Тапсырма №4
Жыл ішінде әрбір қатысушының үлесі өзгереді деп есептеп, таза табысты үлестеріне қарай бөлу қажет(алдыңғы № 96 есепті пайдалану керек). 2008 жылдың 1 аурызында Арман айналымнан 20000 теңгені, Әлия 2008 жылдың 1 маусымында айналымнан 30000 теңгені алды да,1 қыркүйекте 20000 теңгені қайта салды, есепті кезеңдегі таза табыс 600000 теңгені құрады. Әдістемелік нұсқаулар: Есептеу үшін анықтау керек: -капиталдың орта мөлшерін; -капиталдың орташа үлесінің көлемін: - серіктестіктің таза табысындағы қатысушыларының үлесін. Капиталдың орташа үлесінің көлемін мынадай кестеде есептеңіз:
Тапсырма №5 Сатылған тауарларға бухгалтерлік жазулар жазу керек. а) вексель берушіде; б) вексель алушыда; 2008 жылдың 1 желтоқсанында «А» компаниясы 180х180 қайың тақтайларын 1 560 200 теңгеге (ҚҚС ішінде) «В» ЖШС-не біржылдық пайыздық вексельге жылдық 8% сыйақы мөлшерлемесімен сатты. Сатылатын тақтайлардың келісім бойынша құны- 1 120 000 теңге. Лестіріп берілетін материал ӨЖ №4 Жұмыстың мақсаты: Бірігіп бақыланатын ұйымдар, пропорцоналды шоғырландыру, байланысты тараптармен қарым-қатынастар және операцияларды үйрену. Бақылау нысаны: Тапсырма бойынша шығарған есептерді тексертіп, шаруашылық операцияларына сәйкес шоттар корреспонденциясын жазу және тақырыпқа сәйкес бухгалтерлік құжаттарды толтырып, қорғау.
|