Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақ тіліндегі алғашқы газеттер.





Ел бастаған көсемдер, ел алдына шыққан шешендер жұртты сөз арқылы соңынан ерткен. Билік айтқан билер дау-дамайды шешендік сөз құдіретімен шешіп отырған. Езілген елдің үстемдік етушілерге деген ашу ызасы сөзге айналып, жұртшылыққа жеткен. Қазақ халқының басты қаруы сөз болған. Қаруы колдан түскенде олар жауын сөзбен жарақаттаған. "Оқ жарасы жазылар, сөз жарасы жазылмас" деп білген. Арман аңсары іске асып, тілегі қабыл болғанда да халықтьң шат-шадыман қуанышы осы сөз арқылы көрініс тапқан.

Ақыл-ойдың, сананың, мәдениет пен өнер-білімнің өсуіне қарай сөздің көрініс табу тәсілі де жетіліп, түрленіп отырған. Алғаш ауызша сөз, одан кейінірек жазбаша сөз, бертін келе баспасөз пайда болған.

Кеңестік дәуірде "панисламист", "халық жауы" деп есімін атауға тиым салынған Ысмағұлбек Гаспринскийдің де, "Тәржіман" газетінің де қазақ үшін заманында қоғамдық - әлеуметтік, мәдени - рухани маңызы орасан зор болды.

Ысмағұлбек Гаспринский (Исмайл-бей, Исмайыл) (1851-1914) - көрнекті тілші-ғалым, ағартушы, журналист, баспагер. Ялтаның тубіндегі Гаспра ауылында, поручик Мұстафаның отбасында дүниеге келген. Воронеж, Москва кадет корпустарында оқыған. Стамбул, Париж қалаларында білімін тереңдеткен. Орыс жазушысы И.С.Тургеневтің көмекші хатшысы болған. Алжир, Тунис, Мысыр, Иран, Түркияны аралап, Мекке мен Мәдинаға барып, Қағбаға тәу еткен. Елге оралған соң араб алфавитінің түркі халықтарының тіліне лайықталған үлгісін жасады. Оның «Усул сотие жолымен тәрік етілген әліппе», «Хожа сыбан» деген оқу құралдары бүкіл түркі тілдес халықтар игілігіне қызмет етті. Ал «Түрік синтаксисі» Париж халықар. География қоғамының алтын медалін алды.

«Тәржіман» газеті 1883 жылғы көкек айының 10-күнінен бастап 1918 жылдың ортасына дейін Қырымның Бақшасарай қаласында шығып тұрды. Бұл мерзімді баспасөз – ресей патшалығына қараған төрүк тілдес ұлт пен ұлыстардың арасында тұңғыш жарық көрген ізашар газет болуымен құнды. Басылымның редакторы әрі шығарушысы - әйгілі журналист, жазушы, ғалым, көп қырлы талант иесі Ысмайылбек Ғәспрәлі (Исмаилбей Гаспиринский). Ол «Тәржіманды» өзі түзген араб графикасындағы әліпбиі негізінде «Тілде, істе, пікірде бірлік!» ұранымен күллі түрік жұртына ортақ рухани пәрменді құрал деңгейіне көтеруді көздейді. Бұл алдына қойған мақсатына Ысмайылбек Ғәспрәлі жетті.

«Тәржіман» газетінің географиялық таралу аймағы Ресейге қараған түрік халықтарын былай қойғанда, Түркия, Египет, Иран, Ауғанстан, Үндістан, Қытай, Мрнғолия, Франция, Алмания мемлекеттерін қамтыды. Сондай-ақ, Сол елдердің бәрінде газет өзінің меншікті тілшілерін ұстады. Мәселен, Мәскеу, Петербор, Қазан, Уфа, Орынбор, Павлодар, Алматы, Ташкент, Түркістан, Аштархан, Бақы, т.б. қалаларда «Тәржіманның» арнаулы тілшілері қызмет етті. Газет редакторының өзі де түрік тілдес елдерді жиі-жиі аралап, қызмет бабымен іссапарға шығып, қандастарының саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени тұрмыс-тіршілігін, шаруашылық қаракетін көзімен көріп, алған әсері мен көңілге түйген ойын боямасыз баяндап отырды.

"Тәржіман" деп қоюының астарында кат-қабат гәп бар еді. Ол қайткенде де тәуекел еткен өзіне империя төрінен бөгет жасалмауын күні бұрын көрегендікпен " басылымның басты ұстанымы орыс мерзімді баспасөздегі жариялынымдардың айнақатесіз көшірмесі түркі тілдес халықтардың қабылдауына лайық аудармасы ғана" дегенді ағарту мақсатында әдейі із тастап, адастыру үшін қолданған қыйтұрқы айла-тәсілі еді.

"Тәржіман" газеті алғашында аптасына бір рет, кейіннен күніне шығып тұрды. Газеттің "ә" дегендегі ұстаным бағыт-бағдары көпшілікті толғандырған түйінді мәселелерді індете қудалау, ел мұңына құлақ түру болды. Басылым бетінде жарық көрген мақалалар татар тіліменсаяси-мәдени өмірдің соқпалы-соқпалы салаларын қамтыған орыс тіліндегі мақалалар патшалықтың қоғамдық пікірін қалыптастыруға елеулі ықпал етті. Ел шыңдана түсті, жалпақ жұртқа ой салған газет, әрине үкімет орындарына ұнамады. Дегенмен редакциямен редакторды мемлекеттің арнаулы заң орындары ұдайы тексеруі, тінтуі, айыппұл салулары аз болған жоқ. Әйтсе де мұның бәрі үлкен жолға шыкқан ЬІсмайылбек Гәспірәлі тоқтата алмады, қайта ел сенімін арқалаған оның қайратына қайрат, жігеріне жігер қоса түсті.

"Үш жыл бойы екі губернатор мен үш министірдің келісімін өтініп, төрт жыл қатарынан Петер барғызбай қатынаспай,газеттің ашылуына әрең рұқсат алдым",-деп жазады ол өз газеті туралы. Гәспірәлінің "Тәржіман" газеті шағын ғана көлеммен және шамалы таралыммен аптасына 1-2 рет шығып тұрса да, елге тигізген ықпалы жағынан "Новое Время", немесе "Таймс" газетінен маңызы бірнеше есе асып түсті.

«Тәржіман» газетінде жалпы түрік тілі мәселелерін сөз еткен: «Түркі тілінің ерекшелігі», «Мемлекеттік тіл жөнінде», «Түркі тілі және оның адамзат қоғамына қосатын үлесі» т. б. ғылыми-проблемалық мақалалар жазды. «Тәржіманда» қазақ халқының мәдениеті мен тарихын, экономикасын арнайы сөз ететін кептеген материалдары жарияланды. «Қазақтар», «Торғай Һәм Орал облыстарындағы қазақтардың жағдайы», «Орыс қоныстанушылары мен жергілікті қазақтардың хұқы», «Қазақтар және отарлау саясаты», «Тұтас халықтың қырғыны» т. б. мақалалары Гаспринскийдің қазақ халқының тағдырына бауырластық жанашырлықпен араласқанын танытады. Жергілікті «Айқап», «Қазақ» газеттерімен байланыс жасап отырған. Ендеше қазақтар тұрмысын осыншалықты кең сөз еткен «Тәржіман» газеті мен оның шығарушысы Гаспринскийдің Абай назарынан тыс қалуы мүмкін емес. Өйткені, бүл газет ақын ауылына келіп тұрған. Бұған Шәкәрім Құдайбердиевтің: «Алдында өткен, тәрбиесін керген Абайдан соңғы ұстазым - «Тәржіман» газетінің иесі Ысмағұлбек Гаспринский десем бек дұрыс. Анықтық үшін сол кісінің газетін оқып, бек көп пайдаландым...» - деген сөздері дәлел («Түрік, қырғыз-қазақ Һәм хандар шежіресі», Орынбор, 1911). Бұл газет ақынның Семейдегі мемл. әдеби-мемориал. қорық музейінде сақтаулы. Ахмет Байтұрсынұлы ағадан жарылып: "...Сол күннен бастап өршіп көбейген Россия мұсылмандары арасында бес алты мыңға жуық тәртібі бастауыш мектептің бәрінен үлгілісі Гаспирский мектебі еді. Бұл күнде төте оқу үшін шығарылған неше түрлі әліппе болса, бәрі де үлгіні Гаспирский шығарған әліппеден алған еді. Бұл күнде он мыңға жуық мұғалімдердің бас ұстазы, жол басшысы Гаспирский жанашырлары еді..." (Қазақ газеті, 1914 жыл), - десе, Мұхаметжан Сералин Ысмайылбек Гаспирскийдің жамбасы жерге тиген 1914 жылғы қыркүйектің 12-сі күнгі қаралы хабарды естіп"... Россия мұсылмандары бірін бірі танымай, өздерінің де кім екендігіне түсіне алмай жатқан, не дүниеден, не ғылымнан, не өнерден құр алақан бір халық еді. Бұлардың ел екендігін, жұрт екендігін есіне салған біздің мұсылман дүниесінен басқа дүние барлығын көрсеткен, ол басқа дүниедағы білім-өнердің түбі біздің мұсылман бабаларымыздың қолынан шыққандығын білдірткен, он жыл оқып, бір жыл дұрыс хат жаза білмейтін елді бір жылы жазу тануға мүмкін екендігін үйреткен. "Тілсіз жұрт дүниеде тіршілік ете алмайды" деп, жұрттың өз тілін өзіне қадірлі екендігін аңдатқан марқұм Ысмағұлбек Гаспирский еді.

Газет көтерген өзекті тақырып: түркі халықтарының тағдыр-тауқыметі, олардың тілі, діні, әдет-ғұрпы, жер-суы, өткен тарихы мен ауыз әдебиеті үлгілерінің нұсқаулары, шешендік өнері мен ақын жазушылары, елдік салты мен дана ғұламалары болды. Олардың басым көпшілігінің осы уақытқа дейін мінін жоймаған, ділгір мәселелер екенін көреміз. "Тәржіман" газеті туысқан түркі тілдерінде шығып тұрған сол кездегі баспасөз материалдарымен өзінің "Милләт мәтбугат", яки "Ұлттық баспасөз" айдары арқылы оқырмандарын үнемі хабардар етіп отырды. Бұл ретте қазақ баспасөзі де "Тәржіман" назарынан тыс қалған емес. Мысалы "Қазақ" газеті мен "Айқап" журналының дүниеге келуін айдай әлемге жар салып, сүйінші сұрап, жария қылуы Исмайылбек Гәспірәлінің бастаған касиетті жұмысының жалғасын тапқанына шын қуанған, мақтаныш сезімін білдірсе керек.

Тіл заңдылықтарын терең меңгерген ойшыл ғалым өзі ұсынған жаңашыл әліпби үлгісі негізінде барша түркі тілдес халықтарға ортақ әдеби тіл қабылдау идеясын 1906 жылы Мұсылмандардың бүкіл ресейлік үшінші съезінде заң жүзінде қабылдау жөнінде ұсыныс білдірді. Съезд шешімі бойынша бұл түркі халықтарына "ортақ әдеби тіл" мектеп медреселер бағдарламасына еніп, міндетті түрде оқытылатын болды.

Белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынов кейінгі газет шығарған зиялы журналистердің осы газеттен,Исмайылбектен үлгі өнеге алғанын жазып кеткен болатын.

Ысмағұлбек Гаспиринский талантының бір қыры көп тілі білгендігі. Барша төрүк тілдерімен біргше ол араб, парсы, орыс, француз тілдерін жетік меңгерген жан. Сондықтан да ол «Тәржіман» бетінде ғаламның алуан тілдерінен аударып, жедел жариялап отырған не түрлі жаңалық хабарлар бірінің баспасөзге қолы енді жеткен, бірінің қолы мүлдем жетпеген төрүк қандастарының қай-қайсысына да орасан зор көмек, шын мәнінде «көз бен құлақ» болды. Дәстүрлі қалыптасқан бұрынғы жүйелеу бойынша қазан төңкерісіне дейін төрүк халықтарының баспасөз тарихында «Тәржіманнан» басқа 33 жыл үзбей шығып тұрған басылым болған емес. Жалпы газеттің ғұмыры 35 жылға созылып, 35 жыл тынбастан түрік жұртына адал қызмет етті, сондықтан да Ахмет Байтұрсынұлы: "Төрт-бес жылдың ішінде шығып тоқтаған ћәм осы күнде шығып тұрған түрліше газет-журналдардың бәрі "Тәржіманның" балалары", — деп әділ бағасын берген еді. Демек, түрік халықтарының баспасөз саласындағы ілкі тәжірибесі, алғашкы мектебі — "Тәржіман" болғанына бұл дәйексөз куәлік беріп отыр.

2. Бұған дейінгі қалыптасқан дәстүрдегі ұлттық баспасөз тарихын XIX ғасырдың басынан бастайтын оқу - әдістемелік жүйелеуге түзету жасалып, қоғамдық ақыл-ойдың дамуы және ақпарат таратудың толық тегі мен пішінібіздің жыл санауымыздан бұрынғы V- VI ғасырдан басталады және оның өзіне тән айрықша белгілері мен ерекшеліктері бар.

Еліміз тәуелсіздік алуға байланыстысоңғы жылдары қазақ журналистикасының өткен тарихының "ақтандақ" тұстары қайта қаралып, кезінде ұлтшыл, байшыл, алашордашыл деген нақақ жаламен жабылып қалған ";Қазақ","Алаш", "Сарыарқа", "Ұран", "Бірлік туы", "Жас азамат", "Еркін қазақ" сияқты газет журналдары мен онда қызмет істеген, әр жылдары жарияланымдары жарық көрген, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Халел Досмағанбетұлы, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Нәзір Төреқұлов, Қошке Кемеңгерұлы және басқа да қазақ халқының біртуар зиялылардың қыруармұра-мирасы оқу-оқыту процесіне ғылыми айналымға түсіп, өткен қоғамдық ойымыздың тарихын саралауымызға қолайлымүмкіндік туғызғанын айтып кеттік. Қазақ мерзімді баспасөзінің пайда болуына орыстың революцияшыл демократиялық бағыттағы журналистикасының ықпалы болды. Қазақстанда патриархалдық-феодалдық қатынастардан ыдырап, капиталистік қатынастардың ене бастауы қоғамдық ойдың дамуына да айтарлықтай ықпал етті. Қазақ елінің патшалы Ресейдің қарамағына өтуіне байланысты Ташкент, Орынбор, Омбы, Орал, Астрахань сияқты қалаларда патша үкіметінің жергілікті әкімшілік орындарының жеке ресми оргаңдары ретінде жергілікті ұлт тіліндегі алғашқы газеттер шығарыла бастайды. Қазақ мерзімді баспасөзінің пайда болуына орыстың жаңашылдық -демократиялық бағыттағы журналистикасының косқан үлесі зор. Әрине бұл басылымдар қайткен күнде де қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік-шаруашылық және мәдени ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ. Қайта патша үкіметінің отарлау саясатынакүшейте түсу, оның бұйрық – жарлықтары жергілікті халықтың санасын оятып,мол рухани байлыққа ие болуларына елеулі түрде әсер етті. Сондай-ақ, Ресей империясының шет аймақтағы қазақ елін толық отарлауды жүзеге асыру үшін әскери-әкімшілік басқару жүйесіне жұмсалатын қыруар қаржы мемлекет қатынасына оңай соқпады, осыған орай қазақ елінің сана-зердесін сөзбен игеруді мақсат етіп, ана тілінде идеологиялық құрал "Түркістан уалаяты", "Дала уалаяты" газеттеріншығаруға мүдделі болды. Алайда бұл газеттердің қарсы әсері қалың бұқараның қоғамдық-саяси, мәдени-рухани санасының тез өсуіне ағартушылық қызмет етті. Қазақ зиялылары бұл мерзімді баспасөз құралдарын өз мүддесі тұрғысынан шығармашылық шеберлікпен ұтымды пайдаланып, ұлттық сананың, оянуына, азаттық жолындағы күрес майданына әлеуметті белсенді әрекет етуге ұмтылдырды. Бірте-бірте осы әдеби тілде газет-журналдар, кітаптар шығару ісі қолға алына бастады. Мәселен, қазақ тілінде жарық көрген "Фикир", "Серке"," Айқап" сияқты тұңғыш журналымыздың ұстанған бағыт-бағдары - осы сөзіміздің айқын мысалы.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2231. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия