Студопедия — Кіріспе. «Фармакология - 1» пәні дәрілік заттардың тірі ағзамен байланысын және әсерін оқытатын ғылым
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кіріспе. «Фармакология - 1» пәні дәрілік заттардың тірі ағзамен байланысын және әсерін оқытатын ғылым






«Фармакология - 1» пәні дәрілік заттардың тірі ағзамен байланысын және әсерін оқытатын ғылым болғандықтан барлық мамандықтар студенттерінің оқытылуы міндетті.

Жылына мыңдаған химиялық қосылыстар зерттеледі. Олардың тек он шақтысы ғана клиникалық практикада жаңа жоғары белсенділіктегі дəрілік препараттар ретінде пайдаланылады. Жыл сайын қолданыстағы дəрілердің механизмдері, оларды қолдану көрсеткіштері мен қарама-қарсы көрсеткіштері кеңейгені немесе өзгергені нақтыланып отырады. Осыған байланысты фармакология медицинаның ең күрделі пəндерінің бірі болып табылады.

Фармакология – мультитәртіпті ғылым, теориялық ғылымдарды клиникалық тәжірибелермен, әсіресе фармакотерапияның мәліметтерімен біріктіретін көпсалалы ғылым. Дәрілік заттардың жасушалық, субжасушалық, физиологиялық әсер ету механизмін және бүкіл ағзаға фармакотерапияның әсерлерін анықтау фармакологиялық зерттеудің құндылығы болып келеді. Осыған орай барлық мамандықтардың дәрігерлеріне фармакотерапияның негіздерін білу қажет.

 

2.2 Пəннің мақсаты:

Әртүрлі аурулардыемдеу кезінде дəрі-дəрмектерді дұрыс таңдау үшін, студенттерде дəрі-дəрмектердің фармакодинамика және фармакокинетиканың жалпы заңдылықтары туралы түсінікті қалыптастыру.

 

2.3 Пəннің міндеттері:

• рецепттерді рәсімдеудің жалпы қағидаларын жəне рецептуралық

жазбалар құруды және әртүрлі дәрілік түрлерге рецепт жазуды үйрету;

• дəрілік түрлерді таңдауды жəне дəрілік заттарды қолдану тəсілдерін

үйрету;

• дəрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеуді үйрету;

• дəрілік заттардың әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық

ықпалдары және өзара байланысы туралы түсінікті қалыптастыру;

• дəрілік заттардың қолдану мүмкіндіктерін және ағзаның жүйелер мен

мүшелер қызметтеріне әсерлерін болжауды бағалуды үйрету;

• патогенді микроорганизмдердің, қарапайымдылардың, құрттардың өмірін жою үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдауды үйрету.

 

2.4 Білім берудің түпкілікті нəтижелері:

А. Студент білуге және түсінуге тиісті:

• фармакология пəні мен міндеттерін;

• дəрі-дəрмек, дəрілік зат, дəрілік препарат, дəрілік түр туралы түсінікті;

• жедел көмек жағдайларында қолданылатын негізгі өмірге қажетті дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген аттарын;

• рецепт құрылымын, әртүрлі дәрілік түрлерге рецепт жазу ережелерін;

•дəрілік заттардың фармакокинетика мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтарын;

• дəрілік заттардың жіктелуін;

• дəрілік заттардың әсер ету механизмдерін;

• дəрілік заттардың жанама және қалаусыз әсерлерін, олардың алдын алу және пайда болған жағдайда жою шараларын.

 

В. Студент білімдерін және түсініктерін қолдана білуге тиісті:

• алған білімін болашақ мамандығында қолданады;

• әртүрлі дәрілік түрлерге рецепт жазуды;

• дәрілік түрлерді, қолдану тәсілдерін және дәрілерді енгізу жолдарын таңдауды;

• рецептерге түзету жүргізуді, препаратты ауыстыруды, мөлшерлерін бағалауды;

• дəрілік заттардың фармакологиялық әсерлерінің жиынтығын, механизмін және әсер орнын анализдеуді;

• ағзаның жүйелер мен мүшелер қызметтеріне өзгертуге бағытталған дəрілік заттарды таңдауды, сонымен қатар патогенді микроорганизмдердің, қарапайымдылардың, құрттардың өмірін жою үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдауды;

• дəрілік заттардың жанама және қалаусыз әсерлерін танып білуді, олардың алдын алу және пайда болған жағдайда жоюды;

• жаңа дəрі-дəрмектер арсеналында бағыт-бағдар алуды, олардың қолданып отырған препараттан артықшылығын, өзара ауыстыру принциптерін және жиі таралған синонимдерін білуді.

 

С. Студент өз пікірін жеткізе білу керек:

• дəрілік заттардың мөлшерін, концентрациясын есептеуді;

• әртүрлі дәрілік түрлерге рецепт жазуды;

• негізгі өмірлік маңызы бар дəрілік препараттарға рецепттер жазуды;

• енгізу жолдарын таңдауды;

• клиника мен дəріхана қызметкерлерін, сонымен қатар халықты ақпараттандыру үшін дəрі-дəрмектер туралы деректер іздеуге жəне өңдеуге.

 

D. Студенттің коммуникативтік қабілетілігі болуға тиісті:

• пәнаралық ұжымда жұмыс істей алуды;

• мамандар үшін және кәсіби емес аудиторияға өзінің зерттеу жұмыстарын немесе әдебиеттік ізденіс нәтижелерін ұсына білуді.

Е. Студент оқуға қабілеттілігін көрсете білуге тиісті:

• әртүрлі дәрілік түрлерге рецепт жаза білу;

• дəрілік заттардың фармакологиялық әсерлерінің жиынтығын, механизмін және әсер орнын анализдеуді;

• өз еркімен жаңа бағыттарды зерттей білу;

• академиялық мобильдік және алмасу бағдарламасы бойынша шетелде оқу үшін шет тілдерін толығымен игеру;

• медицинада дəрілік заттардың жаңа ашылулар мен қолдану тәсілдерімен хабардар болу;

• студенттің өзіндік жұмысын орындау кезінде интернетті қолдана білуді, заманауи отандық және шетелдік әдебиеттермен қолдана білуді.

 

2.5 Пәннің алғы реквизиттері: Молекулярлы биология және медициналық генетика, биологиялық химия, физиология - 1, микробиология

 

2.5 Пәннің кейінгі реквизиттері: Ішкі аурулар пропедевтикасы, жалпы хирургия және клиникалық пәндер

 

2.6 Пәннің қысқаша мазмұны:

Фармакология курсы келесі бөлімдерден тұрады:

· Жалпы фармакология

· Жалпы рецептура

· Афферентті иннервацияға әсер ететін заттар

· Эфферентті иннервацияға әсер ететін заттар

· ОЖЖ-не әсер ететін заттар

· Орындаушы ағзаларға әсер ететін заттар

· Алмасу процесстері мен гомеостазға әсер ететін заттар

· Химиотерапевтикалық заттар


 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1888. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия