Бағдарлама. Қазақстан Республикасының басты приоритеттернің бірі болып қоғамның тұрақты әрі үдемелі
2.1. Кіріспе
Қазақстан Республикасының басты приоритеттернің бірі болып қоғамның тұрақты әрі үдемелі түрде даму көзқарасы бойынша денсаулық сақтау жүйесінің одан әрі жетілдірілуі болып отыр, денсаулық сақтау жүйесі тиімді, икемді, әлеуметтік, қазіргі таңдағы озық халықаралық тәжірибелерге негізделген, халыққа барлық деңгейде медициналық көмек корсетудегі сабақтастықты, сапалылығы, дер кезінде қол жетімділігін қамтамасыз ететін жүйе ретінде қалыптастырылу кажет. Бұдан былайғы негізделуші принциптері сектораралық өзара іс қимылдылық, азаматтардың өз денсаулығына деген ынтымақтастық жауапкершілігі, аурулардың алдын алу мен салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Қазіргі таңда нарықтық экономика жағдайында медициналық ұйымдарды басқарудың жаңа бағыттарының қажеттілігі туындап отыр. Алайда, экономиканың басқа салаларына қарағанда медициналық ұйымдар немесе ауруханаларды басқару ісі қоғам қажеттіліктері мен уақыт талаптарынан артта қалып тұр. Сондықтан медициналық ұйымдарды басқаруда дүниежүзілік алдыңғы катарлы тәжірибелерді дәлелді жүйелерге негізделген халықаралық басқару технологияларының трансферттерін тарту қажет, бұл барлық деңгейде көрсетілетін медициналық көмектің сапалы, тиімді әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз етпек. Денсаулық сақтау жүйесінде инновациялық саясаттың іске асуы жүйенің жетілдірілуінің стратегиялық принциптерін анықтап бекітуі қажет. Денсаулық сақтауда инновациялық саясат жүргізу жүйені жетілдірудің стратегиялық принциптерін анықтап бекітуі қажет. Жүйенің стратегиялық принциптері халықтың денсаулығын сақтап күшейтуге, медициналық қызметтердің қолжетімді және сапалы түрде көрсетілуін қалыптастырып, тиімді қызмет етуіне бағытталған және де саланың әрі қарайғы тұрақты дамуына негізделіп денсаулық сақтауды басқару мен медициналық көмекті ұйымдастырудың жаңа схемаларын дайындап енгізу. Айтып өткендей, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі жағдайында клиникалардың тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі болып тиімді басқару, соның ішінде қорларды басқару /кадралар, материалдық, қаржылық, білім, технологиялар және т.б./ болып саналады. Соңғы жылдарда мемлекет денсаулық сақтау жүйесін реформалау мен жетілдіруге бағытталған бірқатар іс шаралар іске асырда. Бүгінде осы саланың дамуын сипаттайтын негізгі бағдарламалық құжаттар қойылған талаптарға сәйкес еді. Қазіргі кезде экономика мен қоғамның басқа да секторларының өзгеру темптері мен талаптарынан қалыс қалуда. Жиналған мәселелер денсаулық сақтау саласын басқару тәсілдерін радикалды түрде қайта қарастыру қажеттілігін туғызып отыр. Бұл саланың басқару жүйесін жетілдіру, денсаулық сақтауды қаржыландырылуы, медициналық көмекті көрсетуді ұйымдастыру, бірінші кезекте алғашқы медико санитарлық көмек көрсету деңгейінде және де қорларды тиімді пайдалану сияқты сұрақтарын қамтитын бөлімдерінде маңызды өзгертулер жүргізу қажеттілігі туындауда. Бүгінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі жаңа стратегияларды енгізе отырып құрылымын жетілдіруді қажет етеді, бұл айқын көзделген мақсаттарға, экономиканың барлық секторларымен интеграциялануына және де дамудың қазіргі заманғы ғылыми және институциональді технологияларды қолдану негізінде жүргізілуі керек. Денсаулық сақтауда реформаларды іске асыруда жетістікке жетуге маркетинг пен менеджмент принциптерін, денсаулық сақтау мекемелерін басқарудың экономикалық және әлеуметтік психологиялық әдістерін енгізу мүмкіндік береді. Орталықтандырылған басқару ілгісі жағдайындағы ұйымдастырушы рольін менеджерлерге ауыстыру, жаңа буынды басқарушыларды қалыптастыру маңызды. 2.2. Пәннің мақсаты Дүние жүзінің әртүрлі елдерінің денсаулық сақтау жүйесін реформалау тәжірибелерін, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің реформалаудың негізгі бағыттарын ғылыми зерттеу негізінде студенттерге білім беру, халыққа медициналық көмекті модернизациялау жолдары мен принциптерін үйрету және келешекте олардың медициналық мекемелерді басқару технологиялары мен ептілігін, дағдыларын қалыптастыру.
|