См. Билет 21/3;
Адам іс-әрекетінің биосфераға оң әсерімен бірге күшті келеңсіз әрекеті де бар. Қоршаған орта - ауа, су, топырақ аса қарқынды ластануда. Ауаға көмірқышқыл газдың орасан мол мөлшері шығарылуда. Соның атмосферада жинақталуынан көктемелік әсер пайда болуда. Мәселен, соңғы он жылдықта Жер температурасы 1°С-ге дерлік көтерілді. Оның мұздықтарды ерітіп, Дүниежүзілік мұхит деңгейін көтеруі, құрлықтың орасан зор аумағын су басуы мүмкін. Жылылықтың басталатынына ешкімнің күмәндігі жоқ. Алайда оның салдарына жайбарақат қараушылар көп. Климаттың жылынуы деген - бұл қуаңшылықтың әлсіреуі, ауыл шаруашылық дақылдардың түсімділігінің артуы, аштықтан құтылу.
Бүгінгі күні Жердегі температура мүлде өте жоғары емес. Ғаламшардың геологиялық тарихында температура 10-15°С-ге жоғары да болды. Ғаламшарда тіпті тарихи мерзімде жылырақ та болған. Бұған көптеген дәлелдер бар.
Адамның іс-әрекеті себепші болған биосферадағы тез өткен алапатты өзгерістер ғалымдар мен қалың жұртшылықты заңды түрде абыржытады. Сондықтан 1968 жылы итальяндық экономист, қоғам қайраткері Аурелио Печчеидің (1908-1984) бастауымен халықаралық үкіметтік емес «Рим клубы» ұйымдастырылды. Бұл ұйымның қызметі жаһандық әкологиялық проблемаларын шешу және одан сақтандыру стратегиясын жасауға бағытталған. Дүниежүзілік ең белсенді экологиялық ұйым - «Greenpeace», ол 1971 жылы құрылған, адамзаттың табиғатқа қарсы жасаған экологиялық қылмыстарына карсы пәрменді қарекет (акция) өткізеді.