Студопедия — Жүйке аурулары кафедрасы ИГА қаз. «Неврология» пәні бойынша. 1 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жүйке аурулары кафедрасы ИГА қаз. «Неврология» пәні бойынша. 1 страница






 

1. Терең сезімділіктің 2 нейрон клеткалары қайда орналасқан:

А. теріде

Б. жұлын түйінінде

В. жұлынның артқы мүйізінде

Г. көру төмпешігінде

+Д. ми бағаны ядроларында

 

2. Үстірт сезімділіктің 2 нейрон клеткалары қайда орналасқан:

А. теріде

Б. жұлын түйінінде

+В. жұлынның артқы мүйізінде

Г. көру төмпешігінде

Д. ми бағаны ядроларында

 

3. Терең сезімділіктің 3 нейрон клеткалары қайда орналасқан:

А. теріде

Б. жұлын түйінінде

В. жұлынның артқы мүйізінде

+Г. көру төмпешігінде

Д. ми бағаны ядроларында

 

4. Сезімталдық бұзылысының шеткі типінде қандай синдром байқалады?

+А. Шеткі

Б. таламусиық

В. Сегментарлы-диссоциациялық

Г. комиссуралдық

Д. қыртыстық

 

5. Сезімталдық бұзылысының жұлындық типінде қандай синдром байқалады?

+А. сегметтік комиссуралдық

Б. түбіршіктік

В. таламустық

Г. капсулярлық

Д. қыртыстық

 

6. Сезімталдық бұзылысының церебралдық типінде қандай синдром байқалады?

А. түбіршіктік

Б. сегменттік

+В.қыртыстық

Г.полиневриттік

Д. өткізгіштік

 

7. Сезімталдық бұзылысының жұлындық типінде қандай синдром байқалады?

А. мгнгневриттік

Б.таламустық

В. полиневриттік

+Г. Броун- Сикар синдромы

Д. капсулярлық

 

8. 56 жастағы азаматта бастың шүйде аймағында, сол жақ мойнының, иық үстінде, қолында, кеудесінде ауырсыну мен температуралық сезімділік төмендеген. Жанасу, бұлшық ет-буын және діріл сезімі сақталған. Топикалық диагноз қойыңыз:

А. сол жақ алдынғы мүйіз

Б. оң жақ алдынғы мүйіз

В. жұлын жартысы

+Г. сол жақ артқы мүйіз

Д. оң жақ артқы мүйіз

 

9. Науқастың сол аяғында Д12 тұсынан төмен қарай үстірт сезімділік, ал оң аяғында бұлшқ ет буын сезімділігі жойылған. Сонымен қатар оң аяғы орталық типте сал болып қалған. Нерв жүйесінің қай құрылымы зақымданған?

А. омыртқааралық түйін

Б. жұлынның көлденеңнең тұтастай зақымдануы

+В.жұлын көлденеңнен жартылай зақымданған

Г. жұлынның артқы түбіршегі

Д. жұлынның артқы мүйізі

 

10. Орталықтан (сiреспелi) сал болудың белгiлерi

А. бұлшық еттердi семуi

+Б. гипертонус

В. гипотония

Г. гипорефлексия

Д. фасцикуляциялар

 

11. Босаң салдануға тән симптом:

А. тісті дөңгелек

Б. оральдық автоматизм

В. қисық мойын

Г. гиперрефлексия

+Д. арефлексия

 

12. Аталған симптомдардың қайсысы бүгiлетiн экстензорлық патологиялық симптомға жатады?

А. Жуковский симптомы

Б. Бехтерев симптомы

+В. Оппенгейм симптомы

Г. Мендель симптомы

Д. Россолимо симптомы

 

13. Аталған симптомдардың қайсысы бүгiлетiн патологиялық симптомдарға жатады?

А. Бабинский симптомы

Б. Оппенгейм симптомы

В. Жуковский симптомы

Г. Шеффер симптомы

+Д. Россолимо симптомы

 

14. 65 жастағы сырқатты тексеру нәтижесiнде бел лордозының жазылуы, бел аймағында ауырсыну. Мацкевич, Вассерман симптомы оң жақта, он санның iшкi және алдыңғы жағында гипостезия, тiзе рефлексi төмендегенi анықталды. Сырқатта зақымдану деңгейін анықтаңыз:

А. L1-L3

Б. Д3-Д5

В. L5-S1

+Г. L2-L4

Д. Th1-Th2

 

15. Ауруханаға жеткiзiлген сырқат оң жақ аяқ қолындағы әлсiздiкке шағымданады. Тексеру нәтижесi: оң жақ аяқ қолдағы күшi екі балға дейiн төмендеген, бұлшық ет тонусы және терең рефлекстер жоғарылаған, патологиялық рефлекстер анықталады. Салданудың түрін анықтаңыз:

А. сіреспелі парапарез

Б. жоғарғы сіреспелі парапарез

+В. оң жағында сіреспелі гемипарез

Г. сол жағында сіреспелі гемипарез

Д. төменгі босаң парапарез

 

16. Ауруханаға жеткiзiлген сырқатта тетрапарез анықталды. Қол бұлшық еттерінің семуі, гипотония, гипорефлексия, ал аяғында рефлекстер жоғарылаған, патологиялық рефлекстер анықталады. Құрсақ рефлекстері шақырылмайды. Зақымдану деңгейін анықтаңыз:

А. жұлынның бел буылтығы деңгейінде зақымдануы

Б. жұлынның кеуде бөлімінің зақымдануы

+В. жұлынның мойын буылтығы зақымдануы

Г. жұлынның мойын буылтығынан жоғары деңгейiнде зақымдануы

Д. жұлынның алдынғы мүйізі

 

17. Сырқат аяғындағы әлсіздікке шағымданады. Аяғында бұлшық ет гипотрофиясы, гипорефлексия, шап деңгейінен сезімділік бұзылған. Зақымдану деңгейін анықтаңыз:

А. жұлынның мойын буылтығынан жоғары деңгейiнде

Б. жұлынның мойын бөлімінің зақымдануы

В. жұлынның кеуде бөлігінде зақымдануы

+Г. жұлынның бел буылтығы зақымдануы

Д. жұлынның көлденең зақымдануы

 

18. Сырқатты тексеру нәтижесiнде денесiнiң сол жақ бөлiгiнде белсендi қимылдары анықталмайды, сол жақ аяғының жазатын және қолын бүгетiн бұлшық еттердiң тонусы жоғары, терең рефлекстерi жоғары, сол аяқ ұшының ырғақты қимылдары, сол жағында Бабинский симптомы анықталады. Бұлшық ет атрофиясы жоқ. Топикалық диагноз қойыныз:

А. көру төмпешiгi

Б. жұлынның мойын буылтығынан жоғары

+В. оң жақ iшкi капсуланың артқы саны

Г. жұлынның мойын буылтығының сол жақтан жартылай көлденеңнен зақымдануы

Д. сол жақтағы ми қыртысының алдыңғы орталық иреленi

 

19. Сырқат тәуліктің қараңғы мезгілінде шайқалып жүруіне шағымданды. Обьективті: күші мен бұлшық ет тонусы өзгермеген. Терең сезімталдық төмендеген. Көз бақылауымен қимыл қоғалысын қалыпты орындайды. Атаксия түрін анықтаңыз

А. маңдайлық

Б. вестибулярлық

В. статикалық

Г. динамикалық

+Д. сенситивтік

 

20. Мишықтың жарты шары зақымданғанда қандай атаксия түрi кездеседi?

А. статикалық атаксия

+Б. динамикалық атаксия

В. сенситивтi атаксия

Г. маңдай атаксиясы

Д. вестибулярлы атаксия

 

21. Мишықтың табаны зақымданғанда қандай симптом кездеседi?

+А. статикалық атаксия

Б.гиперрефлексия

В. бұлшық ет гипотониясы

Г. гипорефлексия

Д. сенситивтi атаксиясы

 

22. Сырқатты тексеру нәтижесiнде бұлшық еттiң сiресуi, брадикинезия, ахейрокинез, пропульсия, брадилалия, парадоксальды кинездер, қол ұшы мен бастың майда дiрiлi, брадипсихия анықталды. Синдром қалай деп аталады?

А. менингиальдық синдром

+Б. акинеттік- регидтік синдром

В. гиперкинездік синдром

Г. мишықтық атаксия синдромы

Д. алмасушылық синдром

 

23. Сырқатты тексеру нәтижесiнде динамикалық атаксия, интенциялы дiрiл, нистагм, адиадохокинез, дисметрия, бұлшық ет гипотониясы, буын-буынға бөлiп сөйлеу, атаксиялық жүрiс, жүргенде бiр жағына ауытқу анықталады. Зақымданған ошақ қайда орналасқан?

+А. мишық табаны

Б. мишық жарты шары

В. ортаңғы ми

Г. варолии көпірі

Д. iшкi капсула

 

24. Сырқатта бұлшық ет гипотониясы мен статикалық атаксия байқалады. Отыра алмайды, жүргенде алға, артқа құлайды, аяғының арасын ашып жүредi. Зақымданған ошақ қайда орналасқан?

А. вестибулярлық аппарат

Б. жұлының артқы мүйiзi

В. қыртыс асты түйіндер

+Г. мишықтың табаны

Д. сүйелдi дене

 

25. Сырқатты тексеру нәтижесiнде статикалық атаксия, бұлшық ет гипотониясы, мас адамдай шайқалып жүруi анықталды. Ромберг кейпiнде артқа, алға құлайды, басын дұрыс ұстай алмайды. Топикалық диагноз қойыныз:

А. ми бағанының вестибулярлық ядросы

Б. капсулярлық синдром

В. боздық шар мен қара зат

+Г. мишықтың табаны

Д. ми қыртысы ядро жолы

 

26. Ауруханаға 10 жастағы қыз түстi. Ол ерiксiз қозғалыстарға, қолдарының жазып бүгiлуiне,тiлдi ауызынан шығарып тұра алмайтындығына шағымданады. Оның қозғалыстары ерiксiз, тез, кең ауқымды, ренжiгенде тез күшейедi. Бұлшық ет тонусы төмен. Зақымдану ошағы қайда орналасқан?

А. бозғылт шар

+Б. қауыз бен құйрықты ядро

В. қара зат

Г. көру төмпешiгi

Д. алдыыңғы орталық маңдай иреленi

 

27. Хореялық гиперкинез қандай ауруда байқалады?

А. нейросифилисте

Б. іш сүзегінде

+В.ревмитизмде

Г. нейробруцеллезде

Д. паротитте

 

28. Битемпоральдық гемианопсия қандай құрылым зақымданғанда пайда болады?

А. көру нерві

Б. көру трактысы

+В. хиазманы орталық бөлiгi

Г. хиазманың латеральды бөлiгi

Д. көру сәулесi

 

29. Гомонимдік гемианопсия қандай құрылымдар зақымданғанда байқалады?

А. көздің торлы қабығы

Б. шүйде бөлігі

В. төбе бөлігі

Г. хиазманың ішкі бөлігі

+Д. көру тракты

 

30. Аргайл-Робертсон синдромының белгісі:

А. экзофтальм

+Б. көз қарашығының жарыққа тікелей және бірлестік реакциясы жойылған

В. көз қарашығының аккомодация реакциясы жойылған

Г. оң жағында амавроз

Д. оң жағында амблиопия

 

31. Мийяр- Гублер синдромында қандай белгі болуы мүмкін?

А. Vжұп ядросы мен пирамидалық жол

Б. VІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

+В. VІІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

Г. ХІІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

Д. VІІІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

 

32. Джексон алмасушылық синдромында қандай белгі болуы мүмкін?

А. Vжұп ядросы мен пирамидалық жол

Б. VІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

В. VІІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

+Г. ХІІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

Д. VІІІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

 

33. Вебер алмасушылық синдромында қандай белгі болуы мүмкін?

А. Vжұп ядросы мен пирамидалық жол

Б. VІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

В. VІІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

+Г. ІІІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

Д. VІІІ жұп ядросы мен пирамидалық жол

 

34. 30 жастағы сырқатта жоғары Т*, птоз, мидриаз,көз қимылының шектелуі анықталды. Сырқатта қандай синдром дамыды?

А. менингиальдық

Б. регидтік

В. мишықтық атаксия

 

Г. офтальмоплегиялық

Д. гиперкинездік

 

35. 34 жастағы сырқат көзінен жас ағуына шағымданды. Онда лагофтальм, желкен, леп белгiсi симптомдары анықталады. Сырқатта қандай нерв зақымдануы мүмкін?

А. вестибулярлық

Б. кезбе

+В. бет

Г. қосымша

Д. үшкіл

 

36. Жалған бульбарлық синдромға мына симптомдардың қайсысы жатады?

+А. зорлана күлу

Б. тіл гипотрофиясы

В. тіл гипотониясы

Г. фибрилляциясы

Д. афазия

 

37. 60 жастағы сырқатта мынадай симптомдар пайда болды: жұтынудың қиындауы, гипофония, назолалия, дизартрия. Қандай синдром дамыды?

А. акинеттік

Б. жалған бульбарлық

В. гиперкинездік- гипотониялық

+Г. бульбарлық

Д. офтальмоплегиялық

 

38. Симпатико-адреналдық кризде қандай сезімдер пайда болады?

+А. қорқыныш сезімі

Б. көру елестері

В. құлақ шуылы

Г. көз қарауытуы

Д. бас ауруы

 

39. Вегетативтік нерв жүйесінің сегмент үсті құрылымдары:

А. қызыл ядро

Б. сүйелді дене

+В. торлы формациясы

Г. боз шар

Д. қара зат

 

40. Сырқатта қалшылдап-дірілдеу, бас ауруы, тынышсыздық, жиі-жиі кіші дәретке отырғысы келуімен қатар жүрегі аса жиі соғатындығынан мазасы кететіндігі байқалады. Ол есінен танбайды. Бұл қай синдром?

А. вегетативтік полинервит

Б. тырыспалы талма

+. ваго-инсулярлық криз

Г. қалқан-таңдай түйіні невралгиясы

Д. симпатико-адреналдық криз

 

41. Сырқаттың қол ұшында үнемі ауырсыну мен жансыздану байқалады. Тексеріс кезінде:қол ұшында акроцианоз, акрогипергидроз, алақанында гиперкератоз, тырнақтары сынғыш,"қолғап"тәрізді гипестезия. Болжамалы диагнозын анықтаңыз:

А. ганглионит

Б. бас сақинасы

+В. вегетативтік полиневрит

Г. гипоталамиялық синдром

Д. Клод-Бернар-Горнер синдромы

 

42. Сырқатта клоникалық тырысу оң аяғының ұшы тартылуынан басталып, оң қолы мен оң жақ бетіне дейін таралады. Талма 1-2 минутқа созылады. Патологиялық ошақ қайда орналасқан?

А. оң жақ алдыңғы орталық ирелеңнің төменгі бөлігі

Б. сол жақ артқы орталық ирелеңнің төменгі бөлігі

+В. сол жақ алдыңғы орталық ирелеңнің жоғарғы бөлігі

Г. жоғарғы маңдай ирелеңі

Д. мидың маңдай бөлімі

 

43. Сол жақтағы артқы орталық ирелең зақымданғанда байқалауы мүмкін?

+А. оң жағында гемигипестезия

Б. сол жағында гемигипестезия

В. оң жағында гемипарез

Г. сол жағында гемипарез

Д. оң жағында анестезия

 

44. Оң жақтағы алдынғы орталық ирелеңнің жоғарғы бөлігі зақымданғанда байқалауы мүмкін?

+А. сол аяғында анестезия

Б. сол қолында анестезия

В. сол бетінде анестезия

Г. сол жағында гемипарез

Д. оң жағында гемипарез

 

45. Алдынғы орталық ирелең зақымданғанда байқалауы мүмкін?

А. гемигипестезия

+Б. сіреспелі гемипарез

В. аяғында ұстама

Г. шеткі монопарез

Д. шеткі гемипарез

 

46. Мидың қандай бөлігі зақымданғанда акалькулия байқалады?

А. шүйде

Б. маңдай

+В. төбе

Г. ішкі капсула

Д. самай

 

47. Мидың төбе бөлігі зақымданғанда болатын симптомдар?

А. гемипарез

Б. моторлық афазия

В. сенсорлық афазия

+Г. алексия

Д. гемианопсия

 

48. Мидың шүйде бөлігі зақымданғанда болатын симптомдар?

+А. квадранттық гемианопсия

Б. битемпоральдық гемианопсия

В. биназальдық гемианопсия

Г. есту агнозиясы

Д. астереогнозия

 

49. Мидың самай бөлігі тітіркенгенде қандай симптом кездеседі?

+А. есту елесі

Б. макропсия

В. иіс сезу елесі

Г. көру елесі

Д. аносмия

 

50. Сырқатты тексерген кезде анықталған симптомдар: астазия-абазия,

есерлік, эйфория, Осы симптомдар мидың қай құрылымы зақымданғанда пайда болады?

А. қарақұс бөлімі

Б. самай бөлімі

+В. маңдай бөлімі

Г. төбе бөлігі

Д. сопақша ми

 

51. Сырқатта сол қол қлының әлсіздігі пайда болды. Обьективті: сол қолы салбырағын, қол ұшын жаза алмайды, күші 3,5-4,0 баллға дейін төмендеген, карпо- радиалдық және шынтақ жазылу рефлексі төмендеген. Топикалық диагнозын анықтаңыз:

А. оң жақ шынтақ нерві зақымданған

Б. сол жақ кәрі жілік нерві зақымданған

+В. сол жақ кәрі жілік нерві зақымданған

Г. сол жақ шынтақ нерві зақымданған

Д. ортаңғы нерв зақымданған

 

52. Науқас белінің сол жағындағы, сол аяқтың артқы аймағына, аяқ басының І бармағына берілетін қатты ауру сезіміне шағымданады. Объективті: жүрісі аяушы, аяқ басына басады, Ласег, Нери симптомдары айқын оң. Бөксе және балтыр бұлшық еттерінің тонусы төмендеген. Сол жақ ахилл рефлексі төмендеген. Топикалық диагнозын анықтаңыз:

А. L3-L4

+Б. L5- S1

В. L4-L5

Г. L1-L2

Д. S3 –S5

 

53. Бел-сегізкөз радикулопатиясына қай симптом тән?

+А. анталгиялық қалып

Б. зәрін ұстамау

В. төменгі сіреспелі парапарез

Г. тізе рефлексінің жоғарылауы

Д. ахилл рефлексінің жоғарылауы

 

53. Иық өрімінің жоғары салы – Эрба салданыу қандай днңгейде зақымданғанда дамиды:

А. С3 –С4

Б. С1 –С2

+В. С5 –С6

Г. С7 –С8

Д. С8 –Д1

 

54. Иық өрімінің Дежерин – Клюмпке салдануы қандай деңгейде зақымданғанда дамиды:

А. С3 –С4

Б. С1 –С2

В. С5 –С6

+Г. С7 –С8

Д. Д2- Д3

 

55. Ортаңғы нерв зақымдануына тән?

А. 5 саусақты бүге алмау

Б. "салбыраған қол басы"

+В. "маймыл қол басы"

Г. аяқ басын бүге алмау

Д. 4 саусақты бүге алмау

 

56. Кәрі жілік нервінің зақымдануына тән?

+А. "салбыраған" қол басы

Б. "маймыл қол басы"

В. Бүгу-шынтақ рефлексінің жоғарылауы

Г. "тырнақ тектес қол басы"

Д. карпорадиальды рефлекстің күшеюі

 

57. Шынтақ нервінің зақымдануына тән?

А. "салбыраған" қол басы

Б. "маймыл қол басы"

В. тенор бұлшық еттерінің атрофиясы

+Г. "тырнақты қол басы"

Д. карпорадиальды рефлекстің күшеюі

 

58. Науқас К., 28 жаста, сол жақ білегінің жоғары үштен бір бөлігінің оқ жарақатын алған. Объективті: сол қол басының, 1,2,3 саусақтардың ортаңғы және соңғы фалангтарының бүгілуі шектелген. Үлкен саусақтың қарсы орналасуы бұзылған, тенор атрофиясы, сол алақанның күйдіріп ауруы анықталады.

Патологиялық ошақ қайда орналасқан?

А. кәрі жілік нерві зақымдануы

+Б. ортаңғы нерві зақымдануы

В. шынтақ нерві зақымдануы

Г. иық өрімінің зақымдануы

Д. шынтақ және ортаңғы жүйкелерінің бірлескен зақымдануы

 

59. Науқас В., 25 жаста, бетінің сол жағындағы ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі кенеттен, күйдіргіш, ұстама ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін. Ауру сезімі жоғарғы еріннің сол жағынан басталған, шайнау кезінде, жуынғанда, қырынғанда күшейеді. Ауру сезімімен қатар гиперемия, сол жақтық жасаурау анықталады.

Клиникалық диагнозын қойыңыз?

А. варолиев көпірінің ісігі

+Б. үшкіл нерв ІІ тармағының сол жақтық невралгиясы

В. қанат-таңдай түйінінің невралгиясы

Г. бет нервінің нейропатиясы

Д. үшкіл нервтің І тармағының сол жақтық невралгиясы

 

60. 55 жастағы науқас бетінің жарты бөлігіндегі ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданады, қолмен сипағанда, желде, шайнағанда, жұтынғанда күшейетін, кеңсірік аймағында үстінен басқанда ауру сезімі пайда болатын нүкте анықталады.

Болжамалы диагнозын анықтаңыз:

 

А. есту нервінің невриті

Б. тілжұтқыншақ нервінің невралгиясы

+В. үшкіл нерв невралгиясы

Г. шонданай нервіневралгиясы

Д. кіші жіліншік нервің нейропатиясы

 

61. Тіл-жұтқыншақ нерві невралгиясына тән?

+А. тіл түбіріндегі атпалы ауру ұстамалары

Б. жұтқыншақ рефлексінің жоғарылауы

В. Сөйлеу бұзылысы

Г. бетте ұстама аймақтарының анықталуы

Д. тіл ұшында дәм сезудің бұзылуы

 

62. Біріншілік Гийена- Барре полирадикулонейропатиясы кезінде патологиялық үрдіс басталады?

А. қолдардың проксимальды аймақтарының зақымдануынан

Б. аяқтардың проксимальды аймақтарының зақымдануынан

+В. аяқтардың дистальды аймақтарынан

Г. бас миы қыртысының зақымдануынан

Д. ішкі капсула зақымдануынан

 

63. Люмбалды пункцияға абсолютті көрсеткіш болып табылады?

А. жалпы әлсіздік

Б. артқы қаңқа шұңқырының ісігі

+В. менингеалдық симптомның оң болуы

Г. дисфагия

Д. ми бағанасының зақымдалуы көріністері.

 

64. Мидың өлуінің диагностикасында шешуші рөл атқарады?

+А. электроэнцефалографиялар

Б. комьютерлі томографиялар

В реоэнцефалография

Г. эхоэнцефалографиялар

Д. магнитті-ядерлі томографиялар

 

65. Ишемиалық инсульттің диагностикасындағы ең ерте әдіс болып табылады?

А. электроэнцефалография

Б. реоэнцефалография

+В. магнитті – резонасты томография

Г. электромиография

Д. эхо – энцефалогафия

 

66. Геморрагиялық инсульттің диагностикасындағы ең ерте әдіс болып табылады?

А. электроэнцефалография

Б. реоэнцефалография

+В. компьютерлі томография

Г. электромиография

Д. эхо – энцефалогафия

 

67. Ультрадыбыстық допплерография анықтауға мүмкіндік береді?

+А. артериялардың окклюзиясы

Б. эпилепсиялық ошақ

В. ишемиялық ошақ

Г. геморрагиялық ошақ

Д. коллатералды қан айналымды бағалау

 

68. ЭЭГ-нің патологиялық ритмі болып табылады?

А. альфа-ритм амплитудасы 100 мкВ дейін

Б. бета - ритм амплитудасы 15 мкВ дейін

+В. тета – ритм с амплитудасы 40 мкВ дан жоғары

Г. альфа ритм амплитудасы 12 мкВ дейін

Д. бета - ритм амплитудасы 19 мкВ дейін

 

69. Бас миының қан тамырлық патологиясының диагностикасында қолданылатын әдіс?

А. электроэнцефалографиялар

Б. эхоэнцефалографиялар

+В. ультрадыбыстық допплерографиялар

Г. электромиографиялар

Д. нейросонографиялар

 

70. Науқас А., 25 жаста басын артқа шалқайтқанда бас айналу мазалайды, жүрген кезде қисаландау байқалады, баста шумның болуын қан қысымының 169/100 мм сын.бағ. Объективті:есі анық БМБ – өзгеріссіз, рефлекстер бірыңғай, Ромберг позасында басын артқа шалқайтқанда қисаландау күшейеді, басы айналады. Ең қолайлы зерттеуді таңдаңыз?

А. электромиография

Б. электростимуляция

+В. ультрадыбыстық допплерография

Г. электроэнцефалография

Д. эхоэнцефалография

 

71. Науқас К – на, 40 жас ауруханнаға есін жоғалтумен және тонико – клоникалық тырысулармен әкелді. Ең тиімді зерттеу әдісін таңдаңыз?

А. электромиография

Б. реоэнцефалография

В. ультрадыбыстық допплерография







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 3731. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия