Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ерте токсикоздар. Жүктілікке байланысты гипертензия. Преэклампсия және эклампсия кезінде шұғыл көмек көрсету принциптері.





 

1. Жүкті әйелдің толассыз құсуына, 2 аптаның ішінде 7 кг салмақ жоғалтуына, диурездің төмендеуіне байланысты жүргізілген қарқынды кешенді емнен нәтиже болмаған жағдайда, көрсетіледі:

* гемодиализ

* диетотерапия

* + жүктілікті үзу

* жүктілікті ары қарай жалғастыру

* детоксикацияның экстракорпоральды әдістері

 

2. Жүкті әйелде жүктіліктің 8 аптасында 1000 мл-ге дейін сілекей ағу, 2 аптада 3 кг салмақ жоғалтқаны, гипотония, минутына 110 ретке дейінгі тахикардия, диурез төмендеуі байқалды, қанда азот қалдығы мен креатинин мөлшері жоғарылаған, зәрде ацетон +++. Қойылған диагноз: Жүктіліктің 8-9 аптасы. Ерте токсикоз. Птиализм. Жүргізілетін іс-әрекет:

*+Госпитализация, кешенді дезинтоксикациялық, инфузиялық, жалпы жағдайды жақсартушы терапия

* Гастроэнтерологта диетотерапия, жалпы жағдайды жақсарту терапиясы

* Әйелдер кеңесінде диспансерлік бақылау

* Гастроэнтерология бөлімшесіне жатқызу

* Госпитализация, жүктілікті үзу

 

3. Егер, жүкті әйелдің қан қысымын, 30 минуттан кем емес аралықта екі рет өлшеуден кейін систолалық қысымы ≥140 мм.с.б.бнемесе диастоликалық қысымы ≥90 мм.с.б.б. болса, бұл – сәйкес келеді:

* Орташа артериалды гипертензияға

* +Жеңіл артериалды гипертензияға

* Ауыр артериалды гипертензияға

* Преэклампсияға

* Эклампсияға

 

4. Егер жүкті әйелдің қан қысымын, 30 минуттан кем емес аралықта екі рет өлшеуден кейін систолалық қысымы ≥160 мм.с.б.бнемесе диастоликалық қысымы ≥110 мм.с.б.б.болса, бұл – сәйкес келеді:

* Орташа артериалды гипертензия

* Жеңіл артериалды гипертензия

* +Ауыр артериалды гипертензия

* Преэклампсия

* Эклампсия

 

5. Жүктілікке байланысты гипертензияның патогенезінде синтезінің жоғарылауы маңызды рөл атқарады:

* Пролактиннің

* Окситоциннің

*+Тромбоксанның

* Простациклиннің

* Простагландин Е-нің

 

6. Жүктіліктің 20-шы аптасынан бастап, босанғаннан кейін 6 апта ішінде қалпына келетін гипертензия аталады:

* Эклампсия

* Преэклампсия

* +Гестационды гипертензия

* Жүктілікпен шақырылған ісінулер

* Созылмалы артериалдық гипертензия

 

7. Жүктілікке дейін немесе жүктіліктің 20-шы аптасына дейін пайда болған және босанғаннан кейін 6 аптаға дейін сақталатын гипертензия, аталады:

* Эклампсия

* Преэклампсия

* Жүктілікпен шақырылған ісінулер

* Жүктілікпен шақырылған гипертензией

* + Созылмалы артериалдық гипертензия

 

8. Жүктіліктің 35 аптасында әйелдер кеңесіне қаралуға келген жүкті әйелдің қан қысымы 140/90 мм.с.б.б.-на көтерілуі байқалады. Жүргізілетін іс-әрекет:

* Дереу перзентханаға жатқызу

*+ АҚҚ өлшеуді 30 минуттан кейін қайталау

* Кардиологтың консультациясы

* Терапевттің консультациясы

* ЭКГ жасау

 

9. Преэклампсияның негізігі клиникалық көрінісі:

* протеинурия, бактериурия

* ісінулер, протеинурия, гематурия

* артериалдқы гипертензия, ісінулер

* артериалдқы гипертензия, цилиндрурия

* + артериалдық гипертензия, протеинурия

 

10. Преэклампсияның жеңіл дәрежесінде, мерзімі жеткен жүктілікте және жатыр мойны Бишоп шкаласы бойынша -9 балл болса, көрсетіледі:

* +амниотомия, толғақ 2 сағаттан кейін болмаса – босануды қоздыру

* қағанақ қабының төменгі бөлігін саусақпен ажырату

* өзіндік босану әрекетін күту

* жоспарлы кесар тілігі

* шұғыл кесар тілігі

 

11. Преэклампсияның ауыр дәрежесіне тән:

* АҚҚ 130/80 мм.с.б.б., тәулігіне 0,033 грамм протеинурия

* АҚҚ 140/90 мм.с.б.б., тәулігіне 0,3 грамм протеинурия

* АҚҚ 150/90 мм.с.б.б., тәулігіне 0,3 грамнан көп протеинурия

* + АҚҚ 160/110 мм.с.б.б., тәулігіне 0,3 грамнан көп протеинурия

* АҚҚ 180/120 мм.с.б.б., талмалар, тәулігіне 3 грамм протеинурия

 

12. «Акушерия және неонатология бойынша ҚР ДСМ негізгі клиникалық хаттамалары мен бұйрықтарына» сәйкес (2010), преэклампсияның ауыр дәрежесімен жүкті әйелге қажет:

* амбулаторлық ем

* мұқият бақылау

* 1-ші деңгейдегі босануға көмектесетін мекемелерде емделу

* 2-ші деңгейдегі босануға көмектесетін мекемелерде емделу

* +3-ші деңгейдегі босануға көмектесетін мекемелерде емделу

 

13. Преэклампсияның ауыр дәрежесін емдеу кезіндегі магний сульфаттың патогенетикалық әсері:

* тыныштандыратын

* зәр айдайтын

* токолитикалық

* аурусыздандыратын

* + тырысуға қарсы

 

14. «Акушерия және неонатология бойынша ҚР ДСМ негізгі клиникалық хаттамалары мен бұйрықтарына» сәйкес (2010), преэклампсияның ауыр дәрежесі диагнозы қойылған жағдайда, келесі сағаттар ішінде босандыруды жүргізу қажет:

* 1-6

* 7-12

* 13-18

* +24-48

* 49-72

 

15. Жүкті әйелде эклампсияға байланысты тырысуларда күттірмейтін көмек басталады:

* + сол жақ қырына жатқызу, механикалық асфиксияны болдырмаудан

* арқасымен жатқызу, жұмсақ тіндердің жарақаттарын болдырамаудан

* магнезиалды терапияны бастаудан

* промедолды көк тамырішіне енгізуден

* оттегі беруден

 

16. Жүктіліктің 34 аптасында қарқынды терапия бөлімшесінде эклампсиямен жатқан жүкті әйелге тырысуға қарсы және гипотензивті ем жүргізу кезінде, 6 сағаттан кейін тырысу ұстамасы қайталанды. Жағдайы тұрақталғаннан соң қынаптық тексеру жүргізілді: жатыр мойны Бишоп бойынша -5 балл. Жүргізілетін іс-әрекет:

* Симптоматикалық емдеу барысында жүктілікті жалғастыру

* 3 тәулік емдеу, нәтиже болмаған жағдайда-босандыру

* Босану әрекетін индукциялау

* +Шұғыл кесар тілігі

* Жоспарлы кесар тілігі

 

17. Жүктіліктің 37 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі. Босанудың І кезеңі. Нәресте өміріне қауіп төну диагнозы қойылған босанушы әйел үшін босанудың келесі түрі қарастырылады:

* Қынаптық

* Вакуум-экстракция

* Акушерлік қысқыш

* Жоспарлы кесар тілігі

* +Шұғыл түрде кесар тілігі

18. Эклампсиямен түскен жүкті әйелге, магнезиалды емді бастау керек:

*+ дереу талмадан кейін

* талмадан 1 сағаттан кейін

* дереу босанғаннан кейін

* босанғаннан 2 сағаттан кейін

* талма кезінде

 

19. «Акушерия және неонатология бойынша ҚР ДСМ негізгі клиникалық хаттамалары мен бұйрықтарына» сәйкес (2010), жүкті әйелде 4 сағаттан кейін 2 рет алынған зәрде келесі мөлшерде (грамм/литр) белок анықталса протеинурия болып саналады:

* 0,003

* 0,03

* + 0,3

* 3,0

* 33

 

20. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде, талмаға қарсы симптоматикалық емде қолданылатын, 10-15 минут ішінде көк тамырға баяу енгізілетін 25% -20,0 сульфат магний ерітіндісіне сәйкес келетін құрғақ зат салмағы(грамм):

* 1

* 3

* +5

* 7

* 8

 

21. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде, мерзімі жеткен жүктілікте және Бишоп шкаласы бойынша 5 балл болса, магнезиалды терапиямен бір мезетте келесі шара көрсетіледі:

* амниотомия, толғақ 2 сағаттан кейін болмаса –босануды қоздыру

* өзіндік босану әрекетін күту

* шұғыл түрде кесар тілігі

* + простагландиндермен босануды индукциялау

* жоспарлы түрде кесар тілігі

 

22. Преэклампсиясы бар жүкті әйелде жүктіліктің 32 аптасында плацентаның мезгілінен бұрын сылыну белгілері пайда болды. Перзентханаға шұғыл түрде жатқызылды. Жүргізілетін іс-әрекет:

* Преэклампсияның қарқынды терапиясы және босануды индукциялау

* Қарқынды терапия және жүктілікті сақтау

* Босануды қоздыру мен босануды ынталандыру

*+Шұғыл түрде кесар тілігі

* Жоспарлы түрде кесар тілігі

 

23. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде немесе эклампсияда талмаға қарсы симптоматикалық емде қолданылатын, 10-15 минут ішінде көк тамырға баяу енгізілетін сульфат магнийдың 5 грамм құрғақ затына сәйкес келетін ерітінді мөлшері:

* 25% -5,0

* 25% -10,0

* 25% -15,0

* +25% -20,0

* 25% -25,0

 

24. Преэклампсияның ауыр дәрежесінде немесе эклампсияда талмаға қарсы симптоматикалық ем мақсатында, көк тамырға үздіксіз енгізілетін, сульфат магний ерітіндісінің енгізу уақытының ұзақтығы (сағат):

* 1-11

* +12-24

*25-36

* 37-48

* 49-60

 

25. Жүктіліктің 36 аптасында, преэклампсияның ауыр дәрежесін 24 сағат көлемінде емдеу нәтижесіз болды, жатыр мойнын простагландиндермен босануға дайындағаннан кейін, жатыр мойны «жетілмеген» (Бишоп бойынша – 5 балл), нәрестенің жүрек соғысы анық, минутына 140 рет. Жүргізілетін іс-әрекет:

* амниотомия жасау

* босануды индукциялау

* + кесар тілігін жасау

* консервативті емді 48 сағаттқа дейін жалғастыру

* жатыр мойнын дайындауды 24 сағатқа дейін жалғастыру

 

26. HELLP синдромы келесі патологияның асқынуы болып табылады:

* +преэклампсияның

* ерте токсикоздың

* гестациалық пиелонефриттің

* жүктілікпен шақырылған ісіктің

* созылмалы артериалды гипертензияның

 

27. Эритроциттің гемолизі, бауыр ферменттерінің концентрациясының жоғарылауы, тромбоцитопения – бұл келесі патологияның негізгі белгілері:

* преэклампсияның

* ерте токсикоздың

* + HELLP – синдромның

* жүктілікпен шақырылған ісінудің

* созылмалы артериалды гипертензияның

 







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 3451. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2026 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия