Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мерзімді баспасөз өкілдері, ұстанымдары.





Қазақ мерзімді баспасөзінің одан әрі жүйленуі. Губерниялық, окруктік газеттердің шығарылуы. Баспасөздің төменгі буыны. Аудандық, саяси-колхоз-совхоздық газеттер жүйесінің дамуы. Жастар мен балалар газеттерінің қалыптасуы. Республикалық газеттердің аттарының өзгерілуі. Өлкелік "Еңбекші қазақ" және "Советская степь" газеттерінің әкімшілік басқарудың шылауына түсіп, Қазақстанда жасалған "Кіші Октябрь" идеясын насихаттауы.

"Әйел теңдігі" (1926-1928 жылдар) журналы. Шығарушылары. Тұрақты

бөлімдері. Даму тарихы. Авторлары.

"Жыл құсы" (1927 ж.), "Жаңа әдебиет" (1928-1931 жылдар), "Балға* (1932-1933 жылдар) журналдары. Осы журналдар беттеріндегі тұрақты бөлімдері. Көтерілген проблемалар. Осы журналдардың Қазақстанда көркемөнер, әдебиет, мәдениетті өркендетудегі рөлі. Осы журналдардың

мектебінен өткен публицистер.

"Лениншіл жас" (1927 ж.) газеті. Шығарушылары. Тұрақты бөлімдері. Даму тарихы. С, Ерубаев пен Б.Бұлқышев — публицист.

"Пионер" (1930-1937 жылдар). Даму тарихы. Шығарушылары, авторлар құрамы.

1926-1932 жылдары шығып тұрған қазақ даласының мерзімді баспасөзінің беттеріндегі негізгі бөлімдері. Қазақ публицистері — С.Сейфулинұлының, Б. Майлинұлының, І.Жансүгірұлының М.Әуезовтің, Т.Рысқұлұлының, М. Дулатұлының журналистік қызметгері.

Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап, газет ісіне белсене араласып, публицистика саласында көп қалам тербегендердің бірі –Сәкен Сейфуллин болды. 1916 жылы Омбы мүғалімдер семинариясын бітірген Сәкен тәжірибелі публицист Рахымжан Дүйсенбаевпен бірлесіп, 1917 жылдан Ақмолада "Тіршілік" газетін шығара бастады. "Тіршілік" - Кеңес өкіметі саясатын жақтаған алғашқы басылымдардың бірі еді. Бұл жөнінде зерттеуші С.Н.Имашев: "1918 жылдың басында Ақмола уезіндегі революциялық комитеттің органына айналған "Тіршілік" газеті Совет үкіметі үшін халықты күреске жұмылдыруда орасан зор жұмыстар атқарды. "Тіршіліктің" шығуына аса көрнекті қазақ жазушысы, сол кезде Ақмола Совдепінің мүшесі болған С.Сейфуллин қатысты. Газетке жариялау үшін ол Совет үкіметінің "Россия мен Шығыстың барлық еңбекші мүсылмандарына" деген белгілі үндеуін аударды", - деген пікір айтты. "Тіршілік" газетінің негізгі жүгін көтерген Сәкен болды. "Сәкеннің журналистік қызметі 1917 жылдың апрель айында Ақмолада шыққан "Тіршілік" газетінен басталады. Ол газет тек бірнеше рет қана шықты. 1937 жылдардағы қазақ жеріндегі мерзімді баспасөздің даму-жолдары. Қазақстанда республикалық, салалық газет-журналдардың одағы қалыптасуы. Қазақстанда теміржол, кұрылыс, тау-кен, баспа ісі жайындағы

мерзімді баспасөздің ұлғаюы. "Қазақ әдебиеті" (1934-1938 жылдар) газеті. Шығарушылары. Тұрақты бөлімдері, онда қызмет істеген публицистер.

"Өзінің журналистік жолын "Алаш", "Сарыарқа", "Абай" басылымдарынан бастаған Жүсіпбек Аймауытовтың публицистикасы кеңестік кезеңде жалғасын тапты.

"Абай" журналында, "Сарыарқа" газетінде басылған кейбір мақалаларында жазушының Совет өкіметінің алғашқы жылдарындағы бұрмалаушылықтарды, жекелеген белсенділердің, асыра сілтеушілердің қылығын большевиктерден көріп, оларға тіл тигізген кезі де болды. Бірақ Жүсіпбек бұл райдан тез қайтты. Алашорда үкіметінің негізгі сырын, мақсатын түсініп, олардан бойын аулақ салып, Совет өкіметі жағына шықты"[198, 22 б.], - деп жазды академик С.Қирабаев.

1919 жылы 1 желтоқсанда Семей қаласында Кеңес өкіметі қайта орнады, губерниялық революциялық комитет құрылды. Оның үні ретінде 1919 жылдың 4 желтоқсанынан бастап "Қазақ тілі" газеті шыға бастады. Бұл басылым жетісіне бір рет, кейінірек 3 реттен 2500 таралыммен шығып тұрған. Бірте-бірте оның тиражы 3000-ға жетеді. 1920 жылдың жаз айларыңда Мәннан Тұрғанбайдың орнына Жүсіпбек Аймауытов редактор болып тағайындалады. Бірақ аз ғана нөмірлері сақталған сол жылдағы газеттен Жүсіпбектің өз атымен шыққан мақаланы жолықтыра алмадық. Десек те "Басқармадан" деген тақырыптағы шағын материалдарды Жүсіпбек жазған деп жорамалдадық. Жазу мәнері, сөз саптауы Аймауытов стиліне келетін бір мақала «Кедей сөзінің ілгешегіне жауап" атты тақырыпта жарық көрген. Онда "Қазақ тілі" қазақ әйелінің әлі жетілмегендігін де, кейде боп ағасы, не туысқаны жазатынын да біледі. Басына бостандық алған қызды да, қорғалап құлдықта қалған қызды да өнеге алсын, не сақтансын деген мақсатпен басады... неше қыздың қолы қойылып жазылса да, «мен жазған жоқ едім» деген кісі әзір шыққан жоқ. Газет - сот емес... Өйткені мақсат қол тексеру емес, әйел теңдігіне, еркіндігіне қызмет ету...

"Қазақ тілі" - төңкеріс жолындағы езілген таптың, әсіресе әйелдің еркін жақтайтын газет. "Кедей сөзі" жолдасымыз әйелдің еркіне қиғаш қараса, өзі біледі" /ҚТ. 1921, желтоқсан, №112/, — деп сынға сыннмен жауап береді, полемизмге барады, өз газеті ұстанып отырған бағыттың дұрыстығын дәледейді, қазақ әйелінің теңдік алуы үшін газет те үлес қосу керектігіне назар аударады.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1043. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия