Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Газеттің публицистиканың алғашқы жанрларын қалыптастырудағы ролі.





Қазақ тіліндегі екінші газет 1888 жылдың 1 қаңтарынан бастап шыға бастады. Омбы қаласында Дала генерал-губернаторының органы ретінде шыққан "Акмолинские областные ведомости" газетінің қосымшасы ретінде "Особое прибавление к Акмолинским областным ведомостям" деген атпен жарық көрді. Кейіннен 1894 жылдан бастап "Дала уалаятының газеті" деген атпен шығарылды. Бұл газеттің орысшасы "Киргизская степная газета" деп аталады. Газет редакторы ретінде И. Козлов, К. Михайлов, Г. Абаза, А. Попов, Д. Лавров деген адамдар қол қойған. Газеттің қазақшасын аудармашы қызметін атқарған Ешмұхамед Абылайханов пен Дінмұхамед Сүлтанғазиндер басқарды. Газетке қатысқан қаламгерлер қатарында Р. Дүйсенбаев, Қ.Жапанов, Б. Чалымбеков, О. Әлжанов, Ж. Айманов, Д. Иманкулов, А.Құрманбаев, А. Қылышбаев, А. Нөкербеков есімдерін атауға болады.

XIX ғасырдың екінші жартысынан бастапқазақ еліне игі әсерін тигізе бастаған орыс әдебиетінің, мәдениетінің шаруашылығының зор құрметінің көрінісі қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың, классик ақын Абай Құнанбаевтың, ағартушы әрі жазушы Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуы дейміз. Халқымыздың ұлығалымы ШоқанУалиханов туралы қазақ тілінде басылған алғашқы мақалалардың бірін "Дала уалаятының газеті" бетінен оқимыз. Халық үшін аянбай еңбек еткен дарындардың бірі Ыбырай Алтынсарин туралы да газет бетінде мақала, хабар жарияланып, оның өзіжазған өлеңдері де басылып тұрған.

Қазақ ертегілері газет беттерінде кеңінен жарияланған. Әр алуан сюжетке құрылған бұл ертегілерде қаһарлы хан, қу уәзір, ақылды, тапқыш, еңбеккер кедей, шаруа образдары кеңінен суреттелген. Қазақ елінің өмірінен, ел өмірінде болғаншындықтан алынған,кейін ел аузында аңыз-әңгімеге айналыпкеткенәңгімеде газет бетіне басылған"Еңлік-Кебек" әңгімесінің орны ерекше. 1892 жылы басылған "Қазақтың естерінен кетпей жүрген бір сөз" атты аңыз-әңгіменің кіріспесі ретіндеқазақ халқының тарихына, этнографиясына,географиясына, әдет-ғұрпы, салт-санасынақатысты мәліметтер берілген.

Газетбетінде Жиренше шешен, Алдар көсе, Асан қайғы, Қожанасыр туралы аңыз-әңгімелерде көп жарияланған. Асан қайғы халықтың қыйлы тағдырын, мүшкіл тұрмысын көріп, құлазып жатқан сар даланы көріп, елге жақсы қоныс, жайлы жер іздейді.Міне, сол Асан қайғының хан үшін емес, халық үшін еңбек етуі дәріптелген аңыз - әңгіме және Асан қайғының қазақ елі орыс халқының көмегімен жақсылыққа,бақытқа жететіндігін болжау туралы аңыз - әңгімелердің варианты газет бетінде жарық көрген. Қай халықтың болмысын, ауыз әдебиетінің күрделі бір түрі мақал-мәтелдің баспа бетінен көріне бастауы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады.Мақалдарды ел арасынан жинап бастыру ісіне үлес қосқандар: В. Радлов,А.Васильев, Ш. Уәлихановтар болды.

"Дала уалаяты газетінде" жарияланған шығармалар алуан түрлі. Оларды XIX ғасырдың аяғында қазақ әдебиетінің тарихы ауқымы, типтері,тақырыптары, көркемдік ерекшеліктері жаңа орыс әдебиетінің игілікті әсері тұрғысынан алып жан-жақты зерттеуге болады.

"Дала уалаяты газеті" екі тілде қатар шығып тұрды. Осы екі тілде жарияланған шығармалардың орыс тіліндегілері қазақ тіліне, қазақ тіліндегі төл шығармалар орыс тіліне аударылып отырды. Сонда аударма жұмысы екі тілде қатар жүргізілді. Бұл төселгенаудармашылардың сол кездегі үлкен жемісі ретінде зерттеушілердің, назарын аударуы керек.

Революцияданбұрынғы әдебиетте көркем аударманың шебер үлгілерін қалдырған Абай, Ыбырай болса, сол кезде шығып тұрған "Дала уалаяты газетінде" басылған аудармалардьң аударма тарихында алатын өзіндік орны бар екенін атап өтпесе болмайды. Абай дамытқан орыс әдебиетінен үйрену дәстүрі де алғаш осы газет бетінен көрініс тапты. Сол сияқты Ұлы Октябрь революциясы алдындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің орыстың классикалық, реалистік әдебиеті шығармаларын аудару үлгілері де осы газеттерден бастады деуге болады.

Орыстың белгілі жазушысы И.А.Крыловтың мысалдарын алғаш осы газет бетіне аударып басу арқылы, қазақ әдебиетінде жанр мысал жанры туа бастады. Бұл мысалдар газет бетінде жарияланумен қатар, кейін қазақ тілінде кітап болып та шығып жүрді, Қазақ халқының көне заманнан бергі сөз байлығы осы газет арқылы қағаз бетіне түсіп, белгілі стильдік қалыпқа түсіп жатты. Газет қазақтың өз сөз байлығын пайдалана отырып, қажет болғанда басқа тілді де пайдаланудан қашпау керектігін, қазақ тілінде жоқ жаңа ұғым, атауларды кіргізу үшін әсіресе орыс сөздерін қолдануды ұсынды. Орыс тілінен кірген сөздерді қалай жазу керектігін айта келіп, газеттің бас аудармашысы Дінмұхамед Сұлтанғазин "Қазақ тілінде жазу туралы" деген мақаласында былай деп жазды: "Қазақ тіліне кірген сөздерді жазған сөздердің қазаққа қанша ұғымталдығына қарау керек. Егер қазаққа ұғымды болса, орыстардың өз сөйлегендеріне ұқсатып жазуға тырысу керек".

Жалпы газет редакциясы сол кездің өзінде-ақ қазақ тіліне басқа тілден енген сөздердің транскрипциялануына көңіл аударьп, бұл жөнінде дұрыс пікір ұсынды. Газет араб әріпімен қазақ және орыс тілінде қатар шығып тұрды. Араб тілінің қолайсыздығы онда ешқандай тыныс белгілері және бас әріптері жоқтығы болды. "Дала уалаяты газеті" шыға бастаған алғашқы жылдардағы нөмерлерінде тыныс белгісі колданылмаған. Тыныс белгілердің жоқтығы газеттің тілін ауырлатып, түсініктілігін кемітуге себеп болған. 1894 жылдан бастап газет редакциясы кейбір сөйлемдердің жібін ажырату үшін сызықша, әртүрлі жұлдызшалар сияқты таңбалар қолдана бастаған. Ал 1896 жылғы 31-санынан бастап газетте тыныс белгілерін қолдану туралы хабарлар жарияланған. Онда осы күнгі тыныс белгілер көрсетіліп, олардың қолданылу орны туралы қысқаша түсінік берген. Содан бастап газет беттерінде сауаттылыққа қарай бір қадам болса да жақындаған. Газетке өзек болған шығармалардың бір тобы шығыс әдебиетінен келген және орыс әдебиетінен аударылған болса, екінші тобы қазақтың жаңа бағытта туа бастаған өзіндік жаңа жазба әдебиеті болды.

Газет бетінде қазақтың алғашқы өзіңдік әңгіме, очерк, публицистакалық мақала, мысалдармен бірге поэзия жанрындағы шығармалар да басылған. Бір айта кететін жайт, жалпы "Түркістан уалаяты газеті" мен "Дала уалаяты газетінің" бетінде "Айқап" журналы, "Қазақстан" газетімен салыстырғанда өлең, жыр аз кездеседі. Газет бетінде басылған өлеңдердің негізгі тақырыптары газет бетінде басылған ауыз әдебиетінің нұсқаларымен әңгіме, очерк, мысал, публицистикалық мақалалар сияқты қазақ халқын, жан дүниесінің тазалығын, күйініш-сүйінішін, таза махабатын суреттеп, еңбекке, өнер-білімге, адамгершілікке, ізгіліккеүндеумен қатар, кері кеткен ескі әдет,өмірі өткен салт-сана, еңбексіздікті, жатып ішерлікті жазған.

Газетбетінде әдебиет мәселесітуралы пікір таласқа арналған бірнешемақаланың алатын орны ерекше. Олар қазіргідей әдеби проблемалар көтермегенмен, сол дәуір үшін маңызды мәселелерді қойып отырды. Мәселенгазет бетінде Шортанбай, Шөже, Орынбай сияқты ақындардың өлеңдерін басудың қажеттілігін айтады. Осы пікіргеқарсы, ақындар өлеңді сый алу үшін айтады деп, одан да газеткеғылым, білім, тарих туралы мақалалар көбірек басу керек деген пікір ұсынды. Еңдібір мақалада алғашқы пікірді қолдап, газет бетінде әдебиет мәселелері, қазақтың ертегі, аңыз-әңгімелерінің басылуын сөз етеді. Бұлар "Дала уалаяты газетінің" 1889 жылғы 3,24, 26, - сандарында"Газетшілерден ";деген тақырыппен редакциялықмақалалар ретіндебасылады. Онда редакциямақала авторлары құр сөз таластыруға, бірін-бірі айыптауға бармауға шақырады. Ақындар тек сый алуға өлең шығарады деген пікірдің дұрыс еместігін айта келіп, газетбетіне жалпы халыққа пайдалымақалалардың көбірек басылуын қолдаған қорытынды жасайды.

Газеттіңқазақ елінің кешегісі туралы айтары көп. Ұлттық баспасөзіміздің қарлығаштарының бірі - "Дала уалаяты газеті" дүниеге келген қазақ халқының өткен ғасырдағы мәдени өміріндегі бір белес.

Газеттің орыс тіліндегі редакторы И. Козлов, К. Михайлов, Г.Абаза, А. Попов, Д. Лавров деген кісілер қолқойып отырған. Ал басылымның қазақшасын үзбей редакциялаған генерал-губернатор канцеляриясының аға тілмашы Е. Абылайханов пен Д.Султанғазиндер болатын. ГазеттеР. Дүйсенбаев,Б Лалымбеков және тағы басқа бірнеше адам аудармашы әрі әдеби қызметкер міндетін атқарған. Сондай-ақ мұнда арнайы тілшілер ретінде О.Әлжанов, Ж. Аппасов, Ш. Айманок, Д. Иманқұлов, А. Қылышбаев,А. Нөгербеков, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Қ. Жаңатаев, А.Шонаев, Ғ.Әбдіков жиі мақала жазып тұрған. Редакцияқызметкерлерінің жәнегазетавторларының ішінде Мұхаметжан Сералин, Асылқожа Құрманбаев, Қорабай Жапанов секілді халық арасында оқыған, солардың арасынан шыққан, прогресшіл бағыттағы адамдар да болған.

Газеттеүнемі екі үлкен бөлім болып отырған. Оның бірі - ресми бөлім; бұл газеттің өзінде: "(Официально), яғни ұлықтарының бұйрықтары жазылатын бөлігі" деп жазылған. Онда үкіметтің, үкіметорындарыньң бұйрық- жарлықтары, ресми мәлімдемелері, ресми адамдардың жазған сөздерібасылып отырған. Екіншісі - жалпы бөлім. Газеттің өзінде :";(Не официально), яғни ұлық бұйрықтарын басқа сөздер жазылатын бөлігі” деп жазылған.Онда саясат, шаруашылық, мәдениет, тұрмыс-салт мәселелері туралы түрлі мақалалар, хабарлар, елдің, өлкенің хабарлары, шетел хабарлары, шетелдермен қарым - қатынас мәселелері, әдеби шығармалар (ертек, әңгіме, өлең) басылып отырған.

Газетпатшаның редакцияшыл, отаршылдық саясатын насихаттайтын материалдарды жариялаумен қатар өзініңресми емес бөлімінде егіншілікті өркендету, отырықшылыкқа көшу, ғылым жаңалықтары, мәдениетке ұмтылу, (дәрігерлік көмек, мектеп ашу, қазақ тілін, әдебиетін дамыту проблемалары), ел басқару, сауда ісін жолға қою, мал тұқымын асылдандыружәне т.б. көптеген мәселелерді қамтып тұрды. Газет ресми болса да, көп уақыт Сібірге айдалып келген,бостандықты көксегенадамдардың ықпалындаболды, олар халық газеті етуге тырысты. Бұл ретте газетке дұрыс бағыт беруде Г.Н. Потаниннің, Н.М. Дринцевтің, К.Чермаетың ролі аса зор болды. Осы сияқты прогресшіл,интернационалист адамдардың қатысуымен газет әр уақыт шаруашылық, мәдениет, әдебиетжайынан, Орталық Россияда не болып жатқаны туралы аса құңды материалдар жариялап отырды. Сондай- ақ мұнда шетел және көршілес мемлекеттер жөнінде де хабарлар берілді. Газеттіңнақты тиражы туралы мәлімет жоқ. Дегенмен бір ақпаратоған міндеті жазушылар саны 1332 ден көрсетілген.

Қазақтар тұңғышрет "Дала уалаяты газеті" арқылы орыс халқының В.А. Жуковский, А.С.Пушкин, М.Ю. Лермонтов,М.А. Крылов, Л.И. Толстойдың атақты ақын-жазушыларының шығармаларымен танысты. Орыс ғалымдарынан В. Радлов, Н. Потанин, А. Ивановский, Вельяминов Зернов сияқты адамдар қатысқан.Газеттеқазақ пенорыс халқының жазба және ауыз әдебиеті шығармаларымен бірге украин, литва, татар, башқұрт халықтары әдебиетінің, сондай-ақ шығыстың "Мың бір түн", "Ләйлі-Мәжнүн" тәрізді туындыларынан да үзінділер берілді.

Басылым өз қызметін оқырманына кімнің дос, кімнің қас екенін түсіндіруден бастаған десек қателеспейміз. "Кісі өлімі" деген материалда Семей уезіне қарайтын Делбантай қазақтарының арасынан төбелес шығып, Нұрлыбай Сарымсақұлы деген жарақаттанып, екі күннен кейін қайтыс болғаны айтылған. Үстірт қарағанда бұл жеке адамдардың арасындағы шекес тәрізді көрінеді. Біздің ел,бұлбай-шонжарлардың бір ауылды екінші ауылға айдап салу саясатымның нәтижесі болып табылады. Қазақ халқының бірлесіп, ел болып дамуына кедергі - кесел келтіретін жаман әдеттерді газет қызметкері Р. Дүйсенбаев та батыл әшкерелеп, олардан қалай арылу мәселесі төңірегінде келелі ой қозғады. Мысалы, "Қазақ арасында жылқы ұрлауды қойдыру туралы" және "Қырдан келген хабарлар" аттымақалаларынның барымта мәселесі сынға алынды. Сондай-ақ газет "Редакцияға хат" деген тақырыпта хаттар, арнаулы мақалалар жариялап, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілін дамытудың көкейкесті мәселелерін қозғады.

"Дала уалаяты газетіне ";қазақтың сол кездегі оқығандары, хат білген адамдары, оқытушылар, қазақтың тарихын, тұрмысын, әдебиетін зерттеп жүрген орыс ғалымдары едәуір қатынасып, хабарлар, мақалалар, өлеңдер жазып, ауыз әдебиеті нұсқаларын жіберіп бастырып тұрған. "Дала уалаяты" газетіне Абайдың да өлең, мақала, хабар жазып отырған. Осы газеткеАбайдың екі өлеңі басылған. Оның бірі Абайдың ";Жаздыкүн шілде болғанда" деген өлеңі, екіншісі - "Болыс болдым мінеки" деген өлеңі. Бірақ Абай бұл өлеңдердің авторы ретінде көрсетілмеген.Алдыңғы өлеңнің басына: "Семей уезі, Шыңғыс елінің қазағы Ибраһим Құнанбайұлы ауылы Бақанас, Көпбейіт деген жерге қонып жатқандығы туралы" идея жазылған да,ақырына ";Кісіденүйреніп жаздым. Көкбай Жанатаев" деп қол қойған. Екінші өлең "Бір 2 ";деп басылған. Ал, газет Абайдың "Жазды күн шілде болғанда" дегенөлеңінің біраз жерін кедейдің байға жалынғандығы байдың оған байлық, үстемдік істейтінінсуреттеген жерін өзгертіп басқан.

"Дала уалаяты ";ресми газет болса да, ол қазақ халқының сол кездегі саяси-әлеуметтік,мәдени-шаруашылық өткендегі тарихына, әдебиетіне,тарихи адамдары "Абылқайыр, Шоқан, Ыбырай туралы, қазақтың жазба, ауызша әдебиеті, жеке ақындары (Бұқар, Орынбай) туралы, қазақ арасындағы оқу-ағарту істері, қазақ шаруашылығының түрлі мәселелері,қазақтың жері, қазақдаласының жаратылысы туралы материал басылған.Оның үстіне, газетте қазақтың бұрынғы ауыз әдебиетінің нұсқалары, сол кездегіақын, жазушылардың шығармаларын үнемі басылып отырған.

Бір ерекшенәрсе, үкімет газеті бола тұрса да,"Дала уалаяты газетінде" кей уақытта прогресшіл, демократияшыл пікір, көзқарастар,осы газетте жазылған хабарлар, мақалалар кездесіп қалып отырады. Бұл хабар, мақалалардьң біразы қазақ бұқарасының саяси- шаруашылық халі, аянышты тұрмысы, орыс халқы мен казақ халқының достығы туралы, біразы казақ халқының бұрынғы мәдениеті, кемеңгер адамдары, ақындары туралы, біразы қазақ арасына орыс мәдениетін тарату, қазақтілінде кітаптар бастыру, қазақ жастарын орысша оқыту туралы жазылған. "Қазақтар өнер-білімге ұмтылуда" деген бір бас мақаласында: "Егер қазақтар... өзінтарихта ізсіз қалдырайын демесе, барлық күшін салып, шын ниетімен өнер - білімге және орыс халқымен өте тығыз жақындауға ұмтылуы керек. Орыс халқы қазақтың қазіргі халіненкұтылуына көмектессін" деп жазды. Сөз жоқ, газеттің мұнысы қазақ халқына шын жаны ашығандық, өте дұрыс, нағыз прогресшіл кеңес еді. Бірақ ол кезде бұл мәселенің астары, екі жағы болатын. Оның бір жағыпатшаүкіметінің отаршылдық саясаты, екінші жағы ұлы орыс халқының прогресшіл, демократияшыл, озық мәдениеті. "Дала уалаяты газеті" орыстың осы екі мәдениетінің қайсысын үгіттейтінін ашып айтпайды. Ол орыс мәдениетін үйрен деген жалпы сөзбенкөбі орыстың алғашқы түрде мәдениетін, яғни патша өкіметінің отаршылдық саясатын үгіттеді, қазақ арасында соны жүргізуге тырысты. Бұл газеттің мына мақаласынан аңғарылады. "Қырдың жас ұрпақтарынан үкіметтің көздеген міңдеттерін шешуде тиісті көмек көрсетуге қабілетті, оқыған адамдар шығару жөніндегі үкіметтің игі мақсаты толық жүзеге асырылатынына сенеміз".

Ұлттық баспасөздің қарлығаштарының бірі - "Дала уалаяты газетінің" дүниеге киелі қазақ халқының өткен ғасырдағы мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. "Дала уалаяты газетінде" басты шығармаларда қазақ өмірінің барлық күрделі оқиғалары мен құбылыстары толық, тұтас қамтылмаса да, қазақ халқының тарихында болған ұлы өзгерістер, халық өмірінің жеке-жеке суреттері алғаш баспасөз бетіне түсіп, ұлт әдебиеті мен мәдениетінің негізін қаласуға көмектесті.Бұл басылған шығармалардың ішінен қазақтың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан ауыз әдебиетінің, шығыс әдебиетінің нұсқаларын және озық идеалы орыс әдебиетінің нұсқаларын көреміз, Бұл шығармалар уақытында өте маңызды болумен қатар, сол кездегі қазақ әдебиетіне жаңа ағым, жаңа түр, жанрлардың бастамасын ала келді. Мұнда қазақ өмірінің әрбір көрініс - кезеңін сол өз заманына сай бейнелеумен қатар, өмірді реалистік тұрғыдан суреттеп,ескіні сынап, жаңағабой ұру талабы да байқалады. Әрине бұлар қазақ әдебиетіндегі алғашқы қадам болғандықтан, кейбір елеулі кемшілік барына қарамастан, кейінгі әдебиетімізге игі әсерін тигізді."Дала уалаяты газетінде" басылған көркем шығармалардың бір тобы қазақтың өз төл әдебиеті болса, енді бір тобы орыс тілінен аударылған не шығыс әдебиетінен ауысқан әдебиет үлгілері, Бұлардың бәрі мазмұн, көркемдік жағынан әр түрлі деңгейде болса да, қазақтың жазба әдебиетінің дамуына жағдай жасады.

Бұл газет бетінде басылған нұсқалардың көбі бір кездердегі әдеби мұралардың бізге жеткен аз ғана нұсқалары болумен қатар, жазба әдебиетіміздің алғашқы қарлығаштары еді.

Газет қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірін оятуға, мәдени, әдеби түсінігінің молая беруіне едәуір әсер етті. Саяси мәселелермен қатар оқу-ағарту ісінде жай-күйі, өнер білімнің пайдасы, орыс мәдениетінің жетістіктері, қазақ әдебиетінің хал жағдайы, қазақ оқырмандар мен ғалымдарының өмірі жайында тарихи құнды мақалалар, хабарлар жарияланды.

"Дала уалаятының газеті" - қазақ публицистикасының қалыптасуына үлкен әсер еткен басылым болды, әрі ірі қазақ публицистерінің мінбері болды. Ол тек патша үкіметінің бұйрық, жарлығын ғана жариялап отырса, газеттен келіп-кетер пайда аз болар еді. Сол кездегі ақылды, парасатты қазақ зиялыларын халық санасын оятуға, ішкі-сыртқы саясаттан мол хабардар етуге пайдаланды. Бірақ бұл өте қиын да қауіпті іс болатын. Орыс әкімқараларына қазақтың саяси ақыл-ойын алға сүйрейтін идеяларға толы мақалалардың жариялануы жақпады. Венгр ғалымы Герман (Армений) Вамберидің "Түрік халықтары атты танымдық кітабының 2 тарауының аудармасы "Дала уалаят газетінің" 1889 жылғы №35-37, 40, 42, 45, 47, 50, 52-нөмірлерінде жарық көрді. Онда түрік халықтарының тілі мен мәдениеті, тарихы мен этнографиясы туралы көптеген мағлұматтар келтірілген. Әрине Орта Азиядағы түрік тектес халықтар арасында "түрікшілдікке қарсы күрес жүргізіп отырған орыстар үшін мұндай материалдардың жариялануы қауіпті еді.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1420. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия