Кредит саны – 2.
БЕКІТЕМІН «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК филология факультеті _ Шетел тілдері _ кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Ж.Е. Сағымбаева ______________________ ________________20____ж.
Мамандық бойынша жалпы міндетті модуль: «Кәсіби бағыттағы шетел тілі» (ағылшын) (модулдің атауы) «Кәсіби бағыттағы шетел тілі» ShT2104 5В060900 «География», 5В061000 «Гидрология», 5В060800 «Экология», 5В060600 «Химия», 5В060700«Биология», 5В070100 «Биотехнология». (мамандықтың шифры және атауы)
тілдік емес мамандықтарының 2 курс студенттеріне арналған
СИЛЛАБУС
Астана 2014 1. Курс құрастырылған: Муканова С.К. - филология факультеті, шетел тілдері кафедрасының аға оқытушы. Байланыс телефоны: 8 (7172) 70-95-00, (ішкі номер 32-222), saltanat-mk@inbox.ru Ғылыми қызығушылықтары: Жоғары оқу орындарында ағылшын тілін ұлттық материалдар негізінде және кәсіптік бағытта оқыту. Болашақ мамандарды кәсіптік даярлау. Шетел тілі. Код: ShT2104. Кредит саны – 2. 3. Оқу пәнінің жүргізілу уақыты мен орны: 4 семестр, сабақ кестесіне сәйкес. 4. Оқу пәнінің алғышарттары: «Шетел тілі (ағылшын тілі)» ( базалық жеткілікті деңгей: В1). Курс өткеннен кейін қойылатын шарт: - 5. Пәннің сипаттамасы: 5.1. Оқу пәнінің бағыты. Берілген курс гуманитарлық бағыт мамандықтары үшін әлеуметтік-гуманитарлық циклдың міндетті пәндерінің бірі « Кәсіби бағыттағы шетел тілі» пәні бойынша «География», «Гидрология», «Экология», «Химия», «Биология», «Биотехнология» мамандыктарының бакалаврын даярлауға арналған. Курс, болашақ маманның шетел тілін мәдениаралық және кәсіптік қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруін, жалпыадамзаттық ұстанымдарға араласу және шетел мәдениетін қабылдауға даярлығын қамтамасыз етуге бағытталған. 5.2. Мақсаты: базалық стандарт деңгейі (В2) бойынша шеттілдік білімді жүзеге асыру үдерісінде тілдік емес мамандықтар студенттерінің мәдениаралық-қатысымдық құзіретін қалыптастыру. 5.3. Курс міндеттері: - шетел тілінде «География», «Гидрология», «Экология», «Химия», «Биология», «Биотехнология» мамандыктарының терминологиясы мен лексикасын (600 лексикалық бірлік) қолдану дағдысын меңгерту; - сөйлеу қызметі түрлерінің барлығын пайдалана отырып (тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу), шетел тілінде оқудың басымдылығымен ауызша және жазбаша қарым-қатынасты жүзеге асыру; - жоо-да алған география, гидрология, экология, химия, биология, биотехнология төңірегіндегі білімін өздігінен тереңдету және шеберліктерін жетілдіру; - әлеуметтік, гуманитарлық пәндер аясында, кең өрелі және мәдени ойлай білетін жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін негізгі білімді меңгеру; - жаңаша техникамен жұмыс істеу дағдысының болуы, кәсіптік қызметте ақпараттық технологияны қолдана білуі; - күнделікті кәсіптік қызметте және магистратурада білімін жалғастыру үшін қажетті жаңадан білім алу дағдысын игеру. Курс соңында студенттің білуі керек: - базалық стандарт деңгейінің (В2) ең жиі лексикалық, грамматикалық белгілеріне орфографиялық сәйкестіктерді; - лексика: сөзжасам үлгілерін, көпмағыналы сөздердің мәнмәтіндік мағынасын. Студент: - оқу: жалпыкәсіптік мәтіндерді сөздікпен және сөздіксіз оқи білуі, қажетті ақпаратты табу, оқыған мәтіннің мазмұнын түсінуі; - жазу: бланк толтыру, резюме құрастыру, жеке және іскерлік сипатта шағын хат жаза білуі; - аударма: аударма тілінің нормасына сәйкес мәтіндерді ана тіліне сөздікпен аудара білуі; - тыңдау: өткізілген тақырып көлеміндегі пікірді шетел тілінде түсіне білуі; - сөйлеу: тілдің сөйлеу нормасына сәйкес өзінің ойын шетел тілінде айта білуі, сұрақ қойып және оған жауап бере білуі, оқытылған тақырыптың көлеміне қарай және қарым-қатынас саласына байланысты шетел тілінде әңгіме жүргізе білуі, оқу, есту және көру негізінде қатысымдық рөлді адекватты орындай отырып айтып, мазмұндай білуі; - алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса кәсіптік білімін және түсінігін көрсете білуі; - бұл білімі мен түсінігін кәсіптік деңгейде қолдана білуі; - оқу аясында аргументтерді құрастырып және мәселелерді шеше білуі; - әлеуметтік, этикалық, ғылыми тұрғыдан ой-пікір қалыптастыру үшін ақпаратты жинақтап және интерпретациялауды жүзеге асыра алуы; - маман және сонымен қатар, маман емеске ақпаратты, ойлар, мәселелер және шешімдерді хабарлауы керек. 5.4. Оқу пәнінің мазмұны Оқытылатын шетел тілінің фонетикалық, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық нормалары. Лексика: сөзжасам үлгілері; 800-1000 бірлік көлеміндегі лексикалық минимум, мамандық профиліне сәйкес терминдер; қолдану аясына қарай лексиканы бөлу. Грамматика: негізгі сөз таптары- етістіктің тұйық формалары: инфинитив, герундий, есімше, көсемше, шартты сөйлемдер және олардың түрлері, т.б. Оқу: таныса, іздей, зерттей, қарап шыға оқу дағдыларын қалыптастыру. Сөйлеу: оқылатын тақырып төңірегінде диалогтық, монологтық сөйлеу дағдылырын қалыптастыру. Жазу: ойды бірізді жеткізу, пайымдау және шығарма, жеке, іскерлік мәндегі хат жазу дағдыларын қалыптастыру. Тілдік нормаларға сәйкес мамандыққа қатысты мәтіндерді шетел тілінен ана тіліне аудару. Тыңдау: күнделікті, ақпараттық және кәсіптік мәндегі хабарламаларды тыңдай қабылдау. 5.5. Пәнді оқыту жоспары 4 семестр
|