Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ондағы жарияланған материалдар.





«Абай» журналын шығару жөніндегі алғашқы ұсыныс қазақ зияларының арасында 1914 жылдың өзінде-ақ қабыл алынып, ұлы ақынның қазасының он жылдығына байланысты Семей қаласында өткізілген үлкен жиылыс үстінде бекітілген болатын. Алайда, бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына және патшалық Рессей тарапынан отарлау саясатының бұрынғыдан да күшейе түсуіне орай журнал шығару міндеті орындалмай қалды.

Бұл арманға қазақ зияларының қолы тек 1918 жылы ғана жетті. Осы жылдың ақпан айының 4-ші жұлдызынан бастап «Абай» атты ғылыми, әдеби, шаруашылық журнал белгілі қазақ жазушысы, Ж.Аймаутовтың редакторлық етуімен Семей қаласында шыға бастады. Негізінен бұл басылымды шығарушылар «Екеу» деген лақап атпен қол қоюшылар болатын. Оның бірі журналдың ресми редакторы Ж.Аймауытов болса екіншісі әдебиет майданына енді кіріскен М.Әуезов еді.

Бұл басылымда өлеңдері мен публицистикалық мақалалары жиі жарияланған Шәкәрім,Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Ғұмар Қарашев, Смағұл Садуақасов, Халел Досмұхамедовтар әрқашан оқырман көңілінен шыға біледі. Әсіресе, мұнда сол кезде Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқып жүрген М.Әуезовтің мәдениет, ғылым, оқу-ағарту мәселелеріне арнап жазған оннан астам мақалалары мен Л.Толстойдың «Будда» әңгімесінің қазақша аудармасы жарияланған.

Ж.Аймаутов, М.Әуезовпен қатар «Абай» журналына қосқан С.Торайғыровтың да үлесі зор. Өйткені, Сұлтанмахмұттың Қазан төңкерісі және азамат соғысы жылдарында жазған публицистік еңбектерінің бірі әрі бірегей деп те атауға болатын «Социализм» атты мақаласы. Бұл мақаланың алғашқы бөлімі журналдың 1918 жылғы наурыз айындағы санында басылып, жалғасы қолды болып кеткендіктен жарияланбай қалған. Ал, мақаланың журнал бетінде жарияланған бөлімінде Сұлтанмахмұт мәдениет, оқу-өнер, ғылым-техника туралы қазақ халқының Еуропа мәдениетіне қашан, қалай жететіні туралы ой толғайды.

«Абай» журналына жиі араласып, көп көмегін тигізген, оның беттерінде бірқатар мақлалары мен өлеңдерін жариялаған осындай белсенді автордың бірі – С. Дөнентаев болатын. Ол алғашқы күннен бастап-ақ журналды ұйымдастырушылар мен шығарушылардың идеясын қызу қолдап, қолдан келген көмегін аямған. Сол кезде Алаш-Орда үкіметі Семей қаласында ашқан үш айлық мұғалімдер курсында оқып жүрген ол «Сарыарқа» газетіне экспедитор болып орналасады. Бұл газетте оның «Адаспаспыз», «Сарыарқа анамызға» деген өлеңдері жарияланады.

С.Дөнентаев «Абай» журналында бұл арнау өлеңіненбасқа да бірнеше мәнді шығармалары жарық көрген. Мәселен, бұл тұрғыда оның «Қазақ әйелдері туралы», «Жазушыларға» деген мақалалары мен «Бозторғай»атты ұзақ өлеңін атап өтуге болады.

«Абай» журналындағы жарық көрген біраз мақалаларында М.Әуезов халықты ғылым,білімге шақырған, мәдениетке үндеген,олардың мән-маңызын тереңдете түсіндірген ағартушылық-демократтық бағыт ұстанады.Автор теориялық болжамдармен шектеліп қалмай,сол кездегі қазақ ахуалының нақты көріністеріне қатысты ұсыныстар айтады,проблемалар көтереді.

Аймауытов «Абай» журналы жөніндегі мақаласында ұлы ақынның өзін, қызметін, білім парасатын т.б. қасиеттерін жалпылыма шолу ретінде баяндаса, «Абайдың өнері һәм қызметі» және «Абайдан соңғы ақындар» атты ғылыми –танымдық мақалаларында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық өнері, лоардың көркем сапасы, эстетикалық құндылықтары жөнініде жан – жақты зерттеу жүргізіп, одан әрі тереңдей талдап, теориялық тұрғыдан тұжырымдай түседі. Соңғы екі мақаланы М.Әуезовпен бірлесе жазғанымен Ж.Аймауытовтың мақаланы жазып және соныжариялауда еңбегі зор екендігін ескерусіз қалдыруға болмайды деп есептейміз. Қазақ әдебиетіндегі Абайтану ғылымының да көшбастаушысы бола білге автор ұлы ақынның шығармашылығын, оның өскен ортасымен ақындық айналасын біршама зерттегені, осы салаға біраз еңбек сіңіргені байқалады.

Ж.Аймауытов ақынның өмір жолы мен сөз өнеріндегі өзіндік стилін жете танумен қатар, телегей теңіздей тереңдігіне, дариядай данышпандығына, жан –жақты білімпаздығына, т.б бас ұра таңырқай отырып, елді де табындыра біледі. Абайдың ақын болып қалыптасуына себеп болған Шығыс жұлдыздары мен өзіне дейінгі «жүйесін таппай, мін шығармай, қиястырмай» сөз сөйлемейтін Жиренше шешен, Бұхар жырау, Асан қайғы сынды сөз бастаған ұлы шешендер мен жүйрік ақындардың әсерін де әсте ұмытпайды. Абайдың ақындық өнерін барша ұлтқа, өсер ұрпаққа өнеге етеді. Сондықтан қазақ әдебиетіндегі тұңғыш әдеби журналды ұлы ақын Абайдың құрметіне «Абай» деп атайды.

Абайтану ғылымының бастуы болған бұл мақала, тек ақынның шығармашылығын танытуда ғана емес, қазақ поэзиясының парасаттылығын, сыршылдығын, көркемдік қуатын, т.б тануға да сөзсіз.

Абай өлеңдерінің тұңғыш рет қазақ топырағында «өзіне мәңгілік ескерткіш, өшпес белгі орнатуының» бірден –бір куәсі де осы «Абай» журналы болғандығы белгілі. Осы мақаласы арқылы Ж.Аймауытов ұлы ақынның қазақ әдебиетіндегі тарихи орнын алғашқы зерттеушілердің бірі болып айқындап береді.

«Абай» журналы 1918 жылдың аяқ шеніне қарай біржола жабылды. Оған себеп, Семейде большевиктердің билік басына келіп, Алаш-Орда» үкіметінің құлауы еді.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 944. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия