Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Пәннің саясаты





Пәннің саясаты – кафедраның студентке берілген пәнді оқу үдерісінде қойылатын жалпы талаптарға, студентердің оқу материалын неғұрлым толық меңгеруге және оқытушылар мен студенттер арасында жемісті ынтымақтастыққа бағытталған.

Білім алушылар міндетті:

· Білімді, біліктілікті және практикалық дағдыларды толық көлемде игеруге;

· Оқытушыларға, қызметкерлерге және білім алушыларға құрметпен және сыпайылықпен қарауға;

· Білім алушылар тәртіпті және ұқыпты болуға тиіс, университетте, ауруханаларда өздерін лайықты ұстай білуге тиіс.

· Сабақтардың басынан барлық оқу және олардың маңындағы бөлмелерде қалыпты білім алуға қажетті тыныштық және тәртіп орнатылуы тиіс;

· Сабақ басталуынан кейін (оқытушының сабақты нақты бастауынан кейін) білім алушылардың аудиторияға кіруі және шығуы оқытушының рұқсаты бойынша ғана болады;

· Дәрістерге, практикалық сабақтарға міндетті түрде қатысуға;

· Дәрістерге, практикалық сабақтарға медициналық формада міндетті түрде қатысуға;

· Тәжірибелік сабақтарға кеңсе заттармен келуі қажет /сурет салу үшін альбом, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш/.

· Кафедраның мүлкіне мұқият қарауға;

· Отқа қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтауға тиіс;

· Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтауға тиіс;

· Кафедраның жұмысына белсенді қатысуға (СҒБ үйірмесіндегі жұмыс, кафедраның шараларына және т.б.);

· Мобильдік телефондарды оқу, дәріс уақытында сөндіруге тиіс; ұялы телефондарды емтихандарға алуға тыйым салынады.

· Дәрістерге қатысу міндетті болып саналады. Дәрістерге қатыспаған жағдайда материал дәріс конспектін дайындау және дәріскермен әңгімелесу түрінде өтеледі.

· Кафедраларда және курстарда өтелудер сабақ кестесінен тыс уақытта өткізілуі тиіс – сенбі күндері, клиникаларда–түнгі профессорлық-оқытушылық құрамының кезекшілік уақытында өтелуіне рұқсат беріледі.

· Студент босатқан сабақтарының санын бағдарлама бойынша өтеуге міндетті.

· Білім алушы сабақтарды және дәрістерді себепті босатқан жағдайда (стационарлы емдеуде болғанда, төтенше жағдайларда: авариялар, апаттар және басқалар), студент немесе оның туыстары кафедраны болған жағдай туралы кез – келген әдіспен (телефонмен және басқа) бір тәулік ішінде хабардар етіп, 3 күннің ішінде осы жағдайды растайтын құжаттарды көрсетуге тиіс; Растайтын құжаттар болып: студенттік емханадан алынған анықтама, жақынының өлімі туралы құжат, донорлық анықтама, неке қиуы туралы күәлік, баланың тууы туралы күәлігі. Растайтын құжаттардың болмаған жағдайда- себепсіз босатты деп саналады.

· Сабақтар мен дәрістерді себепті босатқан жағдайда білім алушы босатқан сабақтың көлемінде тегін қайта тапсырады, растайтын құжатпен деканаттан рұқсатнаманы көрсеткеннен кейін;

· Кафедраға рұқсатнамамен қатар растайтын құжаттың көшірмесі көрсетіледі. Студент бір уақытта 2 сабақты (2 дәрісті) өтеуіне болады.

· Сабақтар мен дәрістерді себепсіз босатқан жағдайда білім алушы босатқан сағаттар көлемінде ақылы қайта тапсырады;

· Төлем мөлшері ЖОО Ғылыми кеңесінің шешімімен белгіленеді. Студент бір уақытта 1 сабақты (1 дәрісті) өтеуіне болады.

· Босатқан сабақты өтегенде «қ/ж» журналда шеңберленеді және алған бағасы қойылады;

· Себепсіз босатқан сабақты өтегенде студентке 3,33 дан жоғары баға қойылмайды. Электрондық журналда «ж» алынады және балл қойылады.

· Екі және одан да көп сабақтар мен дәрістерді босатқан жағдайда білім алушы аттестатталмады деп есептеледі;

· Студент себепсіз босатқан сабақтарды (дәрістерді) бір айлық мерзімде, және себепті босатқан сабақтарды (дәрістерді) 2 ай аралығында өтеуге тиіс. Цикл жүйесі бойынша білім алушы студенттер барлық циклды себепсіз босатқан жағдайда деканат рұқсатнама бермейді және студент ақылы семестрді өтуге міндетті.

· Деканат рұқсатнамалары және төлем туралы түбіртектері өтемдер тіркеулері журналымен бірге сақталады.

· Себепсіз бір айлық мерзімде өтелмеген сабақтар болған жағдайда босатылған сабақтарды студенттердің өтеуге құқықтары жоқ.. Сабақтың ұзақтылығына байланысты және босатылған сабақ саны бойынша РРБ төмендетілсе (РРБ электрон журналында міндетті түрде төмендетіледі).

· Өтелмеген аралық бақылау бір ай бойы болған жағдайда «қ/ж» орнына «0» қойылады.

· Практикалық (семинарлы, лабораторлы) сабақтардың жалпы санының 25% және одан да артық санын босатқан жағдайда білім алушы емтихан/ дифференцияланған зачет тапсыруға енгізілмейді және ол ақылы семестр өтуге тиіс.

· Қорытында баға мына жағдайда есептеледі, егер білім беруші рұқсат алу рейтингісі бойынша, сонымен қатар қорытынды бақылау бойынша оң бағасы болған жағдайда. Мұндағы оң бағаға 50%дан 100% -ға дейінгі бағалар, қанағаттанарлықсыз бағаға 0 ден 49% -ға дейінгі бағалар кіреді.

· Пән бойынша зачет РРБ байланысты. РРБ 49% және төмендеу болса, зачет студентке қойылмайды және білім алушы ақылы семестр өтуге міндетті.

· Ағымдағы сабақтарда алыған және аралық бақылаудағы қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар алғанда студенттің РРБ төмен болады, ол емтихандар рұқсатнамасына әсер етеді.

· Студенттер барлық зачеттерді оқу жоспарына сәйкес өткізуге міндетті. Зачет кітапшасына зачеттар оң жағына қойылады. ГОСО-2006 бойынша зачет кітапшаның оң жағына РРБ қойылады. Дифференциалдық зачет бағасы стипендияның тағайындалынуына әсер етеді.

· Оқу бағдарламаның барлық шарттарына сәйкес қаралатын семестрдің барлық пәндері бойынша барлық зачеттарын тапсырған/ РРБ алған жағдайда, студенттер емтихандық сессияға рұқсатнама алады. Емтихандық сессияға рұқсатнама деканаттың өкімімен ресімделеді, студенттің зачет кітапшасына «сессияға рұқсат етілді» деген мөртаңба қойылады.

· Емтиханда білім алушының «шпаргалкалар» қолданылғаны байқалса, оған міндетті түрде «қанағаттанарлықсыз» қорытынды баға қойылады.

 

Студенттердің өздік дайындығын ұйымдастыруға гистология курсының мүмкіндіктері:

Студенттердің өздік дайындау үшін курста оқу микроскоптармен, гистологиялық препараттармен, көрнекі материалмен жабдықтандырылған оқу бөлмелері бар. Студенттерге оқу-әдістемелік материалы (әдістемелік өңдеулер, оқу кестелер, сызбалар, атластар, тесттер, гистологиялық препараттардың диагностикасы бойынша өңдеулер) беріледі.

Курста студенттің ғылыми үйірмесі бар. Үйірменің мәжілістері жоспар бойынша ай сайын өткізіледі.

Курста әр дүйсенбі сайын 14.00 бастап 17.00 дейін пән бойынша кеңестер өткізіледі.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 651. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия