Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ж. Аймауытов Абай туралы.





"Өзінің журналистік жолын "Алаш", "Сарыарқа", "Абай" басылымдарынан бастаған Жүсіпбек Аймауытовтың публицистикасы кеңестік кезеңде жалғасын тапты.

"Абай" журналында, "Сарыарқа" газетінде басылған кейбір мақалаларында жазушының Совет өкіметінің алғашқы жылдарындағы бұрмалаушылықтарды, жекелеген белсенділердің, асыра сілтеушілердің қылығын большевиктерден көріп, оларға тіл тигізген кезі де болды. Бірақ Жүсіпбек бұл райдан тез қайтты. Алашорда үкіметінің негізгі сырын, мақсатын түсініп, олардан бойын аулақ салып, Совет өкіметі жағына шықты"[1, 22 б.], - деп жазды академик С.Қирабаев.

1919 жылы 1 желтоқсанда Семей қаласында Кеңес өкіметі қайта орнады, губерниялық революциялық комитет құрылды. Оның үні ретінде 1919 жылдың 4 желтоқсанынан бастап "Қазақ тілі" газеті шыға бастады. Бұл басылым жетісіне бір рет, кейінірек 3 реттен 2500 таралыммен шығып тұрған. Бірте-бірте оның тиражы 3000-ға жетеді. 1920 жылдың жаз айларыңда Мәннан Тұрғанбайдың орнына Жүсіпбек Аймауытов редактор болып тағайындалады. "Қазақ тілі" - төңкеріс жолындағы езілген таптың, әсіресе әйелдің еркін жақтайтын газет. "Кедей сөзі" жолдасымыз әйелдің еркіне қиғаш қараса, өзі біледі" /ҚТ. 1921, желтоқсан, №112/, — деп сынға сыннмен жауап береді, полемизмге барады, өз газеті ұстанып отырған бағыттың дұрыстығын дәледейді, қазақ әйелінің теңдік алуы үшін газет те үлес қосу керектігіне назар аударады.

Редактор Аймауытов газет бетінде «Қызылдар майданы» айдарымен Кеңес өкіметіндегі саяси ахуалмен таныстыратын бір тектес заметкалар ұйымдастырып отырған. Олар "Врангель бөліне бастады", "Күнбатыс майданы" /ҚТ. 1920, 28 қазан, №98/, т.б. тақырыпшалармен жарияланды. Және бұл хабарларды РОСТА-дан алып, газеттер мен телеграф агенттігі тұсындағы байланысты жолға қоюда, тәжірибеге енгізуде көп еңбек сіңірген.

"1920 жылы 16 ноябрьде "Ұшқынның" орнына РКП(б) облыстық бюросы мен Қазақстан Советтерінің Орталық Атқару комитетінің органы болып "Еңбек туы" газеті шыға бастады [2, 84 б.]. Жүсіпбек сол газеттің редақция алқасының құрамына Орынборға шақырылады. Өзінің осы газетте жарық көрген "Жастар кім?" атты мақаласында қазақ жастарының жікшілдіктен аулақ болып, ең алдымен ұлтқа адал қызмет ету керектігін түсіндіреді. Жастарға Сұлтанмахмұт Торайғыровты үлгі етеді.

Ж.Аймауытов 1921 жылдың 21-ақпанында "Еңбек туы" газетінің редакторы болып тағайындалады. Бұл кездегі газет тігінділерін, өкініщке орай кездестіре алмадық. Сол жылы күзге салым Жүсіпбек Семейге оралып, ондағы түрлі саяси қызметке араласады. Алаш ардақтыларымен үнемі байланыста жүреді. Сөйте жүріп «Қазақ тілі» газетін басқаруға араласып, белсенді түрде жазып тұрады. Жүсіпбектің "Қазақ тілінде" басылған "Топалаң уағы той" мақаласы ерекше назар аударарлық. Онда автор елдің отаршылық нәубеті туралы сөз қозғап, халық күйзелісіне жаны ауырады.

Жүсіпбектің "Қазақ тілі" бетіндегі баспасөз тақырыбына жазған мақалаларынан бүгінгі журналистика тәжірибесінде үлгі аларлық ойлар көп. Соның бірі "Тілшілерге" деген мақаласында: "Газеттің бетінде "Ел хабаршылары" деген бөлім бар. Ел хабары не болып қалды? Көремін: үнемі біреуді жамандау, қорлау, жауап беру, тайталас. Бұл қалай? Ел деп жазатын өзге хабар жоқ па? Қазақтың қай елін алсаң, партия, ерегес яки күндестіктен сау емес, өтірікті, өсекті, шағымды сабау... Ел ішінде жүріп, елдің сырын алғандай болдым. Елден жіберген хабарлардың оннан бірі шын болса қуанар едік. Оның өзі шын болмайды. Ылғи өтірікті, өсекті басты деп, газетке бос сөз басатын өсекші көріп, халықтың газет оқудан көңілі қалады" /ҚТ. 1923, 30 маусым, №53/ - деп жазады. Осындағы Жүсіпбек айтқан "біреуді жамандау, қаралау, жауап беру, тайталас" көрінісі біздің қазіргі шығып жатқан кейбір газеттерімізде кездесіп қалады. Өткеннен сабақ алар болсақ, бұрынғы зиялыларымыздан қалған "жақсы сөздің - жарым ырыс" екендігін естен шығармауымыз қажет-ақ.

Аймауытов - публицистің өндірте жазып, жариялаған жылының бірі - 1924 жыл. Осы жылы Жүсіпбектің мақала, фельетондары "Ақ жол", "Еңбекші қазақ", "Қазақ тілі", "Қызыл Қазақстан", "Жас қайрат", "Жас қазақ" басылымдарында бірінен соң бірі жарық көрді.

Оның "Ел газетке не жазбақ?" "Газет тілі қалай түзеледі" проблемалық мақалалары да бүгінгі таңда өз мәнін жойған. 1.Шаруа жайы; 2. Әкімшілік, сот жайы; 3. Әйел теңдігі, жастар тұрмысы" /Е-і Қ. 1924, 5 мамыр, №210/. Осы тақырыптардың қай-қайсысына болса да Жүсіпбек публицист қалам тербеді, сол мәселелер төңірегінде көпшіліктің қоғамдық пікірін қалыптастырып отырды. "Газет тілі қалай түзеледі?" деген проблемалық мақаласы "орысшадан аударылған, орысшаға жанасқан сөздерге қарасақ, томармен жүрген қазақ арбадай миыңды, жүйкеңді түйгіштеп зырқылдата жөнеледі" /Е-і Қ. 1925, 25 қараша, №405/, -деп, кеиді.

1924 жылы 1 қазаннан бастап Жүсіпбек Ташкент қаласындағы Қазақ институтында оқытушылық қызметке кіріседі. Сонда жүріп "Ақ жол" газетін шығару ісіне тікелей араласады. С.Қожанов, М.Дулатов, И.Тоқтыбаев, А.Байтасов, Қ.Кемеңгеровтермен бірге газеттің бет-беделін көтеруге белсене ат салысады."Ақ жолдың" бетінде "Жарасымды сүгіреттер", "Көшпелі Көжебай", "Радио хабарлары" фельетондары, "Тінікейді не ойландырды", "Қойшы тастамақ" очерктері, "Қазақта жезөкше бар ма?", "Ташкентте ойын-сауық кеші", "Үлгілі мектеп", "Пара алу тоқтала ма", "Қазаққа пайдалы жас талап" т.б. мақалалары жарық көреді. "Ақ жол" газетінде қызметте жүріп, Жүсіпбек басылымның қосымшалары ретінде "Сәуле" әдеби журналын (1924) және "Шаншар" сықақ журналын (1925) шығаруды қолға алады. Сол журналдардың редакторы болады. Қазақтың алғашқы сатиралық журналын шығару арқылы және көптеген фельетондар жазу арқылы Жүсіпбек қазақ сатиралық публицистикасының негізін салушылардың бірі болды. Тұңғыш күлкі журналының алғашқы нөмірінде Жүсіпбек - редактордың "Шаншар" кім?" деген бас мақаласы жарияланып, онда сықақ басылымының бағыт-бағдары айқындалды.

Ж.Аймауытов - публицист 20-жылдары қоғамда орын алған сан алуан мәселелерге жұртшылық назарын аударып, әр проблеманың шешімін табуға ұлттық көзқарас тұрғысынан келіп отырады. Мәселен қазақ жазуындағы емле, таңба мәселесіне арнап "Жазу таңбаларымызды азайту туралы жоба" /Е-л Қ. 1924, 26 ақпан, №178; 28 ақпан №179/, "Ж. таңбаларымызды азайту туралы" /Е-л Қ. 1924, 15 наурі №189/, "Қазақ тілін жүргізу қазақша оқуда"/Е-л Қ. 1924, 28 наурыз, №190/, "Емлені өзгертуге жоба" /АЖ. 1924, 11 ақпан, "Жазу мәселесі туралы соңғы сөз" /Е-л Қ. 1924, 25. №209/ сияқты бірнеше талдамалы мақалалар жарияланды. Жүсіпбек: "Жазу машинкасына анықтап Ахмет ағайдың шығарған қаріптері бар... Ахмет ағайдың шығарған таңбалары осы күннен бастап баспаханаларға арналып жасалса, жақсы-ақ болар еді. Онда хат тану бір жола жеңілденіп, орыс жазуының қатарына келер еді" /Е-л Н. 1424, 26 ақпан, №178; 28 ақпан №179/ - деп Байтұрсынов ұсынған жазу тәртібін қолдайтындығын білдіреді. Ол шаруашылық, оқу-ағарту, ән-күй мұраларын жинақтау, жастар тәрбиесі, әйел теңдігі, терминология, денсаулық, тәрбие, отырықшылық, әдебиет тақырыптарында көптеген мақала, очерктер жазды. Баспасөз бетінде шыққан фельетондары мен сын мақала, корреспонденцияларында қоғамдағы келеңсіз жайттарды күлкі етіп, жеңіл әзілмен қағытып, қазақ ішіндегі саудагерлік, парақорлық, сәнқойлық, боғауызшылдық, жалқаулық, кадр тұрақсыздығы, жікшілдікті, т.б. залалды қасиеттерді шенейді.

Тағы бір айта кететін жайт - Жүсіпбектің кестелі, жібектей төгілген тілі. Бұл әсіресе оның очерктерінде айқын көрініс табады. "Сұлтанмахмұт Торайғырұлы" атты тарихи-танымдық, портреттік очеркі - соның дәлелінің бірі ғана. Әсіресе Сұлтанмахмұт туып-өскен Баянаула тауын суреттегендегі, пейзаж жасаудағы, бай тілмен сөз кестелеудегі Жүсіпбек -публицистке тән ерекшелік көзге бірден түседі. "Аспанмен тілдескен асқар шың, тік жартас, түпсіз құз, таудың ұшар басынан етегіне дейін сыңсыған сыпсың қарағай, ақ қайың, барқын, мойыл; қиядан ойға, ойдан орманға сүңгіп, сыбдырлап, бұрандаған бура бұлақ; шөккен алыптай жарқыраған Сабынды көл, сол қолтығында түндей түнерген Шойынды көл, жамбасында тас аралды, көк құрақты Торайғыр көлі, жаз болса, көк орай шалғын, көк балауса жасыл жапырақ, гүл, жеміс, тау іші ың-жың аң, бұта толған жыршы құс..." [204, 3 6.]- деп төгіліп түсетін ерекше мәнер, екпін, түп негізі ауыз әдебиетінде жатса да, Жүсіпбек қаламы арқылы қайта жаңғырған публицистік шеберліктің, шынайы суреттің, жоғары көркемдік деңгейдің, жырдай оқылып оқырманды еліктіре ертіп әкететін қасиеттің нағыз көрінісі. Жүсіпбекпублицистикасын ерекшелейтін басты белгінің бірі де - "Көркем сөздің көк майсасы" (Д.Әбілов) атанып кеткен Жүсіпбектің аллитерация мен ассонансты, бояуы қанық теңеулер мен эпитеттерді, көркемдік бейнелеу құралы, қазақ тілінің шұрайлылығын көрсететін өзгеше пафостық публицистикаға әкелуі - үлкен жаңалық еді. Кейінгі публицистика шығармаларында, әсіресе, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ғ.Қайырбеков, О.Бөкей публицистикасында бұл қазақ публицистикасына берік орнап қалды. Ол - публицистикадағы есілген ғажайып әуезділік пен көсілген көркемдіктің астаса көрініс табуы. Сөйтіп Ж.Аймауытов публицистикасында өзінің тұтас мектебін қалыптастырып кеткен біртуар тұлға болды.

Ж.Аймауытов «Абай» журналы жөніндегі мақаласында ұлы ақынның өзін, қызметін, білім парасатын т.б. қасиеттерін жалпылыма шолу ретінде баяндаса, «Абайдың өнері һәм қызметі» және «Абайдан соңғы ақындар» атты ғылыми –танымдық мақалаларында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық өнері, лоардың көркем сапасы, эстетикалық құндылықтары жөнініде жан – жақты зерттеу жүргізіп, одан әрі тереңдей талдап, теориялық тұрғыдан тұжырымдай түседі. Соңғы екі мақаланы М.Әуезовпен бірлесе жазғанымен Ж.Аймауытовтың мақаланы жазып және соныжариялауда еңбегі зор екендігін ескерусіз қалдыруға болмайды деп есептейміз. Қазақ әдебиетіндегі Абайтану ғылымының да көшбастаушысы бола білге автор ұлы ақынның шығармашылығын, оның өскен ортасымен ақындық айналасын біршама зерттегені, осы салаға біраз еңбек сіңіргені байқалады. «Журнал туралы» мақалада: «...Сөз сыбырға, іс жыбырға айналды, береке кетіп, азды, тозды, сол кезде қалың надан, қара тұманды қақ жарып, тас жарып шыққан болаттай, жарқ етіп Абай туды,» -деп ұлы ақынның әдеби ортаға тек өлең –жырмен емес, халықтың қамын жеген ел қамқоршысы, қайраткері, жұртты білімге, өнерге, еңбекке шақырған данышпаны танылған ірі тұлғаның келгенін жүрек жарды қуанышпен жоғары пафоспен паш етеді. Бұл мақаланың көркемдік құндылығы сонда, өзінің көлемінің шағындығына қарамай айтар ойы, түйіндер тұжырымының тереңдігі жағынан бүгінігі бір ғылыми зерттеу жұмысының жүгін арқалап тұрғандығында. Автор ақынның шығармашылық өмірбаяны мен қоғамдық қызметін айта отырып, оның бүкіл ақындық әлемінің тылсым сырын, өлең өрнегін құпия –қалтарыстарын, өзіндік өрнегін тап басып, терең талдайды. Аз сөзге көп мағына сыйлай білген сөз зергері Ж.Аймауытов осы мақаласында Абайдың бүкіл ақындық болмысына, оның бұрындары арнайы сөз болмаған қазақ қоғамынадағы қайраткерлігі мен шығармашылық қасиетіне лайықты бағасын береді. Абайдың қазақ поэзиясына әкелген стильдік және көркемдік, түрлік ерекшеліктері жүйелей талдайды. Абай поэзиясын тұтастай шығармашылық әлем тұрғысынан талдап, оның мазмұн –мағынасы мен поэтикалық құрылыс –бітімі әр шығармада өзіндік өрнек алатынын Ж.Аймауытов М.Әуезовпен бірігіп жазған «Абайдың өнері һәм қызметі» және «Абайдан соңғы ақындар атты ғылыми теориялық зерттеулерінде тереңнен толғай, жан –жақты ашып көрсетеді. Абайдың ақын болып қалыптасуына себеп болған Шығыс жұлдыздары мен өзіне дейінгі Жиренше шешен, Бұхар жырау, Асан қайғы сынды сөз бастаған ұлы шешендер мен жүйрік ақындардың әсерін ұмытпайды.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2250. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия