Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Зектілігі





Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) беру сатысында ауылдық, қалалық, отбасылық амбулатория дәрігерлері түрлі бүйрек патологияларымен кездеседі. Дегенмен, бүйректің көптеген созылмалы ағыммен өтетін зақымдалуларының арнайы белгілері жоқ, соның ішінде ауыру синдромы, сондықтан олар байқалмай қала береді. Әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда жүргізілген зерттеулер шамамен әрбір оныншы ересек адамда бүйрек зақымдалуының бір түрі бар екендігін көрсетті. Бүйрек ауруларының ерте диагностикасы АМСК дәрігерінің білім деңгейіне байланысты. Бұл кезде тСБЖ-не әкелетін бүйректің созылмалы үдемелі ауруларының дамуының себептері тіпті де «гломерулонефриттер», «пиелонефриттер» емес, әдетте кардиологиялық, эндокриндік, ревматологиялық және ішкі мүшелердің түрлі патологиясымен басқа пациенттердегі бүйректің екіншілік зақымдалулары екендігін есте ұстау қажет.

21 ғасырдың басы «Бүйректің созылмалы ауруы» және «Бүйректің жедел зақымдалуы» деген жаңа терминдердің енуімен ерекше болды. АМСК, ЖТД және басқа мамандық дәрігерлеріне «үндемес», бірақ кеш анықталып және ем болмағанда салдары қауіпті бүйрек ауруларын анықтаудың қарапайым әдістері ұсынылды. Бұл, ең алдымен – бүйректің созылмалы ағыммен өтетін ауруларының сатыларын қадағалауға мүмкіндік беретін Кокрофт-Голттың есептеу әдісі бойынша бүйрек қызметін бағалау (ШФЖ). ШФЖ көрсеткіші бүйректің созылмалы ауруы (БСА) кезінде қызмет атқаратын паренхима көлемін көрсетеді. Интерндер заманауи нефрологияның тағы бір жетістігін білуі тиіс – ерте диагностика болғанда және нефропротективті ем жүргізілгенде БСА-ң баяулау, ал кейде кері даму ықтималдығы.

Бұдан басқа, АМСК дәрігері бүйректің жедел зақымдалуында (БЖЗ) дер кезінде одан күдіктеніп және шұғыл көмек беруі тиіс.

Интерндердің бүйрек аурулары кезіндегі диагностика әдістері мен алғашқы дәрігерлік көмек көрсету бойынша алған білімдері ішкі аурулар бойынша мамандарды дайындауда ерекше маңызға ие.

 

2.2. Мақсаты:Бүйректің жедел және созылмалы ауруларында ерте диагностика мен АМСК көрсету бойынша білім мен машық қалыптастыру.

2.3 Оқытудың міндеттері:

1. Білім қалыптастыру:

- бүйректің жедел және созылмалы аурулары бойынша

- БСА мен БЖЗ-ң заманауи жіктелуі мен негізгі себептері бойынша және АМСК этапындағы диагностика әдістерімен таныстыру

- нефропротективті емнің қағидалары және ісінулер, АГ және бүйректің қызметінің төмендеуі кезіндегі алғашқы көмек әдістері бойынша.

2. Машықтар дамыту:

- анамнез жинау және бүйректік науқасты клиникалық тексеру бойынша

- тексеру алгоритмін құру және клиникалық диагнозды негіздеу

- ШФЖ бойынша бүйректің функционалдық жағдайын бағалау және БЖЗ мен БСА сатыларын анықтау

- ісінулер, АГ және бүйректің қызметінің төмендеуі кезіндегі алғашқы көмек көрсету

- БСА 1-3 сатыларындағы науқастарды амбулаторлы жүргізу.

3. Коммуникативті дағдыларға үйрету:

- науқаспен, оның туыстарымен максимальді сенімді қарым-қатынас орнатуды.

4. Науқасқа мына ақпараттарды берудің құқықтық дағдыларын қалыптастыру:

- ақысыз медициналық көмек алу, медициналық мекемені таңдау еркіндігі құқығын

- ауру, оның емі мен болжамы туралы

- бүйрек трансплантациясынан кейінгі ақысыз иммуносупрессивті ем алу құқығы

- жоғары мамандандырылған ем және кеңес алу құқығы.

5. Өзін-өзі жетілдіруге мотивацияны дамыту: өз бетінше әдебиетпен жұмыс жасау, зерттеу жұмысы, клиникалық конференцияларда, профессорлық шолулар мен клиникалық талдауларда баяндамалар жасау.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Білім қалыптастыру:

· БСА кезіндегі бүйректің зақымдалуының үдеу механизмдері, гиперфильтрация теориясы. БЖЗ патогенезі.

· Бүйрек зақымдалуының клиникалық синдромдары және бірінші кезектегі тексерудің әдістері.

· Нефропротективті және иммуносупрессивті ем, ісінулер мен АГ кезіндегі алғашқы көмек.

 

Машық қалыптастыру:

· Науқастың анамнезін жинау, ісіну синдромы мен АГ бағалау

· Негізгі синдромды есепке ала отырып, науқастың тексеру және емдеу жоспарын құру, клиникалық диагнозды негіздеу

· Бүйректің функционалдық жағдайын бағалау, БЖЗ немесе БСА сатыларын анықтау..

· БСА 1-3 сатыларындағы науқастарды амбулаторлы жүргізу.

Коммуникативті дағдылар қалыптастыру:

· Командада жұмыс істеу

· Науқаспен, оның туыстарымен сенімді қарым-қатынас орнату

 

Құқықтық дағдылар қалыптастыру:

· Науқасқа ақпарат беру:

- ауру, диагностика мен емнің мүмкіншіліктері туралы

- ақысыз медициналық көмектің көлемі туралы

- жоғары мамандандырылған нефрологиялық көмек алудың жолдары туралы.

 

Өзін-өзі жетілдіруді қалыптастыру:

· өз бетінше науқасты жүргізу, сырқатнаманы талдау, аурудың ағымының ерекшеліктерін анықтау

· өз бетінше әдебиетпен аналитикалық жұмыс

· шолулар мен конференцияларда науқастарды баяндау

· көрсетілімдер

· сұлба, алгоритмдер, кестелер құру.

 

2.5 Пререквизиттер: бакалавриаттағы нефрология, ішкі аурулар пропедевтикасы

2.6 Постреквизиттер:терапия бойынша интернатураның 2-ші жылы.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 614. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2026 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия