Студопедия — Тіршіліктің жаратылым деңгейлері.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тіршіліктің жаратылым деңгейлері.






Тірі табиғат - көптеген алғашқы заттардан тұратын күрделі жаралымды өкімбилікті (иерархия) жүйе. Тірі табиғат әр алуандылығына қарамастан, бірнеше тірілік құрылым деңгейлеріне бөлінеді. Олар: молекулалық, жасушалық, мүшелік-ұлпалық, ағзалық, популяциялық-түрлік, биогеноздық, биосфералық деңгейлер. Бұл жүйелерде барлық негізгі тірілік қасиеттері бола тұра өздеріне ғана тән маңызды өзгешеліктері де болады.

Молекулалық деңгей. Кез келген тірі жүйе көптеген органикалық және бейорганикалық молекулалардан құралады. Органикалық заттар: нуклеин қышқылы, нәруыздар, майлар, көмірсулар және өзге ағзалық молекулалар барлық жасушалардың негізгі құрылымдық құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзаның тіршілік әрекет үдерістері: зат алмасу, ақпараттар беру, т. б. молекулалық деңгейден басталады. Жасушалық деңгей. Жасуша - бұл құрылым және қызмет атқару өлшем бірлігі, әрі бүкіл тіршілік иелерінің көбею және даму өлшем бірлігі.

Мүшелік-ұлпалық деңгей. Құрылысы, шығу тегі және атқаратын қызметтері ұқсас жасушалар, ұлпалар мен мүшелер түзеді. Мүшелерден мүшелер жүйесі түзіледі, мүшелер жиынтығынан біртұтас ағза құрылады.

Ағзалық деңгей. Ағза - құрылысының күрделілігіне тәуелсіз (біржасушалы және көпжасушалы) дербес өмір сүре алатын биологиялық жүйе. Органикалық деңгейдің алғашқы заттар өлшем бірлігі - дарақ, ол жүйе ретінде туған сәттен өмірінің соңғы күніне дейін өмір сүреді. Сонымен бірге ұрық даму үдерісінде ағзаның белгілі дарақтарына тән қасиеттер пайда болады.

Популяциялық-түрлік деңгей. Дарақтар табиғатта бірінен-бірі оқшауланбай, популяцияға бірігіп өмір сүреді. Популяция – ағзадан жоғары биологиялық жүйе. Ол дәл сол ағзалар бір аумақта ұзақ уақыт мекендегенде пайда болады.

Биогеоценоздық деңгей. Әр алуан ағзалардың түрлері мен популяциялар тіршілік ортасына жинақтала келе биогеоценоз түзеді. Бұл - тіршілік жаратылымы биогеоценоздық деңгейдің карапайым өлшем бірлігі. Биогеоценозға алуан түрлі өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар және ұсақ ағзалардың бірлестігі, сондай-ақ тірі ағзалар орныққан тап сол жердегі литосфера, гидросфера және атмосфераның құрамдас бөліктері енеді.

Биосфералық деңгей. Бүкіл биогеоценоздар жиынтығынан биосфера түзіледі. Биосфера - тірі ағзалар орналасқан Жер қабығы. Бұл ғаламшардағы тіршілік жаратылымының ең жоғары деңгейі. Мұнда тірі ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты заттар мен энергия өзгеру айналымы жүреді.

 

Нақты тіршілік деңгейі мен биологиялық ғылым арасында да айқын шектеу болмағанымен, тірі табиғаттағы тіршіліктің жаратылу деңгейін шартты түрде былай межелеп бөлуге болады:

Деңгейлер Дене Құрылымы Қай ғылым зерттейді
Молекулалық, жасушалық, жасушаішілік ағза жасушалары,сондай-ақ біржасушалардың жасушаішілік құрылымдары молекулалардан құралады генетика, химия, физика
Мүшелік-ұлпалық көпжасушалы ағзалар мүшелер мен ұлпалардан құрылады цитология гистология
Ағзалық жеке дарақтардан құралады өлкетану, жануартану, вирусология, анатомия, физиология, морфология, гигиена
Популяциялық-түрлік белгілі бір дарақтары өзара еркін шағылысады экология, эволюциялық ілім, математика, генетика
Биогеоценоздық (шет елдерде мұны экологиялық жүйе деп те атайды) зат алмасу және қуат алмасу негізінде тірі ағзалар мен өлі құрамдас бөліктерді мекен ету жағдайларын біріктіре зерттейтін табиғи күрделі,жүйе экология және жалпы биологиялық ғылымдар
Биосфералық Барлық биогеоценоздардың жиынтығы.Жердегі барлық құбылыстыр кіреді экология, физика, химия, геология, география






Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 9644. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2023 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия