Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ГЛОССАРИЙ. Абсентеизм - халықтың саяси өмірге немқұрайды, селқос қарауы





Абсентеизм - халықтың саяси өмірге немқұрайды, селқос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы. Ол әсіресе сайлаушылар тарапынан өкіметтің өкілдік органдарына сайлауға қатынасқысы келмеуінен байқалады.

Абсолютизм – жоғары үкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың бір түрі.

Автаркия – елдің экономикасын басқа елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталған ұлтық мақсат. Осыған орай ол шетелдердің тауарларын, капиталын және т.б. өз еліне енгізуге шек қоюы мүмкін. Бұл тәсіл өз елінің өндірісін дамытуға немесе басқа саяси мақсатта да жасалады.

Автократия – бір адамға жоғары өкімет билігін шексіз беру арқылы басқарудың немесе осындай басқарушылық орнаған мемлекетті айтады. Сонымен қатар қазіргі саясаттануда ол саяси билікті бөліспей, тұтас басқаруға тырысқан адам не адам тобын атау үшін де пайдаланылады.

Автономия – бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлтық құрылым.

Авторитаризм – жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік-саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент болғанымен ол кеңесші органға айналады. Тоталитарлық тәртіппен салыстырғанда мұнда көпшілік партия, бірыңғай идеология болмайды және экономика бақылауға алынбайды. Тоталитарлық тәртіптің басқа белгілері негізінен сақталады. Ол көбіне саяси жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді. Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.

Агрессия – басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау.

Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси-қоғамдық қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі.

Адам құқықтары – белгілі бір игілік алуды, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастары, кепілдіктері.

Азаматтық қоғам – жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (қоғамдық, кәсіби, шығармашылық ұйымдар, ассоциациялар және т.б.) азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, әдет-ғұрыптары, салттары кіреді. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады.

Альянс – ортақ мақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.

Анархизм – жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым. Оны жақтаушылар күштеу арқылы еріксіз көндіретін органдарды азаматтардың еркін ассоциацияларымен (құрама одақтармен) алмастырғылары келеді. Оның алғашқы идеялары Платонның еңбектерінде кездеседі. Орта ғасырда утопистердің, жаңа дәуірде ұсақ буржуазия (У.Годвин, М.Штирнер, П.Прудон), орыс және халықаралық революциялық қозғалыстың идеологтарының (М.Бакунин, П.Кропоткин) ілімдерінде кең тараған. Қазіргі кезде бұл ағымның саяси әсері шамалы.

Анархия – 1) Мемлекеттік биліксіз әр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық; 2) үйреншікті өмірде тәртіпсіздікті, жөнсіздікті, заңсыздықты, басшылықтың жоқтығын білдіреді.

Аннексия – басқа мемлекеттің, халықтың жерін тұтас, я бір бөлігін күшпен жаулап алу немесе басқаға алып берушілік.

Антагонизм – мүдделері қарама-қарсы күштердің, қастасқан таптар, топтар, партиялар және т.б. арақатынасының шиелініскен түрі.

Антисемитизм – еврейлерге қарсы бағытталған, оларды қудалауға арналған саясат пен идеологияның түрі.

Апартеид – нәсілдік жағынан бөлу, қорлау саясаты. Ол сайлау құқығынан айыру, бірдей еңбекке төмен ақы төлеу, көшіп-қонуды шектеу және т.с.с. көрініс береді.

Апатридтер – ешбір мемлекеттіңазаматы болып саналмайтын адамдар.Олар қай елде тұрса,сол елдің заңына бағынады, бірақ саяси құқықтары болмайды.

Аристократия – 1) пұрсатты, бай, ерекше құқықтар мен жеңілдіктерге ие ақсүйектер тобы; 2) ақсүйектер әулеті, билік жүргізетін мемлекеттік басқарудың түрі. Мысалы, мұндай мемлекеттік билік Ежелгі Гректерде болды.

Ассамблея – халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы.

Ассимиляция – бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.

Ассоциация – белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени және т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелердің бірлестігі.

Атқарушы билік – биліктің тармақталуы негізінде істейтін мемлекеттік басқару органдарының жүйесі. Оған үкімет пен әкімшілік жатады. Парламенттік республикаларда оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Сондықтан атқарушы билік солардың бақылауында болады және олардың алдында есеп береді. Олардың жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Әйтпесе, парламент үкіметке сенім білдірмеуі мүмкін. Президенттік республикаларда мемлекетбасшысы да президент болады. Оны парламент сияқты халық сайлағандықтан ол парламент алдында тікелей жауап бермейді. Бірақ бұдан президент парламентпен санаспай іс істеуі керек деген ой тумауы керек.

-Ә-

Әлеуметтік саясат – қоғамның ең жақсы дамуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік мүдделер мен қажеттіктерді қанағаттандыруға, лайықты өмір салтын орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы. Оған ең алдымен халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, жалақыны көтеру, денсаулық сақтау, білімін көтеру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.б. жатады.

-Б-

Бедел – саясатта саяси қайраткердің абыройлылығы. Оның шиеліністі шешуге, дау-дамайдың алдын алуға, елде тұрақтылық, татулықты орнатуға етер әсері зор келеді. Оның бәрі саяси қайраткердің адамдар мүддесін түсіне біліп, керегінде оны қорғай білуіне, парасаттылығына, адамгершілігіне, білімділігіне, адамдар тағдырына жауап бере білуіне, адалдылығына және т.б. қасиеттеріне байланысты болады.

Бейсаясаттық – азаматтардың, халықтың бір бөлігінің саясатқа, саяси өмірге самарқау, парықсыз, теріс көзқарасы, қатынасы. Мысалы, ол қоғамдық-саяси өмірге қатысудан бас тартудан, сайлау немесе референдум кезінде дауыс беруге бармаудан және т.с.с. білінеді.

Бейтараптылық – 1) екі жақтың айтыс, талас, дау-жанжалдарына кіріспеушілік; 2) соғысқан елдерді жақтап, соғысқа кіріспеу міндетін алған мемлекеттің халықаралық құқықтық мәртебесі және сол бағытта жүргізілген саясаты. Ондай елдер бейбітшілік жағдайда әскери-саяси блоктарға кірмейді.

Билеуші партиялар – қолдарына мемлекеттік билік тиген, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік алған партиялар.

Билік – 1) адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың (бедел, жігер, құқық, зорлықтың) көмегімен әсер ету мүмкіншілігі; 2) адамдарға саяси билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мемлекеттік және әкімшілік өкілеттілігі бар қызмет адамдары, органдары.

Биліктің тармақталуы – демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін және биліктің, субъектілеріне қарай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөлу.

Бипатридтер – бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттердің азаматы болып есептелуі.

Бихевиоризм – жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында пайда болған. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп білуге болады дейді.

Буржуазиялық-демократиялық партиялар – ХIХ ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды. Мынадай принциптерді басшылыққа алады: қоғамда билік үшін әрқашан ашық күрес жүруі керек, өкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жету, парламентте көпшілік дауыс алған партия немесе партиялық бірлестік өкіметті билейді, басқарушы партияға қарсы үздіксіз ашық оппозиция жұмыс істеуі керек. Заң алдында бәрінің де тең болғанын, сөз, баспасөз, жиналыстар бостандығын қалайды. Мысалы, Германияның еркін демократиялық партиясы, Ұлыбританияның социал-либералдық партиясы және т.с.с.

Бүлік – бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-әрекет.

Бюрократ – 1) азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерін формальды түрде атқаратын қызмет адамы; 2) басқарудың бюрократиялық жүйесіне жататын ресми қызметтегі адам.

-В-

Вето – тыйым салу; вето құқығы – заң шығаратын орындардың қарарына тыйым салу немесе заңның күшін тоқтату.

Волюнтаризм – саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайлармен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.

Вотум - өкіметке я оның кейбір мүшелеріне(министрлеріне) сенім білдіру (вотум доверия) немесе сенім білдірмеу (вотум недоверия) мақсатында сайлау арқылы қабылданған шешім. Мысалы, парламент үкіметке сенім білдірмесе, ол, әдетте, жұмыстан кетуге мәжбүр болады.

-Г-

Геноцид – адамдарды щығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.

Геосаясат – сыртқы саясатты географиялық факторларға (аумағына, ауа райына, қазба байлықтарына т.б.) байланысты жүргізетін саясат. Бұл теорияның негізін қалаушы Ф.Ратцель, Х.Маккиндер т.б. қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайы мен даму барысы географиялық ортаға байланысты дейді.

Геронтократия – ақсақалдардың билік жүргізу принципі. Басқарудың бұл түрі алғашқы қауымдық қоғамға тән. Сонымен қатар өкімет билігі жасы келген адамдардың қолында тұрған мемлекеттерге де байланысты айтылады.

Глобальдылық (жаһандық) – бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт. Қазіргі ғаламдық мәселелерге термоядролық соғысты болдырмау, айналадағы ортаны экологиялық апаттан қорғау, жер бетінде демографиялық жағдайды тұрақтандыру, халықаралық терроризм, нашақорлық, маскүнемдік, СПИД-тің өріс алуын тоқтату және т.с.с. жатады.

Гуманизм – қайта өркендеу дәуірінде дін мен феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс.

-Д-

Дәуір – қоғамның, табиғаттың, саясаттың, ғылымның, жалпы өзіндік ерекшеліктері бар ұзақ кезеңі.

Деидеологизация – идеологияның әсерінсіз, еркін, таза ғылымды жасауға, қоғамдық прогресті идеологиядан аластатуға тырысушылық.. Оның негізін біздің ғасырымыздың 50-60 жылдарында Р.Арон, Д.Белл, Т.Парсонс сияқты Батыстың ірі әлеуметтанушылары салды.

Декларация – үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай болмасын негізгі қағидаларды, мақсат-мүдделерді жариялайтын мәлімдеме.

Делегирование – бір субъектінің екінші субъектіге билікті беруі, сенім білдіруі.

Демагогия - өз мақсатына жету үшін адамдарға жалған уәделер беру, деректерді бұрмалау және т.т. арқылы әсер ететін саяси әрекеттің түрі. Күнделікті тұрмыста бос сөз, шатпақ деген мағынаны білдіреді.

Демократия – халық билігін,заңдылықты мойындап, азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бостандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, сайлау құқығы бәріне тең болуын, адамдардың экономикалық және саяси қорғалуын, шешім қабылдағанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі еске алынуын және т.б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі. Бұл – тарихи ұғым. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай оның принциптері өзгеріп, байып отырады.

Демократиялық партиялар – басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, пікір алалығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға онша мән бермейді.

Деполитизация – белгілі бір ұйым, органдардың және т.б. жұмысын саясаттың ықпалынан шығаруға тырысушылық..

Депортация – жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару.

Деспотизм – 1) өкіметтің толық бассыздығына, қол астындағы азаматтардың еріксіздігіне негізделген мемлекеттік құрылыстың жүйесі; 2) жеке адамның бостандығын мейірімсіз, қатал басып-жаншу тәсілі.

Деспотия – шексіз және дара билеудің бір түрі.

Децентрализация – орталық басқару жүйесінің жергілікті жерге өз билігінің бөлігін беруі.

Диктатор – заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз билеп төстеуші.

Диктатура – қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік. Ол көбінесе әлеуметтік-экономикалық күйзеліс, саяси күрестің шиелініскен шағында, өтпелі кезеңдерде, өкімет басына күшпен келгенде және т.с.с. пайда болады.

Дискриминация – нәсіліне, ұлтына, дініне немесе саяси көзқарастарына және т.т. байланысты адамдарды құқығынан айыру я шектеу.

Диссидент – үстемдік етуші, билеуші идеологиямен келіспеген адам.

Догматизм – нақтылы жағдайда өмір және тәжірибенің жаңалық, жетістіктерін ескермей, қатып қалған бір жақты қағидаларға негізделген ойлау, дүние тану тәсілі. Саясатта ол бір кездерде қалыптасқан ой-пікірлерді, әдіс-тәсілдерді бұлжымайтындай көріп, ескірген ережелерді, қалыптасуды, көзқарастарды өзгертпей сақтағысы келеді. Сондықтан ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістеріне ілесе алмай, көбіне оның алға жылжуына кедергі жасайды, саяси ойдың тоқырауына әкеледі.

Доктрина – саяси, экономикалық, әскери мақсаттарды жинақталған түрде білдіретін саяси теория, ілім.

-Е-

Еуропарламент – еуропалық бірлестіктің 25 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме. Ол 5 жылда бір рет осы елдер халықтарының тура дауыс беруі арқылы сайланады. Оның мәжілісінде Еуропа құрлығының дамуына байланысты негізгі мәселелер қаралады.

Еуроцентризм – ғылым,білім, мәдениет, әдебиет, өнер және т.б. нағыз жетістіктері тек Еуропада ғана дамыды деп дәлелдеуге тырысатын ғылыми тұжырым.

Егемендік – мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі. Мемлекеттік егемендік деп шетелдің араласуына жол бермейтін мемлекеттің ішкі және сыртқы істері мен қатынастарындағы саяси тәуелсіздігі және елді басқаруда, шешімдер қабылдауда, жоғарғы билік жүргізудегі еркіндігін айтады. Егемендіктің саяси, экономикалық, құқықтық жақтары болады.

-Ж-

Жалпы адамзаттық құндылықтары – бүкіл адамзаттың рухани тәжірибесінен туған адамгершілік қазыналар. Олар адамдардың адамгершілік туралы ой-пікірлерін білдіреді.

Жаңарған колониализм (неконсерватизм) – бұрынғы отаршы елдердің тәуелсіздігін алған мемлекеттерді экономикалық, саяси, әскери, мәдени, идеологиялық және т.с.с. әдіс-тәсілдерді шебер пайдалану арқылы өз ықпалында ұстау, ісіне араласу, қысым жасау саясаты.

Жаңарған консерватизм (неконсерватизм) – бұрынғы қалыптасқан дәстүрлі қазыналар мен арман-мұраттарды сақтап, оларды өмірдің бүгінгі талабына сай жаңғыртуға тырысқан Батыс саясаттану ғылымындағы ағым. Ол біздің ғасырымыздың 70 жылдарының екінші жартысында пайда болған. Белсенді өкілдері: Д.Белл, И.Кристонн, С.Липсет және т.б.

Жаңарған либерализм (неолиберализм) – дәстүрлі либерализмнің қағидаларын сақтап, оларды ХХ ғасырдың жаңа талаптарына сай өзгертуші идеялық-саяси ағым. Мысалы, бұрынғы либерализм мемлекет экономикаға араласпасын дейтін. Қазір әлеуметтік-экономикалық және т.б. мәселелердің кейбір жерлерін мемлекеттің реттегенің жөн көреді. Мемлекеттің бюрократиялануына, адамның жеке өміріне араласуына және т.с.с. қарсы шығады.

Жаңаша саяси ойлау – КСРО мен СОКП басшыларының жалпы адамзаттық мұраттар мен құндылықтарды басшылыққа алып, бұрынғы «қырғи қабақ соғыс» қалпынан бас тартуы. 80 жылдардың ортасында оған себеп болғандар: 1)ядролық-космостық дәуірде мемлекеттер, блоктар арасында әскери қақтығыстың болмау керектігін түсіну; 2) ғаламдық мәселелердің маңызды орын алуы және т.б.

«Жасылдар» - айналадағы ортаны қорғап, жер бетінде тіршілікті сақтау үшін күресетін халықаралық сипаты бар экологиялық қозғалыс. 70 жылдардың екінші жартысында ол қозғалыстардан партиялар пайда болды. Ондай партиялар қазір барлық елдерде дерлік бар.

Жеке басқа табынушылық – саяси қайраткерді шексіз дәріптеу. Ол азаматтардың демократиялық құқықтары тапталған елдерде дамиды.

Жекешелендіру – мемлекеттік меншікті (кәсіпорын, тұрғын үй, көлік құралдары және т.с.с.) жеке меншікке беру немесе сату. Ол – нарықтық экономикаға өту үшін қажетті шарттың бірі.

-З-

Заң шығарушы билік – заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысатын билік, парламент.

-И-

Идеал – саяси салада саясатты жасап, оны жүзеге асырушылардың алдына қойған жоғарғы саяси арман-мұраты.

Идентификация – жеке адамның белгілі бір әлеуметтік (ұлттық, таптық, саяси және т.б.) топқа жататындығын, сонымен тағдыры бір екендігін сезініп, түсінуі. Бұл сөзді ғылыми әдебиетке З.Фрейд енгізді.

Идеология – белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.

Иерархия – төменгі органдардың, шенділердің жоғарғы органдарға, шенділерге бағыну тәртібі.

Импичмент – жоғарғы лауазымды адамдарды (президентке шейін) конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.

Институализация – саяси қозғалыс немесе құбылыстың тәртіпке келтірілген, ұйымдасқан мекемеге айналуы.

Интеграция – мемлекетаралық саяси, экономикалық, әскери және т.б. одақтардың құрылуы. Оның негізінде ортақ мүдде, саяси қатынастардың жақындасу, бірлесуге тырысу үрдісі жатыр. Бұл салада Еуропалық Одақ зор жетістіктерге жетті.

-К-

Келісім – мәжіліске қатысушылардың немесе саясаттың басқа субъектілердің келісімі негізінде қабылданатын шешім.

Коалиция – 1) ортақ жауға қарсы екі немесе одан көп елдердің жасаған одағы; 2) мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін немесе бірлесіп іс-әрекет жасау мақсатымен партиялардың я қоғам қайраткерлерінің бірігуі, келісімі.

Консерватизм – 1) тарихи қалыптасқан саяси және қоғамдық өмірді өзгеріссіз сақтауға тырысқан әлеуметтік-саяси көзқарастар, теориялар жүйесі; 2) консервативтік партиялардың ұстаған бағдарламалық бағыты.

Конституция – мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.

Конфедерация - өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т.с.с.) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағы. Онда жалпыодақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәріне міндетті заң шығарушы билік болмайды. Оның алғаш шешімдері оған енген елдердің бекітуінен өтуі керек. Ол өмірде сирек кездеседі. Мысалы, ол 1848 жылға дейін Швейцарияда, 1778-1787 жылдары Солтүстік Америка штаттарында болды. Қазір соған ұқсас құрылымды Еурополық Одақ құрмақ ойы бар.

Конфликт (жанжал) – қарама-қарсы күштердің, партиялардың, көзқарастардың, мақсат-мүдделердің бір-біріне қайшы келуі. Ол өрістеген кезде арты шешілмес қатты дау-жанжалға, ал саяси шиеленіс саяси дағдарысқа әкеліп соқтыруы мүмкін.

Конфликтология - әлеуметтік дау-жанжал, шиеліністердің мәнін, табиғатын, зардаптарын зерттеуге, оларды алдын ала болжауға арналған ілім.

Коррупция – 1) мемлекеттік және саяси қайраткерлерді, министрлерді, парламент мүшелерін, шенеуніктерді және т.б. параға сатып алу; 2) лауазымды адамдардың жеке басын байыту мақсатында өз қызметін қылмыстық жолмен пайдалануы, парақорлығы, сатылғыштығы.

Көппартиялылық – мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі.

-Қ-

Қоғамдық-саяси ұйымдар – халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі.

Құқықтық мемлекет – демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқықтары жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылыс.

«Қырғиқабақ соғыс» - екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталып, 80 жылдарға дейін созылған социалистік және капиталистік жүйелер арасындағы халықаралық шиеленіс қатынастары.

Қысымшы топтар – билік институттарына мақсаты ықпал ету арқылы өз мүдделерін қанағаттандыруға тырысқан қоғамдық бірлестіктер.

-Л-

Легитимдік – халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.

Либерализм – 1) жеке адамның саяси және экономикалық құқықтарын мақұлдап, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеуге тырысатын ілім, саяси бағыт; 2) бірқатар елдерде орта топтың мүддесін қорғайтын либералдық партиялар.

Лобби – белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында әрекет ететін ерекше саяси ұйым. Ол қысымшы топтың бір түріне жатады. Саяси, қоғам қайраткерлерімен жақсы қатынастар орнатып, солар арқылы үкіметтің табысты тапсырмаларын алуға, заң жобаларына өздеріне керекті өзгерістер жасауға және т.с.с. күш салады. Бұл мақсатта неше түрлі әдіс-тәсілді пайдаланады.

Люмпен – қоғамның азғындалған бөлігінің жалпылама аты. Оған қаңғыбастар, қайыршылар, жезөкшелер, қылмыскерлер және т.с.с. жатады.

-М-

Мaжoритарлық жүйе – сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алу.

Макиавеллизм – алға қойған мақсатқа жету үшін амал-айланың қандай түрі болмасын пайдалану тәсілі. Оның негізін салған Италияның саясаттанушысы Н.Макиавелли (1469-1527) елдің басын біріктіріп, бірлігін сақтау үшін патшаларға жауыздық жасауға да, күш жұмсауға да кеңес берді.

Манифестация – бір іске, оқиғаға, билеушілердің саясатына тілектестігін не қарсылығын білдіру үшін көпшілік болып қыр көрсету.

Маргиналдар – белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар. Мысалы, ауылдан жұмыс іздеп қалаға келген жастар. Олар бір жағынан ауыл өмірінен қол үзген, екінші жағынан қаланың өмір салтын, мәдениетін игеріп, сіңбеген. Осылайша әредік жағдайға душар болады. Мұндайларды маргиналдар дейді. Олардың көбінің тұрақты тұратын орны жоқ, жұмыс орны да анықталмаған, белсенді саяси өмірге тартылмаған. Сондықтан олар қылмыс не басқа арандатушылық әрекеттерге оңай ілесіп кетеді. Маргиналдарға этникааралық, нәсіларалық некеге түскендер де жатады. Мысалы, метистер.

Марксизм - өзара байланысты философия, саяси экономия, ғылыми коммунизмнен тұратын ілім. Ол социалистік революция нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм мен коммунизмнен) тұратын коммунистік қоғамды орнатуды мақсат етті.

Мәміле – дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуі.

Мемлекет – белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың, әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі.

Мемлекеттік билік – барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар, заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі.

Менталитет – 1) ойдың бағыты, жүйесі, ақыл шабыты, құрылымы;

2) адамның, топтың, таптың, халықтың дүниетанымы, өмірге, саясатқа, билікке қатынасы; 3) рухани өмірдің ерекшелігі.

Меритократия – ерекше қабілетті, құзыретті, таланаттылардың билігі.

Милитаризм – жаппай қарулану, соғысқа әзірлену, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге тырысқан саясат.

Модернизация – қазіргі, жаңа жағдайға байланысты жаңару, өзгеру, икемделу. Саясатта саяси жүйенің, әдіс-тәсілдердің, бағдарлама, тұжырымдамалардың өзгеруі.

Монархия – мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. Оны хан, патша, император, король, сұлтан, шах және т.б. деп атауы мүмкін. Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді.

Муниципалитет – 1) кейбір елдерде өзін-өзі басқаратын аумақтық қоғамдастық, жергілікті өзін-өзі басқару органы. Оның өз меншігі, заң шығаратын, салық салатын және т.б. құқықтары бар; 2) кей елдерде кездесетін төменгі әкімшілік-аумақтық бөлік; 3) муниципалитеттің орналасқан үйі.

-Н-

Нәсіл – шығу тегіне және әр түрлі тұқым қуалайтын ерекшеліктеріне (дене құрылысы, терісіне, көзінің түсіне және т.с.с.) байланысты бірлескен адамдар тобы.

Нигилизм – жалпы қабылданған заңдық ережелер, қоғамдық саяси өмірдің тәртіптерін және т.с.с. жоққа шығару. Саясатта оны жақтаушылар қалыптасқан саяси қазыналарға, партиялар мен саяси қайраткерлердің іс-әрекетіне қарсы болып, қабылдамайды.

- О-

Объект – субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті бағытталған зат.Саясаттанудың обьектісіне саясат әлемі жатады.

Оккупация- бір елдің мемлекеттің әскер күшімен уақытша басып алуы.

Олигархия- саяси және экономикалық билік азғантай топтың қолында түрған биліктің түрі немесе сол үстем топтың өзі.

Оппозиция - 1)бір саясатқа,саяси іс-әрекетке,қайраткерге қарсылық ету,кедергі жасау.2)партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің немесе үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы,

Охлократия – қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған,демократияны теріс түсінген тобыр билігі.

- Ө-

Өркениеттілік -1)қоғамның, адамзаттың материалдық және рухани даму деңгейі; 2)мәдениеттің синонимі; 3) Л.Морган, Ф.Энгельстердің көрсетуінше, қоғам дамуында варварлықтан кейінгі сатысы.

- П-

Парадигма- жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі.

Парламент- жоғары сайланбалы өкілдік және заң шығаратын орган.

Парламенттік республика - конституция бойынша жоғарғы билік иесі парламент болып саналатын мемлекеттік құрылыстың түрін айтады.Мұнда үкіметті парламент қалыптастырады,сондықтан оған тәулді болады.Парламент бюджетті бекітеді,салықты белгілейді,соттарды құрады,халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды,соғыс аша алады,әскерлерді қамтамасыз етеді және т.с.с.айналысады.Көптеген елдің парламенті екі(жоғарғы және төменгі)палатадан тұрады.

Пацифизм -соғыстың қандай түріне болмасын(мақсатына,сипатына қарамастан)қарсы тұрып,бейбітшілікті жақтайтын ағым,қозғалыс.

Плебисцит- ерекше маңызды мәселе туралы барлық халықтың пікірін сұрау,анықтау.

Плутократия -1)мемлекеттік билік байларға(плутократтарға)бағынышты болған саяси құрылыс;2)байлардың билігі,ақшаның үстемдігі.

Полис –ежелгі грек елінде қоғам мен мемлекеттің саяси-экономикалық ұйымы, қала-мемлекет.

Популизм –саясаткердің немесе қоғамдық институттардың саяси қызмет атқару тәсілі.Олар мынадай ерекшеліктермен сипатталады:көпшіліктің тап қазіргі қарапайым талаптарын желеу етіп,құптау;өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген жағдайын пайдалану;көпшілікке жалпақтап,жағымпаздану,тобыр тіліндегі сөздерді,тіркестерді қолдану,асыра уәде беру,халықтың сауаты аз бөлігіне шағыну және т.с.с.

Прагматизм – алға қойған мақсатқа іс-жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.Көбіне адамгершілік қағидаларымен санаспай,нақтылы нәтижеге жетуге тырысады.

Президент –1)республикалық басқару орын алған елдердегі белгілі бір мерзімге сайланған мемлекет басшысы;2)сайлап қойылатын басшы,қоғамдық,ғылыми мекемелердің,корпорация,компания және т.б. төрағасы.

Президенттік республика –конституция бойынша жоғарғы билікті президент жүргізетін республикалық басқарудың түрі.

Прогресс –алға қарай үдеп,дамуды білдіретін бағыт.

Протекрат –мемлекеттің әлсіз мемлекетті формальды түрде қамқорлыққа алуы.Көбіне мұндай жағдай әлсізді толық жаулап,жерін қосып алудың амалы болып шығады.Мысалы,ХХ-ғасырдың бас кезінде Жапония Кореяны алдымен протекторат етті,кейін оны өзіне қосып алды.

-Р-

Радикализм - партияның,қозғалыстың,фракцияның,жеке басшының және т.с.с. қоғамда қалыптасқан жағдайды өзгерту мақсатымен жасалатын батыл іс-әрекеті,қимылы.

Реакция – 1)белгілі бір әрекетке жауап ретіндегі іс-қимыл;2)қоғамдық прогреске қарсы бағытталған,күні өткен тәртіпті орнатқысы келетін саясат.Ол,әдетте, жаппай зорлық-зомбылық, күш жұмсаудың,экономикалық, саяси езгінің күшеюіне,еркін ой-пікірді қудалауда көрініс береді.

Революция – қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымындағы түбегейлі сапалы төңкеріліс.Оның біртіндеп,ақырын дамитын эволюциядан және ішінара өзгерістір жасайтын реформадан айырмасы зор.ол көпшілік күштерді қозғалысқа келтіріп,революция







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 11307. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...


Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия