Студопедия — Азаматтық және саяси құқықтар саласындағы халықаралық стандарттар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азаматтық және саяси құқықтар саласындағы халықаралық стандарттар






Құқық адамдар арасында, олар мен ұйымдар және т.б. арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Құқық адам мен заттың арасындағы қатынасты реттемейді, ал заттарға және материалдық емес игіліктерге қатысты қатынастарды реттейді. Осылайша барлық құқықтар мен міндеттер тек адамға, жеке тұлғаға немесе адамдар қауымдастықтарына тиесілі, сондықтан оларды жеке құқықтар деп атауға болады (кең мағына тұрғысынан). Бірақ азаматтар әртүрлі қоғам салаларына қатысып, әрбір саланың өзгешеліктеріне байланысты әртүрлі құқыққа ие болады. Заң әдебиеттерінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мынадай шартты түрдегі топтарға бөледі: саяси, жеке, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтар. Демек, «жеке құқықтар» деп азаматтарға тиесілі барлық құқықтар емес, белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтардан айырмашылығы бар құқықтар жатады. Бұл топқа жеке тұлғаның өзінен ажырамайтын, жеке өмірінің әртүрлі салаларында қорғайтын азаматтардың осындай құқықтарын біріктіреді. Бұл құқық ар-ожданын, өмірін, денсаулығын, атын, әртүрлі жеке өмірі салаларының құпиялылығын, оның ішінде жанұя өміріндегі құпияларын және ҚР Конститутциясының ІІ бөлімінде кепілдік берілген басқа да нормаларды білдіреді. Дәл осы азаматтардың құқықтарын «жеке құқықтар» ретінде атайды (осы терминнің тар аясында). «Жеке құқықтар мен бостандықтар» ұғымы ғылыми әдебиетте ХХ-ғасырдың 40-жылдарының соңы мен 50-жылдарының басында қалыптасты.

Азаматтық құқықтардың маңызды ерекшеліктеріне мыналар жатады:

1) жеке адамның бостандығына кепілдік береді, яғни азаматтың адамгершілік қатынастарда, жеке тұрмыстық өмірінде әртүрлі іс-әрекет етуін кедергісіз таңдау мүмкіндігін білдіреді (әрине, егер мұндай іс-әрекеттер құқық нормаларына қайшы келмеген жағдайда);

2) жеке азаматтың тұлғасын оқшауландырып, оның рухани мүдделерінің, қабілеттерінің, жеке өмірдегі дағдылары мен жеке ерекшеліктерінің жан-жақты көрініс табуына көмектеседі.

Азаматтық құқықтарда жеке мүдде, тұрмыс саласы, жеке адам өмірі, адам қауіпсіздігі конститутциялық қорғау объектісі болып саналады; мұнда азамат жеке творчестволық тұлға ретінде алдыңғы сапта көрінеді. Сондықтан гуманизм идеясы көрсетілген құқықтарда өзінің айқын конституциялық-құқықтық мәнін көрсетеді.

Азаматтық құқықтардың ерекшеліктерінің бірі олардың адамның жеке игіліктерінен ажыратылмайтын ар-ожданы, жеке өмірі, жеке қауіпсіздігі тәрізді құқықтарды білдіреді. Ажырамайтын бұл құқықтар басқа адамдарға келісім немесе басқа жолмен берілуі мүмкін емес және олардың мүліктік сипаты жоқ. Олардың өзгешелігі рухани, олар қамтамасыз ететін ажырамайтын игіліктердің материалдық емес сипатында.

Азаматтық және саяси құқықтар ең алғаш рет 1948ж. Адам құқықтарының Жалпы Декларациясында бекітілген болатын. Алайда, аталған құжат ұсыныс сипатында болғандықтан, уақыт өте келе міндетті құжат қабылдаудың қажеттілігі туындады. Нәтижесінде 1966 жылы БҰҰ аясында Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық Пактіге қол қойылды. Бұл Пактіге Қазақстан Республикасы 2005 жылы қосылды.

Сонымен, азаматтық және саяси құқықтар қатарына мыналар жатады:

1. Өмiр сүру құқығы - әрбiр адамның ажырамас құқығы болып табылады. Бұл құқық заңмен қорғалады. Ешкiмнiң де өмiрi ерiксiз қиылуға тиiс емес. Өлiм жазасы жойылмаған елдерде, өлiм жазасы тек қана айрықша ауыр қылмыс жасағаны үшiн, қылмыс жасалған уақытта қолданыста болған заңға сәйкес және осы Пактiнiң, сондай-ак Геноцид қылмыстарының алдын алу және жазалау туралы конвенцияның қаулыларына қайшы келмеген жағдайда ғана, ең ауыр жаза ретiнде берiледi. Бұл жаза тек қана құзыреттi сот шығарған ақтық үкiмдi орындау үшiн ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.

2. Ешкiм де азапталуға немесе оның қадiр-қасиетiн қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездiк жолымен жәбiрленуге немесе жазалануға тиiс емес. Iшiнара, ешбiр тұлға өзiнiң ерiктi түрдегi келiсiмiнсiз медициналық немесе ғылыми тәжiрибеге ұшыратылуы тиiс емес.

3. Ешкiм де құлдықта ұсталуы тиiс емес; құлдық пен құл саудасының барлық түрiне тыйым салынады.

4. Әрбiр адамның бостандыққа және жеке басының өмiрiне қол сұғылмауына құқығы бар. Ешкiм де ерiксiз қамауда немесе тұтқында ұсталуға тиiс емес. Әркiм өз бостандығынан тек қана заң негiзiнде және сол заңда белгiленген процедураға сәйкес айырылуы мүмкiн.

5. Бас бостандықтарынан айрылған барлық адамдар өздерiне деген адамгершiлiктi көзқарасқа және адам баласына тән қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне құқылы.

6. Тек қана қайсыбiр шарттық мiндеттеменi орындау дәрменсiздiгiнiң негiзiнде ешкiм де бас бостандығынан айырылуға тиiс емес.

7. Кез келген мемлекеттiң аумағында заңды түрде жүрген әрбiр адам сол аумақтың шегiнде еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты мекен-жайды өз қалауынша таңдау құқығына ие болуы тиiс. Әрбiр адам өзiнiң туған елiн қоса алғанда, кез келген елдi тастап шығуға құқылы.

8. Сот пен трибунал алдында жұрттың бәрi тең. Әрбiр адам өзiне тағылған кез келген қылмыстық айыптауды қарау кезiнде немесе қайсыбiр азаматтық процесте оның құқықтары мен мiндеттерiн анықтау кезiнде заң негiзiнде құрылған құзыреттi, тәуелсiз және әдiл сот арқылы iсi әдiлеттi және ашық қаралуын талап етуге құқылы.

9. Ешкiм де жасаған iс-әрекетi немесе жiберген қателiгi негiзiнде, егер сол iс-әрекет жасалған кезде қолданыстағы мемлекетiшiлiк заң тұрғысынан немесе халықаралық құқық бойынша қылмыстық iс болып саналмаса, қандай да бiр қылмыстық iске кiнәлi деп айыпталуына жол берiлмейдi. Сондай-ақ, кесiлген жаза, қылмыстық iс жасалған кезде қолданылатын жазадан ауыр болмауы тиiс. Ал егер қылмыс жасалғаннан кейiн сондай қылмыс үшiн кесiлетiн жазаның түрi, бұрын қолданып жүрген түрiнен гөpi, заң жүзiнде жеңiлдетiлген болса, онда қылмыскер соңғы заң бойынша айыпталуы тиiс.

10. Әрбiр адам, қай жерде жүрсе де, құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқылы.

11. Әрбiр адам жеке және отбасылық өмiрiне өзгелердiң өз бетiнше, немесе заңсыз араласуынан, өз бетiнше немесе заңсыз озбырлық жасап, баспанасына, хат жазысып-алысу құпиясына қол сұғылуынан, ар-намысы мен абырой-беделiне нұқсан келтiрiлуiнен қорғалуы тиiс.

12. Әрбiр адамның ой-пiкiр, ар-ождан және дiн бостандығына құқығы бар. Бұл құқық дiнге сену немесе дiндi қабылдау және наным-сенiмiн өз қалауынша таңдап алу еркiндiгiн, өз дiнiн, наным-сенiмiн жеке өзi немесе басқа адамдармен бiрiгiп тұту бостандығын, жария түрде немесе жеке жолмен уағыздау, құдайға құлшылық ету, дiни және наным-сенiм мен iлiм салт-жораларын орындау бостандығын да қамтиды.

13. Әрбiр адам өз ой-пiкiрiн еш кедергiсiз ұстануға құқылы.

14. Соғысты қандай түрде болса да насихаттауға заң тұрғысынан тыйым салынуы тиiс.

15. Бейбiт түрдегi жиналыстарды өткiзу құқығы танылады. Бұл құқықты пайдалану тек демократиялық қоғамның мемлекеттiк, немесе қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiп мүдделерiн, жұрттың денсаулығы мен имандылығын сақтау және басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қажет етiлетiн, заңмен көзделген шектеулерден тыс шектелуi тиiс емес.

16. Әрбiр адамның басқалармен бiрiгiп қауымдастықтар құру бостандығына оның iшiнде кәсiподақтарды құрып оларға өз мүдделерiн қорғау мақсатымен кiруге құқығы бар.

17. Отбасы қоғамның табиғи және негiзгi ұясы болып табылады, және қоғам мен мемлекет тарапынан қорғалуға құқылы.

18. Әрбiр бала нәсілiне, түр-түсiне, жынысына, тілiне, дiнiне, ұлттық, немесе әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк немесе туу жағдаяттарына қарамастан, ешқандай кемсiтусiз отбасы, қоғам және мемлекет тарапынан, өзiнiң жас шамасы талап ететiн тиiстi қорғау шараларын иеленуге құқылы.

19. Барлық адамдар заң алдында тең және қандай да болсын кемсiтуге ұшырамай, заңмен тең қорғалуға құқылы.

20. Этникалық, дiни және тiл азшылығы бар елдерде, осындай азшылық құрамындағы адамдар өз тобының басқа мүшелерiмен бiрге өз мәдениетiн пайдалану, өз дiнiн тұтыну, дiнiнiң салт-жораларын ұстану және ана тiлiнде сөйлеу құқығынан айырылмауы тиiс.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1169. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия