдік форманы да қосады. Нөлдік форма тілдегі сөзді түрлендіру парадигмаларының ішінде грамматикалық мағынасы бар,бірақ көрсеткіші жоқ яғни парадигманың дыбыстық құрамынан тұратын көрсеткіші жоқ бар.

20. Сөз табы - жалпы лексика грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын айтамыз. 1914 жылы баспадан шыққан А.Байтұрсыновтың «Тіл құрал» атты оқулығында атауыш сөздер, шылау сөздер деп екі топқа бөлген. Атауыш сөздерге: зат есім, сын есім, сан есімдік деген бес сөз табын жатқызған. Ал шылау сөздерге: үстеу, демеу, жалғаулық,одағай сөздерді жатқызған. Ал 1915ж басылымында сөз таптары туралы пікіріне біраз өзгерістер енгізген.сөздерді бұрынғыдай екі үлкен топқа бөлмеген. Сөздерді 9 топқа бөлген: зат есім, сан есім, сын есім,есімдік, етістік,үстеу, демеу, жалғаулықтар,одағай. Қ.Жұбанов тілдегі сөздерді басқаша таптастырып. Ғалым сөз атаулыны мүшелі, мүшесіз деп екі топқа бөліп, мүшелі сөздерді түбір және шылау деп бөледі,мүшесіз сөздерге одағайды жатқызады. Ал түбір сөздерді зат есім, сын есім, сан есім,мезгіл мекен есім қазіргі үстеу, орынбасар қазіргі есімдік, етістік. Демек бұл алты сөз табына шылау мен одағайды қосқанда ғалым 8 сөз табын таныған. Мұнда төмендегі ерекшелікті санамағанда кейін грамматикалардан орын алған жаңалық шылаудын әр түріне жеке сөз табы деп санамай, олардын басын қосып бір сөз табы деп санап оны шылау деп атауы. Бұл пікір ғылымда орын алып әбден қалыптасты. Бірақ Қ. Жұбанов қолданған мезгіл мекен, орынбасар есім деген үстеу, есімдік терминдері мағынасындағы терминдер ғылымнан орын ала алмады.Сонымен бұл кезеңдерден соң мына сөз таптары танылды: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік,үстеу, шылау,одағай. Бұл сөз таптарын А Байтұрсынов белгілеген, тек Байтұрсынов екі сөз табы деген жалғаулық пен демеулікті Қ Жұбанов қосып, шылау атағына ғылымда әбден орнықты. Бұл сегіз сөз табы қазақ тілі грамматикаларында 1952ж дейін өзгеріссіз қолданылып келді. 1952ж А Ысқақов оған еліктеуіш сөзді қосты. 2002жылға дейін 9 сөз табы танылып келді. Олар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік,үстеу, еліктеуіш, шылау,одағай. 2002 ж шыққан Қазақ грамматикасы кітабында бұрыннан танылып келе жатқан 9 сөз табына модель сөздер қосылып 10 сөз табы берілген. зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік,үстеу, еліктеу сөздер, шылау,одағай, модаль сөздер. Атауыш сөздерден басқа көмекші сөздердің бір түрі шылау, одағай, модаль сөздер жеке жеке сөз табы болып қаралады., өйткені олардың жеке лексикалық мағыналары болмаса да өзі қатысты сөзге я сөйлемге қосымша грамматикалық мән үстейді немесе мәнер үстейді.

21. Морфология көне грек тілінің morphe форма және logos ілім деген сөзінен шыққан.Морфология деп тілдің морфологиялық құрлысын зерттейтін ғылым яғни сөздің грамматикалық түрлену сипатын зерттейтін ғылым аталады.А.Ысқақов морфологияны сөз және оның формалары туралы ілім деп атаған. Орыс тіл білімінде В.В.Виноградовтан кейін морфологияны грамматикалық сөз туралы ілім деп атау да жиі кездеседі.Сөйлем, сөз тіркестері бір бірімен байланысты сөздерден құралады. Сөздерді бір бірімен байланыстыратын заңдылықтарды грамматиканың морфология саласы зерттейді.Морфология ненеі зерттейді деген салаға келсек, сөз атаулы байланысты ойды білдіру үшін сөйлемде қолданылғанда, сөз сөздіктегі қалпымен бірге, түрлі –түрлі тұлғада қолданылады.

Сөздердің сөйлемде қандай тұлғада қолданылатынын, сөз тұлғасын түрлендіру заңдылықтарын морфология зерттейді.

Грамматиканың екі бөлімі бар, олар Морфология мен синтаксис.Грамматиканың бұл екі саласы бір бірімен тығыз байланысты.Морфология сөздің грамматикалық сипатын зерттегенде, оның жеке сөзге қатысын емес, сөздердің белгілі топттарына қатысын зерттеп,ол грамматикалық сипаттың байланысты ойды білдіруде сөйлемде қандай қызмет атқаратынын анықтайды.

Морфологияның зерттеу нысаны - сөздің түрлену заңдылықтары,синтаксистің зерттеу нысаны- сөз тіркесі, сөйлем.

Негізгі сөз таптары бір бірінен грамматикалық категориялары арқылы және сол категориялардың көрсеткіштері арқылы ажыратылады.Демек, грамматикалық категориялар, олардың көрсеткіштері мен мағыналарын морфология зерттейді.

22.Грамматикалық категория,түрлері, сөз таптарына қатысы. Тілдегі негізгі грамматикалық ұғымның бірі- грамматикалық категория. Грамматикалық категория,ең алдымен, грамматикалық мағынамен және грамматикалық формамен тікелей байланысты.Грамматикалық мағына немесе грамматикалық форма болмаған жерде грамматикалық категорияның болуы мүмкін емес. Грамматикалық категория-- өз ішінде бір біріне қарама қайшы қасиетте бола алатын бірнеше тектес, мәндес грамматикалық мағынаның жиынтығы,бірлігі.Сол бірлік пен өз ішіндегі қарама қайшылық арқылы және соның әрқайсысын білдіретін әр түрлі тәсілдер арқылы немесе соған тән арнайы грамматикалық формалар жүйесі я түрлену парадигмасы арқылы грамматикалық категорияның мәні,сипаты, шегі байқалып, айқындалады.

Грамматикалық категория болудың алғы шарттары: 1) бірнеше, кемінде екі грамматикалық мағына болу керек. 2) Ол мағыналар бір бірімен тектес, ыңғайлас, мәндес болу керек, әр тектес мағыналар грамматикалық мағына құрай алмайды. 3) Ол грамматикалық мағыналар қашанда тектес, ыңғайлас болсада,мысалы, тәуелдік мағына,екінші жағынан, бір біріне қарама қайшы болып,мысалы,сол тәуелділіктегі жақ сияқты,яғни 1- жақ2-жаққа,я 3-жаққа қайшы, 2- жақ 1- жаққа,я 3- жаққа қайшы келуі 4) сөйтіп барып, әрі тектес,әрі ыңғайлас, әрі бір біріне қарама қайшы мағыналардың бірлігі, тұтастығы болуы. 5) сол тектес мағына да қайшы мағынада бөлек бөлек белгілі грамматикалық формалар арқылы берілуі 6) олардың белгілі парадигмалық жүйе құрауы арқылы мағыналық тұлғалық сәйкестік бір жиынтық болуы, осындай талаптар мен шарттарға сәйкес келетін тілдік құбылыс өана грамматикалық категория болып таныла алады.

Түрлері: Грамматикалық категориялар белгілі грамматикалық топтағы сөздердің тұлғалану, түрлену жүйесімен, соған лайық олардың грамматикалық мәнімен, сөйлеу процесінде ол сөздердің атқаратын қызметімен, басқа сөздермен қарым қатынысымен байланысты болғандықтан да, грамматикалық категорияларды тілдік деңгейге қатысты шартты түрде морфологиялық категория және синтаксистік категория деп бөлуге де болады.Сондай ақ морфологиялық категорияларды сөз түрлендіру мәнді м.к және топтау,жіктеу мәнді м.к.

23. Грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасымен бірге оған қосыла жүріп, байланысты ойды білдіруде қызмет атқарады. Сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасының айырмашылықтары бар. 1. Грамматикалық мағына сөйлемде лексикалық мағынаның үстіне қосылады;2. Грамматикалық мағына лексикалық мағынасыз өздігінен жеке тұрып қолданылмайды;3. Лексикалық мағына нақты, шындық өмірге қатысты, ал грамматикалық мағына абстракты, дерексіз.

І. Грамматикалық мағынаның қосымша арқылы берілуі. Қазақ тілінде грамматикалық мағынаны білдіретін қосымшалар мыналар: 1) жалғау; 2) нөлдік қосымша; 3) грамматикалық жұрнақ; Нөлдік қосымша арқылы берілуі. Тілдегі сөзді түрлендіру парадигмаларының ішінде грамматикалық мағынасы бар, бірақ көрсеткіші жоқ яғни парадигманың дыбыстық құрамнан тұратын көрсеткіші жоқ мүшелері бар.

ІІ. Көмекшілер арқылы грамматикалық мағынаның берілуі. Көмекшілер- тілдің дамуында лексикалық мағынасынан айрылып, грамматикалық мағынаға көшкен тілдік бірліктер. Олар алуан түрлі грамматикалық мағынаны білдіретін болып қалыптасқан. Оларға: 1)шылау (және, да, дейін, -ақ); 2) көмекші есімдер (іші, сырты, асты, үсті);3) көмекші етістіктер (еді, екен);4) модаль сөздер (мүмкін, бәлкім, келсе деймін, кетеді білем);5) күшейткіш көмекшілер (өте қалың, тым биік, ең жеңіл);6) күшейткіш буындар (ұп-ұзын, қап-қара).

Жалпы г.м. – лексикалық мағынаның абстракциялануы негізінде пайда болады. (семантикалық). Категориялық г.м. – сөздің сөз формасына әр түрлі грам-қ формалардың жалғануы. (синтетикалық). Қатыстық г.м. – бір сөздің екінші сөзбен тіркесуі. (аналитикалық)

24. Амалдың өту сипаты категориясы. Қимылдың жасалуындағы алуан түрлі ерекшеліктерді дәлме-дәл көрсететін қазақ тілінің грамматикалық құрылысындағы арнайы категория қимылдың,яғни амалдың өту сипаты категориясы деп аталады. Оның қалыптасқан көрсеткіштері бар. Қимылдың өту сипаты категориясы- көп мағыналы категория. Өйткені, қимылдың жасалу тәсілі әр түрлі, қимылдың жасалу тәсілі осы категорияның мазмұны болғандықтан, категория- көп мағыналы. Бір етістікпен категорияның бірнеше көрсеткішінің қолданылуы осы категорияның ерекшелігіне жатады.

Қимылдың өту сипаты категориясы көп мағыналы болғандықтан, оның көрсеткіштері де көп, олар: 1) қосымшалар, яғни грамматикалық жұрнақтар; 2) аналитикалық форманттар;

І. Қимылдың өту сипаты категориясын жасайтын жұрнақтар:

1) –ла, -ле, -да, де, -та, -те жұрнағы түбір етістікке жалғанып, оған қайталану мәнін қосады. Мысалы, бүркеле.. 2) –қыла, -кіле, (-ғыла, -гіле) жұрнағы қимылдың қайталануын білдіреді. Мысалы: шапқыла. 3) –мала, -меле жұрнағы да қимылдың қайталана созылуын білдіреді.: қазбала.4) –ғышта, -гіште:барғышта.5) –ыңқыра, -іңкіре жұрнағы қимылдың жалғаса түсуін білдіреді: алыңқыра.6) –ымсыра, -імсіре жұрнағы қимылдың жетімсіз, әлсіз екенін білдіреді: жыламсыра.7) –сы, -сі жұрнағы жасалынған қимылды жасалған боп көрінуді білдіреді: білгенсі, жазғансы

ІІ. Бұл категорияның ең көп көрсеткіші- аналитикалық форманттар. Қимылдың өту сипаты категориясы негізінен аналитикалық форманттар арқылы жасалады. –а қал, -п жібер форманттары тез жасалған қимылды білдіреді.

Қимылдың өту сипаты категориясының мағынасы үлкен екі топқа бөлінеді: 1) қимылдың жасалу тәсілі; 2) қимылдың жасалу сатысы мағыналары.

Қимылдың жасалу тәсілі 8 түрлі: 1.Қимылдың тездік тәсілі (-а кет, -п кет, -п қоя берді, -п кеп түсті); 2.Созылыңқы қимыл тәсілі (-ла, -ле, -мала, -меле, -қыла, -кіле);3. Жасандылық тәсілі (-ған бол- ұялған бол,білген бол); 4.Жетімсіз қимыл тәсілі (-а жазда, -а жаздап барып); 5. Қимылдың бағыт-мақсат тәсілі (айтып берді, көшіп алдым); 6. Қимылдың ынта тәсілі (шыдап бақты, тілеп бақты); 7. Қимылдың немқұрайды тәсілі (айта сал, бере сал, көре сал); 8. Қимылдың бейімділік тәсілі (ұйықтайын деп жатыр, ашылайын деп тұр);

Қимылдың даму сатысы деп оның басталуынан аяқталуына дейінгі қалып болып саналады. Үш сатысы бар. 1-сатысы –а баста, -а жөнел, -п сала бер, -п жүре бер, -п қоя бер 2-сатысы –п келе жат, -п бара жат, -п келе, -п жат, -п тұр, -п жүр, -п отыр. 3-сатысы аяқталу кезеңін білдіреді: -п бол, -п шық, -й қой, -п қал аналитикалық форманттары арқылы жасалады.

25.Шартты рай 1) А.Байтұрсынов:Шартты рай дейміз – істің істелуіне шарт көрсететін сөздің түрін. Мыс: Берсең аларсың, ексең орарсың. Жіктеу: І. Күрессем; ІІ. Күрессең; ІІІ. Күрессе. 2) «Қазақ грамматикасы» бойынша:Шартты рай қимыл, іс-әрекеттің болу-болмау, орындау мүмкіндігін, шартын білдіріп, етістік түбіріне, лексика-гр/қ категориялар тұлғаларына –са,-се қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Шартты райы етістік ықшамдалған тұлғада жедел өткен шақ тұлғасы сияқты жіктеледі, сөйлемде негізінен алғанда тиянақсыз тұлғ болып қолданылады, сондықтан көбіне-көп шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалады. Мыс: айтсам, айтсаң, айтса.Қазақ тілінде шартты рай тұлғасындағы етістік әр уақытта шарттылық мәнде қолданыла бермейді. Кейде ол шартты рай тұлғалы етістік мезгіл бағыныңқы сөйлемнің немесе да,де шылауымен тіркесіп қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде де жұмсалады. Мыс: көзімді ашып қарасам, екі адам қарауытып тұр екен. Сондай-ақ шартты райлы етістік тілек, армен, мақсат сияқты модальдылық мәнді білдіріп, тиянақты мәнәнде сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мыс: шіркін, биыл оқуға түссем!Шартты райлы ет-к игі еді сөздерімен тіркесіп, қалау рай да жасайды: бар-са игі еді. Болжамды мәнді керек сөзімен тіркесіп білдіреді: айт-са керек.

26.Демеулік шылау 1) А.Байтұрсынов бойынша:Демеу дейміз – сөздің я сөйлемдердің арасын үйлестіруге демеу болатын сөздерді. Қазақ тілінде түбір демеу сөздер, тіпті жоқтың қасы. Мәселен, сұрау демеу: ма, ме, ба, бе, да. Жай демеу: ғой, ақ, әше, бәсе, әлде, та, тағы, бәлкім. Көбінесе демеу орнына басқа сөздер жүреді. Басқа сөздер дегенде демеу орнына есімдік пен етістік екеуінің біте қайнаған сияқты қосылған түрлері әсіресе көп жүреді. Мыс: үйткені (олай еткені дегеннен қысқарған), сүйтіп (солай етіп). Бұлар толық күйінде де қолданылады: олай болса, неге десем. Демеу орнына «мен» (бен) жалғаулық та жүреді. 2) «Қазақ грамматикасы» бойынша:Демеуліктер – өзі шылауында тұрған сөздерге әр түрлі гр-қ мағына, реңк үстейтін сөздер. Олар модальдық-экспрессивтік сипаты зор, семантикалық мүмкіндігі мол сөдер.

Демеуліктердің білдіретін мағынасы сан алуан. Олар өзі қатысты сөздерге я сөйлемге сұраулық, шектік, нақтылық, күшейту, тежеу, болжалдық, күмән сияқты гр-қ мағыналар үстейді. Демеуліктер негізгі сөзге үтейтін мағынасына қарай 7 топқа бөлінеді:

1. Сұраулық демеуліктер көбіне баяндауыш құрамныда келіп, сұраулық мағына береді: ма/ме, ба/бе, па/пе, ше.2. Күшейткіш демеуліктері сөйлемге, айтылған ойға күшейту мәнін қосу үшін қолданылады: -ақ, -ау, -ай, әсіресе, да/де, та/те;3. Шектеу (тежеу) демеуліктері тіркескен сөздеріне шек қойып тежеу мағынасын үстеу үшін қолданылады: ғана/қана, тек, ақ.4. Болжалдық демеуліктер: -мыс, -міс, -ау. Сөйлеушінің айтылған ойға күмәндануын, сенімсіздікті білдіреді. Сөйлемнің эомционалдық-экспрессивтік мәнін арттырады.5. Болымсыздық, салыстыру және қарсы мәнді демеуліктерге түгіл, тұрсын, тұрмақ, ғұрлым сөздері жатады. Түгіл, тұрсын, тұрмақ болжалдық, қарсы қою мәнін білдіреді. Олар етістік, үстеу, есім сөздермен тіркеседі. Ал ғұрлым салыстыру мәнін білдіру үшін қолданылады. 6. Нақтылау мәнді демеуліктер: қой/ғой, ды/ді, ты/ті. Тіркескен сөздерге нақтылау мәнін үстейді.7. Қомсыну мәнді демеулік: екеш. Бұл шылау тіркескен сөзіне қомсыну, менсінбеу мағынасын үстейді. Екеш шылауы негізінен есім сөздердерге тіркеседі: Түйе екеш түйе де егінді таптап беріп қойса керек.

27. Зат есімнің тәуелдік категориясы – түркі тілдерінің, оныі ішінде қазақ тілі грамматикалық құрылысының өзіндік ерекшелігі. Қазақ тілінде меншіктілік, тәуелділік мағынаны білдіретін гр-қ категория бар. Ол – тәуелділік категориясы. Тәуелділік категория деп бір я көп заттың екінші бір затқа меншікті екенін білдіретін катеогрия аталады. Мыс: менің үйім. Бұл гр-қ сөзтұлға тәу-к категориясының гр-қ көрсеткіштері арқылы жасалған. Өйткені тәу-к категориясының меншіктілік мағынасын осы категорияның тәуелдік жалғаулары, меншікті заттың иесін ілік септік білдіреді. Тәу-к жалғ-ң барлығы меншіктілік мағынаны білдірмейді, мысалы: көздің жасы, ағаштың жапырағы, өмір кемесі, қазақ мектебі сияқты қолданыстарда тәу-к жалғауы меншіктілік мағынаны білдіреді деп айтуға келмейді.

Тәу-к мағынаның келесі берілу жолы, меншіктілік мағына –нікі, -дікі, -тікі жұрнағы арқылы беріледі. Мыс: Көз жасымды көретін, көз болса бір – сенікі. Мұнда: көз сенікі.

Меншіктілік мағынаның берілу жолдары 1) жалғау арқылы; 2) жұрнақ арқылы берілуі арасында үлкен айырмашылық бар.

Меншіктілік мағына тәу-к жалғау арқылы берілгенде, жалғау жалғанған сөз заттың кімге меншікті екенін және меншікті заттың не екенін білдіреді. Түркологтар тәк-к жалғауы арқылы берліген меншіліктілікті деректі меншіліктілік деп атайды.

Тәу-к мағынаның жұрнақ арқылы берілуінде жұрнақ жалғанған сөз меншікті заттың иесін ғана білдіреді. Меншіктілік мағынаның жұрнақпен берілуін дерексіз меншіктілік деп атайды.

Оңаша тәуелдену дегеніміз – бір не көп заттың бір адамға меншіктілігін білдіреді. Мыс: менің кітабым, кітаптарым. Ал ортақ тәуелденуде бір я бірнеше зат бірнеше затқа я адамға меншіктілігі білдіріледі. Мыс: біздің баламыз (балаларымыз).

Бұйрық рай (мағынасы, жасалуы, жіктелуі).

Бұйрық рай сөйлеушінің тыңдаушыға немесе тыңдаушы арқылы бөгде біреуге (3-жаққа) қаратылып, бұйрық, сұрай айтылатын, өзіне (1-жаққа) байланысты қимылға, іс-әрекетке қозғау салу, ниет мәнін білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы берілетін рай түрі болып табылады. Бұйрық райдың басты мәні – бұйрықтық мағына. Бұйрықтық мағына негізінен алғанда 2-жаққа байланысты болып отырады: Тыңда, дала, Жамбылды. Ғылым таппай мақтанба. Енді сен жүре бер.

Ал 3-жақта бұйрықтық мағына солғындап, тілек (бұйрық пен тілек), өтініш (бұйрық пен өтініш) мәні байқалып отырады. Мыс: бұлбұл құс әнге салсын. Алма өссін, бұршақ жарсын.

1-жақта бұйрықтық мағынадан гөрі ниет, тілек мәні басым болады, өйткені сөйлеуші өзіне өзі бұйырмайды, бұйрық бермейді. Соған қарап 1-жақты, кейде тіпті 3-жақты да, бұйрық рай шеңберінен шығару керек деген де пікір жоқ емес. Мыс: Сөйле десең, сөйлейін, сөз келгенде... Алдымда толған мақсат, алайын, мынасын ба, анасын ба?

29. Өзгелік және ортақ етіс жасалуы. Өзгелік етіс қимыл, іс-әрекетітің тікелей субъектінің өзі арқылы емес, екінші бір субекті белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын етіс категориясының түрі болып табылады. Өзгілік етіс қосымшалары: 1. – ғыз, - гіз, - қыз, -кіз, 2. –дыр, дір, - тыр, - тір; Ортақ етіс - қимыл, іс- әректінің бір емес, бірнеше субъекті арқылы іске асатынын білдіріп, - ыс, -іс, - с қосымшасы арқылы жасалады. Ортақ етістің ерекшелігі – қимыл атауын білдіруге бейім тұрады да, кейбіреулері сол арқылы заттық ұғымның пайда болуымен зат есім болып кеткен: соғыс, айтыс, жүріс, байланыс т.б. зат есім де, етістік те бола алады.

30. Жалғаулық шылаулар –лексикалық мағынасы жоқ, сөзбен сөзді, сөйлем мен сөйлемді түрлі ыңғайда мағыналық қатынаста салластыра байланыстыратын сөздер.

Ыңғайластық жалғаулықтар-бірыңғай салаласа байланысатын сөйлем мен тең дәрежедегі сөздер, сөз тіркестерін байланыстырып, ыңғайластық қатынастында білдіреді: мен, бен, пен, да,де, та, те, әрі, және.

Арсылықты жалғаулықтар - сөйлемдер арасындағы қарсылық мәнді білдіру үшін қолданылады: бірақ, алайда, дегенменен, сонда да, әйткенмен.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 3119. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия