Академиялық тәртіп саясаты
Академиялық тәртіп саясаты: оқу прцесін кредиттік жүйемен ұйымдастыру және өткізуге сәйкес сабаққа кешігу, әрдайым себепсіз қала берсе, студент курс бағдарламасын меңгермей қалуы мүмкін, нәтижесінде САБ (ВСК) қанағаттанарлықсыз бағалар алуына қрай емтиханға жіберілмей қалады. Студенттің аралық бақылауда немесе қорытынды емтиханда себепсіз келмей қалуы нолдік бағамен бағаланады. Қорытынды тесттен қанағаттанарлықсыз баға алған студенттердің бағалануы көктемгі-жазғы емтихандық сессия біткеннен кейін ғана жөнделінеді, яғни жазғы семестрге қалып, кредит сандарын қайта төлеп, қайта сабақ оқып, емтихан тапсыру арқылы бағаларын жөндейді және де қажетті GPI деңгейін жинаған жағдайда ғана курстан курсқа өтеді. Сабақ кездерінде ұялы телефонды сөндіріп немесе әуенсіз режиміне қою керек; Аудиторияға сырт киіммен, бас киіммен кірмеу; · Сабақтан тек қана себепті қалған кезде (куәландыратын құжат болған жағдайда) оқытушы тағайындаған қосымша уақытта қалған сабақтардың тапсырмаларын қайта тапсыруға болады; · Егер де сабақ барысында студент дәлізге немесе басқа жаққа шығуы қажет болса қолын көтеру арқылы, ыммен ғана оқытушыны ескерту арқылы шыға алады; · Сабақ барысында оқытушы беретін үлестірме материалдарды сабақ соңында қайтарып беру қажет; · әдебиеттерді университеттің кітапханасында, оқу залында табуға болады, сағат 17–ден кейін түнгі абонемент жүйесімен үйге алуға болады, және де Пушкин атындағы Орталық кітапханада барлық материалдарды табуға болады; · тегін Internet–ті қолдануға болады, белгілі ақы төлеу арқылы виртуалды кітапханаға баруға болады. · Оқу процесі кезінде белсенділік таныту қошеметтелінеді (дәріс сабақтарындағы белсенділік, практикалық сабақтарға дайындалу, СОӨЖ, СӨЖ тапсырмаларын өз уақытында орындау); · Білім беру орынында тәртіп нормалары мен этиканы сақтау; · Университеттің мүлкіне сақтықпен қарау; · Тақырып бойынша дұрыс, әрі қызықты сұрақтар қою; · Оқу процесі кезінде өздерінің эмоционалдық жақтарына көңіл бөлу, психологиялық тұрғыда тұрақты болу.
|