Студопедия — ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ






БЕКІТЕМІН

Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебінің директоры, з.ғ.к. профессор Қыстаубай Ө.С. ____________________

Quot;____" ___________________ 2013ж.

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ӘМБЕБАП ЖӘНЕ АУМАҚТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІ пәні бойынша

 

«5В030200-Халықаралық құқық» мамандығы студенттеріне арналған

Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебі

Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы

 

 

Астана, 2013 ж.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені Халықаралық құқық магистрі, Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Абылайұлы Абаймен дайындалған.   Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының жиналысында қаралған. №____хаттама, «____»______________2013 ж.   Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі ________________ Дауленов М.М. «____»____________2013 ж.   Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебінің кеңесімен мақұлданған. №____хаттама, «____»______________2013 ж. Төраға ________________ «____»____________ 2013 ж.  
 

 

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ЮРИДИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебі

Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы

 

КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

ХҚжХҚК меңгерушісі ХҚжХҚЖМ директоры

Дауленов М.М. Қыстаубай Ө.С.

Ж. «__» _______________ 2013ж.

 

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

«АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫ»

пәні

 

Мамандық: «5В030200-Халықаралық құқық»

Оқу нысаны: күндізгі

Кредит саны: 2

Курс: IІІ

Семестр: 5

Дәрістер: 20 сағат

Семинарлар: 10 сағат

Аралық емтихандар саны: 2

СОӨЖ: 15 сағат

СӨЖ: 45 сағат

Емтихан: 5 семестр

Еңбек сыйымдылығы: 90 сағат

 

Астана, 2013 ж.

Бөлімнің атауы Бет
Пәннің оқу бағдарламасы (syllabus)  
Оқытушы туралы мәліметтер  
Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері  
Курстың мақсаты мен міндеттері  
Оқу сабақтарының графигі  
Дәріс сабақтарының тақырыптық жоспары  
Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары  
СОӨЖ орындау және тапсыру графигі  
СӨЖ тақырыптары  
Оқу курсы барысында қолданылатын кейстер  
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі  
Глоссарий  
Білімді бағалаудың жалпы шкаласы  
Дәрістер тезисі  

Курс оқытушылары туралы мәліметтер:

Дәріс:халықаралық құқық магистрі, аға оқытушы Абылайұлы Абай.

Оқытушының ғылыми бағыттары:Халықаралық жария құқық, Адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттар. «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша PhD доктарантурасының докторанты.

Семинарист: магистр, оқытушы Алдиярова Айдана Ермекбаевна

Кафедра туралы мәліметтер:Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы. Байланыс тел.:703022

Пәннің пререквизиттері:Халықаралық құқықтағы жеке тұлғаның мәртебесі пәнін үшін Мемлекет және құқық теориясы, ШЕ мемлекет және құқық тарихы, Конституциялық құқық бойынша бастапқы білімдер қажет.

Пәннің постреквизиттері:Пәнді қарастыруды аяқтаған соң халықаралық құқықтың арнайы курстарын (Халықаралық шарттар құқығы, Халықаралық ұйымдар құқығы, Дипломатиялық және консулдық құқық, Дипломатиялық протокол және этикет) оқып игеруге мүмкін беріледі..

Пәннің сипаттамасы: Адам құқықтарының проблемаларын зерттеудің көпқырлылығына қарамастан, бұл тақырыпты зерттеушілер адам құқықтарын қорғаудағы сол құқықтық мемлекеттің өзінің қызметіне жете көңіл бөлмеген. Қазақстан Республикасы Конституциясында адамның құқықтары ең жоғарғы құндылықтар деп жарияланған және Конституция мәтіні осы фактіні жариялаумен басталады.

Жалпы, құқықтық мемлекет жөнінде азаматтардың санасын қалыптастырмай, олардың қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттерін жете түсіндірмей, оны түбегейлі орнату мүмкін емес.

Бір сөзбен айтқанда, заңның дұрыс орындалуын қамтамасыз ететін, азаматтарының құқықтары мен міндеттерінің кепілі болатын мемлекетті қалыптастыру- құқықтық мемлекетті орнату болып табылады.

Ал құқықтық мемлекет дегеніміз – жеке адам және қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет.

Құқықтық мемлекетті қалыптастыруда қабылданып жатқан заңдар жоғары талапқа сай болуы керек. Заңның үстемдік етілуі міндетті түрде. Құқықтық мемлекетте азаматтардың бірде - бір құқықтары мен бостандықтары бұзылмауы тиіс және заңдарда көрсетілген талаптардың, міндеттердің, құқықтардың жүзеге асырылуын мемлекет қамтамасыз етуі қажет.

Шынайы құқықтық мемлекет құру үшін қоғамдық өмірдегі әр салаға заңның күші бірдей дәрежеде әрекет етуі тиіс, әсіресе, ол ең алдымен биліктің бөлінуі барысында пайда болған заң шығарушы, сот және атқарушы билікті жүзеге асыратын органдар үшін міндетті қағида. Тек осы жағдайда ғана азаматтардың құқықтары мен бостандықтары еш шүбәсіз қамтамасыз етілмек. Біздің мемлекетімізде құқықтық мемлекетке тән негізгі принциптер Ата заңымызда нақты көрсетілген.

Мемлекет пен оның құрылымдарының қызметін жетілдіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматгардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің дамуының басты міндеттері болып табылады. Құқықтық мемлекет кұру, азаматтық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету - заңдылыққа негізделген, адам құқықтарын қорғауға бағдарланған мемлекеттің ролін күшейтуді талап етеді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік аппарат қызметінің қағидасын іске асырушы әрбір мемлекеттік органның ролін, оның міндеттері мен қызметтерін талдаудың қажеттілігі туындайды.

Адам құқықтарын қорғауды кез келген мемлекеттік орган өзінің міндеті деп жариялауда. Бірақ олардың адам құқықтарын қорғау механизміндегі ролі мен орнын анықтау кезінде бағдарламалары мен құзіреттіліктерінде көптеген қайталаулар, қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалады.

Құқықтық мемлекеттің дамуы биліктің адам құқықтары мен бостандықтарын тек мойындауын ғана емес, сонымен бірге оларды іске асыратын және қорғайтын шын мәнісінде әрекетті мемлекеттік механизмнің болуын қарастырады.

Бұл мәселеде құқық қорғаушы құрылымдарға, оның ішінде ішкі істер органдарына ерекше орын беріледі. Құқық қорғау органдары көп жағдайларда қоғамымызда орын алып отырған жағымсыз жағдайлармен бірінші болып бетпе-бет келеді, олардың міндеті азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау болып табылады. Бұл мәселелерді теориялық талдаудан нақтылай іске асыруға көшетін уақыт жетті. Бірақ бұл осы қызметті жүйелі талдаусыз мүмкін емес.

Адам құқықтарын сипаттауға жаңа көзқарастың терең мағынасы олардың ерекше артықшылықты мәртебесі мен қорғанғандыктың жоғары дәрежесін мойындағандығында жатыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды. Заңдар мен өзге де нормативтік, құқыықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» - деп жазылған.

Адам құқықтарын бекітуге, оларға кепілдік беру, қамтамасыз ету, қорғау және іске асыруға ұмтылыстың артуы құқықтық мемлекеттің (қалыптасқан немесе енді ғана қалыптасып келе жатқан) сипаты мен тегіне, оған тән басқару, реттеу және ықпал жасаудың құқықтық құралдарының басымдылықтарына, онда байқалып отырған гуманистік бастаулардың, демократияландырудың күшеюіне, мемлекеттік құрылымдардың халық бұқарасы үшін ашықтығына байланысты. Құқықтық (немесе оны құруды аяқтап келе жатқан) мемлекет мәжбүрлеу және күш қолдану шараларын шектен тыс қолдана алмайды, өйткені оның нәтижесі қолданылған тәсілдерге сәйкес болып шығады.

«Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, демократия - мемлекеттік билік өзінің бағдарламалары мен қызметін көпшілік таныған адам құқықтары мен бостандықтарына негіздегенде ғана мән-мағынаға ие бола алады.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мемлекеттің қорғаушылық қызметінен бөлген меншікті, құқықтық тәртіпті, заңдылықты және т.б. қорғау қызметінен ажыратқан және оларды басқа қызметтің негізіне алып, оның мазмүнын кеңейткен абзал. Біздің пікірімізше, мемлекеттің адам құқықтары саласындағы қызметін тек оларды қорғаумен шектеуге болмайды. Мемлекеттің адам құқықтарын бекіту, қамтамасыз ету және оларға кепілдік беру, оларды іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі іс шараларының маңызы бұлардан артық болмаса, кем емес. Оның бергі жағында мемлекет қызметінің барлық аталған түрлері бір-бірлеріне өте жақын, бағдарлары бойынша бір-біріне ұқсас, оларды бір-бірінен ажыратуға, бөлек және дара қарастыруға болмайды. Өйткені, сайып келгенде, олар белгілі бір бірлік пен тұтастықты құрайды.

 

Пәннің мақсаты: Жеке тұлға мәртебесінің қалыптасу тарихын ашу, ондай мәртебенің қалыптасуына әсер еткен құжаттарды анықтау, тұлғаның мәртебесін және оның құрылымын талдау, яғни азаматтық, құқықтар мен міндеттер, шетел азаматтарының мәртебесін анықтау, азаматтығы жоқ тұлғалар, қос азаматтық, жеке тұлғаның халықаралық құқық субъектілігін ашу болып табылады.

 

Пәннің міндеттері: Мемлекет пен оның құрылымдарының қызметін жетілдіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматгардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің дамуының басты міндеттері болып табылады. Құқықтық мемлекет кұру, азаматтық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету - заңдылыққа негізделген, адам құқықтарын қорғауға бағдарланған мемлекеттің ролін күшейтуді талап етеді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік аппарат қызметінің қағидасын іске асырушы әрбір мемлекеттік органның ролін, оның міндеттері мен қызметтерін талдаудың қажеттілігі туындайды. Осы мақсатта жеке тұлғаның қоғамдағы орны мен ролін, оған мемлекеттің саясатын анықтау қажет. Бұл мәселе курстың міндеті болып табылады.

 

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 820. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия