Бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өсiмдiктер қорғау жүйесi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өсiмдiктер қорғау жүйесiне: Ескерту. 4–бапқа өзгерту енгiзiлдi – ҚР 2004.12.20 №13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17 №189-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен. Пестицидтер (улы химикаттар) – зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ егiндi жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсiру және өсiмдiктердiң өсуiн реттеу үшiн пайдаланылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру – тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға, жоюға бағытталған iс-шаралар. Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тipкeу – препараттарды биологиялық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалау процесiн аяқтайтын рәсiм, оның нәтижесi бойынша жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында оларды Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасына сәйкес қолдану құқығына тiркеу куәлiгi берiледi. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) бастапқы компоненттерi – пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiруге арналған химиялық және басқа да заттар. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) қалдық мөлшерi - өсiмдiк шаруашылығы өнiмi мен қоршаған орта объектiлерiндегi пестицидтер (улы химикаттар) құрамының мөлшерлiк көрсеткiшi, олардың адам мен жануарларға қауiпсiздiгi осы көрсеткiш арқылы бағаланады. Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау) – бастапқы компоненттердiң негiзiнде пестицидтер (улы химикаттар) дайындаудың технологиялық процесi. Пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмi – ҚР-ның аумағында қолдануға рұқсат етiлiп тiркелген пестицидтер (улы химикаттар) тiзбесi. Әдебиет: 1. Нормативтік актілерінің жинағы WWW minagri. KZ сайтында.
Өзін–өзі тексеру сұрақтары: 1. Өсімдіктерді қорғау заңнамасының мазмұны. 2. Өсімдікті қорғау заңнамасының негізгі ұғымдары. 3. Пестицидтерді залалсыздандыру дегеніміз не? 4. Пестицидтерге сипаттама беріңіз.
2–тақырып. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу. Пестицидтерді тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу тәртібі.
Сабақтың мақсаты:Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік реттеумен танысу. Пестицидтерді тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу тәртібін толық меңгеру.
|