Бап. Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтер (улы химикаттар) қоры
1. Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтер (улы химикаттар) қоры дегеніміз пестицидтердің (улы химикаттардың) ұдайы жаңартылып отыратын белгілі бір көлемі және ол уәкілетті органның қарауындағы (билігіндегі) мемлекеттік меншік болып табылады. 2. Пестицидтер (улы химикаттар) қоры карантиндік объектілердің анықталған таралу ошақтарын оқшаулауға және жоюға арналады және бюджет қаражаты есебiнен сатып алынатын пестицидтер (улы химикаттар) көлемiнен қалыптастырылады. 3. (алып тасталды) Ескерту. 8-1-баппен толықтырылды – Қазақстан Республикасының Әдебиет: 1. Нормативтік актілерінің жинағы WWW minagri. KZ сайтында. Өзін–өзі тексеру сұрақтары: 1. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыреті мен құқықтары. 2. Мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтер. 3. Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтер (улы химикаттар) қоры.
10–шы тақырып. Қызметі карантинге жатқызылған өнімдермен байланысты тұлғалардың міндеттері, құзыреті мен ұйымдары. Қайта тіркеуге өтінім мен тиісті құжаттар. Сабақтың мақсаты:Қызметі карантинге жатқызылған өнімдермен байланысты тұлғалардың міндеттерін, құзыретін және ұйымдарын оқып үйрену. Қайта тіркеуге өтінім мен тиісті құжаттар туралы талқылау.
|