Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақ публицистикасының қалыптасуындағы "Айқап" журналының орны.





Қазақ публицистикасының қалыптасуында "Айқап" журналы үлкен орын алады. 1911-1915 жылдары тұрақты түрде шығарылып, қазақ елінің түкпір-түкпіріне таралған тұңғыш журнал XX ғасыр басындағы тарихи қайшылығы мол күрделі кезеңнің айнасы бола білді.

"Айқапта" жарық көрген шығармалар ғасыр басындағы қоғамдық - саяси ахуалды аңғартып, сол кездегі өмір шындығының негізгі көзіне айналды. "Айқап" журналының шығу тарихын зерделеген профессор Х.Бекхожин былай дейді: "Қазақ мәдени өмірінде XX ғасырдың бас кезінде болған елеулі оқиғаларды бірі - "Айқап" журналының шығуы. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық - саяси және әдеби журналы болды. "Айқап" өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әде-биетінің, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дэстүрлерін жалғастырған, ілгері дамытқан журнал болды". "Айқап" журналын жүйелі түрде шығаруды жүзеге асырған, оның редакторы Мұхаметжан Сералин болды. "Серке", "Киргизская газета" сияқты басылымдардың демеушісі, қолдап, қуаттаған жұртшылығы болмағандықтан тез жабылып қалғандығын ащы сабақ ретінде айтады. "Айқаптың" ғұмырлы болуындағы бар үміт халықта екендігін қадап көрсетеді.

Журналдың неге "Айқап" аталғандығына толық, тұжырымды жауапты редактор М.Сералиннің бағдарламалық мақаласынан ала аламыз: Біздің қазақтың "Әй, қап" демейтүғын қай ісі бар?! Газет шығармақшы болдық, қолымыздан келмеді. Пұлы барларымыз ынтымақтаса алмадық. Пұлы барларымыз ынтымақтассақ та, ақшасыз істің мәні болмады. "Қап, пұлдың жоқтығы, қолдың қысқалығы-ай" дедік. Қап ынтымақсыздығымыз-ай" дедік. Болыс, би, ауылнай боламыз деп таластық, қырылыстық. Жеңгеніміз жеңген жағымызға "ендігі сайлауда көрерміз, қап, бәлем-ай" дедік. Осындай біздің қазақтың неше жерде "қап" деп, қапы қалған істері көп. "Қап дегізген қапияда өткен істеріміз көп болғандықтан журналымыз да өкінішімізге ылайық "Айқап" болды" (А-п. 1911, №1). Бұл - тек "Айқап" журналының атының мағынасы ғана емес, оқырманға ой тастап, өткен қателіктерді жібермеуге қайрау, өкінішті болмай, дер кезінде оң шешім табуға жол сілтеу мақсатынан туған. Сонымен "Айқап" журналының жарық көрген кезеңінде қазақ публицистикасы даму кезеңіне көшті. Егер "Түркістан уалаятының газеті" мен "Дала уалаятының газетіндегі" қоғамдық-саяси мақалалар - қазақ публицистикасының қалыптасу кезеңін айғақтаса, "Айқап" журналындағы қаламгерлер шығармалары қазақ публицистикасының даму белесіне көтерілгендігінен көрініс береді. "Айқап" журналының бетінде публицистиканы қалыптастыруға зор үлес қосқан қаламгерлер қатарында "Омскідегі выставка жайынан", "Жұртқа қайтсең жағасың?", "Қазақтың құдалықтарындағы кемшіліктер", "Тағы да жер жайынан" т.б. мақалаларымен көрінген Шаһмардан Әлжанов, "Балмұхамет Ташеновке жауап", "Ұрлық түбі қорлық", "Азып-тозып кетпеске не амал бар?", "Бас қосу", "Съезд туралы келген хаттар", "Тағы да съезд қақында", "Үлгі аларлық іс", "Өсиетнама жазу" т.б. мақалаларымен жиі көрінген Жиһанша Сейдалин, "Верныйдағы көрген-білгендерім", "Дума", "Түркістан шаһарында", "Шымкенттен", "Тоқмақ ауылдары", "Райымжан мырза Марсековпен сөйлескенім", "Ішкі хабарлар", "Әулиеата мен Шымкент арасы", "Шымкент уезінде ас", "Қытай қазақтары жайынан", "Әулие-ата шаһарында" т.б. көптеген хабар, мақалаларды Оңтүстік өңірден үзбей жазып тұрған Мұхаметсәлім Кәшімов, "Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?", "Өлең һәм айтушылар", "Ішкі хабарлар", "Құран бүзған", "Жаңа кітап", "Бұлар кім?", "Бір балуанға қарап", "Кеше түндегі түс, бүгінгі іс", "Көңілді көндіретін тағдыр" т.б. мақала,

Эпистолярлық деген гректің ''epistola '' сөзінен шыққан, қазақшаға аударғандағы мағынасы жазбаша үндеу хат. Эпистолярлық публицистика көбіне хат түрінде, жеделхат түрінде көрініс табады. Хат- пиблицистиканың талдамалы жанрларының бір түрі болып табылады. Онда мәліметтер жиынтығы, өтініш, нұсқау, жарлық, жеке бір адамның екінші біреуге жеке жолдауы да мазмұндалады. Ал хат жанрында жазылған шығарма деп айтуға тұрарлық шығарма Ә. Бөкейхановтың ''Ашық хат Жапон баласына '' деген жарияланымы /ДУГ. 1900 №1/.

“Айқап ” журналының бетінде эпистолярлық үлгілердегі бірнеше шығармалар жарияланды. Олардың қатарында Ж. Сейдалиннің '' Балмұхамет Ташеновке жауап хат '' /А-п. 1913, № 21/, С. Байсариннің ''Жиһанша Сейдалинге ашық хат '' /А-п. 1914, № 10/, Ә Бөкейхановтың ''Ашық хат '' /А-п. 1914, № 16/ т. б атауға болады. Бұл шығармалар эпистолярлық публицистика жанрында жазылғандығына шүбә келтіруге болмайды. Олардың мазмұндық, пішіндік, композициялық сапалары да публицистиканың хат жанрында жазылғандығын көрсетеді. Алғашқы қазақ журналының ел алдындағы бедел билігін жетуіне күш қосқан, жаңадан шыға бастағанында үлкен жәрдем беріп, қалам қуатын, ой бұлағын аямаған арыстардың бірі - Міржақып Дулатов. Әсіресе журналдың 1911-19131 жылдардағы нөмірлерінде Міржақып Дулатов, Азамат Алашұлы, Арғын, М.Д. деп қол қойып, мақала, өлең, әңгімелерін жиі жариялап тұрды.

Басылым қамтымақшы болған мәселелердің ұзын-ырғасы мынадай:

1)Отырықшылық және көшпенділік; 2)халық ағарту; 3)әскери міндет; 4)земство; 5)Мемлекеттік Думаға өкілдік алу; 6)сот ережесі; 7)әйелдер теңдігі, 8)қазақ халқының экономикалық күш-қуатын дамыту...

"Айқап" журналы - қазақ публицистикасын қоғамдық ойдың көшбасшысы деңгейіне жеткізген басылым.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1703. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия