Кіріспе. Кіріспе - диагностикалық суреттемені алу ауруларға медициналық көмек көрсету кезінде клиникалық зерттеулерге қосымша
Кіріспе - диагностикалық суреттемені алу ауруларға медициналық көмек көрсету кезінде клиникалық зерттеулерге қосымша маңызды тәсіл болып табылады. Негізінде диагностикалық суреттемені рентгенография және ультрадыбыстық сканирлеу арқылы алуға болады. Ультрадыбыстық зерттеуді жүргізу бүкілдүниежүзінде тез тарауда, әсіресе бұндай зерттеудің акушерлік және гинекологияда маңызы зор, сонымен қатар құрсақ қуысына және жұмсақ тіндерге қатысты пайдалы хабар береді. Иондаушы радиацияның болмауына байланысты ультрадыбыстық зерттеу пайдалы клиникалық хабарлама алуды қамтамасыз ететін тәсіл болуы тиіс.
2.2. Пәннің мақсаты: Студенттерде кіші жамбас қуысының мүшелерінің физиологиясы және патологиясы, жыныстық жетілу кезеңі, диагностика және емдеу әдістері, анамнез жинау, тәжірибелік дағдылар, жалпы қарап тексеру және гинеоклогиялық тексерулер туралы білімді қалыптастыру.Жаңа терминдер мен ұғымдарды енгізу арқылы коммуникативті дағдыларды дамыту.Студенттерде паиценттерді қорғауды дамыту 2.3. Оқудың міндеттері: · Студенттерді УДЗ аппаратымен таныстыру · Студенттерде жүктілік туралы білімді қалыптастыру№ · Студенттерде жүкті және босанғаннан кейінгі әйелдерде ананмнез ижнау дағдысын қалыптастыру. · Қосымша зерттеу тәсілдерінің қорытындысын интерпретациялау дағдыларын қалыптастыру · УДЗ аппаратында жүктіліктің ерте мерзімін қараудағы дағдыны қалыптастыру. · Нәрестенің даму ақауларын УДЗ дағдыларын қалыптастыру. · Жүктілер және әріптестер арасында коммуникативті дағдыларын қалыптастыру; · Қазақстан Республикасындағы жүкті әйелдерді бақылауында құқықтық негізін қалыптастыру; · Үздіксіз оқу және өзіндік даму компетенциясын қалыптастыру.
|