ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ. Пән: UPPBTE 3309 «Терроризмге және экстремизмге қарсы күрестің қылмыстық құқықтық
(syllabus)
Пән: UPPBTE 3309 «Терроризмге және экстремизмге қарсы күрестің қылмыстық құқықтық және криминологиялық мәселелері» Мамандық: 5В030303 – Құқық қорғау қызметі Оқу нысаны: күндізгі Кредит саны: 2 Курс: 3 Семестр: 6 Дәріс: 20 сағат Семинар: 10 сағат СОӨЖ: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат Емтихан: 6-семестр Ағымдағы бақылау саны: 2 Жалпы сағат көлемі: 90 сағат
Астана 2013
Пәннің оқу бағдарламасын сәйкес аға оқытушы Н.Н: Ниетуллаев дайындады.
ҚазГЗУ қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасында талқыланды:
«____»___________ 2013 жыл Хаттама №____
Кафедра меңгерушісі: з.ғ.к. Серікбаев А.М.______________
Ұлттық құқық жоғары мектебінің әдістемелік кеңесімен мақұлданды:
«____»___________ 2013 жыл Хаттама №____
Төрағасы: з.ғ.д., профессор Шапақ Ү.Ш._________________
Курс оқытушысы туралы мәліметтер: Ниетуллаев Нұрлан Нұрмұхамбетович – заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Оқытушының ғылыми ізденістері:экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар; қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. Тіл меңгеру деңгейі:казақ (ана тілі), орыс (еркін), ағылшын (ауызекі тіл).
Кафедра туралы мәліметтер: « Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология» кафедрасы, 216 каб., тел.70-30-23 Пререквизиттер:Пәнді игеру үшін студенттердің «ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім)», «ҚР Қылмыстық құқығы (Ерекше бөлім)», «ҚР Қылмыстық істер жүргізу құқығы», «ҚР Әкімшілік құқығы», Криминология» пәндерінен, сондай-ақ құқықтың жалпы теориясы мен тарихы пәндерінен алған білімдері қажет.
Постреквизиттер:Студенттердің «Терроризмге және экстремизмге қарсы күрестің қылмыстық құқықтық және криминологиялық мәселелері» пәнін оқу нәтижесінде алған білімдері «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша оқытылатын өзге де қылмыстық-құқықтық пәндерді, олардың ішінде жекелеген қылмыс түрлерін саралау мәселелеріне арналған пәндерді меңгеру үшін қажет болады. Пәннің сипаттамасы:«Терроризмге және экстремизмге қарсы күрестің қылмыстық құқықтық және криминологиялық мәселелері» курсы қылмыстық-құқықтық пәндер циклына кіретін элективтік пән болып табылады. Террористік және экстремистік бағыттағы қоғамдық қауіпті әрекеттердің соңғы онжылдықта кең етек алуы қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың осы тобын арнайы игеруді талап етеді. 2011-ж. 29-қарашасындағы Қазақстан Республикасының № 502-IV Заңы қазақстандық қылмыстық құқықтық практикаға қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар құрылымында жаңа қылмыстар тобын қалыптастырған деуге болады. Аталған заң негізінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінің үш тарауындағы он үш норманы қамтитын террористік қылмыстар заңды түрде бекітілген. Сонымен бірге, заңи айналымға терроризм түсінігімен қатар «экстремизм» ұғымы да енгізілген. Статистикалық ақпараттар бойынша, елімізде осы тұрғыдағы қылмыстық құқықтық нормалар негізінде жыл сайын (соңғы 3-5 жыл бойында) орта есеппен үш жүзге жуық қылмыстық істер тіркеліп келеді. Дегенмен, практикалық қызметкерлер бұл нормаларды қолданудағы бірқатар қиыншылықтардың орын алатынын атап өтеді. Курсты игеру барысында студенттерге террористік және экстремистік қылмыстарды саралау, бір-бірінен және іргелес қылмыстардан ажырату, сол сияқты бұл қылмыстар бойынша Қазақстан Республикасындағы және әлемдік деңгейдегі криминологиялық мән-жайлар, терроризм мен экстремизмнің алдын алу мәселелері оқытылатын болады.
Пәннің мақсаты:студенттерге нақты қылмыс жасау оқиғаларына қылмыстық заңды қолданудың құқықтық және теориялық негіздері, сондай-ақ логикалық әдіс-тәсілдері туралы тұрақты білімдер жүйесін беру, болашақ кәсіби қызметте ғылыми ұсыныстарды пайдаланудың, қылмыстарды саралаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:террористік және экстремистік қылмыстарды саралаудың қылмыстық құқық ғылымында тұжырымдалған жалпы ережелері мен қағидалары туралы білімдер алу және оларды жүйелеу; террористік және экстремистік қылмыстарды саралаудың қылмыстық заңнамада бекітілген ережелерін меңгеру, қылмыстық құқық нормаларын жүйелі талдау негізінде заңның шынайы мәнін ұғыну дағдыларын қалыптастыру; қылмыстық заңнаманы қолданудың қалыптасқан тәжірибесін талдау, қоғамдық қауіпті әрекеттерге қылмыстық-құқықтық баға бергенде ұшырасатын қателіктерді анықтау; қылмыстарды саралау мәселелері бойынша заманауи теориялық ізденістер мен танысу, зерттеуді қажет ететін немесе даулы мәселелерді қарастыру.
Пәннің мазмұнын айқындайтын білімдер мен дағдылар:«Терроризмге және экстремизмге қарсы күрестің қылмыстық құқықтық және криминологиялық мәселелері» пәнінің аясындағы оқу материалдарын сәтті меңгерген жағдайда студенттер алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануды үйренеді және істің фактілік мән-жайларына баға беру, заңның мәнін түсіндіру, қолданылуы тиіс қылмыстық-құқықтық норманы таңдау, нормада бекітілген қылмыс құрамының белгілерін іс жүзінде жасалған әрекеттің белгілерімен салыстыру, қорытынды негізінде шешім қабылдау және оларды сәйкес процессуалдық құжаттарда бекіту дағдыларын қалыптастырады. Студенттер теория мен тәжірибе талаптарына сай қылмыстық заңнаманы жетік білуге, заңдар мен ҚР Жоғарғы сотының нормативтік қаулыларын түсіндіре және қолдана алуға тиіс.
|