Студопедия — Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарының түсінігі, қалыптасу тарихы.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарының түсінігі, қалыптасу тарихы.






Адам құқықтары - туылу кезінен пайда болатын тұлғаның ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары жаратылыс жэне кез келген өзге құқықтың негізгі түсінігі болып табылады. Олар азаматтық құқықтар мен саяси бостандықтарды, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды, сондай-ақ қауымдар құқықтарын (балалар, әйелдер, ұлттық азшылықтар, халықтар және т.б.) қамтиды. Адам құқықтары дегеніміз индивидтің өз қалауы бойынша әрекет ету мүмкіндігін (адам құқықтарының бұл бөлігін бостандықтар деп атайды) немесе белгілі бір игіліктерді иемдену мүмкіндігін (бұл адам құқықтарының өзі болып табылады) қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет қарым-қатынастарының нормалары, қағидалары.

Адам құқықтары адамдар қызметінің ұзақ қайталанған актілерінен қайталанып отырған байланыстар мен қатынастар нысандарынан қалыптасқан. Осылардың нәтижесінде адамдардың қарым-қатынастарын тәртіпке келтіре алатын белгілі бір тұрақты нормалар, эталондар, құндылықтар пайда болған. Әрбір адам белгілі бір материалдық жэне рухани игіліктерді иемденуге талаптанады, ал оларды иемденуге қоғам мен мемлекет көмектесуі керек жэне осы игіліктер көлемі тарихи тұрғыдан әрқашанда қоғамның сыныптық құрылымындағы, материалдық өндіріс жүйесіндегі индивидтің жағдайымен белгіленіп отырады. Индивидке берілетін осы игіліктерді адам құқықтары деп атауға болады.

Адам құқықтары мәселесі әрқашанда қоғамдағы адам орнын белгілейтін құқықтарды иемдену үшін, олардың көлемін кеңейту үшін жүргізілетін сыныптық шайқастар мәселесі болған. Тарих көрсететіндей әр ұрпақ адам құқықтарын қайта қорғауға мәжбүр болады, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қолдау үшін күш қажет болмайтындай жағдай адамзатқа кездескен емес. Әр ұрпақ адам құқықтары мен бостандықтары сияқты ұлы құндылықты қорғауға байланысты тарихтың шақыратын мәңгілік жекпе-жек шайқасына шығады.

Адам құқықтары ең жоғары мәдени құндылықтардың бірі, өйткені олар барлық қоғамдық даму процестерінің ортасына тұлғаны қояды, оның еркіндігі мен тең құқықтығын белгілейді.

Адам құндылығының идеясы ежелгі қоғамда айтылған еді жэне, егер басында бастапқы негіз ретінде полис қарастырылған болса, эллинизм дәуірінен бастап ол индивидке ауды. Феодализмде діни сана адам даралығынан басым түссе, жаңа дәуірде мэдениет адамды қайтадан барлық заттың өлшегішіне айналдырды.

Адам құқықтарының бүгінгі түсінігі либерализмнен бастау алады, ал оның көрнекті өкілдері Локк, Гроций, Монтескье, Джефферсон, Смит, Милль жэне т.б. болған. Осы ғұламалар адамның өмір сүруге, қауіпсіздікке, еркіндікке, езушілікке қарсы қарсылық көрсетуге және т.б. іргелі құқықтарын мемлекеттен тәуелсіз жэне онымен қорғалуға тиісті адам жүріс-тұрысының табиғи, ажырағысыз және қасиетті нормалары ретінде негіздеген еді. Бұл жағдайда адам құқықтарының табиғи, жаратылыс сипаты дегеніміз олардың адам туылғанынан пайда болуы, адам құқықтарының ажырамасыздығын және оларсыз индивидті қоғам мүшесі, нағыз әлеуметтік субъекті қылатын ерекше адамдық қасиеттерден айырылу қатері пайда болатын олардың индивидке тірі жан ретінде тән болуы, ал адам құқықтарының қасиеттілігін оларды ең жоғары құндылықты мәртебе ретінде қарастырғандықтан сыйлау, құрметтеу және оларға табыну деп түсінуімізге болады.

Алғашқы рет адам құқықтарының либералды концепциясы өзінің құқықтық бекітілуін 1789 жылғы американдық құқықтар жөніндегі Биллге негіз болған 1776 жылғы тәуелсіздік Декларациясында көрініс тапты. Сәл кешірек адамның негіз қалаушы құқықтары 1789 жылғы адам мен азамат құқықтарының франциялық Декларациясында бекітілді.

Адам құқықтары категориясы - индивидтің құндылығы жөнінде, тұлға еркіндігін қамтамасыз ететін құқық пен оның негізінде құрылған тәртіп жөнінде көзқарастарды қалыптастырған жоғары гуманистік мәдениетті туындатқан христиан дініне негізделген европалық өркениеттің даму нәтижесі екенін айтып кеткеніміз жөн.

XV -XVI ғасырлардан бастап, адам құқықтары мемлекеттердің екіжақтық шарттарында бекітіле бастады, ал XX ғасырда адам құқықтары бойынша көпжақтық келісімдер де қабылданды. Адам құқықтарын қорғауға арналған алғашқа халықаралық шарттар діни азшылықтарды қорғау жөніндегі европалық елдердің екіжақтық келісімдері еді. 1815 жылғы Вена конгресінде поляк азшылығының құқықтарына кепілдік беретін, яғни діни емес, ұлттық азшылықтың құқықтарын қорғауға бағытталған құжат қабылданды. Сонымен бірге, осы конгресте европалық мемлекеттер алғаш рет негрлерді сатуды жою туралы Декларацияны қабылдады және бұл құжат бойынша осындай әрекеттер абыройсыздық болып танылып, мемлекеттерден осы тәжірибені тоқтату талап етілді.

Ұлттар Лигиясының шеңберінде халықтың ең осал топтарының бірі - ұлттық азшылықтарды арнайы халықаралық қорғау жүйесі алғаш рет орнатылды. Бірақ, қорғау механизмінің ойластырылмағандығынан, сондай-ақ осы саладағы Ұлттар Лигиясы мүшелерінің міндеттер көлемінің теңсіздігінен, бұл жүйе құрушылырдың үмітін ақтамады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) құрылғаннан кейін адам құқықтары осы ұйым қызметінің негізгі бағыттарының біріне айналды. Б¥¥ Жарғысында адам құқықтарына біраз көңіл бөлінген. Мысалы, бұл құжаттың кіріспе бөлімінің өзінде Б¥¥-ң негізгі мақсаттарының бірі ретінде "адамның негізгі құқықтарына, адам баласының абыройы мен қадір-қасиетіне, ерлер мен әйелдердің теңқұқықтығына және үлкен мен шағын ұлттардың теңдігіне сенушілікті қайта бекітуге" белбайлаушылық белгіленген. Осымен бірге, Жарғының 1 бабы БҰҰ-ң басты мақсаттарын айқындай отырып, солардың ішінде нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан барлыгы үшін адам цщыцтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеуді мадақтау және дамыту бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды атайды (1 баптың 3 тармағы). Адам құқықтарының негіз қалаушы сипаты Жарғының 55 бабымен де расталады, ол жерде былай делінген - "халықтарды" өзін-өзі билеу және тең құқықтығы қағидасын құрметтеуге негізделген ұлттар арасындағы бейбітшілік және достық қарым-қатынастар үшін қажетті тұрақтылық және тыныштық жағдайын қалыптастыру мақсатында, Біріккен Ұлттар Ұйымы:

а) Халақтың өмір сүру деңгейін, толық еңбек бастылығын көтеруге және экономикалық пен әлеуметтік өрлеу мен даму шарттарына;

б) Экономикалық, әлеуметтік, денсаулық сақтау жэне осы сияқты салалардағы халықаралық мәселелерді шешуге; мэдениет пен білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа;

с) Нәсілі, жынысы, тілі мен дініне қарамастан барлығы үшін адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жалпылай құрметтеуге және сақтауға көмектеседі.

55 бапта орнатылған БҰҰ мақсаттары қалай алсақ та адам құқықтарын қамтамасыз ету ісімен байланысты. Оларды ажырататын жалғыз белгі - адам құқықтарын әртүрлі салаларда, әртүрлі деңгейде және әртүрлі бағыттар бойынша қамтамасыз етуге арналуы. Алайда, бұл мақсаттардың негізгі екпіні - ол, адам, оның құқықтары мен бостандықтары.

Сонымен, БҰҰ-ң негізгі қызметінің барлығы қай деңгейде болса да түбінде адам құқықтарын қорғауға бағытталған деп айтуға болады.

Сонымен қатар, адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау қазіргі халықаралық құқықтың негіз қалаушы қағидаларының бірі болып табылады және мемлекеттердің ішкі құқығының да, халақаралық құқықтың да бірде бір әрекет күшіндегі нормасы осы императивті қағидаға қайшы келе алмайды.

Бұл қағиданың нормативті мазмұны 1975 жылғы Евуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық Мәжілісінің (ЕҚЫМ/СБСЕ) Хельсинкілік Қорытынды актісінің құрамдас бөлігі болып табылатын "Қатысушы-мемлекеттерді" өзара қарым-қатынастарында басшылыққа алатын қағидалар Декларациясында ашылған. Осы құжатқа сәйкес мемлекеттер адам құқықтарының барлық кешені адам баласына тән қадір-қасиеттен туындайды және оның еркін де толық дамуы үшін маңызды болып табылады деп таныды. Сонымен қатар, қатысушы-мемлекеттер барлық елдер арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтың дамуын қамтамасыз ету үшін қажетті бейбітшіліктің, әділдік пен тыныштықтың маңызды факторы болып табылатын адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеудің жалпылай маңызын таныды. Осының негізінде, мемлекеттер адам құқықтарын құрметтеуге, олардың тиімді жүзеге асуын мадақтауға және дамытуға, осыған көмектесуге, сондай-ақ осы салада БҰҰ Жарғысы мен Адам құқықтарының жалпылай Декларациясының мақсаттары мен қағидаларына сәйкес әрекет етуге, осы саладағы халықаралық келісімдер бойынша өздерінің міндеттерін орындауға міндеттемелер алды және адамдардың өз құқықтары мен міндеттерін білу және соларға сәйкес әрекет ету құқын растады.

Адам құқықтарын құрметтеу қағидасының құрамында өзінің ар-ожданына сәйкес дінге сенуіне тұлғаның еркіндігін құрметтеу жэне тану қажеттілігі жөніндегі, сондай-ақ ұлттық азшылықтарға жататын тұлғалардың құқықтарын сыйлау және оларға адам құқықтары мен бостандықтарын іс жүзінде толық қолдану мүмкіндігін беру жөніндегі ережелер бөлек белгіленген.

Сонымен, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті, сондай-ақ мемлекеттер мен мемлекетаралық қатынастардың тұрақтылығы мен тыныштығы адам құқықтарын және негізгі бостандықтарын құрметтеу мен тікелей баланыстырылды.

Осы байланыс БҰҰ қабылданатын әртүрлі құжаттарда әрдайым расталып отырады. Мысалы, 16 желтоқсан 1970 жылғы халықаралық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі Б¥¥ Декларациясында "адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жалпылай құрметтеу және толық жүзеге асыру жэне осы құқықтарды бұзушылықты жоқ қылу халықаралық қауіпсіздікті нығайтудың қажетті де кейінге қалдырылмас шарты болып табылады" деп тағы да белгіленді және осыған байланысты "езушілікті", зұлымдық пен кемсітушіліктің барлық нысандары, әсіресе жасалған жеріне қарамастан нәсілшілдік пен нәсілдік кемсіту сөгіске алынды (22 тармақ). Бұл халықаралық қатынастардың қалпы мен дамуына үлкен ықпалын жасаған маңызды жайт.

Адам құқықтарын қорғау қазіргі әлемдегі халықаралық саясаттың негіз қалаушы қырларының біріне айналды.

Адамзаттың прогрессивті күштерінің адам құқықтары үшін күресі өзінің логикалық көрінісін БҰҰ Бас Ассамблеясымен 10 желтоқсан 1948 жылы қабылданған "Адам құқықтарының жалпылай Декларациясынан" тапты. Бұл адамзат тарихындағы адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының тізімін бекіткен алғашқы халықаралық құжат. Бұл актінің қабылдану себептерінің бірі - БҰҰ Жарғысы нәсілі, жынысы, тілі мен дініне қарамастан барлығы үшін адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жан-жақты мадақтау және құрметтеу ісіне мемлекеттердің міндеттерін бекіте отырып, бұл құқықтардың тізімін белгілемеуінде.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 3755. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия