Студопедия — Модаль сөздер
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Модаль сөздер






Модаль сөздер тілдегі модальдылық және предикаттылық құбылыспен тығыз байланысты. Модальдылық;дегеніміз айтылған сөз бен болмыс арасындағы қатынас түрлерін және хабарлардың әр түрлі қабылдауын көрсететін семантикалық теория. Модаль дегеніміз мөлшер, тәсіл, қосымша мән мағына. Сейілбек Исаев 80-90жж модаль сөздерді жеке сөз табы ретінде қарастырған. Ал Н.Оралбай модаль сөздерді жеке сөз табы ретінде қарастырмайды. Күшейітпелі үстеу бірге көмекші қатынаспен қосып олардың көмекші қызметін саралап модаль сөздерді «аналитикалық ф-ң құрамында модаль категориялық көрсеткіші болғандықтан» оларды сөз табы қатарына қоспайды. Модаль сөздер, басқа барлық көмекші сөз таптары сияқты, ұзақ уақытқы лексика грамматикалық даму процесінде дербес сөз таптарына дараланып шықты. Бұған мысалы білем, кім біледі, әлпеті сияғы. Модаль сөздер сондай ақ заттық мәнін және диалогта предикаттық функциясын жоғалтқан бағыныңқы сөйлемнің баяндауышынан да пайда болады. Модаль сөз тіркестері де сол модаль сөздердің жасалу жолымен пайда болды. Көмекші сөздерді зерттеу өз алдына толық мағыналы дербес сөздердің грамматикалану проблемасымен тығыз байланысты. Модаль сөздер лексика-семантикалық мағынасына қарай 8 топқа бөлінеді.1)болжал мәнді –сияқты, сыңайлы, қисыны, кәдік, болар. 2) міндеттілік –керек, қажет, тиіс,лазым, болу керек сөздердің қатысуымен жасалатын –у керек, -у қажет, -мақ керек. 3)біреудің сөзі дерек негізінде айтылатын сөздер –көрінеді, екен. 4) қостау,растау – рас, расында, шынында анығыда. 5)қалау, тілек – -са,(се) екен, -са(се) дейім, деймін ана-қ фор-т. 6) Күдік, күман - -ра ма екен, -са неғылсын, кім біледі. 7) айтылған ақиқаттылқта нақтылайтын – «де» деп айтады, деп естиді. 8)нық сенімділікті білдіретін – әрине, әлбетте, әлбеттемен.

Келер шақ-сөйлеушінің хабаралауынан кейін болатын қимыл-әрекетті білдіреді. Осы келер шақта қолданылған етістіктер қимылдың жасалуын нақ білдірсе (келеді), басқалары қимылдың жасалуын дүдәмал білдірген. Бұл келер шақтағы етістіктердің мағынасында айырма болатынын байқатады. Осымен байланысты келер шақтың бірнеше түрі бар, олар: ауыспалы, болжалды, мақсатты.

Ауыспалы к.ш.- осы шақ және өткен шақпен жасалу жолы бірдей, мағынасы контекст арқылы ажыратылатын шақ. –а,-е,-й

Болжалды к.ш.- формасы алдағы уақытта істелетін амал-әрекетті атайды, бірақ ол амалдың жүзеге асу-аспауы күдікті, екі талай екені аңғарылады. Ал форманың өзі есімшенің келер шағының –ар (-ер, -р) жұрнағы арқылы етістіктің жалаң және күрделі негіздерінен жасала береді.

Мақсатты к.ш. – формасы амал-әрекеттің алдағы уақытты шүбәсіз, күдіксізжүзеге асатынын көрсетеді.

№42 Үстеу, мағыналық топтары.Үстеу - түрлі-түрлі мағынада қолданылатын сөз табы. Өйткені ол қимылды әр тұрғыда сипаттайды, оған қимылдың жасалған орны, жасалған мезгілі, қимылдың жасауының алуан түрлі сапасы, қимылдың жасалу мақсаты, себебі сияқты түрлі мағыналар кіреді. Сондықтан Мезгіл үстеулері - қимыл атаулының шындық өмірде жасалуы белгілі бір мезгілге қатысты болады. кеше, бүгін, ертең, былтыр, биыл, түнімен, күнімен, түнде, енді, әуелі, жаңа т.б. Қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері - бұл үстеу түрі қимылдың не әрекеттің орнын білдіреді: жоғары, төмен, жолшыбай, әрі, бері, ілгері, алда, артта т.б. Қайда? Қайдан? Мөлшер үстеулері – қимылдың мөлшерін білдіреді: әрең, жете, қирай, сонша, мұнша, онша, соншалық, мұншалық, осыншалық, қыруар, едәуір, осынша т.б.қанша? Қаншалық? Қаншама? Сын-бейне үстеулер і- қимылдың қалай жасалғанын суреттеп көрсету: азар, дереу, осылай, ойша, бірден, бірге, жылдам, біртіндеп, ескерте, қазақша, ауызша, өзінше, әлінше, көзімше, біржола, қолма-қол, бетпе-бет, шалқасынан, етпетінен, қаннен қаперсіз т.б.Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше? Неше?. Мақсат үстеулері - қимылдың қандай мақсатпен жасалғанын білдіреді: әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана, жори. Қимылдың жасалу мақсатты түрлілігі сөйлемде анық байқалады. Неге? Не үшін? Себеп-салдар үстеулері - қимылдың себебін білдіреді: босқа, құр босқа, бекерге, амалсыздан, тектен-текке, аққұла, лажсыздан. Неліктен? Не себептен? Топтау үстеулері - қимылды жасаушылардың топ-топ болып жасайтынын білдіреді: екеулеп, ондап, жүздеп, он-ондап, миллиондап т.б.Нешеден? Қаншадан? Нешеуден? Қалай-қалай? Күшейту үстеулері - қимылды те күшейтіп я өте солғындатып көрсетеді, олар саны жағынан тым аз: мейлінше, әбден, ылғи, кілең, өңкей, сәл, мұншалық, барынша т.б. Қимылдың сапасын я өте күшейтіп, я өте шегіне жеткізе төмендетіп көрсететін үстеудің түрі күшейткіш үстеу деп аталады.

43. Етістіктің жақ категориясы – қимылдың субъектісін көрсететін категория. Жақ категориясы қимылдың субъектісін үш жақ арқылы көрсетеді.1 жақ – сөйлеуші,2-жақ – тыңдаушы, 3 жақ – бөгде адам.Тілде осы үш жақтың әрқайсысының мағынасын білдіретін жіктік жалғаулары бар.Олардан басқа қазақ тілінде 2-жақтың сыпайы түрінің тағы жалғауы бар. Қазақ тілінде ж.ж.3 түрлі: 1.ж.ж. қысқа түрі; 2. Толық түрі. 3. Бұйрық райдың ж.ж.

44.Қимыл есімі. Қимыл атауы істің я әрекеттің нақтылы процесін білдірмей, тек оның атауы ретінде қызмет ететіндіктен, онда шақтық ұғым болмайды. Қимыл атауы семантикасы жағынан да, түрленуі жағынан да етістіктен гөрі зат есімге жақын. Сол себептен қимыл атауына, қолданылу ыңғайына қарай, есімдерге тән көптік, тәуелдік, септік жалғаулары жалғана береді, бірақ оған еш уақытта жіктік жалғауының қосымшасы жалғанбайды. Мысалы: сендердің бүгін келулерің қажет, мына киноны көрулеріңізге болады. Қимыл атауына – лы, -сыз, -лық, -шылық, -ыш, -дай тәрізді елгезек жұрнақтар қосылып, туынды есімдер жасала береді. Мысалы: жазушы, байлаулы, айтушы, естуші, жалғаулық, орауыш, айтудай-ақ айтты т.б.

Етістік негізінен –у жұрнағы арқылы туған кейбір формалар қимыл атауы ретінде жұмсауларымен қатар, субстантивтеніп, адьективтеніп зат я сын есімдер қатарына көшкен. Бұл құбылыс – қимыл атауының есімге жақындығының айғағы. Мысалы, бұрау, жамау, құрау, көсеу.. Қимыл атауы, сөйлеу талабына лайық тиісті жұрнақтар мен жалғаулар қосылып түрленуіне орй өзге де негізгі және көмекші сөздерментіркесуіне қарай, сөйлемде дербес мүше де бола алады, күрделі мүшенің құрамына да ене береді.

45. Зат есімнің көптік категориясы,берілу жолдары Нақтылы лексикалық мағынасына орай зат есім сөйлем ішінде не жекеше не көпше түрде қолданылады.Зат есімдерді жекше,көпше деп аталатын екі топқа айыра көрсетуге негіз болатын ең басты грамматикалық сыртқы белгі оларға көптік жалғауының жалғануы.Көптік мағынаның арнаулы қосымша арқылы пайда болуы негізінен алғанда,көптік жалғауының қызметіне байланысты.Көптік жалғауы жалғанған зат есімдер көптік мағынамен қоса,өзінің бастапқы дексикалық мағынасына орай сөйлем ішінде мынадай мағыналарға ие болады:Нәрсенің өз алдына дербес дербес санап көрсетуге болатын бөлшектерден тұратындығын көрсетеді:өзендер,ыдыстар.

Көптік жалғауы өзі жалғанған зат есімдерге молшылық,қисапсыз көптік секілді мағыналарды үстей алады:сулар,үгінділер.

Зат есімге көптік жалғауы жалғанғанда бұдан кейін пайда болатын басты бір мағыналық реңк белгілі бір адамдардың тобын,жиынтығын білдіру:жастар.

Туыстық жақындықты білдіретін зат есімдердің тәуелденген түріне жалғанған кезде көптік жалғауы біреудің есімін сый тұтуды,құрмет тұтуды білдіреді:апамдар,әжелер.

Көптік жалғауы мезгіл мөлшеріне байланысты айтылатын кейбір зат есімдерге жалғанған кезде сөзге тұспал,шамалау мағынасын үстейді:қыстың ортасында қыстың орталарында.

46.Көмекші есімдер,мағыналық топтар Көмекші есім дегеніміз зат есімнің кеңістік ұғымын білдіретін бір тобы.Жеке алып қарағанда,олар морфологиялық тұрғыдан зат есімдердің түрленуге бейімділігі бар дербес мағыналы сөздер.Көмекшілік қызметте жұмсалған кезде бұл сөздер тәуелдік жалғауының үшінші жағында тұрып тәуелдеулі септеудің үлгісімен септеледі.Көмекші есімдерге тән кеңістік мәнінің мейлінше айқындала,саралана түсуі олардың кеңістік қатынасты білдіретін барыс,жатыс,шығыс септіктерінде жұмсалуымен өзектес:Есіктің алдына келіп тоқтады.Есіктің алдынан шыға келді.Көмекші есімдер өзінің алдында тұрған ілік жалғаулы сөзбен әбден жымдасып,сонымен біртұтас семантикалық бірлік түзеді.Сөйтіп,өзінің бастапқы лексикалық дербестігін жоғалтып,көмекші сөздердің өзге түрлері сияқты бейне бір граммикалық элементке айнала бастайды.Тәуелдік жалғауында тұратындықтан көмекші есімдер әлбетте ілік жалғаулы сөзбен матаса байланысып,сонымен бір тіркесім құрайды.

 







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 2754. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Реостаты и резисторы силовой цепи. Реостаты и резисторы силовой цепи. Резисторы и реостаты предназначены для ограничения тока в электрических цепях. В зависимости от назначения различают пусковые...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия