Курстың саясаты
1.Магистрант оқу тәртібін сақтап, тапсырмаларды уақытында орындауы қажет; 2.Тапсырмаларды белгілеген уақытында тапсырмаса, қорытынды баға төмендетіледі; 3.Оқу үрдісіне белсенді қатысу керек; 4.Магистрант өздігінше және жеке тапсырмаларды орындай алу керек.
Білімді бақылау нысандары.
Баға қою саясаты Баға қою саясаты 100 ұпайлық жүйеге негізделеді. Ағымдық және аралық бақылауға жалпы есептегенде 60 ұпай, қорытынды (соңғы) бақылауға 40 ұпай бөлінеді.
Пән бойынша білімді бағалау кестесі
Ағымдық бақылау дәрістік сабақтарға қатысу (5бал) және меңгеру, машықтану немесе семинарлық сабақтарға қатысу (әр семинар 1 бал) және МОӨЖ сабақтарына белсенді қатысу (балдары кестеде көрсетілген). Аралық бақылау колоквиум түрінде семестрде екі рет өткізіледі (әр бақылауға 10 балдан). Қорытынды бақылау пән бойынша магистранттармен емтихан тапсыруды жобалайды, емтихандық билеттермен жүргізіледі. Емтиханды жоғары бағаға қайра тапсыруға рұқсат етілмейді. Қорытынды баға төменгі көп балды әріптік жүйе бойынша анықталып, магистранттың сынақ кітапшасына қойылады.
|