Студопедия — Студенттерге ұсынылатын пәндік глоссарий – сөздік тізімі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Студенттерге ұсынылатын пәндік глоссарий – сөздік тізімі






 

Осы дәрістерле мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Активтер - болашақта экономикалық пайданын қамтамасыз ете алатын, өткен оқиғалар нәтижесінде субъект бақылайтын ресурстар;

Амортизация – пайдалы қолдану мерзімі ішінде активтің құнының жүйелі бөлінуі;

Аннуитет – белгілі жылдар саны ішінде жүйелі төлемдер арасындағы тең аралықтағы, бір бағыттағы төлемдердің ағымы;

Аннуитеттің болашақ құны – аннуитетке енгізілген әрбір жеке төлемнің немесе түсімнің болашақ құндарының сомасы;

Активтің өтелетін құны – сатуға және оның тұтыну бағасына (пайдалану құндылығын) жұмсалатын шығындарды алып тастағанда активтің әділ құнының ең көп мәні;

Активтің құнсыздануы – ішкі немесе сыртқы факторлардың әсерінен туындаған активтің елеулі арзандауы;

Активтің құнсыздануынан болатын шығын – оны алмастыратын құннан асатын активтің баланстық құнының сомасы;

Ақша қаражатының ағыны – ақша мен олардың баламаларының ағындары (түсімдері) мен шетке кетуі (төлемдер);

Ауылшаруашылық қызметі – оларды сату, ауылшаруашылық өнімін алу немесе қосымша биологиялық активтер өндіру мақсатында субъектінің биологиялық активтердің биотрансформациясын басқаруды жүзеге асыруы;

Әділ құн – актив айырбастала алатын сома, ол бойынша жақсы хабардар, мұндай операция жасауға ниетті, тәуелсіз тараптар арасында операциялар жасағанда міндеттеме өтеле алатын сома;

Ауылшаруашылық қызметі – субъекттің биологиялық активтерді сату, ауылшаруашылық өнімін алу немесе қосымша биологиялық активтерді өңдіру мақсатында биологиялық активтердің биоөзгеруін басқаруы.

Ағымдағы шығын нормасы - өндірістің жоспарланған тиімділігін камтамасыз ететін аз уақыт аралығындағы шығын.

Азаймалы шығын - өзгермелі шығындардың әр түрлілігі. Шығынның өсу қарқыны ұйымның іскер белсенділігінің өсу қарқынынан бәсең болады.

14. Айналымдылық коэффициенті - материалдар тобының корларына жұмсалған күрделі қаржының орташа сомасын ТМҚ (тауарматериалдық кұндылықтар) осы тобының қорын ұстауға кететін жыл сайынғы жалпы шығын сомасына бөлу аркылы алынатын шама.

Ақпарат - белгілі бір пән туралы білімізді кеңейтетін фактілер, деректер, қадағалау.

Ақпараттық есеп беру - кәсіпорын басшыларына бөлімшелерде болған окиғалар туралы хабарлайды. Сұрау салу бойынша жасалады.

Амортизация - тозу дәрежесіне қарай еңбек құралының кұнын осы құралдың көмегімен өндірілетін енімге біртіндеп көшіру процесі.

Ауқымды база - шығын өзін белгілі бір түрде көрсететін әрі накты білінетін тенденциясы болатын үйымның іскер белсенділігінің белгілі бір кезеңі.

Ауытқу - алдын ала белгіленген нормативтер немесе сметалық деректер мен нақтының арасындағы арифметикалық айырмашылық.

Аяқталмаған өндіріс - технологиялық ерекшеліктің күшімен белгілі бір сәтте дайын өнімге айналмаған өндірістік ресурстар шығыны.

Белсенді нарық – мынадай шарттар орындалатын нарық:

-нарық айналымындағы тауарлар біртекті болып табылады;

-іс жүзінде мәміле жасауға ниетті кез келген уақытта сатып алушылар мен сатушылар бар;

-баға туралы ақпарат жалпы қол жетімді болып табылады;

Баланстық құн – ол бойынша актив немесе міндеттеме бухгалтерлік баланста танылатын сома;

Биологиялық актив – жануар немесе өсімдік;

Бағамдық айырма – басқа валюталық бағамдар бойынша бір валюта бірлігінің бірдей санын басқа валютаға қайта есептеу кезінде туындайтын айырма;

Болашақ кезеңдердің шығыстары – осы кезеңде жүргізілген, бірақ болашақ кезеңдерге жатқызылған шығыстар;

Болашақ кезеңдердің кірістері – болашақ кезеңдерге жатқызылған,

бірақ іс жүзінде есепті кезеңде алынған кірістер;

Базистік стандарттар - жылдың басында белгіленіп, жыл бойы өзгеріссіз қалады.

