Келер шақ.
Ø Кесімді келер шақ: бар-атын, жаз-ба-й-тын. Ø Болжалды келер шақ: бар-ар-мын, оқы-ма-с-пын. Ø Мақсатты келер шақ: жаз-бақ-пын. Ø Тілекті келер шақ: жаз-ар едім, жазайын Ø Сенімсіз төл шақ: жазса игі еді. 3. Осы шақ;. Дағдылы осы шақ пен дәл осы шақ. Ø Дағдылы осы шақ: жазады, оқиды, білмейді: Сиыр мөңірейді – осы шақ; Ертең сиыр мөңірейді – келер шақ. Ø Дәл осы шақтың тараулары: а) Жалпы осы шақ – жазып жатырмын. ә) Кәдімгі осы шақ – жазып жүрмін. б) қазіргі осы шақ – жазып отырмын. в) әзіргі осы шақ – жазып тұрмын. Жалпы осы шақ;- істің нақ осы кезде істеліп жатқан болуы да, немес, көптен бері созылып келе жатқан іс болып үздік-создық жүріп жатқан болуы да мүмкін, осыны жалпы түрде айтсақ, етістік жалпы осы шақта болады. Кәдімгі осы шақ; – ұзаққа созылған, үздік-создық істеліп келе жатқан істің жайын айту керек болса, кәдімгі осы шақпен айтамыз. Қазіргі осы шақ; – істеуші дәл осы кезде іс үстінде екендігін көрсету үшін қазіргі осы шақты қолданылады. Әзіргі осы шақ; – дәл осы кезде болып жатқан және өзі сол қалпын жоймаған істі көрсеткіміз келсе, әзіргі осы шақпен айтамыз. Н. Оралбай «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» бойынша: Етістіктің шақ категориясы 1. Өткен шақ;: a) Жедел өткен шақ; b) Бұрынғы өткен шақ; c) Ауыспалы өткен шақ; d) Қатыстық өткен шақ – қимылды кейін еске түсіру мәнін білдіреді. Мысалы: Жұмыскерлер үйіп-төгіп алғыс айтатын еді. Ол өз қалтасына түсетінін әлдеқашан есептеп қойған еді. 2. Осы шақ;: a) Нақ осы шақ; b) Ауыспалы осы шақ; 3. Келер шақ;: a) Ауыспалы келер шақ; b) Болжалды келер шақ; c) Мақсатты келер шақ
|