ОСӨЖ уақыты
Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті Техникалық факультет Химия және химиялық технология» кафедрасы Syllabus Пән Органикалық заттардың химиясы мен физикасы (3 кредит) Мамандық 5В072100 - «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» Курс 3 Академиялық топ ХТОВк-3 Студент ____________________________ Аға оқытушы Айжарикова А.К. Оқу жылы Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті Syllabus Пән «Органикалық заттардың химиясы мен физикасы» (3 кредит)
ОСӨЖ уақыты
КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТЫ: «Органикалық заттардың химиясы мен физикасы» пәні 5В072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған профильдік пәндер цикліне енетін негізгі пәндердің бірі болып табылады. Бұл пән теориялық және ол студенттерді полимерлік күйдің ерекшеліктерімен, полимердің төмен молекулалық қосылыстардан негізгі айырмашылықтарымен, сондай-ақ оларды алудың негізгі механизмдерімен таныстыруға арналған. КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ: студенттерге полимерлердің химиясы мен физикасының қазіргі дамыған бағыттарын оқытып, халық шаруашылығында оларды қолдану тәсілдерін үйрету болып табылады. КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: Физикалық химия, органикалық химия, мұнай, газ және көмірдің химиясы мен физикасы. КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: Мұнай шикізаттарын құрылымын өзгертпей өңдейтін процестер ХТ, мұнай шикізаттарын құрылымын өзгертіп өңдейтін процестер ХТ, органикалық және мұнайхимиялық өндірістер технологиясы, ОЗХТ, МГ және ОЗ өңдеудің арнайы технологиясы, техникалық талдау, ХӨ аналитикалық бақылау. ОҚЫТУ ӘДІСІ: Бұл курс дәстүрлі дәріс сабағын талқылау әдісін пайдалану арқылы беріледі. Студенттерге аудиториядаға талқылауға белсенді қатысып, бір-бірінен үйреніп және топтың пікірінен өзіне пайдалы нәрселерді алу ұсынылады. Аудиториялық сабақ дәріс, материалды талқылау, әр түрлі лабораториялық жұмыстар орындауды қамтиды. Студент әр сабаққа негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалуы тиіс. Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар ұсынылып, түсіндіріледі. Сабаққа қатысу мен аталған түсініктерді конспект түрінде жазып отыру әр студентке міндетті. Оқытушы материалды әр студентке жеке бермейтіндіктен, материал болмаған жағдайда басқа студенттен көшіріп алу қажет. Лаборатория сабақтарында студенттерге органикалық заттарды зерттеу жұмыстары, өзіндік жұмыс тақырыптары мен тапсырмалары және дәріс материалдарының сұрақтары ұсынылады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында қабылданады. Егер студентке өткен материалдар бойынша сұрақ туындаса, оқытушыдан көмек сұрауына болады.. БІЛІМДІ БАҒАЛАУ: Үй тапсырмалары:Үй тапсырмалары міндетті түрде орындалуы тиіс және ОСӨЖ сабақтарында барлық топтардан кесте бойынша қабылданады. Бекітілген мерзімнен кейін тапсырылған жұмыстар қабылданбайды және есептелмейді. Уақытымен орындалып, тапсырылған үй тапсырмалары үшін семестр соңында 10 балл көлемінде қосымша бонус есептеледі. Бақылау жұмыстары: бақылау жұмысы өткен материал бойынша теориялық немесе практикалық (есептік) тапсырмалардан немесе тесттік тапсырмалардан тұрады. Бағасы аттестация бағасына қосылады. Жеке өзіндік жұмыстар:мұнда студентпен жеке тапсырмалық жұмыстар (есептік-графикалық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, үй тапсырмалары) орындауы есептеледі. Бағасы аттестация бағасына қосылады. Графиктен кешіктіріліп тапсырылған жұмыстар үшін 10 балл алынады. Аралық бақылау тесттері:өткен материал бойынша тесттік тапсырмалар, 10 және одан жоғары сұрақтардан құралуы мүмкін. Тесттер графикке сәйкес 2 немесе 4 рет өткізілуі мүмкін, қорытынды бағалары аттестациялық бағаға қосылады. Курстық жоба: Курстық жұмысты (КЖ) орындауға 6 апта беріледі; КЖ қорғау 13-ші оқу аптасында. КЖ орындауды аралық бақылаудың максималды бағалануы 100 балл; қорғау барысындағы максималды бағалануы 100 балл Қорытынды емтихан:қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан өткізілу мерзімі деканатпен бекітіледі және жазбаша түрінде өткізіледі. Емтихан билеттері курстың барлық бөлімдері бойынша сұрақтар енгізіледі. Емтиханға студент семестр бойы орындаған жұмыстар мен бақылаулар нәтижесі бойынша балдардың 50%-ын жинаған жағдайда жіберіледі. Емтихан кезінде дәрістер конспектілерімен, оқулықтармен, басқа да жазбалармен пайдалануға болмайды. КУРСТЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИІ:
БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ:
СТУДЕНТТЕРДІҢ АУДИТОРИЯДА ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУ ЕРЕЖЕСІ: Сабақтарға қатысым:студент барлық сабақтарға деканатпен жасалған кесте бойынша міндетті түрде қатысуы керек. Егер студент сабақтардың 30% себепсіз жіберсе, оқытушы оның курстан шығарылатыны туралы мәлімдеу керек. Сабаққа кешігу:студенттің кез келген себеппен сабаққа әрбір екі кешігуі бір себепсіз сабаққа келмеген сағат болып есептеледі. Жіберілген сабақты өтеу кесте бойынша қабылданады. Егер студент сабақтан жүйелі түрде қалатын болса, өтелулер қабылданбайды. Ұялы телефондар: аудиторияға келгеннен кейін студент ұялы телефонын өшіруі тиіс және сабақ барысында телефон пайдаланбауы тиіс. Бұл талапты орындамау Қ.Жұбанов атындағы АқМУ ішкі тәртіп ережелерін бұзу болып табылады. Студент өзінің жағымсыз қылықтарымен оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтірмеуі тиіс. Мысалы: ылғи келіспей отыру, өзге студенттердің сөзін бөлу, теріс пікір білдіру, сонымен қатар қорқыту, күш көрсету, мезгілсіз телефонды пайдалану, біреудің арына тиісу, тапсырманы орындаудан бас тарту т.б. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР: 1. Химия нефти. Под ред. З.И.Сюняева. – Л.: Химия, 1984. -315с 2. Проскуряков В.А., Драбкин А.Е. Химия нефти и газа– Л.: Химия, 1981. -345 с. 3. Исагулянц В.И., Егорова Г.М. Химия нефти. Руководство к лабораторным занятиям. – Л.: Химия, 1965. -670 с. 4. Лебедев Н.Н. Химия и технология основного органического и нефтехимического синтеза. - М: Химия, 1975г. 5. Камнева А.И., Платонов В.В. Теоретические основы химической технологии горючих ископаемых - М: Химия, 1990г. – 287 с. 6. Магарил Р.З. Теоретические основы химических процессов переработки нефти. - М: Химия, 1976г. – 312 с. 7. Кулезнев В.И., Шершнев В.А. Химия и физика полимеров –М.: Высшая школа, 1988.-312с. 8. Тагер А.А. Физико-химия полимеров. – М.: Химия, 1978. -544 с. 9. Тасанбаева Н.Е., Мамытова Г.Ж., Сакыбаева С.Ә. Полимерлердің химиясы мен физикасы. – Шымкент.: ОҚМУ, 2005. – 208б. 10. Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы: ЖОО студенттеріне арналған оқулық/Авторлар ұжымы. Алматы: «Білім», 1995, 320 бет. 11. Шур А.М. Высокомолекулярные соединения. – М.: Высшая школа, 1981.-656 с. 12. Практикум по технологии переработки пластических масс. (под ред. Виноградова В.М. и Головкина Г.С.) – М.: Химия, 1980. – 240 с. 13. Вторичная переработка пластмасс/Ф. Ла Мантия (ред.); пер с англ. под ред. Заикова Г.Е. – СПб.: Профессия, 2006. -400с. ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР: 14. Каминский Э.Ф., Хавкин В.А. Глубокая переработка нефти: технологические и экологические аспекты. Москва, Техника, 2001-384с 15. Рейхсфельд В.О., Шеин В.С., Ермаков В.И. Реакционная аппаратура и машины заводов основного органического синтеза и синтетического каучука. - Л: Химия, 1985 г. 16. Дидушинский Ян. Основы проектирования реакторов. - Л: Химия, 1972 г. 17. Химическая технология переработки твердых горючих ископаемых / под ред. Макарова Г.Н., Харламповича Г.Д. – М: Химия, 1986г. – 496 с. 18. Гуревич И.Л. Технология переработки нефти и газа. Ч.1 - М: Химия, 1972г. – 359 с. 19. Смидович Е.В. Технология переработки нефти и газа. Ч.2 - М: Химия, 1980г. – 382 с. 20. Дияров И.Н., Батуеева И.Ю., Садыков А.Н., Саядова Л.Н. Химия нефти.– Л.: Химия, 1990. - 170с 21. Рябов В.Д. Химия нефти и газа – М.: Химия, 1976. – 720 с 22. Омаралиев Т.О. Мұнай мен газ өңдеу химиясы және технологиясы. Құрылымды өзгертіп өңдеу процесстері. - Алматы: Білім, 2001.-276 б. 23. Омаралиев Т.О. Мұнай мен газ өңдеу химиясы және технологиясы. Құрылымды өзгертпей өңдеу процесстері. - Алматы: Білім, 2001.-450 б. 24. Грязнов Н.С. Гидрогенолиз углей в процессе коксования. - М: Металлургия, 1983г. – 360с. 25. Васильев Н.В., Смолина Т.А. Органический синтез. - М: Просвещение, 1986г. 26. Козлов П.В., Папков С.П. Физико-химические основы пластификации полимеров. – М.: химия, 1982. – 224 с. 27. Птицина О.А., Куплетская Н.В., Тимофеева В.К. Лабораторные работы по органическому синтезу. - М.: Просвещение, 1979. – 256 с. ПӘННІҢ ОҚУ ЖОСПАРЫ:
СӨЖ тақырыптары (мәнжазба, презентации, эссе т.с.с)
|