Бақыланбайтын шығын - басқару субъектісінің қызметіне катысы болмайды.

Бас (жалпы) бюджет (смета) - барлық ұйымның қызметін қамтитын қаржылық құжат.

Басқару аппараты - кәсіпорын қызметіне басшылық жасайтын қызметкерлердің немесе басқа өндірістік бірліктердің жиынтығы.

Басқару функциясы - объектіге жалпы біріктірілген процестер немесе әрекеттер, шешімдер жиынтығы жэне өндірісті басқару бойынша шешілетін міндет.

Бақылау - менеджер, басшылық тарапынан нақты және толық жоспарларды тексеруді жүзеге асыру.

Бақыланатын шығындар – кәсіпорында жұмыс істейтін тұлғаның - басқару субъектілерінің тарапынан бақылауға көнетін шығын.

Бөлек алынатын өнім өндірісінің пайдалылық орталығы - жауапты орталықтардың әр түрлілігі, онда табыс шығарылған өнімдердің ақшалай көрінісі болады, ал шығын пайдаланылған ресурстар, пайда - өндірістік ресурстардың берілген мөлшеріндегі кірістер мен шығыстардың арасындағы айырмашылық.

Бір шеңберлі (интеграцияланған) жүйе - қаржылық және басқарушылық есепке шоттар мен бухгалтерлік хаттаудың (жазбаның) бірыңғай жүйесі қолданылатын бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.

Бірыңғай жалпы зауыттық мөлшерлеме - бөлімшелермен орындалған жэне бір тапсырысқа қатысты барлық жұмыс уақытындағы бірдей шығыны бар өндірістік бөлімшелерге үстеме шығынды бөлу мөлшерлемесі.

Бухгалтерлік басқару есебі -ұйым кызметін жоспарлау, бақылау және оның өздегінен басқарылуы үшін баскарушы кызметкер ақпаратпен қамтамасыз ететін бір ұйымның аясындағы қызмет түрі. Баскару есебіндегі ақпарат базасының негізіне - кәсіпорын шығындары туралы деректер жатады.

Бухгалтерлік есеп - бухгалтерлік қаржылық және бухгалтерлік баскару есебін айрықшалайды. Біріншісінің максаты сыртқы пайдаланушыларды бухгалтерлік ақпаратпен камтамасыз ету, екіншісінікі - ішкі пайдаланушылар.

Бухгалтерлік модель - өндіріс көлемінің өзгерісіне қарай жиынтық табыс пен шығынға желілік тәуелділік графигі.

Бюджет - жоспардың сандык көрінісі оның орындалуын бақылайтын кұрал және реттеу әдісі.

Бюджеттендіру – кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің қызметін баскару әдісі. есептеу әдісі – операциялар мен оқиғалар орын алған есепті кезеңдегі (ақшалай қаражаты мен олардың баламаларының нақты түсімі мен төлеміне байланысты емес) оларды жасау фактісі бойынша танылатын бухгалтерлік есеп әдісі;

Графикалық әдіс - экономикалық және бухгалтерлік залалсыздық моделінің графигін кұру негізінде жиынтық табыс, шығын жэне пайданың өндіріс көлеміне тәуелділігі.

Дайын өнімнің өзіндік кұнына қосылатын шығын - өткізу сәтіне дейін аяқталмаған өндіріске және дайын өнім ендірісіне байланысты шығындар.

Денгейлес талдау - есептік кезеңнің сметасын немесе өткен кезеңдегі ауыткуларды анықтауда болады.

Директ-костинг - дайын өнім турлері бойынша тікелей шығынды жалпылайтын (қорытындылайтын) баскару есеп жүйесі; жанама шығын есептік кезеңнің қаржылық нәтижесімен өтеледі.

. Дисконтталған шығын - дисконттау коэффициенті аркылы ағымдағы сәтке келтірілген капитал жұмсау бойынша жуктелген шығындар.

Дисконттау - қолма-қол акшалай каражатты салыстыру сәтінде кұнға келтіретін процесс. Табыс пен шығынға қатысты.

Еңбек ресурстарын басқару еңбек ресурстарын жоспарлауды, жұмыс күшін іріктеу мен одан бас тартуды, еңбек пен сандарды нормалауды, жұмыс күшінің шығын есебін, кәсіби бағдарлау мен окытуды, еңбек қызметтерін бағалауды (өнімділік есебін), баскарушы кадрларды дайындауды, жұмысшы күшін пайдалану мен оның шығынын бақылауды, реттеуді қамтитын жүйе.

Есептік кезең шығыны - дайын енімдер мен аякталмаған өндіріс корындағы шығынды шығарушы шығындардан тұрады

Жабдықтау кезені - материалды өндіруге немесе сатып алуға қажетті уакыт аралығы. Материалға тапсырыс беруді шешу және оны коймаға жеткізудің арасындағы уакыт аралығын камтиды.

Жабдықтау мерзімінің ауытқуы - жұмыс уакытында жабдықтау накты жузеге асырылған күн мен жоспарланған куннің арасындағы айырмашылык.

Жалпы нормативтік еңбек шы-ғындары - есептік кезеңде шығарылған өнім бірліктерінің санымен жэне дайын өнім бірліктерінің нормативтік еңбек шығынымен аныкталады.

Жалпыланған қаржылык смета (бюджет) - баланс, колда бар акша козғалысының есебі, кірістер мен шығыстар шоғырландырма түрінде, яғни шоғырландырылып берілетін бірыңғай жиынтык күжат.

Жалпыланған смета - пайда мен залал туралы есеп берудің жобасы.

Жанама шығындар шығын шығарушыға тікелей жуктеуге мумкін емес немесе экономикалык жағынан пайдасы жоқ шығын. Ол есептік саясаттағы кәсіпорын тандаған әдіске сәйкес жекелеген шығын шығарушыларға бөледі.

Жанама шығыидарды бөлу базасы - шығын шығарушы бойынша бөлінетін жанама шығындарға үйлесімді (пропорционал) керсеткіш.

Жанама шығындарды бөлу мөл-шерлемесі - калькуляциялау обьектілеріне жанама шығынды алдын ала бөлуге мүмкіндік беретін, есептік кезең басталғанға дейін бүрын есептелген норматив.

Жаппай өндіріс - әр түрлі аталатын өнімдерді бірталай уакыт ішінде шектеулі номенклатурамен жэне көптеп (көп санмен) үдайы (үздіксіз) дайындап отыратын өндіріс.

Жауапкершілік - міндеттерді орындау міндеттемелері жэне оларды канағаттандырарлыктай аяқтауды камтамасыз ету

Жауапты орталықтарда пайда болған шығын есебі - "шығын - шикізатты кайта оңдеу көлемі - пайда" принципіне жауап беретін шығындарды топтастыру жүйесі. Накты деректер мен сметалык деректер салыстырылатын, сметаның орындалуы туралы - есеп беруді жасайды.

Жеке өндіріс - кайталанатын немесе кайталанбайтын, кезең-дік емес әр түрлі мөлшердегі ірі, орташа, ұсақ бұйымдарды ұзак кезенмен өңдіріп шығару.

Жиынтык еееп - кэсіпорынның шығынын дайын өнімдер мен аяқталмаған өндіріске бөлу үшін, барлық шығарылған өнімдер мен дайын өнімдердің жекелеген түрлерінің өзіндік құндарын есептеу үшін ақпараттарды дайындау максатында түтыс кәсіпорын бойынша өнім (жұмыс, кызмет) түрлерімен негізгі және қосалкы өндіріс цехтарының тұрғысындағы шығын бапта-ры бойынша өндіріс шығынын қорытындылау жүйесі. Ол екі нүскада жартылай дайындалған өнімсіз жэне жартылай дайындалған өнімді болады.

Жоғары және төменгі нүктелер әдісі - шығындарды тұрактыға және өзгермеліге бөлуге мүмкіндік беріп, мына v = а + Ьх, формуласы бойынша бейнеленеді. Мұнда у - жиынтык шығын; а - түракты бөлігі; Ь - үлестік өзгермелі; х – кәсіпорынның іскерлік белсенділігі.

Жоспарлау - болашакта жүзеге асырылуы ыктимал эрекет нұскаларын тандау.

Жоспарлы-есептік бірлік - өндіріс есебі мен жоспарлауда кабылданатын өндіріс көлемінің бірыңғай өлшеу көрсеткіштері.

Жұмыс күшінің шығынын жіктеу - шығындарды есеп максаттары бойынша, түрлермен, элементтермен, қызметкерлердің кұрамы, олардың категориялары бойынша, шығын бағыттары мен өнім тұрлері бойынша, баскару функциялары, кұрылымдык бөлімшелер бойынша топтастыру.

Жүктелген (болжанатын) шығындар - талдаушы-бухгалтер дүрыс баскару шешімін қабылдау үшін болжауға тура келетін шығын. Мэні бойынша кәсіпорынның колдан жіберіп алган пайдасы.

Жіктеу белгілері - жоспарлауда, есепте және оның жалпы ерекшелігін белгілеуде кабылданатын экономикалық акпараттарды топтастыру.

Залалсыздық нүктесі (шиеніскен сәт, тапжылмайтын нукте, теңестіру нүктесі) - нөлдік каржылык нэтижені камтамасыз ететін ұйымның іскерлік белсенділігінің деңгейі.

Залалсыздыкты талдау - қысқа мерзімді кезең ішінде табыс, шығын жэне пайда арасындағы байланыска негізделген, ұйымның залалсыздык нүктесін аныктауга мүмкіндік беретін талдау.

инвестициялық жылжымайтын мүлік – жалдау төлемдерін алу немесе капитал немесе екеуінің де құнын өсіру мақсатында иеліктегі (меншік иесінің немесе жалға алушының қаржылық жалдау шарты бойынша) жылжымайтын мүлік (жер немесе ғимарат не анау да мынауда), бірақ:

өндірісте немесе әкімшілік мақсаттар үшін тауарларды жеткізгенде, қызметтерді көрсеткенде қолдану үшін емес;

қалыпты шаруашылық қызмет барысында сату үшін;

кірістер - капиталда қатысатын тұлғалардың жарналарына байланысты арттырудан ерекшеленетін таза активтердің\капиталдың өсуіне әкеп соқтыратын активтердің ағымы немесе өсуі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында есеп кезеңі ішінде экономикалық пайдалардың немесе

сервистік әлеуеттің өсуі;

қорлар – мынадай:

өндірістік процесте пайдалану үшін шикізат және материалдар түріндегі;

қызмет көрсету кезінде тұтынылатын немесе таратылатын шикізат пен материалдар түріндегі;

кәсіпорынның қалыпты қызметі барысында сатуға немесе таратуға арналған;

сату немесе тарату үшін өндірілетін активтер;

қаржылық жалдау – жалдау мерзімінің уақыты өткеннен кейін меншік құқығының ауысуына қарамастан, активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдер мен пайдалардың жалға алушыға елеулі ауыстырылуы болатын жалдау;

квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржы инвестициялары – мемлекеттік кәсіпорындарға, жауапкершілігі шектулі серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға, оның ішінде қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен аффилиирленген болып табылатын еншілес, тәуелсіз және өзге де заңды тұлғаларға бюджет қаражатын салу.

Қаржы міндеттемелері – бұл:

ақша қаражатын немесе кез келген басқа қаржы активін басқа субъектіге төлеу туралы;

анағұрлым әлеуетті қолайсыз болып табылатын жағдайда басқа субъектімен қаржы құралдарымен алмасу туралы шартты міндеттеме болып табылатын кез келген міндеттеме.

Инвестиция - сақтау жэне ұлғайту максатында эр тұрлі экономика салаларына ұзақ мерзімді капитал жұмсау.

Инвестициялық бағдарлама - максатты бағыты бар инвести-циялық жобалардың жиынтығы.

Икемді бюджет - ұйымның іскер белсенділігінің бірнеше баламалы деңгейлеріне жасалатын бюджет.

Инкременттік шығындар мен табыстар - өнімнің партиясын косымша дайындауда пайда болатын косымша шығындар мен табыстар.

Инновациялық (жанартпашы-лық) менеджмент - жаңа өнімді эзірлеп, енгізуге, дәстүрлі өнім өндірісін одан эрі дамытуға, өндірістен ескірген өнімді алып тастауға бағытталған кәсіпорынның стратегиясын баскару.

Калькуляция - өнім (жұмыс, кызмет) бірлігінің өзіндік кұнын есептейді жэне бухгалтерлік есеп эдісінің бір элементі. Калькуляциялау - бұл калькуляцияларды жасау. Жоспарлы, накты жэне сметалық калькуляциялар бөліп көрсетіледі.

Калькуляции бабы шығын шығарушыны жэне шығынның пайда болу орнын қоса ескеретін шығын түрлері. Калькуляция бабы бойынша шығынды жіктеу ресурстар кайда жэне не үшін шығын болды деген сауалдардың жауабын береді.

Калькуляциялау объектісі - тұтыну кұны аныктадған жұмыс пен қызмет, дайындалуы әр деңгейдегі ішінара өнімдер, жартылай эзірленген өнімдер, өнім түрлері.

Калькулиялаудың процестік әдісі - өлшеудің және калькуляциялаудың бірыңғай бірлігімен шығаратын өнімді шектеулі номенклатурамен аяқталмаған өндірісті не азғантай мөлшермен немесе басы бүтін болмайтын, жалғасы жок (тібектілікті емес) өндірістік кезеңдегі өндірістің жалпы сипатын сипаттайтын кен өндіру өнеркэсіптері мен энергетикада колданылады. 44.Қайта бөлістік

калькуляциялаудың ыкшамдалған әр түрлілігі ретінде жиі қарастырылады.

Калькуляциялык бірлік - калькуляциялык объектінің өлшеу бірлігі.

Кәсіпкерлік қызметтің сегменті - өнім түрі, бөлімше, нарык зонасы.

Кәсіпорынды бакылау жүйесі - барлық кәсіпорын бөлімшелерінің шаруашылык қызметтерінің накты нэтижелері туралы ақпаратты алуға, әзірлеуге, талдауға, ауытқуларды анықтауға жэне осы ауыткулардың себебін талдауга негізделген баскарушылык бакылау жүйесі, алға койылған максаттарға қол жеткізуге кажетті шараларды эзірлеу.

Кәсіпорынның нормативтік шаруашылығы - өндіріске кызмет ету мен оны баскару шығындарының, еңбек шығынының, энергияның барлық түр-лерінің, отынның, сатып алынатын бұйымдардың, мате-риалдар мен шикізат шығын-дарының ағымдағы норманың нормативінің жэне сметасының жүйесі.

Кезендік шығын (есептік кезең шығыны) - өнім (жұмыс, қызмет) өндірісімен тікелей байланысты болмайтын шығын. Коммерциялык және әкімшілік шығындардан тұрады.

Келісімді баға - сатып алу-сатудың әрбір жеке актісіндегі баға.

Кіру шығыны - болашакта табыс әкелуі керек сатып алынған және колда бар ресурстардын болуы.

Калькуляциялау мен шығын есебінің тапсырыстық әдісі теңдессіз немесе арнайы тапсырыстағы бұйым бойынша орындалатын дайындауда пайдаланылатын әдіс. Ол жеке жэне ұсақ сериямен өндіретін кәсіпорындарда қолданылады: тұрмыстык кызмет көрсетуде, полиграфиялык өнеркәсіптерде, кұрылыс және т.б. Шығын есебінің объектісі мен калькуля-циялау объектісіне клиенттің өзіне арнайы дайындалатын белгілі бір сандағы бұйымга тапсырыс-өтінімі жатады.

Қайта бөлу - келесі қайта бөлуге жөнелтілуі мүмкін немесе тарапқа өткізілуі ыктимап дайын болған жартылай әзірленген өнімді алумен аякталатын технологиялық процестің бөлігі (технологиялық операциялардың жиынтыгы).

Кайта бөліспен калькуляциялау - кайта бөлу деп аталатын өн-дірістің барлык сатылары ар-қылы белгілі бір тізбектілікпен өтетін біркелкі бұйымды түйдекті сериямен өндіретін өнеркәсіп салаларында қолданылатын шығын есебі мен калькуляциялау эдісі.

Қайтарылмайтын шығындар - бүрын кабылданған шешімнің нэтижесінде пайда болатын өткен кезеңнің шығыны. Оған ешкандай баскарушылық шешім әсер ете алмайды.

Қажетті сақтандыру кезені - сұраныстың пайда болуы мен оны канағаттандыру уакытта-рындағы айырмашылык. Материалды керек кезінде кажетті келемде беруді камтамасыз етеді

Қалыпты стандарт - бағаның экономикалык кезеңі ішінде орташа баға бойынша есептеледі.

Қаржылық бюджет -- күрделі каржы жұмсау бюджетін, ак-шалай қаражатты және болжаулы балансты камтитын бас бюджеттің бөлігі.

Қоймада сақтау кезеңі материал партиясы қоймада болатын орташа уакыт.

Қордың ен көп шамасы - ТМҚ партиясы тапсырыс берген және сактандыру корыныңсомасы.

Қорланбаған шығын - өндірістік өзіндік кұндарды калькуляциялауға катыспайтын эрі корларды бағалауға әсері тимейтін коммерциялык, экім-шілік жэне өткізу шығын-дары.

Қорларды бағалау - аяқталмаған өндіріс коймадағы дайынөнімдер және материал корлары өзіндік кұндарының есебі.

Қорларды тасу уақыты - орналастыруға дайындык үшін кажет және корларды екі пункті арасына орналастыруға кажетті уақыт.

Қорларды ұстау шығыны - қорларды сатып алумен жэне сақ-таумен байланысты шығын.

Қосымша шығын - бұрын әкелінген шығынға косуға біреу-діңөндіретін шығыны.

Құнды дисконттау - ағымдағы күн және дисконттау коэффи-циенті аркылы тұлғаланатын, болашакта түсетін акшалай каражаттың есептік шамасы.

Қызмет нәтижесі "шығын-табыс" экономикалық көрсет-кіштермен өлшенетін тиімділік.

Мәдени мұра активтері – мәдени, экологиялық немесе тарихи маңыздылығы салдарынан мәдени мұра активтері болып табылатын активтер. Оларға тарихи ғимараттар мен монументтер, археологиялық қазбалар орны, қорлар мен табиғи қорғалатын аумақтар, сондай-ақ өнер туындылары жатады;

Материалдық емес актив – физикалық нысаны жоқ сәйкестендірілетін монетарлы емес актив;

Міндеттеме – өткен оқиғалардан туындайтын мемлекеттік мекеменің міндеттемесі, оны реттеу экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті қамтитын ресурстың шығып қалуына әкеп соқтырады;

Нарықтық белгіленген баға – сатудан алына алатын немесе белсенді нарықта қаржы құралын сатып алу кезінде төленуі тиіс ақша қаражатының сомасы;

Операциялық жалдау – қаржы жалдауынан ерекшеленетін жалдау;

Орындылық - ақпарат шешім қабылдайтын қолданушылар үшін орынды болуы және оқиғаларды бағалауға көмектесуі, олардың өткен бағаларын растауы немесе түзетуі тиіс;

Өзіндік құн – төленген ақша қаражатының немесе оның баламасының сомасы немесе оны сатып алу не құру сәтінде активті сатып алу мақсатында берілген басқа орнын алмастырудың әділ құны;

Лимит - белгілі бір кезеңге ресурстарды түтынушылар белгілеуі мүмкін шығынның шекті шамасы.

Лимиттеу - белгіленген өндірістік бағдарлама мен шығын мөлшерінен есептелетін өндірістік ресурстар шығынының шекті шамасын белгілеу тәсілі.

ЛИФО - өндіріске (сатуға), бірінші боп түскен ресурстар сатып алу уакьіты бойынша кезекте соңғылардың өзіндік құндары бойынша бағалануы керек ұйғарымдарға негізделген корларды бағалау эдісі.

Маржиналдык табыс әдісіөнімдерді өткізуден түскен тү-сім мен өзгермелі шығын ша-масы арасындағы айырмашы-лыкқа негізделген теңестіру әдісінің әр түрлілігі. "Директ-костинг" жүйесінде аныкталады.

Маржиналдык шығын мен табыс - өнім бірлігінің есе-біндегі қосымша шығын мен табыс.

Маркетинг саласы - өндіріс, кар-жы, еңбек, өткізу және т.б.

Маркетинг функциясы - кыз-меттерді зерттеу, акпараттар-ды алу, өнім ассортиментін жоспарлау, өткізу және бөлу, жарнама мен өткізуді ынта-ландыру.

Маркетингтік акпарат - маркетингтің барлык кызметінің орындалуын қамтамасыз ететін акпарат. Ол ішкі есеп беру-ден, алымдардан жэне ағымдағы сыртқыі акпараттарды өңдеуден, маркетингтік зерттеуден, талдаудан, стратегияны әзірлеуден жоспарлаудан, бакылаудан және реттеуден тұрады.

Материалдык корларды баскару - жыл сайынғы кор шығы-нының жалпы сомасын ең аз шамаға дейін кемітуді көздейтін экімшілік қызмет; жоспарлы баскару (корларды ұстауға кететін шығынның жыл сайынғы жалпы сомасын реттеу

жоспары) және тікелей басқару (накты шығындар мен оны ұстаудың шығындарын реттеу, бақылау, есептеу).

Мінсіз стандарттар - материалдарға, тарифтерге, кызметтерге еңбекакы мөлшерлемелеріне жэне үстеме шығынның смета-лык мөлшерлемелеріне жайлы бағаны ұйғарады.

Мінсіз шығын мөлшері - өндірістің мінсіз жағдайындағы қызметінің ең аз шамадағы шығыны.

Накты және нормативтік шы-ғын есебінін косарлас (пара-лельдік) жүйесі - өндіріс шығыны туралы ақпараттар козғалысын екі бағада бейнелейтін үлгі.

Накты шығын есебінің әдісі -колданыстағы норма бойынша шығын шамасы туралы деректің есебінде бейнеленбейтін нақты өндірістік шығын туралы деректерді тізбектілікпен жинау. Өнімнің (жұмыс, кызмет) накты ("тарихи") өзін-дік құндарын есептеуге мүмкіндік береді.

Негізгі шығын - технологиялык процеспен тікелей байланысты шығын.

Негізгі шығын нормасы - ұзак уакты бойы өзгеріссіз калатын тұрақты шығын.

Норма - өндіріс ұйымы мен озык технология жағдайындағы шаруашылық кызмет нәтижесінщ алдын ала белгіленген сандык көрінісі.

Нормалау - өндірістік ресурстарды тиімді пайдалануды камтамасыз етуге бағытталған оңтайлы норма мен нормативтердің ғылыми негізделген есеп про-цесі.

Иормативтік-анықтама акпараты өндіріс процесінде өзінің сипатын ұзак уакыт өзгертпейтін әр түрдегі пәндерде кәсіпорын ресурстарын сипаттайды, ал ол туралы мәлімет есептік жэне жоспарлы есептерде көп пайдаланылады.

Нормативтік шығындар - кәсіпорынды болашакка бағдарлаушы және бірқатар шектеулермен шарттасылған шығынның ғылыми негізделген деңгейі.

Нормативтік шығын бойынша есеп жүйесі - накты шығын алгебрлік жолмен нормативтік шығынды әодан ауыткуды анықтайтын үлгі.

Нормативтік шығын бойынша өзіндік күндык калькуляция жүйесі алдын ала нормативтік калькуляцияны жасаудан тұрады. Жұмыс, кызмет жэне өнімнің жекелеген түрлері бойынша анықталған нормадан ауыткуларды бөлу.

Оперативтік өндіріс есебі - технологиялык процестің сатылары бойынша жартылай дайындалған өнімдердің, тараптардың, бөлшектердің заттай түрінде қозғалыс есебі.

Оперативтік-өндірістік жоспарлау - аз уакыт аралығына жұмыс орны, кұрылымдық бөлімшелер бойынша көрсеткіштерді нактылау, айкындау, бойынша жоспарлы жұмыс.

Операциялық бюджет - ұйымның кіріс және шығыс баптарын бейнелеуші косалкы (жеке) бюджеттер (сметалар), аркылы нактыланатын пайда мен залал жоспарын камтитын бас бюджеттің бөлігі.

Операциялык шығын нормасы - материал шығынының, жеке операцияның еңбек шығынының есебі.

Өзгермелі шығын - өндіріс деңгейіне (көлеміне) тікелей байланысты болатын шығын.

Өндіріс - мақсатты бағыттагы кызмет. Бұл қызметтің аркасында жекелеген компоненттер пайдалы өнімге айналады.

Өндіріс шығыны - акшалай түрде көрінетін кәсіпорынның өнім (жұмыс жэне кызмет) өндіру мен оны өткізу шығынының жиынтыгы.

Өндіріс шығынын есептеу әдісі және өнімиің өзіндік кұнын калькуляциялау - өнім бірлігінің нақты өзіндік кұнын анықтауды камтамасыз ететін өндірістік шығындарды көрсету және кұжаттау тэсілдерінщ жиынтығы. Шығын есебінің объектілері бойынша процестік, кайта бөлістік және тапсырыстык әдістері бөліп көрсетіледі; ескерілетін шығындардың толык болуына қарай - өзіндік құндарды толык және толық емес етіп калькуляциялау; оперативтілігі бойынша нормативтік шығын мен накты өзіндік құн есебінің әдісі болады. Калькуляциялау жэне өндірістік шығын есебінің әдісін кәсіпорын дербес тандайды.

Өндіріс шығынын жіктеу - шығындарды есеп бағытгарымен, жалпылау (корытындылау) принциптерімен және өзінді кұнды басқару максатымен топтастыру.

Өндіріс шығынының кұрылымдық есебі - қысқа мерзімді мен ұзақ мерзімдіден тұратын, тікелей, жалпы өзгермелі жэне кұрылымдықка тап-тастыралатын шығын нұскасы.

Өндіріс факторлары бойынша шығын есебі - жұмыс күші, еңбек кұралы, материал шығындары өндірістік процесті анықтайтын факторлар бойынша топтастырлатын шығын нұсқасы.

Өндіріс шығынының көп сатылы есебі - әр сатыдағы шығынның орнын толтыру үшін үстеме бага (маржа) жинақтайтын нұска.

Өндірістік есеп - бухгалтерлік баскару есебінің негізі. Өндіріс шығындары туралы акпараттары жинактайды, өткен кезеңдегі сметамен салыстырғандағы оның өсу себептерін талдауды және үнемдеудің ыктимал резервтерін аныктайды.

Өндірістік кезең - өнімді дайындауға кажетті уакыт.

Өндірістік өзіндік құнға тек өндірістік шығын жатады. Каль-куляциялаудан баскару және өткізу шығындары шығарылады.

Өндірістік ресурстар еңбек және материалдык ресурстардың, сондай-ак тұтыну кұндарын жасаудың өндіріс процесіне негізгі қорлардың жиын-тығы.

Өндірістік тапсырыс - тапсырысты орындау бойынша жұмыстың барлық кешенін біріктіретін жоспарлы есеп бірлігі.

Өндірістік шығындар өнім (жұмыс, кызмет) өндірісімен байланысты шығын. Өндірістік өзіндік кұнның есебінде ескеріледі.

Өнімнің маржиналдығы - түсімге (бағаға) проценттік қатынаста тұлғаланатын өнім бірлігіне кірістелетін маржиналдық табыс.

Өнімнін (жұмыс, кызмет) өзіндік кұны - оны өндіру мен өткізуге кететін, яғни шикізат, материап, отын, энергия, негізгі кор, еңбек және баска да ресурстардың акшалай түрде бейнеленетін шығындары. Цехтык, өндірістік, толык, сондай-ақ "шектеулі" ("директ-кос-тинг" жүйесі) өзіндік кұндар бөліп көрсетіледі.

Өсім шығыны (табысы) - өнімнің (жұмыс, кызмет) косымша партиясын сатудың немесе дайындаудың нәтижесінде пайда болатын косымша шығын (табыс).

Өтелімділік кезеңі - ұйымның таза табысы бастапкы жұмсалған күрделі қаржының орнын толық толтыратын уақыт аралығы.

Өткен шығын - казіргі уакытта табыс әкелетін, алайда, болашакта табыс әкелу қабілетін жоғалтқан жұмсалған (шығындалған) ресурстар.

пайдалы қолдану мерзімі – актив субъектінің пайдалануы үшін жарамды болады деп күтілетін уақыт кезеңі; не мемлекеттік мекеме осы активтің көмегі арқылы алуға болжап отырған өнімнің белгілі бір саны немесе ұқсас көрсеткіш;

ретроспективті қолдану (есеп саясатындағы өзгерістер) – бұл есеп саясаты үнемі қолданылатын операцияларға, өзге оқиғаларға және жағдайларға жаңа есеп саясатын қолдану;

сервистік әлеует – мемлекеттік мекеменің функцияларына сәйкес ақылы қызметтер көрсету, сондай-ақ тауарларды өндіру үшін пайдаланылатын, бірақ ақша қаражатының таза түсімін тікелей қамтамасыз етпейтін активтер;

сенімділік – пайдаланушылар ақпаратқа сенімді ретінде сүйене алатын елеулі қателер мен бұрмалаулардың болмауы;

салыстырмалық – түрлі кезеңдердегі және түрлі мемлекеттік мекемелердің ақпаратын салыстыру мүмкіндігі. Ұқсас операциялардың қаржылық нәтижелері барлық мемлекеттік мекемелер үшін ортақ әдіснама бойынша жүзеге асырылуы тиіс;

тарату құны – егер актив ескі, ал оның жай-күйі пайдалы қолдану мерзімінің аяғында күтілетіндей жағдайда болған кезде есеп шығындарын есептен шығарғаннан кейін бүгінгі таңда активті есептен шығару кезінде алуға болатын есептеу сомасы;

92.тану – қаржы жағдайы туралы есепке немесе қаржылық қызметтің қорытындысы туралы есепке қаржы есептілігінің бір бөлшегінің анықтамасына келетін және мойындаудың төменде көрсетілген талаптарын қанағаттандыратын бапты қосу процесі;

таза сатылатын құн – сатуға, айырбастауға немесе таратуға байланысты болжамды шығындарды және аяқтау бойынша болжамды шығындарды алып тастағанда, қалыпты қызмет процесінде сатудың күтілетін бағасы;

шығыстар – шетке кету түрінде есепті кезең ішінде экономикалық пайда немесе сервистік әлеуеттің азаюы немесе капиталда қатысатын тұлғаларға бөлуге қатысты азаюдан ерекшеленетін, капиталдың азюына әкелетін активтердің азаюы мен міндеттемелердің туындауы;

түсініктілік – қаржылық есептілікте ұсынылатын ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс;

Пайда болған шығын үшін жауапты орталыктар - бір есептік процесте шығынның пайда болу орталығы мен ме-неджерлердің жауапкершілі-гін біріктіру мүмкіндігі бар, менеджерлер баскаратын кэ-сіпорынның окшауланған кү-рылымдык бөлімшелері.

Пайда болу орталығы бойынша шығын есебі - өнім түрлеріне катыссыз пайда болу орны бой-ынша топтастырылатын шыгын

есеп объектісі ретінде жалпы өндірістік сипаты болатын жа-нама шығынға бөлінетін, ал тікелей-шығынның пайда болу орнын қорытындыламай өнім бойынша ескеретін жүйе.

Пайда орталығы - сату келемі, баға, өзгермелі шығын сиякты басты пайда көрсеткіштерін аныктауда үлкен рөлі болатын жаупаты орталыктар.

Релеванттық материал шығыны - корды сактаумен жэне тапсырысты орындаумен бай-ланысты болшактағы шығын.

Релеванттық өндіріс шығыны- шешімнің таңдалған нұскасына қарай өзгеретін болашактағы шығын.

Релеванттык шығын оңтайлы басқарушылық шешімді таңдау (іріктеу) барысында назарға алынатын шығын.

Ресми баға - сатушылар мен сатып апушыларға белгіленген баға.

Реттелетін (бақыланатын) шығын - жауапты орталыктардың басшылары тарапынан ыкпалға көнетін шығын.

Реттелмейтін (бакыланбайтын) шығын - жауапты орталык басшысы ыкпал ете алмайтын шығын..Реттелмейтін шығын мен табыс - жауапты орталык менеджерлері олардың шамасын реттемейді.

Салыстырмалы жеке еңбек шығынының есебі - шығынның пайд







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2155. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия