Клиникалық жағдайлық есеп шығару бойынша рубеждік бақылауды бағалау критерийлері – максималды балл – 100. Түзету коэффициенті қолданылмайды.
Компетенцияның компонеттері
(100 балл)
| Баллдық жүйе бойынша бағалау
|
Когнитивті
(білімі)
(максимум 30 балл)
| 10 балл
| Талқыланып жатқан патологияның этиопатогенезі, объективті мәліметтері, негізгі клиникалық синдромдары және лабораторлық-аспаптық зерттеулері бойынша білімі таяз. Білімі жүйелі емес.
|
20 балл
| Талқыланып жатқан патологияның этиопатогенезі, объективті мәліметтері, негізгі клиникалық синдромдары және лабораторлық-аспаптық зерттеулері бойынша білімі толық емес. Білімінің жүйелілігі жеткіліксіз. Білімін нақты клиникалық жағдайда қолдану барысында кейбір қиыншылықтар бар.
|
30 балл
| Талқыланып жатқан патологияның этиопатогенезі, объективті мәліметтері, негізгі клиникалық синдромдары және лабораторлық-аспаптық зерттеулері бойынша білімі терең. Білімі жүйелі. Нақты клиникалық жағдайды бағалауда білімін қолдана алады.
|
Операционалды (дағды)
(максимум 30 балл)
| 10 балл
| Білімін тәжірибеде қолдануда қиналады: лабораторлық-аспаптық мәліметтерді талдау мен таңдауда, клиникалық диагнозды қоюда, дәлелді медицина тұрғысында емдеу тактикасын анықтауда. Қате қорытынды жасайды.
|
20 балл
| Білімін тәжірибеде қолдана алады: лабораторлық-аспаптық мәліметтерді талдау мен таңдауда, клиникалық диагнозды қоюда, дәлелді медицина тұрғысында емдеу тактикасын анықтауда. Бірақ жасаған қорытындысын дәлелдеуге қиналады.
|
30 балл
| Білімін тәжірибеде белсенді түрде қолданады: лабораторлық-аспаптық мәліметтерді талдау мен таңдауда, клиникалық диагнозды қоюда, дәлелді медицина тұрғысында емдеу тактикасын анықтауда. Дәлелді қорытынды жасайды.
|
Аксиологиялық
(коммуникативтік дағды)
(максимум 25 балл)
| 5 балл
| Бастамашылдық жоқ, талқылауда белсенділік танытпайды, сынға және эмоцияға адекватты жауап бермейді, сыйластық танытады, бірақ әдепті емес.
|
10 балл
| Эмоционалдық, сынға адекватты жауап, айналасындағыларға сыйластық және әдептілік танытады. Бастамашылдық, көшбасшылық, креативтілік көрсетпейді, талқылауда белсенділікті сирек танытады.
|
25 балл
| Адекватты эмоциялар, айналасындағыларға сыйластық және әдептілік танытады. Талқылауға белсенді қатысады.
|
Білімін өз бетінше жетілдіру
(максимум 15 балл)
| 5 балл
| Білімін өздігімен жетілдіруге қызығушылық танытпайды. Сыни ойлау дағдысы жоқ
|
10 балл
| Рандомизирленген клиникалық зерттеулер бойынша білімі толық емес.
|
15 балл
| Білімін өздігімен жетілдіруде қызығушылығы жоғары. Аналитикалық ойлау. Қорытындысын дәлелді медицина қағидаларына негізделген зерттеулерге сілтеме жасай отырып дәлелдейді.
|
1. Интерннің өзіндік жұмысы – 1 ИӨЖ = 100 балл
ИӨЖ өткізу түрлері: Клиникалық жағдайдың көрсетілімі
Клиникалық жағдайдың көрсетілімін безендіруге қойылатын талаптар:
1. Көрсетілімді безендіруге қойылатын талаптар: слайдтардың саны 15-20 шамасында болуы тиіс, слайдтардың дизайны көркем болғаны жөн, суреттер, сызбалар, анимация режимдерін қолдану арқылы. Слайдтардың мәтіні нақты, қысқа болғаны жөн, библиографиясы дұрыс безендірілуі тиіс.
2. Клиникалық жағдайдың құрылымына кіреді:
Паспорттық бөлім (аты-жөні, жасы); науқастың шағымы; ауру тарихы (аурудың ағымын хронологиялық ретпен динамикасында жүргізілген тексерулер мен емді көрсете отырып); өмір тарихы (тек осы ауруға қатысы бар мәліметтерді көрсету керек); физикалдық мәліметтер; лабораторлық-аспаптық тексеру әдістері (диагноз қоюға қажетті анализдер мен аспаптық тексеру мәліметтерін сипаттау); дұрыс қойылған диагноз (немесе қорытынды); дәлелді медицина тұрғысынан негізгі емдеу принциптері, заманауи әдебиет көздері;