ОСӨЖ №1,2
Тақырыбы: Мұнай көмірсутектерінің термиялық және термокаталитикалық өзгерулерінің химиялық негіздері Сабақ мақсаты: Мұнай көмірсутектерінің термиялық және термокаталитикалық өзгерулерінің химиялық негіздерін, мұнай құрамын зерттеудің жалпы принциптерін, бензиндердің, керосин-газойль және май фракцияларының топтық көмірсутектік, құрылыстық-топтық құрамын, оларды анықтау әдістерін қарастыру және талдау. Сабақ жоспары: 1. Мұнай құрамын зерттеудің жалпы принципі. 2. Көмірсутек қоспаларын талдаудың физикалық әдістері. 3. Хроматография түрлері және талдау әдістері. 4. Айдау және олардың түрлері. 5. Бензиндердің, керосин-газойль және май фракцияларының топтық көмірсутектік, құрылыстық-топтық құрамы. Оларды анықтау әдістері. Негізгі ұғымдар Термиялық тұрақтылық, термиялық крекинг, каталитикалық крекинг, деалкилдеу, гидрлеу, дециклдеу, конденсациялану, радикалды-тізбекті-ыдырау.
Бақылау сұрақтары 1. Алкандардың ыдырау реакциялары қандай механизм бойынша өтеді? 2. Температураның ыдырау реакцияларына әсері қалай реттеледі? 3. Метанның термиялық тұрақтылығы неге байланысты? 4. Этанның дегидрлену реакциясын көрсетіңіз 5. Бутанның ыдырау реакцияларының бағыттары? 6. Бос радикалды ыдырау механизміне сипаттама беріңіз 7. Радикалды-тізбекті ыдырау механизмінің сатыларын түсіндіріңіздер
|