Тапсырма №1. ТМҚ бойынша қаржылық есептілікке қажетті мәліметтерді ашып көрсету
ТМҚ бойынша қаржылық есептілікке қажетті мәліметтерді ашып көрсету, егер: ТМҚ құнын анықтау үшін компания ФИФО әдісін және үздіксіз есептеу жүйесін қолданады. Есептік жылдың 31 желтоқсанына ТМҚ қалдығы құрады: - ағаш 14 400 000 теңге сомасына; - әйнек 28 800 000 теңге сомасына; - бояу 8 760 000 теңге сомасына; - шегелер 150 000 теңге сомасына; - дайын терезелер 1 140 дана, әр терезенің өзіндік құны- 27 000 теңге. Есептік кезең ішінде әр тоқсан сайын түгендеу өткізіліп тұрды, оның қорытындысы бойынша келесі түзетулер енгізіледі: 31 наурыз ТМҚ қалдығы 67 200 теңге сомасына азайды; 30 маусым – 84 000 теңге сомасына; 31 қыркүйек – 54 000 теңге сомасына. Компания басшылығы қызметкерлердің біреуі ұрлықпен айналысқандықтан, осындай жетіспеушіліктер пайда болуына күдіктеніп отыр. Есептік кезең ішінде өткізудің таза құнына дейін қалдықтарды азайтуға қажеттілік туындамады. 31 желтоқсан күні бойынша ТМҚ бірде-бір атауы қайсыбір міндеттемелер үшін кепілдікте тұрған жоқ. Тапсырма №2 «Болашақ» компаниясы 2008 жылы мынандай компакт-дискілерді сатып алды.
Егер жылдың аяғына ТМҚ-ның нақты қалдығы 1000 дана болса: 1. FIFО әдістемесін қолданғанда бухгалтерлік баланста қандай қалдық сомасы көрсетілед? 2. FIFО әдістемесін қолданғанда сатылған өнімнің өзіндік құны қандай болады?
|