Бап. Уәкiлеттi органның құзыретi. 1.Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1.Уәкiлеттi органның құзыретiне: 1) өсiмдiктердi қорғау саласындағы бағдарламаларды әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Yкiметiне табыс ету; 2) ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс ету; 2-1) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен бекiту; 3) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу; 3-1) мынадай: пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау); пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу; пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау ережелерiн әзiрлеу; 9) фитосанитариялық iс-шараларды ұйымдастыру; 10) алынып тасталды - ҚР 2006.01.10 №116 Заңымен. 11) мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудегi қызметiн үйлестiру; 13) алынып тасталды – ҚР 2006.01.10. №116 Заңымен. 14-1) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдiснаманы әзiрлеу; 15) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторингтi ұйымдастыру; 16) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндiру сынақтарын және мемлекеттiк тiркеудi ұйымдастыру; 17) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыс берудi ұйымдастыру мен үйлестiру, жүзеге асыру; 19) алынып тасталды - ҚР 2006.01.10 №116 Заңымен. 23) пестицидтердiң (улы химикаттардың) түрлерi бойынша запас нормативiн және оларды пайдалану тәртiбiн белгiлеу; 24) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртiбiн айқындау; 25) фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асырудың тәртiбiн, тәсiлдерiн регламенттейтiн әдiстердi, әдiстемелердi, ұсынымдарды бекiту, өсiмдiктердi қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастыру, үйлестiру және бақылау, сондай-ақ өсiмдiктердi қорғау бойынша мамандар даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру жөнiнде оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келiсу; 26) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлеу және бекiту кiредi. 2. Алынып тасталды – ҚР 2009.07.17 №189-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi – ҚР 2004.07.09 №584, 2004.12.20 №13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 №116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31 №125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.12.06 №209, 2007.01.12 №222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17 №188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 №189-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 №258-IV, 2011.01.06 №378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
|