Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жылдардағы қазақ журналдары.





1946-1960 жылдар арасындағы қазақ мерзімді баспасөзінің даму жолдары. Жалпы жағдайы. Соғыс кезінде уақытша токтаған республикалық, облыстық баспасөздердің қайта шығарылуы. Аудандық газеттер жүйесінің дамытылуы. Тілшілер қозғалысының жаңа кезеңдері.

"Қазақстан мұғалімі" (1952 ж.) газеті. Тұрақты бөлімдері. Шығарушылары. Даму тарихы.

"Ара" (1956 ж.) журналы. Редакция алқасы. Осы журналдың қоғамға жат қылықтарды, кемшіліктерді сынауы,

"Мәдениет және тұрмыс" (1956 ж.) журналы. Тұрақты бөлімдері. Редакция алқасы.

Соғыстан кейінгі жылдары бүкіл ел халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру ісіне жұмылдырылды. "...Ұлы Отан соғысы кезіңде фашистер біздің елімізде 1700 қала мен поселкені, 70 мың село мен деревняны жойып, 31 мың өнеркәсіп орнын, 98 мың колхоз бен 2 мыңға жуық совхозды қиратты, 65 мың километр темір жолды талқандады. 25 миллион адам баспанасыз қалды..." - деп көрсетеді К. Смайылов «Он бірінші» атты еңбегінде. 1945 жылы "Республикалық, өлкелік және облыстық газеттердің сапасын арттыру және көлемін ұлғайту туралы" қаулы қабылдануының баспасөзді, публицистиканы дамытуға әсер, ықпалы зор болды. Сөз жоқ, баспасөздің бейбіт өмірге бейімделуімен бірге, қазақ публицистикасы да күнделікті еңбек ырғағының айнасына айналды.

50-ші жылдардағы Қазақстандағы айтулы оқиға - тың және тыңайған жерлерді игеру болды. Дәл осыған байланысты 1954 жылдың ақпан айынан бастап республикалық басылымдарда "Тың жэне тыңайған жерлерді игеру бүкілхалықтық іс", "Тың және тыңайған жерлерді егіндікке пайдаланайық!", "Тың және тыңайған жерлерді агрономиялық талаптарға сай өңдейік!" сияқты ұраншыл айдарларға топтастырылған жарияланымдар шоғыры көптеп өріле бастады. 1954 жылдың 2 наурызында "Елімізде астық өндіруді одан эрі арттыру туралы, тың жэне тыңайған жерлерді игеру туралы" Орталық комитет қаулысы жария етілді. Бұл істі жүзеге асыруды ұйымдастыруға көрнекті қаламгерлер де тартылды. 1958 жылы "Қазақ әдебиетінің" 1 қаңтардағы нөмірінде сыншы Мұхаметжан Қаратаев өз мақаласында: "...Ал сонымен бірге жазушылардың соңғы бір жарым жыл ішінде өмірден алған азды-көпті материалдардың ұсақ жанрларда өнім бере бастағанын айта кету жөн. Бұған тың туралы С.Мүқановтың, М.Әуезовтің, М.Иманжановтың, Ә.Нұршайықовтың очерктері мен әңгімелері айғақ бола алады", - деп жазыпты.

Қазақтың қалам қайраткерлері елдің түкпір-түкпіріндегі тың игеру барысынан көлемді көркем очерктер циклын жазуға кірісті. Бұған, әрине, үкіметтің алға қойған міндеттері түрткі болды. Қазақ әдебиетіне "Сұлушаш", "Ақ аю", "Өмір мектебі", "Сырдария" сияқты шоқтығы биік көркем шығармалар берген біртуар Сәбит Мұқанов тың игеру тақырыбына ең көп қалам тербеген жазушылардың бірі болды. Өзінің шығармашылық жолында әдебиет пен журналистиканы қатар алып жүрген С.Мұқанов көптеген газет-

Журналдарға басшылық етті, әдеби дүниелермен бірге публицистика жанрларында да еркін жазды. Әсіресе, оның тың тақырыбына жазған очерктерінің өзі бірнеше кітапқа жүк боларлықтай.

Публицистикада тақырыпты таңдау шығармашылық жемісіне тікелей әсер етеді. Шығарманың сәтті немесе сәтсіз болуы, оны окырманның оқу, оқымауы да сол тақырыпты таңдаудан бастау алады. Сәбит Мұқанов тың тақырыбына мол жазды, өндіре жазды. Тың игеру такырыбының ішкі қатпарларын ашып, қопара жазды. Бұл тақырып қаламгерді бұрыннан толғандырып жүрген, ішкі ой қазанында қайнап, әбден пісіп-жетілген мәселе болатын. Сәбит Мұқановтың туған, өскен жерінің өзі - Қазақстанның Солтүстік өңірі. 50-ші жылдары тыңға түрен салынғандағы бар жаңалық сол Солтүстік өлкеде ерекше қарқынмен өріс алды. Сәбиттің өз тақырыптарын халық ішінде жүріп табатындығы, елге етене жақындығы ғалым С.Қирабаевтың мына ойларынан көрініс табады: "Сәбит шын мағынасындағы халықтық жазушы. Халықтың қайнаған тіршілігінің жуан ортасынан шыққан ол кейін де өзі туған ортадан, халық өмірінен алыстап кеткен жоқ. Оның халықпен байланысы - кездейсоқ кездесулер емес, табиғи туыстық.

...Ел өміріндегі жаңалықтарға да дер кезінде үн қосып отырады. Жазушының қоғамдық актуальды мәселелерді көтерген әдеби очерктері - оның халық өмірімен байланысының деректі куәлары сияқты. Қазақ жерінде тың игеріле бастаған кезде жазушы тың даланы талай кезіп, аралап шықты. "Туған жердің тыңында" атты очерктер кітабын жариялады. Туған өлкенің бүгінгі тіршілігі оның "Саяхаттар" атты кітабына материал берді. Шетелдік сапарлар негізінде ол "Алыптың адымдары", "Адам атаның шоқысында" атты очерктер кітабын жазды.

Азақ публицистикасындағы очерк жанрының дамуына өз қалам қайратымен өлшеусіз үлес қосқан сол Сәбит Мұқанов жазушы Әуезовтің 60 жылдығына арналған баяндамасында: "...Мұқтар очерктер де жазды. Солардың ішінде көпшіліктен жақсы баға алғаны тың жэне тыңайған жерлерді игеру тақырыбына арналып 1955 жылы жазылған, баспасөз бетінде жарияланған "Түркістан солай туған" деген очеркі", - деп атап көрсетіпті.

Әуезов – публицист тың совхозының тыныс-тіршілігін ұтымды сюжет желісін тауып, бір-бірімен жалғасып жатқан оқиғалармен әдемі өрбітеді. Сабақтас алты тарауда бірнеше адамның бейнесі сомдалады.

 

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1105. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия