1. Карантиндi объектiлердi уақтылы анықтау, олардың таралу ошақтарының шекараларын айқындау мақсатында жер және орман алқаптары, ауыл шаруашылығы, әсемдiк, дәрiлiк және басқа да дақылдардың егiстiктерi мен көшеттерi, үйлер, ғимараттар, контейнерлер, қоймалар, өзге де объектiлер және карантинге жатқызылған өнiмдi шығарумен, өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткiзумен байланысты ұйымдардың аумақтары және карантиндi объектiлердi жұқтыру мен тарату көзi болуы мүмкiн өзге де объектiлер жүйелi түрде тексеруге жатады.
Бұл жұмыстарды орындауды өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың нұсқамалары бойынша жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы қамтамасыз етеді.
2. Зерттеу нәтижелерi, сондай-ақ бұл ретте, анықталған зиянкестер, өсiмдiк ауруларының қоздырғыштары мен арамшөптер осы объектiлердiң карантиндiк түрлерге тиiстiлiгiн айқындау және растау үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға жiберiледi. Объектiлер анықталмаған жағдайда өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар карантиндiк түрлерге тиiстiлiгiн растау үшiн оларды республикалық карантиндiк зертханаға жiбередi.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары аталған объектiлерге бақылау тексерулерiн жүргiзедi. Тексеру нәтижелерi өсiмдiктер карантинi бойынша мемлекеттік бақылау жүргiзiлгенi туралы актiмен ресiмделедi.
Ескерту. 13-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.07.17. N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.