Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың басылымдары.





1961 жылы шыққан қаламгер Нығмет Ғабдулиннің "Өмір күйі"; очерктер жинағында публицистің тақырып сан алуандығына зор мән бергендігін аңғарар едік. Мұнда шахтер өмірі де ("Оның өмір жолы"), қойшы тіршілігі де ("Шәмшинур", "Арамза қозы"), шофер күйі де ("Өмір күйі"), құрылысшы жұмысы да ("Құрылысшының әңгімесі"), кеншілер келбеті де ("Кеншілер"), комбайншы, тракторшы, бақташы, оқытушы, колхоз басшысы ("Комбайншылар", "Омар атайдың немересі", "Бақташының баласы", "Клавдия Максимовна", "Жаңа председатель") бейнелері шынайы өрнектеледі. Публицист қай тақырыпқа қалам тербесе де, оқиғаның өз ішінде жүреді, кейіпкермен кездеседі. Ол адам табиғатын зерттеп барып жазуға төселген. Жалпы публицистиканың басты мақсат-міндетінің бірі - адамды тану болса, Ғабдуллин шығармалары замандас бейнесін жасаудың нағыз үлгілерінің өзі.

1964 жылы Қазақ мемлекет баспасынан Зейнолла Қабдоловтың "Адам"; атты публицистикалық шығармалар томтамасы жарық көрді. Кітап тұтасымен Адамтануға арналған.

Жариялылық, демократиялаидырудың негізіндегі бұқаралық ақпарат құралдары жұмысының қайта қрылуы. Баспасөзде "ақтаңдақ" мәселелерінің жазылуы. Әлеуметтік-экономикалық және ұлтаралық қатынастар проблемаларының көтерілуі. 1986 жылғы Алматыда болған желтоқсан оқиғасының орталық және жергілікті басылымдарда жазылуы.

Қазақстандағы түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың басылымдары. 1985 жылгы СОКП-ның сәуір Пленумынан соң Қазақстанда да түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың пайда болуы. Осыған орай олардыњ баспасөз органдарыныњ құрылуы. Осы басылымдардыњ мақсат-мүдделер, басты бағыттары. "Лениншіл жастың" 80-ші жылдардың алғашқы бес жылындағы жарияланымдардың көбі саяси шеңбер ауқымынан шыға алмаған. Газет беті комсомол тұрмысы, түрлі фестивальдар, орыс басылымдарынан аударылып басылған социалистік қоғамды көкке көтеретін, империализмді жер-жебіріне жете айыптайтын мақалаларға, бейбітшілікті қолдау туралы жалынды сөздерге толы. Оқырмандар, комсомол басшылары, механизаторлар мен шопандар атынан қолдан ұйымдастырылған бір-біріне ұқсас материалдарда жасандылық көп. "Ленин және жастар", "Бейбітшілік. Достық. Ынтымақтастық", "Москвадан! Фестивальдан, "Мазасыз маусым, мазмұнды жұмыс", "Қарбалас шақта", "Еңбек. Ізденіс. Романтика", "¥йым екеу болғанмен, мақсат біреу", "Жарқын істерге жаршымыз", "Екпінді вахтада - жас мұнайшылар" тағы басқа тақырыптардың өзінен кеңестік кезеңге тән жансыз, сүрқай, жалған есеп берушілік көрініп тұр. Бұл осы жылдардағы баспасөздің бәріне тән ортақ кемшілік. Публицистика да сол кеңестік саясаттың сойылына айналды. Құрғақ факті, қарабайыр ұраншылдыққа жол берілді. Сол кезден заман талабы, цензура қыспағы да осыған алып келді. Публицистер де сол тар ауқымнан шыға алмай қалды. Оған сол кездегі саясат, кеңестік тоталитарлық режим кінә еді. Очерктердің де көркемдік, сапалық деңгейі түсіп кеткен. Белгілі бір комсомолдық қалыпқа салынған, біріне-бірі ұқсас бастау, ұқсас тақырып, оқиғаның да ұқсастығы, тіпті табиғат көріністерін суреттеудегі таптаурындық - бәрі-бәрі жалықтырып жібереді. "Саяси әңгіме", "Телетайп лентасында", "Есеп беру мен сайлау", "Құрылықтар", "Спорт", "Сүдігер алқабында", "Күріш", "Жүгері", "Элеватор - молшылық қоймасы", "Комсомол хроникасы", "Жұмысшы - мәртебелі мамандық", "Қырманда", "Күріштікте" "Бесжылдық жүктеріне - жасыл көше", "Еңбегіне қарай - құрмет пен даңқ!" тағы басқа. Айдарлардың өзі осындай болған соң мақала тақырыптары да соншалықты жұтаң болып келеді. Ал оның ішкі мазмұны да сол шеңберден шықпайды. Жанрлық, пішіндік тұрғыдан қарасақ та, жаңалық мардымсыз. Негізінен заметка, есеп, репортаж, сұхбат, корреспонденция, мақала, шолу, рецензия, очерк жанрларындағы жағымды фактілерге жазылған материалдар жиі кездеседі. Сонылық соқпақтары, ізденіс іздері сирек көрініс тапқан. Композициялық, стильдік, мазмұндық жағынан да қайталау көп. Қонысбай Әбіловтің "Ерлікке толы екі күн", Ертай Бекқұловтың "Боран" атты суреттемелерінде табиғат апатына қарсы тұрып, қайсарлықпен жеңіп шыққан малшылар бейнесі шынайы сомдалады. Чернобыль қаласын жаудан азат етуде ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батырлары Әбу Досмұхамбетов пен Петр Баюк туралы жазылған Қайнар Олжаевтың "Құшақтасқан қос батыр" очеркінің көркемдік көкжиегі кең.

80-ші жылдарда қазақ публицистикасын өзіндік ой-өрнегімен байытуға Өтеген Оралбаев, Жанболат Аупбаев Жарылқап Бейсенбаев, Сапарбай Парманқұлов, Жұмагүл Солтиева, Қамбар Керейқұлов, Мұхтар Наушабаев, Қасым Әзімханов, Қайнар Олжаев, Серікқали Байменшин, Әділғазы Қайырбеков, Айқын Несіпбаев, Қуаныш Жиенбаев, Қонысбек Ботбаев, Серік Байхонов, Жүсіпбек Қорғасбеков, Баян Болатханова сияқты талантты журналистер үлес қосты. Мәселен, Жанболат Аупбаев көпшілікке беймәлім деректердің бетін ашып, соны оқырманға таныстыруды - өзінің публицистік қызметінің арқауы етті. Журналист үнемі ізденіс үстінде болуы керектігін қазақ қаламгерлерінің көп жылдар бойғы тәжірибесі көрсетіп келеді. Соның бір дәлелі - Жанболат Аупбаевтың творчестволық лабораториясы. Оның әр шығармасы сондай өмірлік ізденістен, өмірде жиған-терген, көрген-білген деректер мен құбылыстарды жеріне жеткізе зерттеуден туындайды.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1578. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия